Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға берілетін 2012 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің пайдалану қағидаларын бекіту

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1281 Қаулысы

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңының 13-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға берілетін 2012 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің пайдалану қағидалары бекітілсін.
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомасын уақтылы және мақсатты пайдалануды;
      2) есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейін осы қаулының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомасын пайдалану туралы есеп беруді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  С.Ахметов.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2012 жылғы 9 қазандағы
№ 1281 қаулысымен  
бекітілген     

Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын
қалыптастыруға берілетін 2012 жылға арналған ағымдағы нысаналы
трансферттерді облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы
қалалары бюджеттерінің пайдалану қағидалары

      1. Осы Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға берілетін 2012 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің пайдалану қағидалары 203 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін айқындайды.
      2. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды Министрлік пен облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігі арасындағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімнің, жеке қаржыландыру жоспарының негізінде жүргізеді.
      4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары жарты жылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша Министрлікке нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді.
      5. Министрлік Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде есептілікті береді.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2012 жылғы 9 қазандағы 
№ 1281 қаулысына   
1-қосымша      

Нәтижелер көрсеткішіне қол жеткізу туралы аралық есеп
«______» ______________20___ ж.

Мемлекеттік органның атауы __________________________________________
Нысаналы трансферттің атауы _________________________________________
Есепті кезең ________________________________________________________
Жоғарыда тұрған бюджеттен алынған қаражаттың сомасы _________________
_____________________________________________________________________
                  (бюджеттік бағдарлама атауы)
_____________________________________________________________________
      (бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) коды)

р/с

Тікелей нәтиже

Көрсеткіштер атауы (жоспарланған іс-шаралар)

Іс-шараның іс жүзінде орындалуы, нәтижеге қол жеткізу сатысы

Нәтижеге қол жеткізе алмау себептері

Жоспар мың теңге

Факт мың теңге

Ауытқу мың теңге

1

2

3

4

5

6

7






















м.п.

Әкім ________________________________________________ _______________
      (Т.А.Ә.)                       (қолы)
төменде тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі-бірінші басшы
_____________________________________________________ _______________
      (Т.А.Ә.)                 (қолы)

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2012 жылғы 9 қазандағы
№ 1281 қаулысына  
2-қосымша     

Нәтижелер көрсеткішіне қол жеткізу туралы аралық есеп
«______» ______________20___ ж.

Мемлекеттік органның атауы __________________________________________
Нысаналы трансферттің атауы _________________________________________
Есепті кезең ________________________________________________________
Жоғарыда тұрған бюджеттен алынған қаражаттың сомасы _________________
_____________________________________________________________________
                  (бюджеттік бағдарлама атауы)
_____________________________________________________________________
      (бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) коды)

р/с

Тікелей нәтиже

Көрсеткіштер атауы (жоспарланған іс-шаралар)

Іс-шараның іс жүзінде орындалуы, нәтижеге қол жеткізу сатысы

Нәтижеге қол жеткізе алмау себептері

Жоспар мың теңге

Факт мың теңге

Ауытқу мың теңге








Қорытынды нәтиже


Жоспарланған көрсеткіштер (іс-шаралар)

Іс жүзінде нәтижеге қол жеткізу

Нәтижеге қол жеткізе алмау себептері





м.п.

Әкім ______________________________________________ _________________
      (Т.А.Ә.)                       (қолы)
төменде тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі-бірінші басшы
___________________________________________________ _________________
      (Т.А.Ә.)                 (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады