Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1280 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 ақпандағы № 72 қаулысымен.

      "Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану және "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1280 қаулысы бойынша
Пресс-релизі

      "Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану және "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1280 қаулысы (бұдан әрі – қаулы) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 6 бабының 1-тармағының 26-1)-тармақшасын, іске асыру мақсатында қабылданған.

      Аталған қаулы Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын басқару жөніндегі комиссияның іс-әрекетін реттеу, сатып алу және тауар интервенцияларын жүргізу бойынша облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің шешім қабылдау мерзімдерін айқындау, сонымен қатар тұрақтандыру қорларының тиімді жұмыс істеуіне арналған басқа да шарттарды қарастыру болып табылатын, Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану тәртібін айқындайды.

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз