Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әскери мүлiктi есепке алу және есептен шығару ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 28 шілдедегі № 787 және "Әскери мүлік айналымының кейбір мәселелері" туралы 2008 жылғы 16 шілдедегі № 687 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 қазандағы № 1289 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Әскери мүлiктi есепке алу және есептен шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі № 787 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери мүлiктi есепке алу және есептен шығару ережесінде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Есептен шығаруға жататын мүлiк техникалық жай-күйiнiң бекітілген актiсiн немесе куәлігін алғанға дейiн жойылмайды, бөлшектенбейдi немесе оқу құралы ретiнде пайдаланылмайды.

      Тіркелiмдерге, есепке алу кiтаптарына (карточкаларға) мүлiктi есептен шығару туралы жазу агрегаттарды, тораптарды, аспаптарды, бөлшектерді, материалдарды, металл сынығын және есептен шығарылған мүлiктi бөлшектеуден алынған басқа да мүлiк кiрiске алынғаннан немесе кәдеге жарату актісі жасалғаннан кейiн ғана бекітілген техникалық немесе сапалық жай-күйiнiң өзгеруi актiлері (куәлiктері) негізiнде жүргізiледi.

      Техникалық жай-күйінің актiлері немесе сапалық жай-күйiнiң өзгеруi актiлері (куәлiктері) бекітілген жөндеу және оқу-жаттығу мақсаттары үшін жарамсыз агрегаттар, тораптар, аспаптар, бөлшектер, материалдар мен бөлшектеуден алынған басқа да мүлiк тіркелiмдер, есепке алу кiтаптары (карточкалары) бойынша металл сынығы, ескі зат және басқа да мүлiк ретінде кіріске алынады және ол пайдалану, сату немесе кәдеге жарату шамасына қарай есептен шығарылады.";

      7, 8-тармақтар алып тасталсын;

      11-тармақта:

      бірінші бөліктің 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) техникалық немесе сапалық жай-күйiнiң өзгеруi актілерінiң уақтылы жасалуына және мүлiктi бөлшектеудiң жүзеге асырылуына бақылау жүзеге асырылады.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өлшеу құралдарының (оның iшiнде кiрiктiрілген) техникалық жай-күйi актілеріне олардың жарамсыздығы туралы метрологиялық органның (әскери бөлiмнің өлшеу техникасы базасының немесе зертханасының) куәлiктері қоса берiледi.";

      16-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Техникалық жай-күйi актiсi және оған қоса берiлген құжаттар түскен күннен бастап екi апта мерзiмде әскери басқару және қамтамасыз ету органдарында оларды ресiмдеудiң дұрыстығы тексеріледi және қажет болған жағдайда мүліктi есептен шығарудың орындылығы, заңдылығы және бөлшектеу тәртібі туралы қорытынды беріледi, содан кейiн техникалық жай-күйi актісi белгiленген тәртiппен бекітуге ұсынылады. Бұл ретте техникалық жай-күйі актісiнiң барлық даналары мекеме мөрiнiң бедерлемесiмен бекiтіледi және куәландырылады, содан кейiн бірiншi данасы әскери бөлiмге қайтарылады, екiншiсi – оны бекiткен жоғары тұрған қамтамасыз ету органдарының iстерінде сақталады.";

      17, 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Техникалық жай-күйiнiң бекітілген актiсi онда көрсетiлген мүлiктi әскери бөлiмнің есебiнен шығару және есепке алу тiркелiмдерi, кiтаптары мен карточкалары бойынша бөлшектеуден алынған агрегаттарды, тораптарды, аспаптарды, бөлшектерді, материалдарды, металл сынығы мен басқа да мүлiктi кiрiске алуға сапалық жай-күйiнiң өзгеруi актiсiн (осы Ережеге 2-қосымша) жасауға негiз болады.

      18. Қару-жараққа, техника мен мүлiкке техникалық қызмет көрсетудiң және жөндеудiң регламенттік жұмыстарын жүргiзген, өндiрiстiк және шаруашылық-тұрмыстық мұқтаждар кезiнде жұмсалған шығыс және пайдалану материалдары, зымыран отыны, жанармай, қосалқы бөлшектер және қосалқы құралдар мен керек-жарақтар (бұдан әрi – ҚҚЖ) бөлiмшелерден қолданыстағы нормаларға сәйкес есептен шығару актілері (нұсқама) бойынша, ал жөндеу бөлiмшелерiнен (шеберханалардан) орындалған жұмыстар актілері бойынша есептен шығарылады.

      Регламенттік жұмыстар, техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде қару-жарақ пен техникадан алынған ақаулы агрегаттар, құралдар мен ҚҚЖ сапалық жай-күйiнiң өзгеруі актісі бойынша әскери бөлiмнің есебінен шығарылады.";

      22, 23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Ұшу аппараттарын пайдаланған кезде жұмсалған жанар-жағармай материалдарын, этил спиртi мен оның қоспаларын есептен шығару тарату ведомосын, ұшу парағын немесе жоспарлы кестеден үзіндіні қоса бере отырып, жанар-жағармай материалдарын есептен шығару актілері бойынша, стационарлық және жылжымалы агрегаттарды (станцияларды) пайдаланған кезде – агрегаттардың жұмыс парақтары бойынша, радиорелейлiк (тропосфералық) станциялардың қуатты агрегаттарын және аппараттық жерүстi байланыс тораптарын пайдаланған кезде – электр агрегаттарының машиналық журналдарынан үзiндiлер бойынша, техниканы пайдаланған кезде – жол парақтары бойынша жүзеге асырылады.

      23. Әскери машиналардағы майларды есептен шығару қозғалтқышта іс жүзінде жанған, оны ауыстырған кезде қозғалтқышты майлау жүйесiнен (корабльдерде циркуляциялық май жүйесiнен) құйып алынған, қызмет көрсету кезеңдiлігі мен ауқымына сәйкес қозғалтқышты және күш берілiсi агрегаттарын, бөлшектер мен тораптарды майлау жүйесiн жуу үшiн пайдаланылған мөлшерінде жүргiзіледi. Майды шығысқа есептен шығару:

      1) пайдаланылатын жерүстi әскери техникасында – шығыс нормаларына сәйкес жол жүру парақтары бойынша;

      2) сақтауда тұрған машиналарда – шығыс нормалары шегiнде іс жүзінде пайдалану бойынша орындалған жұмыстар актілерi бойынша;

      3) корабльдерде және басқа да машиналар мен агрегаттарда және қозғалтқыштарда – машинаның (агрегаттың, қозғалтқыштың) жұмысын есепке алу карточкасы бойынша жүргiзiледi.

      Сақтауда тұрған машиналарды майлау жүйесiндегі май қолда бар ретiнде есепке алынады.

      24. Майлаулар мен арнайы сұйықтықтарды (этил спиртi мен қалыпты қататын салқындатқыш сұйықтықтан басқа), оның iшiнде тежегiш және улы техникалық сұйықтықтарды есептен шығару осы сұйықтықтарды пайдалануды бекiткеннен кейiн жүргiзілген жөндеу, регламенттiк жұмыстар және басқа да мұқтаждарға пайдалану актілері бойынша жүргізiледi. Этил спиртi мен оның қоспаларын есептен шығару регламенттiк жұмыстарға, жабдықтарды жөндеуге және басқа да мақсаттарға – шығыс нормалары шегiнде есептен шығару актілері бойынша жүргiзiледi.

      Этил спиртiн, сондай-ақ улы техникалық сұйықтықтарды шығысқа есептен шығару актілерiне белгiленген нормаларға сәйкес олардың болжамды шығысы есебi қоса берiледi.";

      көрсетілген Ережеге 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 06.11.2019 № 832 қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 06.11.2019 № 832 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 11 қазандағы
№ 1289 қаулысына
қосымша
Әскери мүлiктi есепке алу
және есептен шығару
ережесіне
2-қосымша

      БЕКIТЕМIН

      _________________________

      (лауазымы, әскери атағы)

      ________________________

      (қолы, тегі)

      ___ ж. "__"_____________

      _________________________

      мүліктiң атауы

      сапалық жай-күйi өзгеруiнің

№________ АКТIСI

Жасалған күні

Операция коды

Құжаттың негізі (мақсаты)

Құжат нөмiрi

Қызметi

Әскери бөлiм (бөлiмше, қойма)








      Құжаттармен танысу, қарау (тексеру) кезiнде мыналар анықталды:

Мүлiктiң атауы

Есептен шығарылсын

саны

өлшем бірлігі

санаты

баланстық құны

Тозу есептелді

2

3

4

5

6

7


















































      кестенің жалғасы

Мүлiктiң атауы

Кіріске алынсын

саны

өлшем бірлігі

Мүкәммалдық нөмірі

Санаты (сорты, тығыздығы )

Бір бірлік үшін бағасы

сомас ы

сомасы

8

9

10

11

12

13

14






























      Комиссия қорытындысы (басқа санатқа ауыстыру себептерi, сорты, жекелеген тораптарды, аспаптарды, қосалқы бөлшектерді, бөлшектерді, басқа да мүлiктi пайдаланудың мақсатқа сәйкестігі)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы ___________________________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі)

      Комиссия мүшелерi ___________________________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі)

      Комиссия мүшелерi ___________________________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі)

      Үлкен бастықтың қорытындысы _________________________________________ М.О _________________________________________________________

      лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі

      20___ ж. "____"__________

      8-14-бағандарда көрсетілген бөлшектеуден алынған тораптарды, аспаптарды, қосалқы бөлшектерді, бөлшектер мен басқа да мүлiктi жауапты сақтауға қабылдадым

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі)

      20___ ж. "____"__________

      Бухгалтерлiк есеп бойынша жүргізілдi:

Дебет

Кредит

Сома














      Бас бухгалтер ______________________

      (қолы, тегі)

      20 ___ ж. "____"_________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады