Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген немесе мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1301 Қаулысы.

      "Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қаза тапқан (қайтыс
болған), оған мүгедектік белгіленген немесе мертіккен жағдайда
берілетін біржолғы өтемақыларды төлеу" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысына баспасөз релизі

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы Заңының 77 және 80-баптарына сәйкес әзірленген "Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген немесе мертіккен жағдайда берілетін біржолғы өтемақыларды төлеу қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 12 қазанда № 1301 қаулысына қол қойған.

      Аталған Үкімет қаулысымен арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген немесе мертіккен жағдайда берілетін біржолғы өтемақыларды төлеу тәртібі мен шарттары белгіленеді.

      Көрсетілген Үкіметтің қаулысын қабылдау жағымсыз құқықтық, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқтырмайды.

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Қауіпсіздік комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз