"Электрондық құжат айналымы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1380 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 605 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.09.2018 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Электрондық құжат айналымы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 220-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Электрондық құжат айналымы ережесінде:

      2-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) құжаттың электрондық көшірмесі - өтініш берушінің немесе аталған құжатты куәландыруға өкілеттіктері бар адамның не мемлекеттік қызмет көрсетуді алушының өзі жеке қатысқан кезде берген жазбаша келісімі негізінде халыққа қызмет көрсету орталығының уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, түпнұсқа құжаттың түрін және ондағы ақпаратты (деректерді) электрондық цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат;";

      6) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Құжаттың электрондық көшірмесін жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тиісті түпнұсқа қағаз құжат деректемелерінің деректерін қамтитын ақпарат толық қалпына келтіріледі.";

      25-тармақта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электрондық құжат айналымы жүйесін пайдаланатын мемлекеттік органдар 10 жылға дейін сақтау мерзімімен басқарушылық құжаттармен хат алмасуды электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында ғана жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Сақтау мерзімдері 75 жыл, тұрақты, сондай-ақ "сараптау-тексеру комиссиясы" (бұдан әрі - СТК) белгісі бар электрондық құжаттардың қағаз құжаттың түпнұсқалары болады";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Электрондық құжаттың қағаздағы көшірмесі бастапқы құжат электрондық құжат болып табылатындығы және электрондық құжатты куәландырған адамның электрондық цифрлық қолтаңбасын тексеру рәсімінің нәтижесі туралы мәліметтер түсірілгені көрсетіле отырып, куәландырылады. Қағаз жеткізгіштегі электрондық құжаттың көшірмесін куәландыру және электрондық цифрлық қолтаңбаны тексеру нәтижесі туралы ақпаратты түсіру үшін парақтардың саны және куәландырушы адамның қолтаңбасы үшін жолдарды көрсетумен "* * * Электрондық құжаттың көшірмесі дұрыс."* деген мәтінімен мөртабан (үшбұрышты нысандағы) пайдаланылады.

      Электрондық цифрлық қолтаңбаны тексерудің теріс нәтижесі болған кезде парақтардың саны және куәландырушы адамның қолтаңбасы үшін жолдарды көрсетумен "? ? ? Электрондық құжаттың көшірмесі дұрыс емес."** деген мәтінімен мөртабан (үшбұрышты нысандағы) пайдаланылады.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Құжаттың электрондық көшірмесін куәландыру өкілеттігіне өтініш беруші, құжаттардың электрондық көшірмелерін жасауға жауапты ретінде ЭҚАБЖ-де анықталған адам, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығының уәкілетті қызметкері ие болады.

      Құжаттың электрондық көшірмесін және ЭҚАБЖ-де электрондық құжаттың қағаз көшірмесін куәландыруға өкілеттілік ЭҚАБЖ-не қатысушыларымен бекітілген құжаттандыру және құжаттаманы басқару Кағидаларымен бекітіледі.

      Халыққа қызмет көрсету орталығының уәкілетті қызметкері құжаттың электрондық көшірмесін жеке өзінің қатысуы кезінде мемлекеттік қызметті алушының растау және (немесе) заңнамада белгіленген тәртіппен берілген құжатты (тарды) пайдалану туралы ілеспе хатымен қоса берілген жазбаша келісімінің (өтінішінің) негізінде куәландырады.";

      37-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) "* * * Электрондық құжаттың көшірмесі дұрыс."* мәтінімен мөртабан, парақтардың саны және куәландырушы адамның қолтаңбасы немесе "? ? ? Электрондық құжаттың көшірмесі дұрыс емес."** деген мәтінімен мөртабан, парақтардың саны және куәландырушы адамның қолтаңбасы.

      ___________________________________________

      * Электрондық цифрлық қолтаңбаны тексеру рәсімінің оң нәтижесі анықталды

      ___________________________________________

      ** Электрондық цифрлық қолтаңбаны тексеру рәсімінің теріс нәтижесі анықталды"

      54-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Сақтау мерзімдері 75 жыл, тұрақты, сондай-ақ "СТК" белгісі бар электрондық құжаттардың қағаз құжаттың түпнұсқалары болады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады