«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгepіc пен толықтырулар енгізу туралы және мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1278 қаулысына баспасөз релизі
Қаулымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін апостильдеу», «Мұрағаттық анықтамалар беру», «Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою», «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке aлy» мемлекеттік қызметтерінің стандарттары жаңа редакцияда бекітілген.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін апостильдеу», «Мұрағаттық анықтамалар беру» және «Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттік қызметтері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетімен, баламалы негізде Халыққа қызмет көрсету орталықтары, сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда «электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі.
«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметі сондай-ақ облыстардың, Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары, «Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты» республикалық мемлекеттік мекемесі, Орталық мемлекеттік мұрағаттар, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік мұрағаттары және оның филиалдарымен көрсетіледі.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін апостильдеу» мемлекеттік қызметін көрсету үшін әрбір құжатқа мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің (бұдан әрі - АЕК) 50% құрайтын мемлекеттік баж, «Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсеткен кезде бұқаралық ақпарат құралын есепке кою үшін әрбір құжатқа алымның төлеу күніне белгіленген 5 АЕК мөлшерін құрайтын мемлекеттік алым алынады. Сонымен бірге, телнұсқа алу үшін 4 АЕК, балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы бұқаралық ақпарат құралдары үшін 2 АЕК мөлшерінде алым төленеді.
«Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу» мемлекеттік қызметі облыстардың, Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен, баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, сондай-ақ алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда «электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі. Аталған мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Қаулы Министрліктің www.mki.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік қызмет» бөліміндегі «Мұрағат ісі» және «Ақпарат» кіші бөлімінде орналастырылған.