2012 жылғы 12 қазандағы № 1303 "Ғарыш қызметіне қатысушылар
әкелетін, импорты қосылған құн салығынан босатылатын ғарыш
объектілері мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілері
жабдықтарының тізбесін және ғарыш қызметінің мақсаттары үшін
ғарыш объектілері мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымы
объектілерінің жабдықтарын әкелу туралы растау нысанын бекіту
туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына
баспасөз-релизі
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2012 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 255-бабының 1-тармағының 6-1) тармақшасына сәйкес қаулымен ғарыш қызметіне қатысушылар әкелетін, импорты қосылған құн салығынан босатылатын ғарыш объектілері мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілері жабдықтарының тізбесі анықталды.
Қаулыны қабылдаудың мақсаты ғарыш объектілері мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін импорты қосылған құн салығынан босату болып табылады.
Жобаның қабылдауы теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеліп соқпайды.
Толық ақпарат ҚР ҰҒА-ның www.kazcosmos.gov.kz ресми сайтында орналасқан.
Қазақстан Республикасы |
Ұлттық ғарыш агенттігі |