Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат):
1) мазмұнында:
мынадай мазмұндағы 446-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«446-2-бап. Тасымалдауда үзіліс, кідіріс болған, әуе кемесінің кеш келуі салдарынан рейсті ұшырмай тастаған, тасымалдау маршруты өзгертілген кезде тасымалдаушының жолаушының алдында қызмет көрсету бойынша міндеттерін орындамауы»;
447-2-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«447-2-бап. Халықаралық қатынаста Қазақстан Респуликасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін қолдану ережелерін бұзу»;
мынадай мазмұндағы 447-6-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«447-6-бап. Халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдарды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының аумағында пункттер арасында жолаушыларды тасымалдау»;
450, 453, 454 және 458-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«450-бап. Теңіз және өзен көлігі кемелерінде жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін бұзу»;
«453-бап. Кемелердің жүзу ережелерін, сондай-ақ шағын көлемді кемелерді пайдалану ережелерін бұзу
454-бап. Кеме жүргізушінің немесе өзге де адамның мас күйде кемені, соның ішінде шағын көлемді кемені басқаруы»;
«458-бап. Кемелерді, соның ішінде шағын көлемді кемелерді тіркеу ережелерін, сондай-ақ кемелерді жасау, техникалық пайдалану ережелерін бұзу»;
мынадай мазмұндағы 458-1, 458-2 және 460-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«458-1-бап. Порттағы құрылыстарды және теңіз порты акваториясын техникалық пайдалану ережелерін бұзу;
458-2-бап. Кемелердегі, соның iшiнде шағын көлемді кемелердегі авариялық жағдайларды және көлiк оқиғаларын тергеу ережелерін бұзу»; «460-1-бап. Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бұзу»;
629-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«629-бап. Көлік құралын, кемені, соның ішінде шағын көлемді кемені жүргізуден шеттету және мас күйін куәландыру»;
2) 439-бап мынадай мазмұнда жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктермен толықтырылсын:
«7. Мүкәммал есебінен алып тастау дәрежесіне дейін темір жол жылжымалы құрамының зақымдануы нәтижесінде темір жол көлігінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, –
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Жылжымалы құрамды ағытуға және жөндеуге беру қажет болатын көлемде зақымдауға жол беру нәтижесінде темір жол көлігінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, –
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Тасымалдау процесіне қатысушылардың уәкілетті органға темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережелерде белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының темір жолдарында қауіпсіздік ережелерін бұзушылық туралы ақпарат ұсынбау, –
лауазымды адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыпппұл салуға әкеп соғады.»;
3) 446-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«446-бап. Әуе кемесіндегі мінез-құлық ережесін бұзу
1. Әуе кемесіндегі адамның кеме командирінің өкімін орындамауы, егер оның әрекеті ұшу қауіпсіздігіне қатер төндірмесе, -
ескерту жасауға немесе екіге дейінгі айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ұшу кезінде әуе кемесінің бортында ұялы байланыс қызметтерін пайдалану –
ескерту жасауға немесе бірге дейінгі айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) қайталап жасау, –
он есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
4) мынадай мазмұндағы 446-2-баппен толықтырылсын:
«446-2-бап. Тасымалдауда үзіліс, кідіріс болған, әуе кемесінің
кеш келуі салдарынан рейсті ұшырмай тастаған,
тасымалдау маршруты өзгертілген кезде
тасымалдаушының жолаушылар алдында қызмет көрсету
бойынша міндеттерін орындамауы
1. Тасымалдаушының кінәсінен тасымалдауда кідіріс немесе әуе кемесінің кеш келуі салдарынан рейсті ұшырмай тастаған, тасымалдау маршруты өзгертілген кезде жолаушылар алдында қызмет көрсету бойынша Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндеттемелерді тасымалдаушының орындамауы не тиісінше орындамауы, –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекетті (әрекетсіздікті) қайталап жасау, –
мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
5) 447-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«447-2-бап. Халықаралық қатынаста Қазақстан Республикасында
автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін
қолдану ережелерін бұзу
1. Шетелдіктердің немесе шетел заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының аумағында автомобильмен халықаралық тасымалдауды Автомобиль көлігі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда рұқсатсыз немесе арнайы рұқсатсыз жүзеге асыруы, –
автокөлік құралдарының жүргізушілеріне – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Отандық тасымалдаушының осы отандық тасымалдаушының рұқсат карточкасында көрсетілмеген автокөлік құралына берілген шетелдік рұқсатты пайдалануы, –
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Отандық тасымалдаушының шетелдік рұқсат бланкілерін басқа отандық тасымалдаушыға беруі, –
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Халықарарлық қатынаста жолаушылар мен багажды тасымалдау кезінде жүргізушінің келісілген жол маршрутының схемасын бұзуы, –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
6) 447-4-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінгендерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында шет мемлекеттің аумағында тіркелген автокөлік құралдарымен жолаушыларды, багажды немесе жүктерді тасымалдау, –»;
7) мынадай мазмұндағы 447-6-баппен толықтырылсын:
«447-6-бап. Халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдарды жүзеге
асырған кезде Қазақстан Республикасының аумағындағы
пункттер арасында жолаушыларды тасымалдау
1. Халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдарды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында жолаушыларды тасымалдау үшін жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру, –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдарды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында жолаушыларды автокөлік құралдарымен тасымалдау, –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде осы баптың бірінші және екінші бөлiгiнде көзделген iс-әрекеттерді қайталап жасау, –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
8) 448-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Теңiз көлiгiнде кемелердiң маневр жасау және қозғалуының белгіленген тәртібін бұзу, нұсқамалы жүзу жылдамдығын, жарық және дыбыс сигналдарын беру, кеме жарықтары мен белгілерін алып жүру талаптарын сақтамау, тыйым салынған жерлерде кемені әдейі тоқтату немесе тұрғызып қою, кемені тіркеп сүйреу тәртібін бұзу, сондай-ақ диспетчердің міндетті талаптарын орындамау, –»;
9) 450-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«450-бап. Теңiз және өзен көлiгi кемелерiнде жолаушылардың
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ережелерін бұзу
Құтқару және авариялық құралдар мен жабдықтардың болмауы, толық жасақталмауы немесе оларды куәландыру мерзімінің өтуімен пайдалану, теңіз және өзен көлігі кемелеріндегі түскіштер мен басқыштарды жабдықтау жөніндегі талаптарын бұзу, –
жеке тұлғаларға – жиырма, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
10) 451-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лауазымды адамдарға он бес мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лауазымды адамдарға – он бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
«Ескерту: Осы Кодекстің 451-454, 457, 458, 458-2-баптарында шағын көлемдегі кемелер деп балық аулаушылыққа, жүктерді тасымалдау, сүйрету, пайдалы қазбаларды іздеуді жүргізу, барлау мен өндіру, құрылыс, жол, гидротехникалық және өзге де ұқсас жұмыстар, лоцмандық және мұзжарғышпен алып өту, сондай-ақ су объектілерін ластану мен қоқыстанудан қорғау бойынша іс-шараларды жүргізуге салынған немесе жабдықталғандарды қоспағанда, ұзындығы 20 метрден аспайтын, бортында рұқсат етілген адам саны 12 адамнан аспайтын кемені түсіну керек.»;
11) 452, 453 және 454-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«452-бап. Кемелердi пайдалану қағидаларын, сондай-ақ кеменi
басқару құқығы жоқ адамның басқаруы
1. Белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе техникалық байқаудан (куәландырудан) өтпеген, немесе бортында нөмiрлерi мен белгiлерi жоқ, немесе тиiстi рұқсаты жоқ қайта жабдықталған, немесе ақауы болғандықтан оны пайдалануға тыйым салынған, немесе жүк тиеу қағидаларын, жолаушылар сыйымдылығы нормаларын, жүзу ауданы мен шарттары жөніндегі шектеулердi бұза отырып кеменi (соның iшiнде шағын кеменi) басқару, –
ескерту жасауға немесе беске дейінгі айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кеме басқару құқығы жоқ, қолында кемені жүргізу құқығын растайтын құжаты жоқ адамның сол кеменi (соның iшiнде шағын кеменi) басқаруы, немесе басқару құқығы жоқ адамға сондай кеменi басқаруды беру, –
үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Тасымалдаушылардың жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі жоқ адамның жолаушы кемесін басқаруы, –
бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Кемені (соның ішінде шағын көлемді) кеме құжаттары болмаған кезде, сондай-ақ кеме құжаттарына қойылатын талаптарды бұзумен басқару, –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Кемені (соның ішінде шағын көлемді) көрнеу жалған немесе жасанды тіркеу борт нөмірлермен және белгілермен басқару, –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Кемеге (соның ішінде шағын көлемді) көрнеу жалған немесе жасанды тіркеу борт нөмірлері мен белгілерін салу, –
жеке және лауазымды адамдарға – он бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
453-бап. Кемелердің жүзу ережелерін, сондай-ақ шағын көлемді
кемелерді пайдалану ережелерін бұзу
1. Өзен көлігі кемелерінің кеме жүргізушілерінің кемелер қозғалысының, дыбыстық және жарық сигналдарын берудің, борт жарықтары мен белгілерін алып жүрудің белгіленген тәртібін бұзуы, –
жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің үш айлық, лауазымды тұлғаларға бес айлық мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шағын көлемді кеме жүргізушілерінің белгіленген жылдамдықты арттырып жіберуі, навигациялық белгілер талаптарын сақтамауы, тыйым салынған жерлерде кемені әдейі тоқтатуы немесе тұрғызып қоюы, гидротехникалық құрылыстарды немесе техникалық құралдарды және кеме жүргізу мен навигациялық жағдайдың белгілерін бүлдіруі, маневр жасау, дыбыс сигналдарын беру, борт жарықтары мен белгілерін алып жүру ережелерін бұзу, –
ескерту жасауға немесе екіге дейінгі айлық есептiк көрсеткiштің мөлшерiнде айыппұл салуға немесе шағын көлемді кемені басқару құқығынан бір жылға дейінгі мерзімге айыруға әкеп соғады.
3. Кеме жүргізушілердің өзен көлігі кемелерін орналастыру және тұраққа қоюдың белгіленген тәртібін бұзуы –
ескерту жасауға немесе үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Шағын көлемді кеме жүргізушілерінің кеме билетінде көрсетілген жинақталу және кеме жабдықтары нормаларын бұзуы, жабдықталмаған навигациялық сигналдық оттармен тәуліктің қараңғы кезеңінде жүзуге шығуы, жағалар мен басқа ұйымдастырылған орындарда суға түсу шекарасының қоршауына елу метрге дейін жақындауы –
ескерту жасауға немесе бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
454-бап. Кеме жүргізушінің немесе өзге де адамның кемені, соның
ішінде шағын көлемді кемені мас күйінде басқаруы
1. Кеме жүргізушінің кемені, соның ішінде шағын көлемді кемені алкогольмен, есірткімен немесе уытқұмарлықпен масаю күйінде басқаруы, сондай-ақ сондай кемені алкогольмен, есірткімен немесе уытқұмарлықпен масаю күйіндегі кеме жүргізушінің басқаруына беру, –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе бір жылға дейінгі мерзімге кемені басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
2. Авариялық жағдайларды жасауға қатер төндірген сол іс-әрекеттер, –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе үш жылға дейінгі мерзімге кемені басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
3. Кеме жүргізушілерінің белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольмен, есірткімен және уытқұмарлықпен масаю күйіне куәландырудан өтуден жалтаруы, –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе бір жылға дейінгі мерзімге кемені басқару құқығынан айыруға әкеп соғады
4. Кемені, соның ішінде шағын көлемді кемені алкогольмен, есірткімен немесе уытқұмарлықпен масаю күйіндегі адамдарға басқаруға рұқсат беру, –
жеке тұлғаларға – он бес айлық, кемені пайдалануға жауапты лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
12) 456 және 457-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«456-бап. Өзен порттары мен кемежайларда жүктерді тиеу, түсіру
және қоймада ұстау ережелерін бұзу
Өзен порттары мен кемежайларда жүктерді тиеу, түсіру және қоймада жинаудың техникалық шарттарын, кемеде жүктерді бекiтудің техникалық шарттарын бұзу, жүк тиеу (жүк түсiру) актісін ресiмдемеу, –
екіге дейінгі айлық есептiк көрсеткiштің мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
457-бап. Шағын көлемді кемелер тұруға арналған базаларда
(құрылыстарда) пайдалану ережелерін бұзу
1. Шағын көлемді кемелер тұруға арналған базаларда (құрылыстарда) шағын көлемді кемелердің орналасу нормаларын, базаларды (құрылыстарды) пайдалану қауіпсіздігіне арналған шарттар мен техникалық талаптарды бұзу, сол сияқты көрсетілген базаларда (құрылыстарда) белгіленген тәртіппен тіркелмеген шағын көлемді кемелерді күтіп-ұстау, –
жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға – он, дара кәсiпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шағын көлемді кемелердің жүзуге шығуына және базаға қайтуына белгіленген бақылау режимін сақтамау, –
ескерту жасауға немесе жеке және лауазымды тұлғаларға бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
13) 458-баптың тақырыбы және бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«458-бап. Кемелерді, соның ішінде шағын көлемді кемелерді
тіркеу ережелерін, сондай-ақ кемелерді жасау,
техникалық пайдалану ережелерін бұзу
1. Кемелерді, соның ішінде шағын көлемді кемелерді тіркеу мен есептеу ережелерін бұзу, –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
16) мынадай мазмұндағы 458-1 және 458-2-баптармен толықтырылсын:
«458-1-бап. Порттағы құрылыстарды және теңіз порты акваториясын
техникалық пайдалану ережелерін бұзу
Порттың құрылыстарын тұрақты және кезеңдік техникалық байқаулардан өткізу мерзімдерін бұзу немесе сақтамау, айлақтық құрылыстың арқандап байлау және кері итергіш құрылғыларының жарамсыз жай-күйде болуы немесе өздерінің сипаттамалары бойынша сәйкес келмеуі, сондай-ақ порт құрылыстарын техникалық байқау журналының және теңіз порты паспортының болмауы, –
лауазымды тұлғаларға бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
458-2-бап. Кемелердегі, соның ішінде шағын көлемді кемелердегі
авариялық жағдайларды және көлік оқиғаларын тергеу
ережелерін бұзу
1. Кеме капитанының, кеме иесінің, гидротехникалық құрылыстың лауазымды тұлғасының көліктік бақылау органдарына теңіз көлігі кемесіндегі авариялық жағдай туралы, өзен көлігі кемесіндегі көлік оқиғасы туралы ақпаратты ұсынбауы, –
жеке және лауазымды тұлғаларға – он, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кеме жүргізушінің немесе кеме иесінің көліктік бақылау органдарына шағын көлемді кемедегі көлік оқиғасы туралы ақпаратты ұсынбауы, –
жеке тұлғаларға – бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Авариялық жағдайды немесе көлік оқиғасын тергеуді жүргізетін органның не лауазымды тұлғаның сұрау салуы бойынша тергеу жүргізу үшін қажетті материалдарды, анықтамаларды, түсіндірмелерді, кеме құжаттарынан көшірмелерді не басқа ақпаратты ұсынбауы немесе уақтылы ұсынбауы, –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды тұлғаларға – он, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
15) мынадай мазмұндағы 460-1-баппен толықтырылсын:
«460-1-бап. Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бұзу
1. Көлік объектілерінде көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бұзу –
жеке және лауазымды адамдарға он, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) қайталап жасау, –
жеке және лауазымды адамдарға жиырма, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
16) 461-баптың 6-1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1. Тұрақты немесе тұрақты емес жолаушылардың, багаждың автомобиль тасымалдарын, сондай-ақ жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде рейс алды (ауысым алды) техникалық байқаудан өтпеген автокөлік құралдарын пайдалануға шығару, сондай-ақ рейс алды (ауысым алды) медициналық байқаудан өтпеген жүргізушіні басқаруға жіберу, –
дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
17) 463-бапта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының арнайы рұқсатсыз, соның ішінде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану арқылы көрсетусіз жүру, –
жеке тұлғаларға және дара кәсіпкерлерге – екі жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
мынадай редакциядағы 3-1-бөлігімен толықтырылсын:
«3-1. Арнайы рұқсатта көрсетілген параметрлердің бірін асыра отырып, не маршруттан немесе мерзімнен ауытқу арқылы, сондай-ақ еріп жүретін және тасалайтын автомобиль болмаған жағдайда ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүруі, –
жеке тұлғаларға және дара кәсіпкерлерге – жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
18) 543-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ішкі істер органдары осы Кодекстің 131, 144, 160 (бірінші және екінші бөліктерінде), 163-1, 175 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері, автомобиль көлігімен және қалалық электр көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 247, 277, 281-1, 298 (бірінші бөлігінде), 298-1 (бірінші бөлігінде), 300, 305 (бірінші бөлігінде), 306 (бірінші бөлігінде), 311, 330-1 (бірінші бөлігінде), 328-1, 333, 334 (бірінші және екінші бөліктерінде), 336 (бірінші және екінші бөліктерінде), 336-2 (бірінші және екінші бөліктерінде), 336-3 (бірінші бөлігінде), 336-4 (бірінші бөлігінде), 338 (екінші бөлігінде), 341 (бірінші бөлігінде), 357-2 (бірінші бөлігінде), 357-7 (бірінші бөлігінде), 364, 369 (бірінші бөлігінде), 370 (бірінші бөлігінде), 371 (бірінші бөлігінде), 377, 378, 379, 380 (бірінші бөлігінде), 380-1, 387, 389, 390 (бірінші бөлігінде), 391 (бірінші бөлігінде), 391-1 (бірінші бөлігінде), 392, 394 (бірінші бөлігінде), 395, 396 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 439 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 440, 441, 443 (төртінші бөлігінде), 446 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші бөліктерінде), 459, 461 (бірінші-үшінші, төртінші-сегізінші бөліктерінде), 461-1, 462, 463 (бірінші және төртінші бөліктерінде), 463-1, 463-2, 463-3 (бірінші-төртінші бөліктерінде), 463-8, 464, 464-1 (үшінші бөлігінде), 465 (бірінші бөлігінде), 466 (бірінші бөлігінде), 468 (үшінші бөлігінде), 470, 471 (бірінші бөлігінде), 472, 473 (бірінші және екінші бөліктерінде), 474-476, 477 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 478, 479 (темір жол көлігінде жасалған құқық бұзушылық бөлігінде), 480, 481 (автомобиль көлiгіндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 482, 485-487, 490, 500 (бірінші бөлігінде) – баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
екінші бөліктің 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Кодекстің 131, 160 (бірінші және екінші бөліктерінде), 163-1, 298 (бірінші бөлігінде), 298-1 (бірінші бөлігінде), 300, 305 (бірінші бөлігінде), 306 (бірінші бөлігінде), 311, 330-1 (бірінші бөлігінде), 333, 334 (бірінші және екінші бөліктерінде), 336 (бірінші және екінші бөліктерінде), 336-1 (бірінші және екінші бөліктерінде), 336-4 (бірінші бөлігінде), 338 (екінші бөлігінде), 377, 380 (бірінші бөлігінде), 389, 390 (бірінші бөлігінде), 391 (бірінші бөлігінде), 391-1 (бірінші бөлігінде), 392, 394 (бірінші бөлігінде), 395, 396 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 490-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн, - iшкi iстер органдары қалалық, аудандық бөлiмшелерiнiң бастықтары;
3) осы Кодекстің 163-1, 298 (бірінші бөлігінде), 305 (бірінші бөлігінде), 306 (бірінші бөлігінде), 330-1 (бірінші бөлігінде), 336 (бірінші және екінші бөліктерінде), 336-1 (бірінші және екінші бөліктерінде), 336-4 (бірінші бөлігінде), 338 (екінші бөлігінде), 389, 391 (бірінші бөлігінде), 391-1 (бірінші бөлігінде), 392, 396 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 439 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші бөліктерінде), 440, 441, 446 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші бөліктерінде), 459, 477 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 479 (темір жол көлігінде жасалған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 480, 485 (бірінші бөлігінде) – баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн, - iшкi iстер органдары жол бөлiмшелерiнiң, жол пункттерiнiң бастықтары;»;
19) 547-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 175 (екінші бөлігіне) (әуе көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 443 (осы баптың бірiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген азаматтық авиацияға жатпайтын әуеайлақтарда немесе осындай әуеайлақтар аудандарында жасалған бұзушылықтар туралы iстердi қоспағанда, бесінші бөлігінде), 444, 446 (бірінші бөлігінде), 446-2, 447 (бірінші бөлігінде), 459, 460, 479 (әуе көлiгiнде бұзушылықтар жасағаны үшiн), 480 (екінші бөлігінде), 482-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.»;
20) 548-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«548-бап. Көліктік бақылау органдары
1. Көлік бақылау органдары осы Кодекстің 246 (бірінші бөлігінде), 357-2 (бірінші бөлігінде), 439, 440, 440-1, 441, 447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 447-5, 447-6, 448, 449, 450, 451, 452, 453 (бірінші, үшінші, төртінші, бөліктерінде), 454 (төртінші бөлігінде), 455, 456, 457, 458, 458-1, 458-2, 459, 460 (әуе кемелеріндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 460-1, 461 (6-1 бөлігінде), 463 (бірінші бөлігінде, бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу болып табылатын кезде, екінші, үшінші және 3-1-бөліктерінде), 467-1, 473-1, 477 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 479-480 (әуе көлігі кемелеріндегі және темір жол көлігіндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 480-1, 481, 483, 486 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Көлік бақылау органдары атынан әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
осы Кодекстің көлік бақылау органдарының қарауына жатқызылған барлық баптары бойынша - көлік бақылау органының басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық көлік бақылау органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары;
осы Кодекстің 247, 357-2 (бірінші бөлігінде), 440, 440-1, 441, 447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 447-5, 452, 454 (төртінші бөліктерінде), 455, 456, 459-460 (әуе кемелеріндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 460-1, 461 (6-1 бөлігінде), 463 (бірінші бөлігінде, бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу болып табылатын кезде, екінші, үшінші және 3-1-бөліктерінде), 467-1, 473-1, 477 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 479-480 (әуе көлігі кемелеріндегі және темір жол көлігіндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 480-1, 481, 483, 486 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша — көліктік бақылау органдарының осыған уәкілетті лауазымды адамдары құқылы.
3. Осы баптың екінші бөлігінің үшінші абзацында көрсетілген лауазымды адамдар салатын айыппұл мөлшерi қырық айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.»;
21) 555-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кеден органдары осы тармақта аталған әкімшілік құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде жасалса, осы Кодекстің 175 (екінші бөлігіндегі), 220, 240 (бірінші бөлігіндегі), 247, 294 (бірінші бөлігіндегі), 323 (бірінші бөлігіндегі), 447 (екінші және үшінші бөліктеріндегі), 447-2, 447-3, 460 (автомобиль көлігіндегі әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша), 461 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, 6-1, сегізінші бөліктеріндегі), 463 (екінші, үшінші және 3-1 бөліктеріндегі), 467-1, 470 (үшінші бөлігіндегі), 477 (төртінші бөлігіндегі) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.»;
22) 629-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«629-бап. Көлік құралын, кемені, соның ішінде шағын
көлемді кемені жүргізуден шеттету және мас күйін
куәландыру
1. Көлiк құралын, кемені, соның ішінде шағын көлемдi кеменi жүргізетін жүргiзушi, кеме жүргiзушi, ол мас күйде деуге жеткiлiктi негiздер болса, көлiк құралын, кемені, соның ішінде шағын көлемдi кеменi жүргізуден шеттетіліп, мас күйiн куәландыруға жатады.
2. Көлiк құралын, кемені, соның ішінде шағын көлемдi кеменi жүргізуден шеттетудi, мас күйiн медициналық емес куәландыруды және медициналық куәландыруға жiберудi, тиiсiнше, жол полициясы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және көлiк бақылау органдарының көлiк құралын жүргізуші адам құқық бұзушылық жасаған кезде - әскери автомобиль полициясының лауазымды адамдары жүргiзедi.
Жол полициясының лауазымды адамдарымен қатар мас күйде деуге жеткiлiктi негiздер бар жүргiзушiнi көлiк құралын жүргізуден шеттетуге полицияның учаскелiк инспекторларының, одан басқа, бұл жағдайда тәртiп бұзушылық фактiсiн құжатпен бекітуге және жүргiзушi мен көлiк құралын таяу жердегi iшкi iстер органына жеткізу жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi iшкi iстер органдарының басқа да қызметкерлерiнiң құқығы бар.
3. Мас күйiн куәландыруға жiберу, мас күйiн куәландыру және оның нәтижелерiн ресiмдеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi. Жүргiзушi, кеме жүргiзушi куәландыру нәтижелерiмен келiспеген жағдайда олар медициналық куәландыруға медициналық мекемеге жiберiледi.
4. Көлiк құралын, кемені, соның ішінде шағын көлемдi кеменi жүргізуден шеттету туралы, мас күйін куәландыру үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға белгi жасалады.
5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада куәландыруды өткізу үшін көлік құралын, кемені, соның ішінде шағын көлемді кемені жүргізуден шеттетілген күні, уақыты, орны, негіздері көрсетіледі.
Хаттаманың көшірмесі өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан адамға не оның заңды өкіліне тапсырылады.
6. Мас күйiн куәландыру актiсi тиiстi хаттамаға қоса тiркеледi.»;
23) 630-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
осы Кодекстің 283-285, 287, 289, 297, 298, 298-1, 302-306, 447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 451, 453, 457, 460, 461 (екінші, үшінші және 3-1 бөліктерінде), 463 (екінші, үшінші және 3-1 бөліктерінде), 463-4 (үшінші, төртінші бөліктеріндегі), 467, 470 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші бөліктеріндегі), 471 (екінші бөлігіндегі), 514 (461-471-баптарымен көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде), 524 (461-471-баптарымен көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде)-баптарында аталған бұзушылықтар жасалған кезде, осы баптың екінші бөлігінде аталған уәкілетті лауазымды адам көлік құралдарын, шағын көлемді кемелерді көліктік бақылау стационарлық постына іргелес арнайы алаңға, тұраққа немесе алаңға уақытша сақтау үшін жеткізу жолымен, сонымен қатар басқа көлік құралын (эвакуатор), шағын көлемді кемені пайдалану арқылы, ұстау себептері жойылғанға дейін ұстауға, жеткізуге және пайдалануға тыйым салуға құқылы.»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ұсталған көлiк құралын, кемені, соның ішінде шағын көлемдi кеменi сақтау жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша құрылатын және коммуналдық меншiк болып табылатын арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда жүзеге асырылады.»;
24) 636-бапта:
1) тармақшада:
жиырма тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«көлiк бақылау органдарының (317-1-бап (көлік саласындағы техникалық регламенттер талаптарын бұзу бойынша), (356, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі), 453 (екінші бөлігі), 454 (бірінші-үшінші бөліктері), 471 (1-1-бөлігі), 484-баптар);»;
екінші бөлігіндегі екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының (175-баптың екінші бөлігі (осы бұзушылықтарды жолаушыларды тасымалдаушылар жасаған кезде), 451-баптың екiншi бөлiгi, 452-бап, 453-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi, 454-бап, 455-баптың үшiншi бөлiгi, 457-бап, 477-баптың төртінші бөлігі, 478, 479-баптар (темір жол көлігіндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 480-баптың үшінші және төртінші бөліктері, 481-бап (автомобиль көлігінде және электр көлігінде құқық бұзушылық жасағаны үшін);»;
25) 638-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың мән-жайларын, өзiне қатысты iс қозғалған адамның жеке басын немесе заңды тұлға туралы мәлiметтердi және заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң жеке басын қосымша анықтау талап етiлген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама үш тәулік ішінде, ал осы Кодекстің 168, 168-6, 168-7, 169, 172-2 (бірінші және екінші бөліктері), 179 (үшінші және төртінші бөліктері), 180, 182, 187, 188, 357-2 (бірінші бөлігі), 447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 447-5, 463 (бірінші бөлігі, бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзушылық болып табылса, екінші және үшінші бөліктері), 467-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық бойынша материалдар аймақтық филиалдарға он жұмыс күні ішінде берген кезде құқық бұзушылық немесе оны жасаған адам анықталған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жасалады.»;
26) 639-баптың 1-1 бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Осы Кодекстің 539-бабының үшінші бөлігінде, 639-бабының үшінші бөлігінде аталған жағдайларды қоспағанда, жол жүрісі қауіпсіздігі, және автомобиль көлігі саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды.».
2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3; 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат):
1) 244-1-баптың 3-тармағының 1) тармақшасының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен авиакомпания белгілеген және жариялаған кестеге сәйкес орындалатын рейс тұрақты рейс деп танылады;»;
2) 367-баптың 1-тармағында:
кестенің 8-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
8. |
Мыналарды: |
көлiк құралының жалпы қуатының әрбір киловатынан айлық есептiк көрсеткiштiң 1 пайызы |
Тар және кең табанды магистральды және станциялық жолдармен жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру үшiн пайдаланылатын мотор-вагонды қозғалмалы құрамы, сондай-ақ қалалық рельс көлігінің көлік құралдары |
көлiк құралының жалпы қуатының әрбір киловатынан айлық есептiк көрсеткiштiң 1 пайызы |
»;
3) 456-бап мынадай мазмұндағы 6.1.7., 6.1.8., 6.2.6., 6.2.7., 6.3.7., және 6.3.8.- жолдармен толықтырылсын:
«
6.1.7. |
қалалық рельс көлігі |
0,25 |
6.1.8. |
теміржолдық тартқыш, сондай-ақ мотор-вагонды жылжымалы құрамы |
0,25 |
»;
«
6.2.6. |
қалалық рельс көлігі |
0,25 |
6.2.7. |
теміржолдық тартқыш, сондай-ақ мотор-вагонды жылжымалы құрамы |
0,25 |
»;
«
6.3.7. |
қалалық рельс көлігі |
0,25 |
6.3.8. |
теміржолдық тартқыш, сондай-ақ мотор-вагонды жылжымалы құрамы |
0,25 |
»;
4) 534-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат куәлігін және оның телнұсқасын бергені үшін.»;
5) 540-бап мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат куәлігін және оның телнұсқасын бергені үшін – 25 пайыз;»;
6) 547-бабының 2-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат куәлігін және оның телнұсқасын бергені үшін – тиісті құжатты бергенге дейін;».
3. «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат):
1) 1-бапта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының көлігі - оның аумағында тіркелген теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе, қалалық рельс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы магистральдық труба-құбыр көлігі.»;
мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктермен толықтырылсын:
«Көлік логистикасы – тасымалдаудың (тасымалдың) әр кезеңінде жүк қозғалысының мониторингін қамтитын әр түрлі көлік түрлерін (темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе) пайдалану арқылы оңтайлы маршрут бойынша жүк жөнелтушіден (өндірушіден) жүк алушыға дейін тасымалдауды жоспарлау және басқару жөніндегі тасымалдау процесі қатысушыларының өзара байланысты іс-әрекеттерінің жиынтығы.
Қалалық рельс көлігі – метрополитен, трамвай, жеңіл рельстер, монорельстерді қамтитын көлік түрі.
Метрополитен – жолдары басқа көлік түрінің жолдарымен қиылыспайтын, көбінесе жер астында орналасатын, қалада жолаушылардың әлеуметік маңызды тасымалдауын қамтамасыз ететін қалалық рельс көлігінің түрі.
Жолаушыларды әлеуметтік маңызды тасымалдау – бұл Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықтың еркін қозғалу және қолжетімді тарифтермен қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған жолаушылар тасымалы.
Көлік қауіпсіздігі – көлік инфрақұрылым объектілерінің және көлік құралдарының заңсыз араласу актісінен қорғалуының жай-күйі.
Заңсыз араласу актісі – құқыққа қарсы іс-әрекет (әрекетсіздік), соның ішінде көлік инфрақұрылым объектілері және көлік құралдары қызметінің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін, адам өмірі мен денсаулығына зиян, материалдық залал келтірген, не осындай салдар қауіп төндірген террористік акт.
Көлік инфрақұрылымы объектілері – темір жол, жеңіл рельсті трамвай, монорельстер және ішкі су жолдары, автомобиль жолдары, тоннельдер, эстакадалар, көпірлер, вокзалдар мен станциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері, метрополитен желілері, порттар, порт құралдары, кеме қатынасының гидротехникалық құрылыстары, әуеайлақтар, әуежайлар, байланыс жүйесінің, көлік құралдары қозғалысының навигациясы мен басқару объектілері, магистральдық құбыр жолдар, сондай-ақ көлік кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өзге де ғимараттар, құрылыстар, құрылғылар мен жабдықтар.»;
2) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
«2-1-бап: Көлік логистикасының қағидаттары
Көлік логистикасының қағидаттары:
1) заңдылық;
2) клиент қажеттіліктеріне бағдарланғандық;
3) қауіпсіздік;
4) сақталу;
5) рәсімдердің бір тұтастығы;
6) тең қолжетімділік;
7) жаһандық көлік-логистикалық жүйеге интеграциялану.»;
3) 3-бапта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Магистральдық теміржол желісі – жекешелендіруге жатпайды және кейіннен Ұлттық инфрақұрылымның операторына беру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шартында және тәртібінде ұлттық басқарушы холдингке және Ұлттық темір жол компаниясына беріледі.»; мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік меншіктегі магистральдық, станциялық жолдар және басқа да темір жол желілерінің объектілері кейіннен Ұлттық инфрақұрылымның операторына беру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шартында және тәртібінде ұлттық басқарушы холдингке және Ұлттық темір жол компаниясына беріледі.»;
4) 6-баптың екінші бөлігінің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«тасымалдауларда, соның ішінде әлеуметтік маңызды және онымен байланысты қызметтерде Республика халқы мен экономикасының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;»;
5) 8-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жолаушылар көлiгінің тұрақты маршруттарында жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушылар жергiлiктi атқарушы органдармен немесе олар осы маршруттарға қызмет көрсетуге уәкiлеттiк берген органдармен шарт жасасуға тиiс.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Метрополитенмен жолаушылардың әлеуметтік маңызды тасымалдарын ұйымдастыруды метрополитен орналасқан тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.»;
6) 11-бапта:
бірінші бөліктегі оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«- мемлекеттік және жергiлiктi өкiлдiк және атқарушы органдардың арнайы және әскери тасымалдарын жүзеге асыру жөніндегі талаптарын орындауға (бұл тасымалдарды жүзеге асыруға кеткен шығыстар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен өтеледі);»;
мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Жолаушы жөнелту пунктіне тасымалдау басталғанға дейін, тасымалдау қағиласында белгіленген уақытынан кешікпей келуге міндетті.»;
мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
«Метрополитенмен жолаушыларды тасымалдау қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
7) 12-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Темір жол, теңіз, ішкі су, әуе және автомобиль көлігі көлік логистикасының қағидаттарын қолдану және көлік инфрақұрылымын пайдалану арқылы тікелей аралас қатынастар жүйесін ұйымдастырады.»;
8) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
«15-1-бап. Қалалық рельс көлігінің көлік құралдарын тіркеу
Қалалық рельс көлігінің көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Қалалық рельс көлігінің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген тәртіппен алым алынады.»;
9) 21-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Көлiк жүктерi мен объектiлерiн күзетудi, сондай-ақ темір жол, әуе көлiгiнде, метрополитенде өртке қарсы алдын алу жұмыстарын жүргiзудi және өрт зардаптарын жоюды Қазақстан Республикасы Үкіметі белгiлеген тәртiппен әскерилендiрiлген күзет қызметтерi мен өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi жүзеге асырады.»;
10) 23-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Көлiк құралдары қозғалысы және жүк тиеу-түсiру жұмыстары жүзеге асырылатын метрополитеннің, станциялардың, порттардың, айлақтардың, әуежайлардың, автокөлiк кәсiпорындары мен теміржол тораптарының аумақтары, сондай-ақ су жолдары аса қауiптi аймақтар болып табылады. Аса қауiптi аймақта болу және онда жұмыстар жүргiзу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. Аталған ережелердiң бұзылуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жауапкершiлiкке әкеп соқтырады.»;
11) мынадай мазмұндағы 24-1, 24-2, 24-3, 24-4, 24-5, 24-6, 24-7 және 24-8-баптармен толықтырылсын:
«24-1-бап. Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
1. Көлік инфрақұрылымы объектілерінің және көлік құралдарының көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, көлік қызметінің субъектілеріне жүктеледі.
2. Осы Заңның 24-1, 24-2, 24-3, 24-4, 24-5, 24-6, 24-7 және 24-8-баптарының мақсаттары үшін көлік қызметінің субъектілері деп жеке меншік құқығында немесе өзге заңды негізде көлік инфрақұрылым объектілері және (немесе) көлік құралдары бар жеке және заңды тұлғалар түсініледі.
3. Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
4. Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленуі мүмкін.
24-2-бап. Көлік инфрақұрылым объектілерінің және көлік
құралдарының қауіпсіздік деңгейі
1. Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көлік инфрақұрылым объектілерінің және көлік құралдарының қауіпсіздік деңгейі белгіленеді.
Қауіпсіздік деңгейі ретінде көлік инфрақұрылымы объектілерінің және көлік құралдарының қорғалу дәрежесі, тиісті заңсыз араласу актісін жасау қатерінің дәрежесі түсініледі.
2. Көлік инфрақұрылымы объектілерінің және көлік құралдарының қауіпсіздік деңгейі уәкілетті мемлекеттік органның шешімімен белгіленеді.
Қауіпсіздік деңгейінің тізбесін және оларды белгілеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Қауіпсіздіктің белгіленген деңгейіне байланысты көлік қызметінің субъектілері жолаушыларды және басқа адамдарды, қол жүгін, теңдеме жүкті (жүк - теңдеме жүкті) және жүкті қарап тексеруді, сондай-ақ көлік инфрақұрылым объектілерін және көлік құралдарын тексеруді қамтамасыз етеді.
24-3-бап. Қарап тексеру
1. Қарап тексеруге жолаушылар және басқа адамдар, олардағы заттар, соның ішінде қол жүгі, багаж және жүк багажы жатады.
Жолаушыларды және басқа адамдарды, олардағы заттарды, соның ішінде қол жүгін, багажды және жүк багажын қарап тексеруді жүргізу тәртібі мен талаптарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2. Жолаушыларды және басқа адамдарды, олардың заттарын, соның ішінде қол жүгін, багаж және жүк багажын қарау көлік қызметі субъектісінің персоналымен немесе күзет қызметін көрсету жөніндегі шарт жасасқан кезінде күзет қызметі субъектісінің қызметкерімен жүргізіледі.
Қарап тексеру кезінде техникалық құралдар қолданылады, оларға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралдарын не нысанасы болған затты табу мақсатында жеке қарап тексеруді «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде санамалап көрсетілген лауазымды адамдар жүргізеді.
3. Жолаушыларда және басқа адамдарда болған заттарды, соның ішінде қол жүгін, багажды, жүк багажын қарап тексеру кезінде, тасымалдауға тыйым салынған заттар және құралдар бар болған жағдайда көрсетуді талап ететін міндетті ұсыныс болады.
Жолаушыларды және басқа адамдарды қарап тексеру кезінде жеке басын куәландыратын құжаттарына, және (немесе) олардың тасымалдау құжаттарына сәйкестігіне тексеру жүргізіледі.
Қарап тексеруді ұйымдастыру үшін көлік қызметінің субъектілері жауапты болады.
4. Тасымалдауға тыйым салынған заттардың және құралдардың болу мүмкіндігі туралы куәландырылатын контурдың және өзге де мәліметтердің техникалық құралдармен табылған кезінде адамдарды жеке қарап тексеруге және оларда болған заттарды, соның ішінде қол жүгін, багажды, жүк багажын және жүкті қарап тексеру қолмен жүргізіледі.
Жеке қарап тексеру тасымалдауға тыйым салынған заттарды және құралдарды табу үшін қажетті шеңберде жүзеге асырылады.
Жеке қарап тексеруді тексерілетін адаммен жынысы бірдей адам ғана санитарлық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормалардың талаптарына сай келетін арнайы бөлінген үй-жайларда жүргізеді.
Бір үй-жайда бір уақытта бірнеше адамды жеке қарап тексеруге тыйым салынады.
Жеке қарап тексерудің нәтижелері, қарап тексеру жүргізген адам және жеке қарап тексеру жүргізілген адамға қатысты адам қол қоятын актімен ресімделеді.
5. Қарап тексеруден, жеке қарап тексеруден жалтарған адамдар көлік инфрақұрылым объектілеріне немесе тасымалдауға жіберілмейді, ол туралы тиісті акт толтырылады.
6. Егер жолаушының қол жүгін, багажын қарап тексерген кезде тасымалдауға тыйым салынған заттар мен нәрселер табылмаса, қарап тексеруді, жеке қарап тексеруді жүргізген адамдар жолаушыны жол жүру құжат (билет) алынған қатынаспен жөнелтуді қамтамасыз ететін қажетті шараларды қабылдауға міндетті.
7. Қарап тексеруді жүргізген адамдар жолаушыларға және басқа адамдарға қатысты ұқыпты және сыпайы болуы міндетті және олардың абыройын түсіретін іс-әрекеттерге жол бермеуі керек.
8. Көлік қызметінің субъектілері жолаушыларды және басқа адамдарды, олардағы заттарды, соның ішінде қол жүгін, багажды және жүк багажын қарап тексеруді жүргізу жөніндегі тәртібі мен талаптары сәйкестігіне аттестаттаудан өтуге жатады.
Көлік қызметі субъектілерінің аттестаттауын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік орган жүргізеді.
9. Қарап тексеру жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектілерінің, сондай-ақ қарап тексеру жүргізілмейтін адамдарға қатысты тізбесі Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленеді.
24-4-бап. Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптары
Көлік инфрақұрылымы объектілері және көлік құралдары үшін қауіпсіздік деңгейіне байланысты көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Көрсетілген талаптар көлік қызметінің барлық субъектілерінің орындауы үшін міндетті болып табылады.
24-5-бап. Көлік инфрақұрылым объектілері және көлік
құралдарының көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
бойынша шараларды іске асыру
1. Көлік қызметінің субъектілері көлік инфрақұрылым объектілері және көлік құралдарының көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету нұсқаулығын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпте әзірлейді.
Көлік инфрақұрылым объектілері және көлік құралдарының көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралар кешенін көздейді және уәкілетті мемлекеттік органның келісімі бойынша көлік қызметінің субъектілерімен бекітіледі.
2. Көлік инфрақұрылым объектілері және көлік құралдарының көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтарында қамтылған мәліметтер қолжетімділігі шектеулі ақпарат болып табылады.
3. Көлік инфрақұрылым объектілері және көлік құралдарының көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтарын орындауды көлік қызметінің субъектілері, ал егер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда көлік қызметінің субъектілері орталық мемлекеттік органдармен немесе жергілікті атқарушы органдарымен бірлесе отырып жүзеге асырады.
24-6-бап. Көлік қауіпсіздігі саласындағы ақпараттық
қамтамасыз ету
1. Ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қорғауды, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделеріне қарсы қылмыстық және өзге де құқыққа қайшы қол сұғушылықтардың алдын алу мен ескертуді қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыру мақсатында көлік қызметінің субъектілері құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарына ресімделген және (немесе) броньға қойылған жол жүру құжаттары (билеттері) туралы мәліметтерге, соның ішінде автоматтандырылған жүйеге және нақты уақыт режиміндегі мәліметтер базасына рұқсатты қамтамасыз етеді.
2. Құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарына ресімделген және (немесе) броньға қойылған жол жүру құжаттары (билеттері) туралы мәліметтерге рұқсат тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
3. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) ресімдеу кезінде тасымалдаушы немесе жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды жүзеге асыратын басқа адам жолаушылар туралы мынадай дербес мәліметтерді жазуды қамтамасыз етеді:
1) тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);
2) жол жүру құжаттары (билеттері) бойынша сатып алынған құжаттың, жеке басын куәландыратын құжаттың түрі және нөмірі;
3) жөнелту орны мен күні, белгіленген пункт, сапар маршрутының түрі (жолда түсірілмейтін, транзиттік);
4) көрсетілген жолаушымен тасымалдаушы хабарласа алатын, байланыс мәліметтері (электрондық поштасының адресі және (немесе) телефон нөмірі).
24-7-бап. Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы көлік
қызметі субъектілерінің құқықтары мен міндеттері
1. Көлік қызметі субъектілерінің:
1) көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпаратты уәкілетті мемлекеттік органдардан белгіленген тәртіпте алуға;
2) уәкілетті мемлекеттік органға, арнайы мемлекеттік органдарға, ішкі істер органдарына көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
2. Көлік қызметінің субъектілері:
1) көлік инфрақұрылым объектілеріне және көлік құралдарына заңсыз араласу актілерін жасау және оның жасалу қауіпі туралы уәкілетті мемлекеттік органға, құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға;
2) осы Заңның 24-3-бабына сәйкес көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптардың бұзушылықтарын жою туралы уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдарының нұсқамасын орындауға;
3) заңсыз араласу актілерін анықтауға, ескертуге және алдын алуға, сондай-ақ оның салдарын жоюға жәрдем көрсетуге, олардың болу себептері мен жасалу жағдайларын белгілеуге міндетті.
3. Көлік қызметінің субъектілері көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қарап тексеруді жүргізудің талаптарын орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікте болады.
24-8-бап. Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты
лауазымға алу кезіндегі шектеулер
1. Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты лауазымға мынадай адамдар алынбауы мүмкін:
1) жойылмаған немесе алынбаған сотталуы бар;
2) психикалық бұзылу (ауру), алкогольдік, наркологиялық немесе токсикологиялық сипаттағы аурулар бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған;
3) сот тәртібінде қабілеті шектеулі немесе қабілетсіз деп танылған;
4) мемлекеттік органдардан теріс себептері бойынша жұмыстан шығарылған, егер жұмыстан шығарылғаннан кейін кемінде үш жыл өткен адамдар;
5) көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты лауазымнан теріс себептері бойынша жұмыстан шығарылған, егер жұмыстан шығарылғаннан кейін кемінде үш жыл өткен адамдар.
2. Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты лауазымдар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
12) 25-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) су көлігінің жұмыс істеу тәртібін және оларды бұзудың алдын алу бойынша шаралар қабылдауды анықтайтын Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын бақылау және қадағалау;»;
7) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 29) тармақшамен толықтырылсын:
«29) метрополитенде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және техникалық құралдарды күтіп ұстауды бақылау.».
4. «Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 273-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 13-14, 54-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат):
1) 7-баптың он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«- автомобиль жолдарын, жол құрылыстарын, темір жол өтпелерін, қалалық рельс көлігі желілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу;»;
2) 13-бапта:
1-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн автомобиль және қалалық жер үстi рельс көлiгi құралдарының жүргiзушiлерi мен басқа да қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн арттыру үшiн жағдай жасауға;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Автомобиль және қалалық жер үстi рельс көлiгi құралдарымен тасымалдау қызметiн жүзеге асыратын мамандандырылған кәсiпорындар арнаулы ережелер белгiлеп, жүктiң түрiн, оларды тасымалдау ерекшелiктерiн ескере отырып және қолданылып жүрген заңдар шегiнде жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн жүргiзушiлерге қосымша талаптар қоя алады.»;
3) 18-баптың 3-тармағының жетінші бөлігіндегі 2) және 3) тармақшалар алып тасталсын.
5. «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат):
1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заң мемлекеттік реттеу негіздерін, темір жол көлігінің жұмыс істеуінің құқықтық, экономикалық шарттарын белгілейді және темір жол көлiгi саласында қызметті жүзеге асыру және қамтамасыз ету кезіндегі тасымалдау процесіне қатысушылар, мемлекеттік органдар мен өзге де жеке және заңды тұлғалар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.»;
2) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
«23-1) темір жол вокзалдарының класы – орындалатын жұмыс (ұсынылатын қызметтер) көлеміне және техникалық жарақталуына қарай белгіленген темір жол вокзалының мәртебесі;»;
39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«39) магистральдық жолдар – Қазақстан Республикасының барлық аумағында темір жол көлігінің жұмыс істеуі және бас жолдардан (темір жол станциялары арасындағы аралықтағы жолдардан, іргелес аралықтар жолдардың тікелей жалғасы болып табылатын станция шекарасындағы және әдеттегідей бағыттамалық бұрмадағы ауытқуы жоқ жолдардан), сондай-ақ станция шекарасындағы поездардың қабылдау, жөнелту, басып озу, айырылысу және рұқсаттама алу үшін арналған қабылдау-жөнелту жолдарынан тұратын басқа мемлекеттермен темір жол қатынасын қамтамасыз ету үшін арналған темір жолдар;»;
40), 41), 42), 44) және 47) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«40) магистральдық темір жол желісі – Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің әкімшілік-аумақтық бірліктері және көлік-логистикалық объектілері арасындағы тікелей темір жол қатынасын қамтамасыз ететін өзінде өзара жалғасқан магистральдық жолдар, станция жолдарын, сондай-ақ электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, сигнал беру, байланыс объектілері, құрылғылар, жабдықтар, ғимараттар, құрылыстар, имараттар (соның ішінде вокзалдар) жүйесін құратын және олардың жұмыс iстеуi үшiн технологиялық жағынан қажеттi және өзге де объектілерінің жүйесі;
41) магистральдық темір жол желісі қызметтері – поездарды өткізу мен олардың қозғалысы үшін магистральдық темір жол желісін пайдаланумен байланысты инфрақұрылымның ұлттық операторының тасымалдаушыларға көрсететін қызметтері;
42) Инфрақұрылымның ұлттық операторы – магистральдық инфрақұрылымды пайдалануды, күтіп ұстауды, жаңғыртуды, оның құрылысын және магистральдық темір жол желісі қызметтерін көрсетуді жүзеге асыратын және магистральдық темір жол желісі қызметтерін көрсететін акциялардың бақылау пакеті Ұлттық темір жол компаниясына тиесілі заңды тұлға;
«44) пайдалану құжаттамасы – инфрақұрылым объектілерін, имараттарды, жылжымалы құрамды, арнайы жылжымалы құрамды, конструкцияны, құрал-жабдықты және теміржол көлігі мүкәммалын пайдалану тәртібін көздейтін құжаттама;
45) поезд - белгіленген сигналдары, вагонсыз локомотивтері, моторлы вагондары мен арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамы бар, бір немесе бірнеше жұмыс істеп тұрған тартқыш көлік құралдары (локомотивтерімен немесе моторлы вагондарымен жылжымалы құрамдары) бар вагондардан құралған әрі түйістірілген, Инфрақұрылымның ұлттық операторы белгілеген маршрут бойынша жүретін вагондар құрамы;»;
«47) станциялық жолдар – станцияның шекарасындағы темір жол жолдары: станцияның шекараларындағы магистральдық жолдарды қоспағанда, сұрыптау, тиеу-түсіру, тартқыш, деполық, жалғастыру, арнайы;»;
мынадай мазмұндағы 47-1) тармақшамен толықтырылсын:
«47-1) техникалық жолдар – вагондар мен локомотивтердің тұрағы (қалдыру), оларды тиеуге дайындау және техникалық қызмет көрсетуге арналған темір жол жолдары;»;
49), 53) және 54) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«49) тасымалдау – жолаушылардың, багаждың, жүк багажының, пошта жөнелтілімдерінің, жүктердің жөнелту орнынан межелі орынға ауысуы;
53) тасымалдау процесі – темір жол көлігімен жолаушылар, жүктер, багаж және жүк багажы тасымалын дайындау, жүзеге асыру және аяқтау кезіндегі орындалатын ұйымдастырушылық және технологиялық өзара байланысты операциялардың жиынтығы;
54) тасымалдау процесінің қатысушысы – тасымалдау бойынша қызметтерді пайдаланушы, тасымалдаушы, Инфрақұрылымның ұлттық операторы, вагондар (контейнерлер) операторы;»;
мынадай мазмұндағы 54-1), 54-2) және 54-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«54-1) диспетчерлік реттеу – нақты уақыт режимінде тасымалдау процесінің операцияларын басқару және мониторинг процесі;
54-2) тасымалдау процесі қатысушысының қауіпсіздігін басқару жүйесі – операцияларды жоспарлауды, әзірлеу мен орындауды, мониторинг пен бақылауды, талдауды қамтитын және тасымалдау процесінің қауіпсіздігіне қатысты бекітілген талаптарды орындауды қамтамасыз етуге және адам өмірі мен денсаулығына залал және (немесе) зиян келтіру тәуекелдерін азайтуға бағытталған өзара байланысты және өзара әрекет етуші ұйымды (кәсіпорынды) басқару құрауыштарының жиынтығы;
54-3) тасымалдау процесінің қауіпсіздігі (бұдан әрі – қауіпсіздік қозғалысы) – қауіпті фактордың іске асуы ықтималдығы мен оның салдарының ауырлық дәрежесінің үйлесуін ескере отырып, адам өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, соның ішінде өсімдік және жануарлар әлеміне зиян келтірумен байланысты тасымалдау процесі операцияларын орындау кезінде жол берілмеу қажет тәуекелдердің жоқ болуы;»;
56) және 59) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«56) темір жол вокзалы - халыққа темір жол көлігімен тасымалдау және класына қарай багажды, жүк-багажды қабылдау-беру жөнінде қызметтер көрсетуге арналған ғимараттарды, имараттарды (жолаушы платформаларын, вокзал өтпелерін және вокзал жанындағы аумақты қоса алғанда) және басқа да мүлік түрлерінің кешені;»;
«59) тасымалдаушы – жүктерді немесе жолаушыларды, багажды, жүк багаждарын және тасымалдаушы құжаттарда көрсетілген тасымалдау бойынша қызметті жүзеге асыратын, сүйрегіш көлік құралдарын қоса алғанда, жылжымалы құрамын, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде иеленетін тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 60-1) және 62-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«60-1) темір жол көлігінің қосалқы қызметі – тасымалдау процесінің қатысушысы болып табылмайтын және инрфрақұрылым, имарат, жылжымалы құрам, арнайы жылжымалы құрам, конструкция, темір жол көлігінің құрал-жабдықтары мен мүкәммалдары объектілерін жобалау, өндіру, техникалық қызмет ету, жөндеу және кәдеге жарату бойынша қызметтер көрсететін жеке немесе заңды тұлға;»;
«62-1) тасымалдау бойынша қызметтерді пайдаланушы – жолаушы, жүк жөнелтуші (жіберуші), жүк қабылдаушы (қабылдаушы), экспедитор;»;
64) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«64) Ұлттық жүк тасымалдаушы – жүктерді тасымалдау бойынша қызмет көрсететін, соның ішінде арнайы және әскери тасымалдауды жүзеге асыратын, акцияларының бақылау пакеті ұлттық темір жол компаниясына тиесілі, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 64-1) тармақшамен толықтырылсын:
«64-1) Ұлттық жолаушылар тасымалдаушы – жолаушыларды, багажды, жүк багаждарын, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін, соның ішінде арнайы және әскери тасымалдауды орындайтын, акцияларының бақылау пакеті Ұлттық темір жол компаниясына тиесілі Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленетін заңды тұлға;»;
65) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«65) Ұлттық темір жол компаниясы – темір жол көлігі саласында қызметті жүзеге асыратын Инфрақұрылымның ұлттық операторы, ұлттық тасымалдаушылар және өзге де аффилиирленген заңды тұлғалар қызметтерін дамытудың жалпы бағыттарын айқындайтын және бағыттарын үйлестіруді қамтамасыз ететін акцияларының бақылау пакеті Ұлттық басқару холдингіне тиесілі Үкімет шешімімен құрылған акционерлік қоғам;»;
мынадай редакциядағы 67) тармақшамен толықтырылсын:
«67) вокзал жанындағы аумақ – темір жол вокзалына кіреберіс және кірме жол, қоғамдық және жеке көліктердің аялдама пункттерімен, тұрақ орындарымен, авто тұрақтармен, абаттандыру элементтерімен қамтылған темір жол вокзалына іргелес аумақ.»;
3) 2-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап. Темір жол көлiгiнің мемлекеттік саясаты және жұмыс
істеу қағидаттары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Темір жол көлігінің жұмыс істеуі мынадай қағидаттардың негізінде жүзеге асырылады:
1) Қазақстан Республикасының бірыңғай әлеуметтік-экономикалық кеңістікті қорғау және нығайту;
2) Қазақстан Республикасының бірыңғай көліктік жүйесінің келісімді жұмыс істеуі;
3) темір жол көлігінің инфрақұрылым тұтастығының сақталуы және толассыз жұмыс істеуі;
4) қауіпсіздікті, тасымалдау процесінің үздіксіз және толассыздығын қамтамасыз ету;
5) көлік рыногының барлық субъектiлерiнiң темір жол көлiгi қызметін ұсынуға және пайдалануға еркін қол жеткізу;
6) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау;
7) тасымалдаулардың барлық қатысушылары үшін бірыңғай құқықтық және экономикалық кепілдік стандартын қолдану.»;
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік саясат тасымалдаудағы халық пен мемлекеттің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасауға бағытталған.
Темір жол көлiгi саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары:»;
мынадай мазмұндағы 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
«12) мемлекет мүддесінің, тасымалдау процесіне қатысушылардың және темір жол көлігі ұйымдарының теңгерімін қамтамасыз ету;
13) темір жолдары бойынша көлік-логистика жүйесін дамыту және жүктердің көлік ағымын арттыру.»;
4) 5-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Магистральдық теміржол желісі – жекешелендіруге жатпайды және кейіннен Ұлттық инфрақұрылымның операторына беру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шартында және тәртібінде ұлттық басқарушы холдингке және Ұлттық темір жол компаниясына беріледі. Мемлекеттік меншіктегі магистральдық, станциялық жолдар және басқа да темір жол желілерінің объектілері кейіннен Ұлттық инфрақұрылымның операторына беру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шартында және тәртібінде ұлттық басқарушы холдингке және Ұлттық темір жол компаниясына беріледі.»;
5) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Магистральдық темір жол желісі
1. Тасымалдаушылар магистралдық темір жол желісі бойынша тасымалдарды Магистральдық темір жол желісін пайдалану қағидасында сәйкес жүзеге асырады.
2. Тасымалдаушы магистралдық темір жол желісі көрсеткен қызметтер үшiн Инфрақұрылымның ұлттық операторына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленген көлемде ақы төлейдi. 3. Магистральдық темір жол желісі қызметтеріне қол жеткізу құқығы Ұлттық инфрақұрылым операторына беріледі.
Инфрақұрылымның ұлттық операторы магистральдық темір жол желісі көрсететiн қызметтерге кемсiтусiз қол жеткізудi қамтамасыз етуге және тасымалдаушыларға магистральдық темір жол желісін пайдалануға бірдей құқық беруге мiндеттi.
Магистральдық темір жол желісі қызметтеріне қол жеткізуді ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық шарттармен белгіленеді.
4. Инфрақұрылымның ұлттық операторы магистральдық темір жол желісін пайдалануды, күтiп ұстауды және жаңғыртуды, салуды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен бағдарлама бойынша жүзеге асырады.
Жаңа магистральдық жолдар салу Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады.»;
6) 6-2-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қала жанындағы – тиесілі аумақтарда бекітілген қала жанындағы аймақтар шегіндегі елді мекендерді қаламен жалғаушы маршруттар бойынша тасымалдаулар.»;
7) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Жылжымалы құрамды тiркеу
Жылжымалы құрам және жылжымалы құрамның кепілдемесі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртiппен мiндеттi мемлекеттік тiркелуге тиiс.
Жылжымалы құрамды және оның кепілдемесін мемлекеттік тіркеу үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген тәртіпте алым алынады.»;
8) 12-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұлттық инфрақұрылым операторы көрсететiн қызметтердің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігі объектілері бар темір жолдар қызметтерінің бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi.»;
9) 14-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 22-2) және 22-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«22-2) Темір жол вокзалдарының класын анықтау әдістемесін бекіту;
22-3) Әлеуметтік маңызы бар қатынастар жөніндегі жолаушыларды тасымалдау қызметі үшін бағаны анықтау әдістемесін бекіту;»;
2-тармақтағы:
10) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 26-1), 34-1) және 34-2) тармақшаларымен толықтырылсын:
«26-1) Қазақстан Республикасындағы темір жол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту;»;
«34-1) темір жол көлігі саласында қызмет көрсететін субъектілердің шикізат және материалдар, қосалқы бөлшектер, құрал-жабдық, жанармай, энергия техникалық шығындарының, техникалық және технологиялық үлгі нормаларын бекіту;
34-2) темір жол вокзалдарының тізімін олардың класына сәйкес бекіту;»;
10) 15-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-1-бап. Ұлттық тасымалдаушылар
1. Ұлттық тасымалдаушылар өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
2. Ұлттық тасымалдаушылар жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, пошта жөнелтілімдерiн және (немесе) жүктердi, соның iшiнде арнайы және әскери жүктердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсетедi.»;
11) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Тасымалдау процесін басқару
1. Инфрақұрылымның ұлттық операторы магистральдық және станциялық жолдарда қозғалыстың диспетчерлік реттеуін қоса алғанда, магистральдық темір жол желісіне қызмет көрсетеді, Магистральдық темір жол желісін пайдалану қағидаларына сәйкес тасымалдаушылармен шарттар жасасады.
2. Инфрақұрылымның ұлттық операторы Техникалық пайдалану қағидасына, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттығы саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сай келмейтiн жылжымалы құрамды магистральдық темір жол желісіне жiбермеуге мiндеттi.
3. Инфрақұрылымның ұлттық операторы концессионермен концессия шартын іске асыру үшін тараптардың өзара қарым-қатынастарын регламенттейтін шартты жасасуға міндетті.»;
12) 17-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Темір жол вокзалында билет кассалары, күту үй-жайлары, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар, соның ішінде мүгедектер және халықтың шағын мобильді топтары үшін арнайы жабдықталған, ана мен бала бөлмесі, ақпараттық қызмет көрсететін объектілер (соның ішінде жолаушыларды бірыңғай-ақпараттық орталықпен байланыстыратын), медициналық пункт, қоғамдық тәртіпті қорғау пункті болуға тиіс.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ақпаратты ұсыну тілді, мәтінді, Брайл әліппесін, тактиль араласуын, ірі қаріпті, қолжетімді мультимедиялық құралдарды пайдалана отырып, мүгедектер үшін де қамтамасыз етіледі.»;
13) 23-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген негiздемелерден басқа уәкiлеттi органның, Инфрақұрылымның ұлттық операторының талап етуi бойынша жұмыс берушi:
1) диспетчерлiк қызметiнiң, Инфрақұрылымның ұлттық операторының тасымалдау процесi мен поездар жүрiсiн басқаруға байланысты нұсқауларын орындамаған;
2) жұмыс уақытының режимiн бұзған жағдайларда темір жол көлiгiнiң қызметкерiн жұмыстан шеттетуге мiндеттi.»;
14) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«31-бап. Инфрақұрылым объектілерін, құрылыстарды, темір жол
көлігі жылжымалы құрамын, арнайы жылжымалы құрамын,
конструкцияларын, жабдықтары мен мүкәммалын жобалау,
өндіру, пайдалану, тасымалдау, сақтау, жөндеу және
кәдеге жарату кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Инфрақұрылым объектілерін, құрылыстарын, темір жол көлігі жылжымалы құрамын, арнайы жылжымалы құрамын, конструкцияларын, жабдықтары мен мүкәммалын жобалау, өндіру, пайдалану, тасымалдау, сақтау, жөндеу және кәдеге жарату адамның өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасының және Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылуы тиіс.
2. Инфрақұрылым объектілерін, темір жол көлігі имараттарын, жылжымалы құрамын, арнайы жылжымалы құрамын, конструкцияларын, жабдықтары мен мүкәммалын жобалау, өндіру, пайдалану, тасымалдау, сақтау, жөндеу және кәдеге жарату процестері Техникалық пайдалану қағидасына, техникалық регламенттерге, пайдалану құжаттарына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
3. Инфрақұрылым объектілерінің, құрылыстарының, темір жол көлігі жылжымалы құрамының, арнайы жылжымалы құрамының, конструкцияларының, жабдықтары мен мүкәммалының жобалау, өндіру, пайдалану, тасымалдау, сақтау және жөндеу процестерінде сақталуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар пайдалану құжаттамасында белгіленеді.
4. Инфрақұрылым объектілерін, темір жол көлігі имараттарын, жылжымалы құрамын, арнайы жылжымалы құрамын, конструкцияларын, жабдықтары мен мүкәммалын жобалау, өндіру, пайдалану, тасымалдау, сақтау, жөндеу және кәдеге жарату кезінде жобалаушылар, дайындаушылар, жеткізушілер, меншік иелері, Ұлттық инфрақұрылым операторы инфрақұрылым объектілерін, темір жол көлігі имараттарын, жылжымалы құрамын, арнайы жылжымалы құрамын, конструкцияларын, жабдықтары мен мүкәммалын олардың қызмет ету циклы процесінде жобалау, өндіру, пайдалану, тасымалдау, сақтау, жөндеу және кәдеге жаратуға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасының және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.»;
15) 32-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тасымалдаушының және Ұлттық инфрақұрылым операторының кірме жолдармен жүру қауiпсiздiгі талаптарының сақталуын, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың багажды, жүктi және жүк-багажды тиеу, түсiру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырған кездегi тексеруге қатысу тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.»;
16) мынадай мазмұндағы 32-1, 32-2 және 32-3-баптармен толықтырылсын:
«32-1-бап. Қатерлі жағдайлар (апаттарды) және оқиғаларды тергеу
1. Темір жол көлігі саласындағы қатерлі жағдайларды (апаттарды) және оқиғаларды уәкілетті орган құратын төтенше жағдайлар органдарының өкілдері, тасымалдаушылар, Ұлттық инфрақұрылым операторлары, тәуелсіз сарапшыларды қамтитын комиссия жүргізеді.
2. Темір жол көлігі саласындағы қатерлі жағдайларды (апаттарды) және оқиғаларды тергеу, комиссияны құру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
32-2-бап. Тасымалдау процесіне қатысушыларға және қосалқы
темір жол көлігі қызметтеріне қауіпсіздік бойынша
қойылатын талаптар
1. Тасымалдау процесіне қатысушыларға және темір жол көлігі қосалқы қызметтеріне қауіпсіздік бойынша қойылатын талаптар темір жол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларымен, техникалық пайдалану қағидаларымен, поездар қозғалысы және маневрлік жұмыстар бойынша нұсқаулықпен, темір жол көлігіндегі сигнал беру жөніндегі нұсқаулықпен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
2. Тасымалдау процесіне қатысушылар (тасымалдау қызметтерін пайдаланушыларды қоспағанда) талаптары Қазақстан Республикасының Үкіметімен айқындалатын қауіпсіздікті басқару жүйесін әзірлеуге және енгізуге міндетті.
Тасымалдау процесіне қатысушының (тасымалдау қызметтерін пайдаланушыларды қоспағанда) қауіпсіздікті басқару жүйесіне аудитті Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган жүргізеді.
3. Жылжымалы құрам осы Заңның, Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидаларының, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес болуы тиіс.
32-3-бап. Қауіпсіздік бойынша талаптарды бұзғаны үшін
жауапкершілік
Тасымалдау процесіне қатысушылар және қосалқы темір жол көлігі қызметтері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес адамның өміріне және денсаулығына, қоршаған ортаға келтірілген зиянға, тасымалдау процессіне қатысушылардың және үшінші тұлғалардың мүлкіне келтірілген зиянға ықпал еткен қауіпсіздік бойынша талаптарды бұзғаны үшін жауапты болады.»;
17) 33-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тасымалдаушы және Ұлттық инфрақұрылым операторы:»;
18) 34-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тасымалдаушы, Ұлттық инфрақұрылым операторы мен тармақ иеленушi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөніндегі шараларды шұғыл түрде қолдануға мiндеттi.»;
19) 35-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер туындаған немесе табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, сондай-ақ төтенше жағдай енгiзiлген және тасымалдауға кедергi келтiретiн өзге де жағдайлар кезінде Ұлттық инфрақұрылым операторы темір жол қатынасының жекелеген бағыттарында тасымалдауға байланысты қызметтер көрсетудi уақытша тоқтату не шектеу туралы шешiм қабылдай алады.
Ұлттық инфрақұрылым операторы мұндай шешiмнiң қолданылу мерзiмiн белгiлеуге, сондай-ақ уәкiлеттi органды, тасымалдаушыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды шұғыл түрде хабардар етуге мiндеттi.»;
20) 56-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кiрме жолдарды пайдалану тасымалдау қағидасына сәйкес тармақ иеленуші әзірлейтін және Ұлттық инфрақұрылым операторы бекiтетiн кiрме жолдардағы қозғалысқа қызмет көрсету және оны ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтың негізінде жүзеге асырылады.»;
21) 57-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кiрме жолдардың магистральдық және стансалық жолдарға жалғастырылуы Ұлттық инфрақұрылым операторының келісуімен жүзеге асырылады.
Ұлттық инфрақұрылым операторы кiрме жолдарды магистральдық және станциялық жолдарға жалғастырудан бас тартқан жағдайда табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган шағымдарды қарайды.»;
22) 58-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұлттық инфрақұрылым операторы кiрме жолдар бойынша қозғалыс, сондай-ақ тиеу (түсiру) жөніндегі қызметтi жүзеге асыру және маневрлiк жұмыс кезiнде қауiпсiздiк талаптарының сақталуын тексеруге құқылы.
2. Мемлекеттік көлiк бақылау органы, Ұлттық инфрақұрылым операторы операторы кiрме жолдарда қозғалыс қауiпсiздiгiне, жылжымалы құрамның, контейнерлердiң, жүктердiң сақталуына қатер төндiретiн ақаулар тапқан жағдайда, анықталған бұзушылықтар туралы акт жасайды.
Тармақ иеленушi аталған актiнiң негiзiнде кiрме жолдар қызметiн көрсетуді тоқтата тұруға мiндеттi.
Тармақ иеленушi анықталған бұзушылықтарды актiде көрсетiлген мерзiмдерде жоймаған жағдайда, Ұлттық инфрақұрылым операторы кiрме жолдарға жылжымалы құрамды берудi және оны алып кетудi тоқтатады.»;
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кiрме жолдардағы жылжымалы құрамды және контейнерлердi беру мен алып кетудi, маневрлiк жұмыстарды тоқтата тұрудың әрбір жағдайы туралы Ұлттық инфрақұрылым операторы немесе тасымалдаушы мемлекеттік көлiк бақылауы органына жазбаша хабарлауға және кiрме жолдағы қауiпсiздiктiң бұзылуы туралы акт жасалған кезден бастап бір тәулiктен кешiктiрмей осы актiнi жiберуге мiндеттi.».
6. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат):
1) 1-бап:
мынадай мазмұндағы 61) тармақшамен толықтырылсын:
«61) шағын көлемді кеме – ұзындығы 20 метрден аспайтын, борттағы шекті адамдар саны 12 адамнан аспайтын, балық аулау, жүкті тасымалдау, тіркеп сүйреу, пайдалы қазбаларды іздеу, барлау, құрылыс және өндіру, жол, гидротехникалық және басқа осыған ұқсас жұмыстар, лоцмандық және мұзжарғыштарды ілестіріп өту, сондай-ақ су объектілерін ластанумен қоқыстанудан сақтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға салынған немесе жабдықталған кемелерден басқа кеме.»;
2) 3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Каспий теңізінде жүзетін шағын көлемді кемелерге қолданылады.»;
3) 4-баптағы:
2-тармақ:
мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«15-1) теңіз көлігі мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) білім беру қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын сертификаттау бойынша уәкілетті ұйымды сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының негізінде анықтау;»;
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«22) кеме құжаттарының тізімін, кеме құжаттарын жүргізу қағидаларын және кеме құжаттарына талаптарды бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 31-1) тармақшамен толықтырылсын:
«31-1) сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктерінің тізбесін және үлгісін бекіту;»;
3-тармақтағы:
5), 8), 10) және 11) тармақшалар алып тасталсын;
15), 16) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«15) Қазақстан Республикасының теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмi мен бербоут-чартер тiзiлiмiн, халықаралық кеме тізілімін және кеме кітабын жүргiзу, кемелердiң, соның ішінде шағын көлемді кемелерді мемлекеттiк тiркеу, тиiстi кеме құжаттарын беру;»;
«16) теңізде жүзу қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылау;»;
«19) теңiз кемелерiнiң қатысуымен болған авариялық жағдайларға тергеу жүргiзу, сыныптау және оларды есепке алу;»;
25) және 35) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 55-1), 55-2), 55-3), 55-4), 55-5), 55-6), 55-7), 55-8), 55-9) және 55-10) тармақшалармен толықтырылсын:
«55-1) теңізде жүзу саласында навигация және байланыс саласында қызметтер көрсетуді ұйымдастыру бойынша уәкілетті ұйымды анықтау;
55-2) дипломдарды, біліктілік куәліктерін, олардың берілгені туралы растамаларын беру, сондай-ақ теңізшінің жеке басын куәландыратын куәліктерді, кеме экипажы мүшелеріне теңiзде жүзу кiтапшасын беру;
55-3) кемеге және жасалып жатқан кемеге меншiк құқықтарын, кеме немесе жасалып жатқан кеме кепiлiн және оларға өзге де құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, тиiстi құжаттар беру;
55-4) кеме құжаттарын, дипломдарын, біліктілік куәліктерін және дипломдар мен біліктілік куәліктеріне растамаларды тексеру;
55-5) кемелердің портқа кіру және порттан шығу тәртібі талаптарының сақталуын бақылау және қадағалау;
55-6) лоцмандық қызметтi және кемелердің қозғалысын басқару жүйесін бақылау және қадағалау;
55-7) теңiзге батқан мүлiктi көтерiп шығаруға рұқсаттар беру;
55-8) порттағы имараттардың және оларды пайдаланудың техникалық жай-күйiне бақылау жасау және қадағалау;
55-9) кемелердің портқа кіруін және порттан шығуын рәсімдеу;
55-10) кемелердi портқа кiрерде және порт айдынының шегiнде мұзжарғыштардың iлестiрiп өтуiне бақылау жасау және қадағалау;»;
4) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Каботаж
Каботажды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кемелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген кемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен уәкілеттi орган берген рұқсат негізінде шет мемлекеттiң туын көтеріп жүзетiн кемелер жүзеге асырады.»;
5) 10-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде немесе Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелуге жататын кеменің атауы болуы тиіс.
Мүлік иесі кеменің атауын қояды және өзгертеді. Кеменің атауын таңдаған кезде:
1) кеменің мемлекеттік тілдегі атауы қазақ әдеби тілінің нормаларына сәйкес болуы;
2) жалпы қабылданған мораль нормалары және әдептілік ескеріледі.
Кемелерге ұқсас атаулар қоюға рұқсат етілмейді.»;
6) 11-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде меншiкке алынған кеме Қазақстан Республикасының консулдық қызметi мұндай құқықты куәландыратын және кеме Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде, Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде немесе кеме кiтабында мемлекеттік тіркелгенге дейiн жарамды болатын, бірақ бір жылдан аспайтын уақыт қолданылатын уақытша куәлiк берген кезден бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығын пайдаланады.»;
7) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Кемені шет мемлекеттің туын көтеріп жүруге уақытша
ауыстыру
Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде, Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде немесе кеме кiтабында тiркелген кеме бербоут-чартер бойынша шетелдiк кеме жалдаушының иеленуiне немесе пайдалануына берiлген кезде мұндай кеме уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде, кейіннен әрбір екі жыл сайын ұзарту құқығымен екi жылдан аспайтын мерзімге, бірақ бербоут-чартердiң қолданылу мерзiмiнен аспайтын мерзiмге тиiстi тiзiлiмге тiркелiп және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығы тоқтатылып, шет мемлекеттің туын көтерiп жүзуге уақытша ауыстырылуы мүмкін.»;
8) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кеменiң сенімгерлiк басқаруға берiлуi Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде, Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде немесе кеме кiтабында мiндеттi түрде мемлекеттік тiркелуі тиiс.»;
9) 14-баптың 1-тармағындағы бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кеменің Қазақстан Республикасының Үкіметі тізбесін, жүргізу тәртібін және талаптарын айқындайтын кеме құжаттары болуға тиіс.»;
10) 16-баптағы:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын;
«4) Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде.»;
2, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кемеге меншiк құқығы және өзге де заттық құқықтар (оған ауыртпалықтар) Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде немесе кеме кітабында мiндеттi түрде мемлекеттік тiркелуге тиiс.
Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген кемеге меншiк құқығы және өзге де заттық құқықтар (осы құқықтар бойынша бербоут-чартер арқылы жалданған кемелерден басқа) осы құқықтарды шектеу (ауыртпалықтар), олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркеуге жатады.
Кеменің Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркеу меншiк құқығы және өзге де заттық құқықтар, осы құқықтарды шектеу (ауыртпалықтар) және аталған тізілімнен мұндай кемені алып тастау пайдасына тиісті шектеу (ауыртпалық) белгіленген тұлғаның жазбаша нысанында келісім беруі арқылы жүзеге асырылады.»;
«4. Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде теңіз, жолаушылар, жүк-жолаушылар кемелері, мұнай құйып тасушы, сүйретiп жүзушi кемелер, қалқымалы бұрғылау құрылғылары, құрғақ жүк тасушы кемелер, қалқымалы крандар және техникалық флот кемелерi (жер снарядтары және басқалар), сондай-ақ шағын өлшемді кемелерге жатпайтын кемелер тiркеледi.
5. Кеме кiтаптарында шағын көлемді кемелер тіркеледі.
Орнатылмаған қозғалтқышты қоса алғанда, жүк көтеру шамасы 100 килограмға дейінгі шағын көлемді кемелер мемлекеттік тіркелуге жатпайды.»;
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде жүктерді, жолаушыларды және олардың қолжүктерін халықаралық тасымалдары, сүйретіп жүзу үшін пайдаланылатын кемелер, соның ішінде бербоут-чартер бойынша пайдалануға берілген кемелер тіркеледі.
Егер кемелер шет мемлекеттердің кеме тізілімінде тіркелген болса Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркеуге жатпайды және оларды Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркеу туралы өтініш берген уақытта жасы жиырма жылдан асатын жағдайда.»;
11) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Кеме тiзіліміне енгiзiлетiн мәлiметтердi өзгерту
Кемелер тiзiлiмiне енгiзiлуге тиiстi мәлiметтердiң кез келген өзгерiсi туралы кеменің меншiк иесi немесе оны бербоут-чартер бойынша кеменi жалдаушы уәкілетті органға екi апта iшiнде хабарлауға мiндеттi.»;
12) мынадай мазмұндағы 18-3, 18-4 және 18-5-баптармен толықтырылсын:
«18-3-бап. Кемені бербоут-чартер тізілімінен шығару
Бербоут-чартер тізілімінен:
1) опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен;
2) конструкциялық жағынан күйреген;
3) қайта жасау немесе кез келген басқа да өзгерiстер салдарынан кеме сапасын жоғалтқан;
4) осы Заңның 11-бабының 5-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмей қалған;
5) Кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидасына сәйкес Қазақстан Республикасы туын көтерiп жүзiп жүруге уақытша құқық беру туралы шешімнің уәкілетті органмен жоққа шығарылған кеме шығарылуға жатады.
18-4-бап. Кемені Қазақстан Республикасының халықаралық кеме
тізілімінен шығару
Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінен:
1) опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен;
2) конструкциялық жағынан күйреген;
3) қайта жасау немесе кез келген басқа да өзгерiстер салдарынан кеме сапасын жоғалтқан;
4) осы Заңның 11-бабының 3-1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмей қалған;
5) Кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидасына сәйкес Қазақстан Республикасы туын көтерiп жүзiп жүруге уақытша құқық беру туралы шешімнің уәкілетті органмен жоққа шығарылған;
6) Қазақстан Республикасы аумақтық сулар шегінде қызметін жүзеге асырған айғақ анықталған жағдайда кеме шығарылады.
18-5-бап. Хабарсыз жоғалып кеткен кеме
Қалыпты жағдайда кеме туралы соңғы хабарлама түскен, шыққан орыннан белгілі портқа дейін баратын қажетті мерзімнен екі есе асып кеткен мерзім ішінде ешбір хабар түспеген болса кеме хабарсыз жоғалып кеткен болып саналады. Хабарсыз жоғалып кеткен кеме деп тану үшін қажет мерзім кеме туралы соңғы хабар алған күннен бастап, бір айдан кем болмауы керек, әскери іс-әрекет жағдайларында алты айдан кем болмауы керек.»;
13) 20-бап алып тасталсын;
14) 28-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кеме иесi өзiнiң кемелерi ұшыраған авариялық жағдай туралы хабар алған уақыттан бастап жиырма төрт сағаттың ішінде авариялық жағдай туралы уәклеттік органға хабарлауға, сондай-ақ өзiнiң кемелерi ұшыраған авариялық жағдайларын тергеу кезiнде жәрдемдесуге мiндеттi.»;
15) мынадай мазмұндағы 28-1-бабымен толықтырылсын:
«28-1-бап. Теңіз көлігі мамандарын дайындау
1. Теңіз көлігі мамандарын даярлау (қайта даярлау) білім беру ұйымдарында осы Заңның 4-бабы 2-тармағының 15-1) тармақшасына сәйкес белгіленген сертификатталған уәкілетті ұйымдарда жүзеге асырылуы тиіс.
2. Білім беру ұйымдары теңіз көлігі мамандарын даярлау және қайта даярлау кезінде жүзу практикаларын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.»;
16) 31-баптың 1-тармағының 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«16) кеме иесiне авариялық жағдай туралы хабарлауға және Кемелер ұшыраған авариялық жағдайларды тергеу қағидасына сәйкес кеме не оның экипажы бірiншi қазақстандық портқа келгеннен кейiн:
бір тәулiк iшiнде уәкілетті органға авариялық жағдай туралы мәлімдеме мен техникалық акт;
үш тәулік ішінде уәкілетті органға авариялық жағдай туралы егжей-тегжейлi хабарламаны, кеме құжаттарынан үзiндi-көшiрмелердi, қатысы бар адамдар мен куәлердiң түсiнiктемелерiн беруге мiндеттi.»;
17) 33-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Теңіз портының иесі тиісті мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын (көліктік, кеден, шекара, санитарлы-карантиндік, фитосанитарлық және басқа да) жүзеге асыруы үшін теңіз портына келетін кемелерге қол жетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.»;
18) 39 және 40-баптар алып тасталсын;
19) 41-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«41-бап. Кемелерге бақылау және қадағалау жасау
1. Теңiзге шығатын кемелерге бақылау және қадағалау жасауды жүзеге асыру кезiнде уәкілетті орган:
1) кеме құжаттарының болуын және олардың қолданылу мерзімдерін;
2) кеменiң негiзгi сипаттамасының кеме құжаттарына сәйкестiгiн;
3) кеме экипажын жинақтауға қойылатын талаптардың сақталуын тексередi.
2. Кеме құжаттары болмаған немесе кеменiң теңiзде жүзу қауiпсiздiгi талаптарын қанағаттандырмайтынына жеткiлiктi негiздер болған жағдайда уәкілетті орган кеменi тексерiп қарай алады.
3. Кеменiң теңiз портынан шығуына рұқсат беруге кедергi жасайтын кемшiлiктердің жойылғанын тексеру мақсатында уәкілетті орган кеменi бақылап тексеруді жүргізуі мүмкiн.
4. Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
1) порттағы кемелерге, жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылатын актілер шығаруға, соның ішінде акваториядағы және порт каналының астыңғы рұқсат етілген өте аталатын шегін жариялауға;
2) порттың акваториясы шегінде апатқа ұшыраған адамдар мен кемелерді құтқаруға қатысуға порттағы кемелерді тартуға;
3) кемелерді міндетті лоцмандық алып өтуді белгілеуге;
4) кемені тексеруге;
5) теңіз портынан кемені шығаруға рұқсат беруге кедергі болатын олқылықтарды тексеру мақсатында кемені бақылау тексеруін жүргізуге;
6) осы Заңда көзделген жағдайларда кеменің портқа кіруі және шығуы туралы шешімді қабылдауға құқылы.
5. Уәкілетті орган:
1) теңізге шығатын кемелерді бақылау және қадағалауды жүзеге асыруға;
2) кеменің теңіз портынан шығуына рұқсат беруге, осы Заңда белгіленген жағдайларда кеменің теңіз портынан шығуына рұқсат беруден бас тартуға;
3) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша хаттамалар толтыруға, іс жүргізуді жүзеге асыруға;
4) бұқаралық ақпарат құралдарында батқан мүлікті көтеруге белгіленген мерзімдер туралы ақпаратты жариялауға.»;
20) 42-баптағы:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әрбір кеме теңiз портынан шығуға дейiн бұған уәкілетті органнан рұқсат алуға мiндеттi.»;
2-тармақтағы:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкілетті орган кеменiң теңiз портынан шығуына мына жағдайларда:»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тиiстi мемлекеттік органдардың (кедендiк, шекаралық, санитариялық-карантиндiк, фитосанитариялық және өзге де органдар) нұсқамаларының болуы;»;
21) 43-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкілетті орган құтқару операцияларын жүзеге асыруға, кемелердiң соқтығысуына, порт имараттарының, су бассейндерiнiң, кеме жүзетiн жолдар мен навигациялық жағдай құралдарының зақымдануына байланысты немесе өзге де зиян келтiрiлуiне байланысты туындаған талабы бар тұлғаның өтiнiшi бойынша кеменi кеме иесiнің, жүк иесiнiң мiндеттемелерi қамтамасыз етілгенге дейiн кiдіртіп қоюы мүмкiн.»;
22) 45-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Акваториялары шектес теңiз порттарындағы кемелердi лоцмандық алып өту тәртібін уәкілетті орган белгiлейдi.»; 23) 47-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кемелердi лоцмандық алып өту мiндеттi емес болып табылатын аудандарда уәкілетті орган:
1) кеме немесе ол тасымалдап келе жатқан жүк теңiз ортасына зиян келтiруi мүмкiн болған;
2) кеменiң корпусында, механизмдерiнде немесе жабдықтарында порттағы теңiзде жүзу қауiпсiздiгiне едәуiр ықпал жасауы мүмкiн елеулi ақаулары болған жағдайларда кемелердi мiндеттi лоцмандық алып өтудi белгілеуге құқылы. Бұл жағдайда кеме капитанына уәкілетті орган оның кемесi мiндеттi лоцмандық алып өтуге ерiп отыруға тиiс екендiгi туралы хабарлайды.»;
24) 50-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«50-бап. Суға батқан мүлiктi оның меншiк иесiнің шығарып алуы
1. Суға батқан мүлiктiң меншiк иесi мүлiк суға батқан күннен бастап бір жыл iшінде өзiнiң сол мүлiктi шығарып алу ниетi бар екенiн уәкілетті органға хабарлауға тиiс.
2. Уәкілетті орган суға батқан мүлiктің меншiк иесiнің өтiнiшiн алған күннен бастап үш ай iшiнде суға батқан мүлiктi шығарып алудың тәртібі мен мерзiмiн белгiлейдi. Суға батқан мүлiктің меншiк иесiнiң рұқсат алған кезден бастап бір жыл iшiнде оны шығарып алуды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Егер суға батқан мүлiк теңiзде жүзу қауiпсiздiгiне немесе теңiздi ластау арқылы залал келтiру қатерiн төндiрсе, не судағы биологиялық ресурстар кәсіпшiлiгiн жүзеге асыруға, порт қызметiне және порттағы жұмыстарға кедергi келтiрсе, суға батқан мүлiктің меншiк иесi суға батқан мүлiктi уәкілетті органның талабы бойынша және ол белгiлеген ақылға қонымды мерзiмде шығарып алуға, ал қажет болған жағдайда оны аластауға немесе жоюға мiндеттi.
4. Суға батқан мүлiк иесi белгiсiз болған жағдайда уәкілетті орган суға батқан мүлiктi шығарып алу үшiн белгiленген мерзiмдер туралы бұқаралық ақпарат құралдарында мәлiмет жариялайды. Егер бұл орайда суға батқан кеменiң туы белгiлi болса, уәкілетті орган кеме тиесiлi мемлекеттiң дипломатиялық немесе консулдық тұлғасына тиiстi хабар жiбередi.
5. Суға батқан мүлiктiң меншiк иесi мәлiмдеме жасамаған немесе мүлiктi осы бапта белгiленген ережелерге сәйкес шығарып алмаған жағдайларда мұндай мүлiктi құрайтын заттар иесiз деп танылады.»;
25) 51-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«51-бап. Уәкілетті органның суға батқан мүлiктi шығарып алуы, аластауы немесе жоюы»;
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкілетті органның, егер:»;
26) 52-баптағы:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«52-бап. Келтiрiлген шығындарды уәкілетті органның толық өтеттiру құқығы»;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Суға батқан мүлiктi шығарып алу, аластау немесе жою осы Заңның 51-бабының 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылған жағдайда, шығарып алынған кезден бастап бір жыл өткеннен кейiн уәкілетті органның:»;
27) 53-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының аумақтық суларында немесе ашық теңiзде сауда мақсатында теңiзде жүзуге байланысты операцияларды жүзеге асыру кезiнде суға батып, кездейсоқ шығарып алынған мүлiк Қазақстан Республикасының ең жақын теңiз портына өткiзiлуге тиiс. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында осындай мүлiкке қатысты көзделген шараларды қолдануға мiндеттi.»;
28) 69-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«69-бап. Тасымалдау үшiн жүк қабылдауды уақытша тоқтату немесе шектеу
1. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде уәкілетті органның шешімімен жүктi қабылдау уақытша тоқтатылуы немесе шектетілуi мүмкiн, ол тиiстi мемлекеттік органдардың келісімi бойынша тасымалдауға жүк қабылдауды уақытша тоқтатудың немесе шектеудiң қолданылу мерзiмiн белгiлейдi.
2. Уәкілетті орган жүктi жөнелтушiлерге жүктi тiкелей аралас немесе тiкелей теңiз қатынастарында тасымалдау және көлiктiң басқа түрлерiн ұйымдастыру кезiнде тасымалдау үшiн жүк қабылдауды уақытша тоқтату немесе шектеу туралы дереу хабарлайды.»;
29) 217-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң тiркелген ипотекасымен қамтамасыз етiлген талаптар қанағаттандырылмаған не барлық кепiл ұстаушылардың жазбаша келісімi болмаған жағдайда тіркеу органның, осы Заңның 219 және 220-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеменi Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан шығарып тастауға не жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттік тiркеу туралы жасалып жатқан кемелердiң тiзiлiмiнен алынған жазбаға өзгерiс енгізуге құқығы жоқ.»;
30) 220-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Суға батқан кеменi мәжбүрлi сату жағдайында, теңiзде жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету немесе теңiз ортасын ластанудан қорғау мақсатында, оның судан шығарылуын уәкілетті орган жүзеге асырады, суға батқан кеменi судан шығаруға жұмсалған шығыстар, кемеге теңiздегi кепiлмен қамтамасыз етiлген кез келген талаптар қанағаттандырылғанға дейiн, оның сатылуынан алынған сома есебiнен төленедi.».
7. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат):
1) 1-бапта:
5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) автомобиль көлігі инфрақұрылымы - тасымалдардың үздіксіз процесін, сондай-ақ автокөлік құралдарының қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ететін құрылыстар кешені (автовокзалдар, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері, жүк терминалдары, автокөлік құралдарына техникалық қызмет ету және оларды жөндеу станциялары (шеберханалары), автокөлік құралдары сақталатын құрылыстар);
6) автомобиль көлігі құралы (бұдан әрі - автокөлік құралы) автобустар, шағын автобустар, жеңіл және жүк автомобильдері, троллейбустар, автомобиль тіркемелері, ершікті тартқыштарға жартылай тіркемелер, сондай-ақ арнайы бейімделген автомобильдер (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған) және арнаулы автомобильдер (әртүрлі, көбінесе көлікке арналмаған жұмыстарды орындайтын) кіретін автомобиль көлігі жылжымалы құрамының бірлігі;»;
мынадай мазмұндағы 30) және 31) тармақшалармен толықтырылсын:
«30) жолаушыларға қызмет көрсету пункті – жол құжаттарын (билеттерді) және багаж түбіртектерін сатуға арналған кассалық пунктімен, автокөлік құралдарының қауіпсіз аялдама жасауы, жолаушыларды отырғызу, түсіру үшін арналған алаңмен және жолаушыларды түрлі табиғи жағдайлардан қорғау үшін имаратпен жабдықталған, автовокзал немесе автостанциялары жоқ елді мекендерде жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған объект;
31) арнайы автоматтандырылған өлшеу құралы – метрологиялық тексеруден өткен, фото-, бейнетүсірілімді жүзеге асыратын, автоматты режимде жұмыс істейтін, автокөлік құралдарының түрін, маркасын, мемлекеттік тіркеу белгісін, салмағы және/немесе көлемі тұрғысынан өлшемдері мен қозғалыс жылдамдығын тіркейтін сертификатталған арнайы бақылау - өлшеу техникалық жабдығы.»;
2) 7-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Таксимен тасымалдауды жүзеге асыруға кемiнде төрт есiгi бар, сериялы шығарылатын жеңiл автомобильдердi пайдалануға жол берiледi.
Арнаулы, соның iшiнде толығынан қолмен басқарылатын, рулi оң жақтан басқарылатын, сондай-ақ саны төрттен кем жанама есiгi бар автокөлiк құралдарын такси тасымалдары үшiн пайдалануға тыйым салынады.»;
3) 13-бапта:
мынадай мазмұндағы 6-1), 13-1) және 17-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) такси тасымалдаушыларының тізілімін жүргізеді;»;
«13-1) Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидасын бекітеді;»;
«17-1) ұлттық стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмысты жүргізеді;»;
4) 14-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) автовокзалдар, автостанциялар мен жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің тiзiлiмiн жүргiзедi;»;
5) 19-4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп-тұруын көліктік бақылау Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарында, сондай-ақ арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдары арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуі кезінде жүзеге асырылады.»;
6) 19-5-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша ірі көлемді және ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүруіне арнайы рұқсаттың болуын;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының жүріп-тұруын көліктік бақылау көлік құралдарының нақты салмақ және көлем өлшемдерін тексеру және олардың Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген рұқсат етілген өлшемдерден асып түсу шамасын айқындау жолымен мыналарды:
1) өлшеу құралы мен көлем рамкаларын;
2) стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығын немесе көшпелі ұтқыр таразыны;
3) арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын қолдана отырып жүргізіледі.»;
7) 19-6-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Автомобиль көлігіндегі шаруашылық субъектілерін тексеруді жүргізу кезінде уәкілетті органның лауазымды адамдары құрылтай құжаттарымен және мына:»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) белгіленген маршруттар бойынша тұрақты жолаушы тасымалын жүзеге асыру үшін қажет (куәліктермен, қозғалыс кестелерімен, маршруттар сызбаларымен, автовокзалдармен, автостанциялармен және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерімен жасасқан шарттармен, паспорттармен, келісім-шарттармен);»;
мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) тахографтарды орнату және оларды күтіп ұстау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті;
6) тасымалдаушының тиеу-түсіру жұмыстарын жүзеге асыруға арналған құжаттармен танысады.»;
3-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жолаушыларды және багажды тасымалдауды немесе автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері қызметтерін жүзеге асыру кезінде Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасы талаптарының орындалуын;»; мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) тасымалдаушылардың, автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің ұлттық стандарттарға сәйкестігін;»;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасы талаптарының орындалуын;»;
мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) Автомобиль көлігімен жүктерді тиеу және түсіру пункттеріне қатысты тасымалдау қағидалары талаптарының орындалуын тексереді.»;
8) 19-7-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттеріндегі бақылау функцияларын, осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2), 8), 9), 11), 14), 15), 20), 21) тармақшаларында көзделгендерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады.»;
9) 19-11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-11-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша отандық
және шетелдік ірі көлемді және (немесе) ауыр
салмақты автокөлік құралдарының жүріп-тұруына
арналған арнайы рұқсаттарды беру тәртібi
1. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша отандық және шетелдік ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп-тұруына рұқсат беру құжатының - ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді автокөлік құралдарының жүріп-тұруына берілген арнайы рұқсаттың (бұдан әрі - арнайы рұқсат) негізінде жүзеге асырылады.
2. Арнайы рұқсатты уәкілетті орган немесе кеден органы жүру маршрутын белгілегеннен кейін және Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп-тұруы үшін алым сомасы төленгеннен кейін береді.
3. Егер жүгі бар немесе жүксіз автокөлік құралы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген өлшемдерінен көлемі, салмағы және (немесе) осьтік жүктемесі бойынша артық болса, тасымалдау арнайы рұқсат негізінде жүзеге асырылады.»;
10) 19-12-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) троллейбустер;»;
11) 20-баптың 1-тармағының 1) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасында көзделген тәртiппен кез келген автобуспен, троллейбуспен және таксимен жол жүруге;»;
«9) егер ол тасымалдаушыны автобус жөнелтiлгенге дейiн үш сағаттан кешiктiрмей хабардар етсе және тасымалдаушы, автовокзал, автостанция немесе жолаушыларға қызмет көрсету пункті жолаушының жол жүру құжатын (билетiн) сатып алу фактiсiн растаса, жоғалған жол жүру құжатын (билетiн) қалпына келтiруге;»;
12) 21-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жолаушылар мен багажды тұрақты қалааралық, облысаралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), ауданішілік және халықаралық тасымалдау тасымалдаушылардың және автовокзалдар, автостанциялар немесе жолаушыларға қызмет көрсету пункттері әкiмшiлiктерінің арасында жасалатын шарттар негiзiнде тек қана автовокзалдардан, автостанциялардан немесе жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінен жүзеге асырылады.
Автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің осы қызмет түрiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен рұқсат берілген жолаушылар мен багажды тасымалдаушылармен шарт жасасудан бас тартуға құқығы жоқ.»;
мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері жол жүру құжаттарын (билеттерін) алдын ала және (немесе) электронды сатуды қамтамасыз етеді.
4-2. Жеке және заңды тұлғалар жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуды, соның ішінде жол жүру құжаттарын (билеттерін) алдын ала және (немесе) электронды сатуды жүзеге асыруға құқылы.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылар автобустарды, троллейбустерді, шағын автобустарды рейс алдында (ауысым алдында) техникалық тексерудi және ақауы болған жағдайда оларды уақтылы ауыстыруды қамтамасыз етуге мiндеттi.»;
13) мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын:
«21-1-бап. Автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға
қызмет көрсету пункттерінің қызметін ұйымдастыру
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметін мыналардың:
1) нормативтік құқықтық актілер және ұлттық стандарттармен белгіленген талаптарына сәйкестігі жағдайында автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің тізіліміне енгізу;
2) мемлекеттік-жеке әріптестік тетігін қолдану;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де тетіктерді пайдалану жолымен ұйымдастырады.
2. Автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметтері осы Заңның, Жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасының, ұлттық стандарттардың және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес болуы тиіс.»;
14) 22-бапта:
2-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде - автовокзалдар, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің кассалары немесе автобустардың, троллейбустардың, шағын автобустардың жүргiзушiлерi (кондукторлары) арқылы жол құжаттарын (билеттер) және багаж түбіртектерiн сатуды қамтамасыз етуге;»;
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) ұлттық стандарттарды сақтауға міндетті.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) ұлттық стандарттарды сақтауға міндетті.»;
15) 23-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) маршрутта пайдаланылатын автобустардың, троллейбустардың, шағын автобустардың қозғалыс кестесi, типi (класы) және саны;»;
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) автобустардың, троллейбустардың, шағын автобустардың белгiленген қозғалыс кестесiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi.»;
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тасымал үшiн автобустардың, троллейбустардың, шағын автобустардың шартта көзделген санын және типiн (класын) пайдалануға;»;
16) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«26-бап. Жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдауды
ұйымдастыру
1. Дара кәсiпкерлер немесе заңды тұлғалар жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастау алдында «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Респбликасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметтің басталғаны туралы хабарламаны уәкiлеттi органға жіберуге міндетті.
2. Дара кәсiпкер немесе заңды тұлға (бұдан әрi - таксимен тасымалдаушы) жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру кезінде:
1) Автомобиль көлiгiмен жолаушыларды және багажды тасымалдау қағидасына сәйкес жолаушыларды және багажды тасымалдау үшiн бірыңғай түсті гаммасы және айырым белгiлерi бар таксилердi пайдалануға;
2) әрбiр автокөлiк құралы үшiн таксометрдің немесе бақылау-кассалық аппаратының болуын қамтамасыз етуге;
3) автокөлiк құралдарының рейс алдында техникалық байқаудан және такси жүргiзушiлерінің рейс алдында (ауысым алдында) медициналық тексеруден өтуін қамтамасыз етуге;
4) диспетчерлік қызметтің немесе диспетчерлiк қызмет көрсету шартының болуын қамтамасыз етуге;
5) таксидің ақауы болған жағдайда, оны уақтылы ауыстыруды қамтамасыз етуге;
6) такси салонында такси қызметінің құны (бағасы) туралы ақпаратты орналастыруға;
7) отыз немесе одан да көп такси болған кезде, әрбір отыз таксиге шаққанда арнайы жылжу құралын пайдаланатын мүгедектерді тасымалдау үшін бейімделген кем дегенде бір такси болуын қамтамасыз етуге міндетті.
Таксимен тасымалдаушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мiндеттерді атқарады.
3. Жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдаушының мынадай:
1) таксилердiң тұрағы, жолаушыларды отырғызу мен түсiру үшiн таксилердiң арнайы жабдықталған тұрақтарын пайдалануға;
2) жол жүрісі қағидаларының талаптарын сақтай отырып, жол желiсiнiң кез келген учаскелерiнде жолаушыларды отырғызуға және түсiруге;
3) жергілікті атқарушы органдарға арнайы жабдықталған такси тұрақтарын ұйымдастыру жөнінде ұсынымдар ұсынуға құқығы бар.
Таксимен тасымалдаушының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтары бap.
4. Диспетчерлік қызмет такси тасымалдаушыларының тізіліміне енгізілген такси тасымалдаушыларымен диспетчерлік қызмет көрсету жөніндегі шарт жасасады.
5. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары уәкілетті органмен келісілген жоспарларға және кестелерге сәйкес әуежайларда, вокзалдарда, сауда үйлерінде және нарықтарда, мәдени-демалыс объектілерінде (театрлар, цирктер, кинотеатрлар, мәдениет және демалыс парктері), сондай-ақ алаңдарда, даңғылдарда, көшелерде, кварталдарда, тұйықтарда такси тұрақтарын ұйымдастыруды және олардың жабдықталуын қамтамасыз етеді.
6. Таксимен жолаушыларды және багажды тасымалдау қызметі осы Заңның, Жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасының, ұлттық стандарттардың және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес болуы тиіс.»;
17) 27-баптың 1-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) автобусқа, троллейбусқа, таксиге кезексiз отыру құқығы;»;
2) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) автобустың, троллейбустың алдыңғы бөлiгiнен арнайы орын алу.»;
18) мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:
«27-1-бап. Мүгедектерге арналған автомобиль көлігі саласындағы
қызметтерге қолжетімділік
Автомобиль көлігі саласындағы қызметтерге мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін мыналар көзделеді:
вокзал маңындағы аумақтардағы автотұрақтарда мүгедектердің автокөлік құралдарын тұраққа қою үшін арнайы жол белгілері орнатылған орындардың бөлінуі;
мүгедектерге аралған кресло-коляскаларда адамдардың қозғалуы үшін ғимараттарды, ғимаратқа кіреберістерді, сатыларды, автовокзал ғимаратының ішіндегі қозғалыс жолдарын, автостанцияларды және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін бейімдеу;
Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есту және көру жөніндегі мүгедектерге арналған қолжетімді ақпараттық сигналдық құрылғылар және байланыс құралдарымен жабдықтау;
тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедектерге және халықтың шағын мобильді топтарына қызмет көрсетуге арналған кезекші мүгедектік кресло-колясканың болуы;
күту залдарында мүгедектерге арналған арнайы орындарды бөлу, олар мүгедектерге аралған кресло-коляскаларда қозғалатын адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып, жабдықталуы тиіс;
қоғамдық дәретханаларды мүгедектік кресло-коляскаларда қозғалатын адамдарға арналған кабиналармен жабдықтау;
мүгедектерге қызмет көрсету үшін мамандандырылған билет кассаларын жабдықтау.»;
19) 29-бапта:
2) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру, жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының ашылу және жабылу тәртібі, тасымалдардың көрсетілген түрлерiн орындау үшiн пайдаланылатын автобустардың, троллейбустардың, шағын автобустардың санитарлық жай-күйiне, сыртқы безендiрiлуiне және жабдықталуына қойылатын талаптар;»;
«5) автовокзалдарға, автостанцияларға, жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ олардың жұмыс iстеу тәртібі;»;
мынадай мазмұндағы 13), 14), 15), 16), 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:
«13) жол жүру құжаттарын (билеттерін) алдын ала және электронды сатуды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі;
14) автовокзалдардың, автостанциялардың, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметтеріне қойылатын талаптар;
15) диспетчерлік такси қызметіне қойылатын талаптар;
16) тасымалдаушылар (таксиді қоса алғанда) қызметіне қойылатын талаптар;
17) жергілікті атқарушы органдарға арнайы жабдықталған такси тұрақтарын ұйымдастыру жөнінде ұсынымдар ұсыну тәртібі;
18) такси тұрақтарын ұйымдастыру және жабдықтау жоспары мен сызбасын құрастыру және келісу тәртібі айқындалады.»;
20) 32-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Жүктерді автомобильмен тасымалдау қызметі осы Заңның, Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасының және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес болуы тиіс.»;
21) 38-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«38-бап. Iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi автомобильмен
тасымалдау
1. Автокөлiк құралының көлемiн және салмағын ескере отырып, автомобиль жолдарымен жүру үшiн автокөлiк құралдарына Қазақстан Республикасының аумағында белгiленген рұқсат етiлген көлем және салмақ өлшемдерiнен асатын жүктер iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктер деп танылады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi автомобильмен тасымалдауға арнайы рұқсат болған кезде жол беріледі.
3. Ірi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
22) 42-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес, соның ішінде Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану қағидасымен белгіленген тәртіппен, шетел рұқсат бланкілерін автоматты үлестіру жүйесін қолдана отырып, уәкiлеттi орган шет мемлекеттiң тасымалдаушыларына Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жол жүруге рұқсаттарды және Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттiң аумағы бойынша жол жүруге рұқсаттарды бередi.»;
23) 44-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«44-бап. Шет мемлекет аумағында тiркелген автокөлiк құралдарын
пайдаланып, жолаушыларды, багажды, жүктердi
автомобильмен тасымалдау
Шет мемлекет аумағында тiркелген автокөлiк құралдарымен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында жолаушыларды, багажды, жүктi тасымалдау жөніндегі кәсiпкерлiк қызметке тыйым салынады.».
8. «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат):
1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заң кеме қатынасын, жолаушыларды, багажды және жүк тасымалдауды жүзеге асыру, шағын өлшемді кемелерді, оның ішінде ішкі су жолдарына және теңіз суларына жатпайтын су қоймаларында пайдалану кезінде ішкі су көлiгi саласында мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ олардың құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн айқындайды.»;
2) 1-бапта:
6-1), 14), 15) және 45) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1) жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмi - осы Заңның 24-бабының 11-тармағында және 26-бабының 5-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін шетелдік кемелер тіркелетін құжат;»;
«14) кеме кiтабы – шағын өлшемді кемелер және оларға құқықтар тiркелетiн құжат;
15) кеме қатынасы – шағын көлемді кемелерді пайдалана отырып атқарылатын қызметті қоспағанда, жүктерді, жолаушылар мен олардың багаждарын, почта жөнелтілімдерін тасымалдау, тіркеп сүйреу, пайдалы қазбаларды іздеу, барлау және өндіру, балық аулау және өзге де кәсіпшілік, құрылыс, жол, гидротехникалық, су асты-техникалық және басқа да осыған ұқсас жұмыстар, лоцмандық алып өту, құтқару операциялары, су объектілерін қорғау, оларды ластану мен қоқыстанудан сақтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, суға батқан мүлікті көтеру, санитарлық және басқа да бақылау және қадағалау, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін кемелерді пайдалануға байланысты қызмет;»;
«45) шағын көлемді кеме – ұзындығы 20 метрден аспайтын, борттағы шекті адамдар саны 12 адамнан аспайтын, балық аулау, жүкті тасымалдау, тіркеп сүйреу, пайдалы қазбаларды іздеу, барлау және өндіру, құрылыс, жол, гидротехникалық және басқа да осыған ұқсас жұмыстар, лоцмандық және мұз жарғыштық алып өту, сондай-ақ су объектілерін ластану мен қоқыстанудан сақтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін салынған немесе жабдықталған кемелерден басқа кеме.»;
3) 3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заң:
1) кемелерде;
2) iшкi су жолдарында орналасқан гидротехникалық құрылыстарда;
3) iшкi су жолдарында орналасқан порттарда;
4) iшкi су жолдарына және iшкi теңіз суларына жатпайтын ішкі су жолдарында және қоймаларында пайдаланылатын шағын көлемді кемелерде қызметті жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.»;
4) 8-бап мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:
«28-1) Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерін) техникалық пайдалану, тексеру және жөндеу қағидасын бекіту;»;
5) 9-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 26-1) және 26-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«26-1) кеме экипажы командалық құрамының адамдары үшін дипломның үлгісін бекіту;
26-2) Ішкі су жолдарында кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол жұмыстарын жоспарлау және жүргізу қағидасын бекіту;»;
2-тармақта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кемелердiң, салдардың және iшкi су жолдарында орналасқан өзге де жүзбелi объектiлер мен құрылыстардың олардың қауiпсiз пайдаланылуын қамтамасыз ету талаптарына сай болуын қарап-тексерудi жүргiзу;
2) кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді, оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу, тиісті кеме құжаттарын беру, Мемлекеттік кеме тізілімін, кеме кітабын және жалға алынған шетел кемелерінің тізілімін жүргізу;»;
6) 17-бапта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Iшкi су көлiгiн, оның iшiнде шағын көлемді флотты пайдалану қауiпсiздiгін бақылауды және қадағалауды аумақтық бөлiмшелерi:»;
9) тармақшада:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«3,5х4,5 сантиметр өлшеміндегі екі фотосурет табыс еткен адамдар жіберіледі.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Диплом беруді жүргізу туралы өтінішті аумақтық бөлімше күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.»;
7) 17-1-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«17-1-бап. Аумақтық бөлімшелердің кемелерді қарап шығуды
жүргізуi»;
2-тармақта:
4) тармақшада:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«магниттік компас девиациясының кестесі (кеме жүргізу компас көмегімен жүзеге асырылатын ішкі су жолдарында);»;
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
радиолокациялық станцияның көлеңкелі секторларының сызбасы (радиолокациялық станциясы бар кемеде);»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының, кеме атауының (нөмірінің) және борттардағы тіркеу нөмірлерінің, корпустағы жүк маркасының болуы мен жай-күйі;»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) жарықтық және дыбыстық белгі берудің болуы мен іс-әрекеті;»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) экипаждың штаттық кестеге және кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сәйкес жасақталуы;»;
мынадай редакциядағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Өздiгiнен жүзбейтiн (өздігінен қозғалуына арналған механикалық қондырғылары жоқ) кемелердi қарап шығу кезiнде мыналар:
1) осы Заңның 23-бабында көрсетiлген кеме құжаттары (болуы, қолданылу мерзiмi, оларды жүргiзу тәртiбi);
2) кеме атауының (нөмiрiнiң) және борттардағы тiркеу нөмiрлерiнiң, корпустағы жүк маркасының болуы;
3) кеменiң (құрамның) жүзу ауданының разряды мен жағдайына, құрамдарды қалыптастырудың және жолдар габариттерiнiң үлгiлiк сызбаларына сәйкестiгi;
4) жолаушылар сыйымдылығы және жүк көтергiштiгі, борттың су бетiндегi биiктiгi (жүк маркасы бойынша) нормаларының сақталуы;
5) Кеме қатынасы тіркелімі қағидасына сәйкестiгi;
6) ағымдағы навигацияда аумақтық бөлiмшелер қызметкерлерi ұйғарымдарының орындалуы тексерілуге жатады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қарап шығу нәтижелерi бойынша аумақтық бөлiмшенiң қызметкерi кеменiң атауын (нөмірін) және тіркеу нөмiрiн, кеме иесiн, қарау күнін көрсете отырып акт жасайды. Егер ішкі су көлігі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық айқындалса, уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң қызметкерi анықталған бұзушылықтардың тiзбесiн және оларды жою мерзiмдерiн көрсете отырып ұйғарым шығарады. Кеме құжаттары болмаған кезде және жүзу қауіпсіздігіне қауіп төнген жағдайларда, аумақтық бөлімшенің қызметкері кеменің (құрамның) қозғалысына тыйым салу туралы шешім қабылдайды, бұл жөнінде кеменің капитаны кеме иесіне хабарлайды.
Қарап шығу актісі және ұйғарым екі данада жасалады және оған аумақтық бөлімшенің қызметкері мен капитан (немесе капитанның аға көмекшісі) қол қояды. Капитан (капитанның аға көмекшісі) қол қоюдан бас тартқан жағдайда, актіде немесе ұйғарымда бас тартудың мәлімделген себептері көрсетіле отырып жазба жасалады.
Актінің және ұйғарымның бірінші данасы кемеде, екіншісі - аумақтық бөлімшеде кеме ісінде сақталады.
Аумақтық бөлімшенің кемені қарап шығуды жүргізген қызметкерлері кемені қарап шығу жөніндегі актідегі жазбалардың дұрыстығына жауапты болады.»;
8) 22-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде және жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемеде кеме атауының, тiркелiмге алынған пунктiнiң, тіркеу нөмiрiнiң, шақыру сигналының және кеменiң техникалық жарақтандырылуына қарай кемедегi жерсерiктiк байланыс станциясының бірдейлендiру нөмiрi мен кеме станциясын iздеп шақыру нөмiрiнiң болуы мiндеттi.
Шағын көлемді кеме Кеменi, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидасына сәйкес екі бортта тiркеу нөмiрiн алып жүруге міндетті.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кеменiң тiркеу нөмiрiн Кеменi, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидасына сәйкес аумақтық бөлiмше бередi.»;
9) 23-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ішкi су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемеде, оларды беру және жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн мынадай кеме құжаттары болуға тиiс:»;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын және кемеге меншік құқығын растайтын кеме куәлігі (Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде тіркелуге жататын кемелер үшін);»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік (өздiгiнен жүзетiн кемелер үшін).»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Ішкi су жолдарында және өзге де су қоймаларында пайдаланылатын шағын көлемді кемеде мынадай құжаттар:
1) кеменiң жүзуге жарамдылығына жыл сайынғы техникалық куәландырудан өткендігі туралы белгісі бар кеме билеті;
2) шағын көлемді кемеде мүлік иесі болмаған жағдайда кеме иесінің жеке куәлігінің көшірмесімен шағын көлемдi кеменi басқару құқығына мүлік иесінен сенімхаты болу керек.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында тiркелген, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесiп өтуге байланысты жүзуді жүзеге асыратын кемеде, осы баптың 1-тармағында көзделген құжаттардан басқа, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда белгiленген құжаттар болуға тиiс.»;
10) 24-бапта:
6-тармақ алып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Кеменi жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiне мемлекеттiк тiркеу кезiнде аумақтық бөлiмше шетелдік кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешiмде көрсетiлген мерзiмге Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы туралы куәлiк бередi.»;
11) 25-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кемеге немесе кеменiң бір бөлiгiне меншiк құқығы осындай құқықты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде мемлекеттік тiркеу сәтiнен бастап туындайды және аумақтық бөлiмше берген кеме куәлiгімен расталады.
Кеме куәлiгiн жоғалтқан жағдайда, аумақтық бөлiмше кеменiң меншiк иесiнiң өтiнiшi бойынша оған аталған құжаттың телнұсқасын береді. Кеме куәлiгiнiң телнұсқасын беру тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгiленедi.»;
мынадай мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Шағын көлемді кемеге немесе шағын көлемді кеменің бір бөлігіне меншік құқығы осындай құқықты кеме кітабында мемлекеттік тіркеу сәтінен бастап туындайды және аумақтық бөлімше берген кеме билетімен расталады.
Кеме билетiн жоғалтқан жағдайда, аумақтық бөлiмше шағын көлемді кеменiң меншiк иесiнiң өтiнiшi бойынша оған аталған құжаттың телнұсқасын береді. Кемеге кеме билетінің телнұсқасын беру тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгiленедi.»;
5-тармақ алып тасталсын;
12) 26-бапта:
4-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Егер оқиғаға ұшырау нәтижесінде немесе басқа бір себеппен кеме бұрын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізіліміне немесе кеме кітабына енгізілген мәліметтерге сәйкес келмей қалса, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен кемені мемлекеттік қайта тіркеу жүзеге асырылады.»;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде жолаушылар, жүк-жолаушылар, мұнай құю, тіркеп сүйрегіш кемелер, құрғақ жүктер, жүзбелі крандар және техникалық флот кемелері (жер снарядтары және басқалары), сондай-ақ шағын көлемді кемеге жатпайтын кемелер тіркеледі.
6. Шағын көлемді кемелер кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жатады.
Мемлекеттік тіркелімге жүк көтергіштік шамасы 100 килограмға дейін жететін, орнатылған қозғалтқышы жоқ, шағын өлшемді кемелер жатпайды.»;
13) 28-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы өтініш нысаны Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленеді.
Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы өтінішке мынадай құжаттар:
1) осы Заңның 27-бабына сәйкес кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу негізі болып табылатын құқық белгілеуші және өзге де құжаттар;
2) сыныптау куәлiгі;
3) көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу үшiн алымдар сомасының бюджетке төленгенiн растайтын құжат қоса берілуге тиіс.»;
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кемені жалға алынған шетелдік кемелер тізіліміне мемлекеттік тіркеу үшін кеменi жалға алушының кеменi мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiшiне, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген құжаттардан басқа, қосымша мынадай құжаттар:»;
14) 29-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кеменi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан шығару үшiн кеменiң меншiк иесi аумақтық бөлімшеге өтiнiш пен мұндай шығаруға негiз болып табылатын мән-жайларды растайтын құжаттарды беруге мiндеттi.»;
15) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«31-бап. Кеменi тұтқындау және мәжбүрлеп сату
Егер сот кеменi тұтқынға алу түрiнде талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарым қабылдаған немесе кеме атқарушылық iс жүргiзу тәртiбiмен сатылған болса, аумақтық бөлімше Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне немесе кеме кiтабына тиiстi жазба енгiзедi. Бұл ретте, аумақтық бөлімше кеменiң меншiк иесiн кемеге қатысты талапты қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылданғаны немесе кемеден мұндай шаралар алып тасталғаны туралы хабардар етугe тиiс.»;
16) 32-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«32-1-бап. Кеменің ипотекасын мемлекеттік тiркеу
1. Кеменің ипотекасын аумақтық бөлімше сол кеме тiркелген тiзiлiмге тiркейдi.
2. Осы Заңның 24-бабының 7 және 11-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы уақытша берiлген шетелдік кеменiң ипотекасын Қазақстан Республикасында тiркеуге болмайды.
3. Кеменiң ипотекасы мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш берілген күні тiркеледi.
4. Кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленеді.
5. Кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы куәлікті берумен куәландырылады.
6. Кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркегені және кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен алым алынады.»;
17) 32-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шағын көлемді кеменің ипотекасын уәкілетті орган сол шағын көлемді кеме тiркелген кеме кітабына тіркейді.»;
18) 36-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) кеме экипажының мүшесiне немесе жолаушыға кеме жүзуде жүрген уақытта көрсетiлуi мүмкiн емес шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда - кеменiң меншiк иесiн және (немесе) кеме иесiн, аумақтық бөлімшені, ал кеме шетелдiк портқа кiрген кезде Қазақстан Республикасының консулы мен кеме иесiнiң агентiн де (шетел портында мұндай агент болған кезде) хабардар ете отырып, ең жақын портқа кіруге;»;
19) 90-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тiркеп сүйретiлетiн объект зақымданған (бүлiнген) жағдайда тiркеп сүйретушiден тiркеп сүйретiлетiн объектiнi жөнелтушi немесе алушы айқындайтын тiркеп сүйретiлетiн объектiнi жөндеу құны өндiрiп алынады. Келiспеушiлiктер туындаған кезде тiркеп сүйретiлетiн объектiнiң жөндеу құнын тәуелсiз сарапшы белгiлеуi мүмкiн.»;
4-тармақ алып тасталсын;
20) 97-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын.
9. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат):
1) 1-бапта:
69) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«69) тұрақты рейс - авиакомпания белгілеген және жариялаған кестеге сәйкес орындалатын рейс;»;
мынадай мазмұндағы 88), 89) және 90) тармақшалармен толықтырылсын:
«88) іздестіру-құтқару жұмыстары – апатқа ұшыраған әуе кемелеріндегі жолаушылар мен экипаждарды іздестіру және құтқару, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде іздестіру мен адамдарға көмек көрсету мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешені;
89) әуе қозғалысына қызмет көрсету органының және (немесе) радиотехникалық жабдық пен аэронавигациялық ұйымының байланысын пайдалану қызметінің сертификаты – әуе қозғалысына қызмет көрсету органының және (немесе) радиотехникалық жабдық пен аэронавигациялық ұйымының байланысын пайдалану қызметінің сертификаттық талаптарға сәйкестігін куәландыратын белгіленген үлгідегі құжат;
90) аэронавигациялық қызмет көрсету - әуе қозғалысына қызмет көрсетумен, радиотехникалық жабдықты және байланыс құралдарын пайдаланумен, ұшуларды метеорологиялық және іздестіру-құтқарушылық қамсыздандырумен, аэронавигациялық ақпарат берумен байланысты кешенді қызмет көрсету;»;
2) 13-бап мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) Сертификаттау және әуе қозғалысына қызмет көрсету және(немесе) радиотехникалық жабдық пен аэронавигациялық ұйымының байланысын пайдалану органының сертификатын беру қағидасын, сондай-ақ әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарына және аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдығы мен байланысын пайдалану қызметтеріне қойылатын сертификаттық талаптарды бекітеді;»;
3) 14-баптың 1-тармағында:
17) және 23) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«17) азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттауды және сертификат беруді, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлікті, авиациялық оқу орталығының сертификатын, авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын, үлгі сертификатын, әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын, азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексерулерін ұйымдастыру жөніндегі сертификатты, әуе кемесінің ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификатын, әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) радиотехникалық жабдық пен аэронавигациялық ұйымының байланысын пайдалану органының сертификатын беруді жүзеге асырады;»;
«23) шетел авиатасымалдаушыларының тұрақты ұшу кестесін, сондай-ақ Шетел авиатасымалдаушыларының Қазақстан Республикасының халықаралық авиамаршруттарындағы тұрақты рейстерінің кестесін бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;»;
38) тармақша алып тасталсын;
4) 16-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сертификаттауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның қатысуымен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау рәсіміне мыналар:
1) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның сертификаттық зерттеуді жүргізуі;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның сертификатты (куәлікті) беру туралы (беруден бас тарту туралы) шешімді қабылдауы кіреді.
Көрсетілген сертификаттық зерттеу жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорынның қызметі мемлекеттік монополияға жатады және көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорын мен өтініш беруші арасында жасалатын шарт бойынша өтеулі негізде жүзеге асырылады.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорын және сертификаттық зерттеу жүргізетін оның инспекторлары қорытындыда көрсетілген мәліметтердің дәйектілігі үшін жауаптылықта болады.»;
5) 17-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әуе трассаларынан және жергілікті әуе желілерінен тыс әуе кеңістігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы ұшып өту кезінде әуе қозғалысын басқару органдары немесе мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары жүзеге асырады.»;
6) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Әуе кеңiстiгiнде аэронавигациялық қызмет көрсетуді
ұсыну
1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдаланушылар үшін аэронавигациялық қызмет көрсету олардың мемлекеттік тиесiлiгiне, ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысандарына қарамастан, шарттардың (жария шарттардың) негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдаланушыларға ұсынылатын аэронавигациялық қызмет көрсету:
1) апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемелері, сондай-ақ борттағы авариялық жағдайға, материалдық бөлiгiнің істен шығуына немесе ақауына байланысты маршруттары өзгертілген әуе кемелері әуе кемесiнiң ұшып бара жатқан жері айқындалған кезден бастап;
2) әуе кемелерi iздестiру-құтқару жұмыстарын жүргiзу үшін;
3) әуе кемелерi дүлей зілзалалар кезінде халыққа медициналық және (немесе) гуманитарлық көмек көрсету үшiн;
4) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелері;
5) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін, корольдiк тұлғаларды, шет мемлекеттердің мемлекет және үкiмет басшыларын тасымалдайтын әуе кемелерi;
6) егер шарт ережелерінде әуе қозғалысына қызмет көрсету үшін ақы төлеуден босату көзделген болса, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес ұшуды орындаған жағдайларда өтеусіз жүзеге асырылады.
3. Ұсынылған аэронавигациялық қызмет көрсетілгені үшін әуе кеңістігінің пайдаланушыларынан төлем өндіріп алуды аэронавигациялық ұйым жүзеге асырады. Аэронавигациялық қызмет көрсетуге кіретін қызмет көрсетуге қатысушы ұйымдармен құқықтық қатынасты реттеу шарттардың негізінде жүзеге асырылады.»;
7) мынадай мазмұндағы 35-1-баппен толықтырылсын:
«35-1-бап. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарын және
аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдығы
мен байланысын пайдалану қызметін сертификаттау
1. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары және аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдығы мен байланысын пайдалану қызметі әуе қозғалысына қызмет көрсету органына және аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдығы мен байланысын пайдалану қызметіне қойылатын сертификаттық талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Көрсетілген органдардың және қызметтің сәйкестігі әуе қозғалысына қызмет көрсету органының және (немесе) радиотехникалық жабдық пен аэронавигациялық ұйымның байланысын пайдалану қызметіне сертификат берумен расталады.
Әуе қозғалысына қызмет көрсету органын және аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдығы мен байланысын пайдалану қызметін сертификаттауды осы Заңның 16-бабының 3-тармағында көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорынның қатысуымен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органын және аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдығы мен байланысын пайдалану қызметін сертификаттау тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленеді.
3. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органы және (немесе) радиотехникалық жабдық пен аэронавигациялық ұйымның байланысын пайдалану қызметі ұсынылатын сертификаттық талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, әуе қозғалысына қызмет көрсету органының және (немесе) радиотехникалық жабдық пен аэронавигациялық ұйымның байланысын пайдалану қызметінің сертификатын беруден бас тартылады.
4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әуе қозғалысына қызмет көрсету органының және (немесе) радиотехникалық жабдықты және аэронавигациялық ұйымның байланысын пайдалану қызметіне берілген сертификатты мынадай жағдайларда:
1) әуе қозғалысына қызмет көрсету органы және аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдық пен аэронавигациялық ұйымның байланысын пайдалану қызметі сертификаттық талаптарды сақтамаған жағдайда;
2) аэронавигациялық органның өзінің қарауындағы әуе қозғалысына қызмет көрсету органы және радиотехникалық жабдық пен байланыс қызметіне қатысты өтініші бойынша бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтата тұрады.
5. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органы және (немесе) радиотехникалық жабдық пен аэронавигациялық ұйымның байланысын пайдалану қызметі әуе қозғалысына қызмет көрсету органы және (немесе) радиотехникалық жабдық пен аэронавигациялық ұйымның байланысын пайдалану қызметі сертификатының қолдану күші тоқтаған күннен бастап, алты ай ішінде анықталған бұзушылықтарды жоймаса, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тиісті сертификатты кері қайтарып алады.
6. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша, сертификаттық талаптардан уақытша ауытқуға, егер мұндай ауытқулар белгіленген ұшу қауіпсіздігінің деңгейіне балама деңгейді қамтамасыз ететін қосымша шаралар енгізумен өтелсе, жол беріледі.»;
8) 38-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган осы Заңның 16-бабының 3-тармағында көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорынның қатысуымен Қазақстан Республикасында пайдалануға арналған азаматтық әуе кемесiнің Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) елді мекендегі шуылға қатысты талаптарға сәйкестігін сертификаттап, шуыл бойынша сертификат береді, ол азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығының сертификатына қосымша болып табылады.»;
9) 43 баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сериялы шығаруға арналған жаңа конструкциядағы (жаңа үлгiдегi) азаматтық әуе кемесiнің Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген ұшуға жарамдылығының нормаларына сәйкестiгiн азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган осы Заңның 16-бабының 3-тармағында көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорынның қатысуымен сертификаттауға тиіс және ол зауыттық, мемлекеттік және пайдалану сынақтарынан өткеннен кейiн оның азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген үлгi сертификаты болуға тиіс.»;
«4. Азаматтық әуе кемесiнiң бекітілген үлгi конструкциясы (үлгiлiк конструкциясы) немесе оның ұшуға жарамдылығына әсер ететiн пайдалану-техникалық құжаттамасы өзгерген жағдайда, әуе кемесiнiң бұл үлгiсi азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен осы Заңның 16-бабының 3-тармағында көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорынның қатысуымен үлгi сертификатына толықтыру алу үшін қосымша сертификатталуға жатады.»;
10) 44-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Азаматтық әуе кемесінің данасын сертификаттауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидаларына сәйкес осы Заңның 16-бабының 3-тармағында көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорынның және (немесе) әуе кемелері пайдаланушыларын біріктіретін коммерциялық емес ұйымдардың қатысуымен жүргізеді.»;
11) 47-бапта:
бесінші және жетінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын сертификаттауды осы Заңның 16-бабының 3-тармағында көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорынның қатысуымен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
«Бекітілген үлгі конструкциясы жоқ әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттауды осы Заңның 16-бабының 3-тармағында көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорынды және (немесе) әуе кемелері пайдаланушыларын біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарта отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Аса жеңіл авиация саласында сертификаттау қағидасында көзделген жағдайларды қоспағанда, азаматтық әуе кемелерінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісін осы Заңның 16-бабының 3-тармағында көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорынның инспекторлары жасайды.
Осы Заңның 16-бабының 3-тармағында көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорынның әуе кемелерінің үлгілеріне тиісті рұқсаттары бар білікті персоналы болуға тиіс. Осы Заңның 16-бабының 3-тармағында көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорынның инспекторлары азаматтық әуе кемелерінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісінде көрсетілген ақпараттың дәйектілігі үшін жауаптылықта болады.
Бекітілген үлгі конструкциясы жоқ азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы туралы актісін, осы Заңның 16-бабының 3-тармағында көрсетілген әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін республикалық мемлекеттік кәсіпорынның инспекторлары және (немесе) әуе кемелері пайдаланушыларын біріктіретін коммерциялық емес ұйымдар жасайды.»;
12) 48-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттауды осы Заңның 16-бабының 3-тармағында көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорынның қатысуымен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
13) 54-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық авиацияның авиация персоналын даярлауды, қайта даярлауды және оларды кәсіптік деңгейде ұстауды азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы қамтамасыз етеді.
Авиациялық қауіпсіздік қызметінің мамандарын даярлау, қайта даярлау тек авиациялық қауіпсіздік бойынша Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) оқу орталықтарында немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарында жүргізіледі.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының қызметін сертификаттауды осы Заңның 16-бабының 3-тармағында көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорынның қатысуымен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
14) 57-баптың 5-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) тиісті авиациялық қауіпсіздік қызметтері болмаған кезде жолаушыларды, қол жүгін, багажды және жүкті ұшу алдында қарап тексеруге;»;
15) 60-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Пайдаланушының сертификатын және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті алу үшін өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға және осы Заңның 16-бабының 3-тармағында көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорынға Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және сертификат беру қағидасына және (немесе) Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасына сәйкес тізбе бойынша сертификаттау талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттармен бірге белгіленген нысанда өтінім жібереді.»;
екінші бөлік алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Пайдаланушының сертификатында және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікте белгіленген пайдалану талаптары мен шектеулерді пайдаланушының бұзуына тыйым салынады. Бір әуе кеменің екі немесе одан да көп пайдаланушылардың сертификатына бір уақытта енгізілуіне жол берілмейді.»;
16) 61-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз килограмнан кем болатын ұшақтарды, сертификатталған ең жоғары ұшу массасына қарамастан тікұшақтарды, сондай-ақ ұшу аппараттары мен қосымша құрылғыларды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу үшін мынадай шарттарды сақтау:»;
17) мынадай мазмұндағы 65-1-баппен толықтырылсын:
«65-1-бап. Аэровокзал
1. Ішкі рейстерге қызмет көрсетуге арналған аэровокзалдарда авиакассалары, тіркеу тіреулері, тіркеу, күту, ұшу және ұшып келу залдары, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар, соның ішінде мүгедектер және халықтың шағын мобильді топтары үшін арнайы жабдықталған, ана мен бала бөлмесі, ақпараттық қызмет көрсететін объектілер, медициналық пункт, қоғамдық тәртіпті қорғау пункті, табу бюросы болуы тиіс.
2. Халықаралық рейстерге қызмет көрсетуге арналған аэровокзалдарда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидаларының талаптарына сәйкес қосымша объектілер мен үй-жайлар болуы тиіс.
3. Аэровокзалдар халық авиарейстердің ұшу және ұшып келу уақыттары, авиабилеттердің құны және олардың болуы, шұғыл медициналық көмек, шағымдар мен ұсыныстар кітапшасының тұрған орны, авиакассалардың жұмыс режимі, үй-жайлардың орналасуы, сондай-ақ халыққа көрсетілетін қызметтер тізбесі туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз етіледі.
Ақпаратты ұсыну тілді, мәтінді, Брайл әліппесін, тактиль араласуын, ірі қаріпті, қолжетімді мультимедиялық құралдарды пайдалана отырып, мүгедектер үшін де қамтамасыз етіледі.
4. Өтулер және шығулар мүгедектер мен халықтың шағын мобильді топтары үшін қолжетімді болуы (пандустармен, мамандандырылған лифтілермен жабдықталуы) тиіс.
5. Халыққа қызмет көрсетуге арналған аэровокзалдар жарамды техникалық жай-күйде ұсталуы тиіс.
6. Аэровокзалдарда қызметті жүзеге асыратын адамдар жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оларға қажетті жағдайлар жасауға, мәдениетті қызмет көрсетуге, барлық адамдармен сөйлескенде сыпайы және ұстамды болуға, олардан бір мезгілде Қазақстан Републикасының заңнама талаптарын сақтауды талап етуге тиіс.
7. Аэровокзалдар тасымалдау процесінің ажырамас бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес пайдаланылуға тиіс.»;
18) 66-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Азаматтық авиация саласында пайдаланылатын әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) сертификаттау тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметімен айқындалады.
Азаматтық авиация саласында пайдаланылатын әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) сертификаттауды осы Заңның 16-бабының 3-тармағында көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорынның қатысуымен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
19) 70-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Шет мемлекеттердің мемлекеттік және эксперименттік әуе кемелерінің халықаралық ұшулары, сондай-ақ шет мемлекеттердің әскери құралымдарын, қару-жарағын және әскери техникасын тасымалдауға арналған әуе кемелерінің халықаралық ұшулары үшін ашылған әуежайларды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
20) 80-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) белгіленген кестеге сәйкес ұдайы әуе тасымалдарын қамтамасыз ету үшін авиакомпанияда болжамды кірісті ескермегенде бір ай ішінде қажетті қаржы қаражатының азаймайтын резервінің болуы авиамаршрутты пайдаланудың талаптары деп түсініледі.»;
21) 86-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тасымалдаушының кінәсінен рейсті болдырмаған немесе кеш келуі кезінде немесе әуе кемесінің кеш келуі салдарынан рейс кешіккен, орындалмаған, тасымалдау маршруты өзгерген кезде тасымалдаушы жолаушылар үшін жөнелту пункттерінде және аралық пункттерде мынадай қызметтерді ұйымдастыруы тиіс:»;
22) 88-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) ұшу уақытында ұялы байланыс қызметін пайдалануға тыйым салынады.»;
23) 98-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Азаматтық авиацияның әуе кемелерінің іздестіру-құтқару кезекшілігін қамтамасыз ету аэронавигациялық қызмет үшін алымдар есебінен жүзеге асырылады.»;
24) 105-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Әуежайлар мен авиакомпаниялар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік қару және оған оқ-дәрілерді сатып алуға, сақтауға және пайдалануға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Егер әуе көлігі заңсыз араласу актісіне ұшыраса, әуе көлігінің командирі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілеген Авиациялық қауiпсiздiк қағидаларына сәйкес егер әуе кемесінің бортындағы жағдай өзгені талап етпесе, қолайлы әуеайлақта қысқа мерзімде қонуға әрекет етуді жүзеге асырады.»;
25) 106-бап мынадай мазмұндағы 1-1- тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Әуежайлар мен авиакомпаниялардың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік қару және оған оқ-дәрілерді қолдануға, сақтауға және алып жүруге құқылы.».
10. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат):
көрсетілген Заңның қосымшасында:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2) және 12-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«12-1) сауда мақсатында теңізде жүзу саласында;
12-2) ішкі су көлігі саласында;
12-3) көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында;»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында;».
11. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат):
114-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер өзгесі осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделмесе, жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлік Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг, ұлттық компания акцияларын төлеуге берілуі мүмкін. Сондай-ақ жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлікті иелену және (немесе) пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі 59-бабы 1-тармағының және «Акционерлік қоғамдар туралы» және «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының қағидалары бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына немесе акционерлік қоғам акцияларын төлеуге мүліктік салым ретінде берілуі мүмкін.».
2-бап. Осы Заң 1-баптың 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті