«Теңіздегі ғылыми зерттеулердіжүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қарашадағы № 1244 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына
БАСПАСӨЗ БАЯНЫ
2012 жылғы 24 қазандағы «Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қарашадағы № 1244 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1349 қаулысы (бұдан әрі - қаулы) қабылданды.
Қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі Заңының 1-бабының 80-тармағына сәйкес әзірленді.
Енгізілген өзгеріс теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізудіқұзыретті органға хабарлама жасай отырып жүргізілу мүмкіндігін қамтиды.
Осы қаулыны қабылдау рұқсат құжатын алу процедурасын өту қажеттілігін алып тастайды және теріс әлеуметтік-экономикалық салдар мен республикалық және жергілікті бюджеттен қаржылық шығындарды туғызбайды.
Қазақстан Республикасының
Мұнай және газ министрлігі