Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
«Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы
органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау
жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына өзгеріс пен
толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 21-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат; 2011 ж., № 8, 95-құжат, № 52, 710-құжат; 2012 ж., № 33, 419-құжат, № 35, 456-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінде:
10-тармақтың 6) тармақшасындағы «құрайды.» деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) әділет органдары құрайды.»;
16-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды құқықтық қамтамасыз ету.»;
мынадай мазмұндағы 4.7-кіші бөліммен толықтырылсын:
«4.7. Жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды құқықтық қамтамасыз ету тиімділігін бағалау
49-1. Осы бағыт бойынша бағалау жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың тиімділігін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
49-2. Орталық мемлекеттік органдарды осы бағыт бойынша Әділет министрлігі бағалайды. Жергілікті атқарушы органдарды осы бағыт бойынша аумақтық әділет органдары бағалайды.
49-3. Әділет министрлігін осы бағыт бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі бағалайды.
49-4. Жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеуді және бекітуді, оны әдіснамалық сүйемелдеуді Әділет министрлігі жүзеге асырады.»;
72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«72. Тиімділікке бағалау жүргізуге жауапты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі, бюджеттің атқарылуы жөніндегі, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органдардың, Әділет министрлігінің саяси мемлекеттік қызметшілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің тиісті құрылымдық бөлімшелерінің басшылары тиімділікті бағалау рәсімдері мен нәтижелерінің бекітілген әдістемелерге сәйкес келуіне және тиімділікке бағалау жүргізу кестесімен бекітілген мерзімдердің сақталуына дербес жауапты болады.».
2) жоғарыда аталған Жарлыққа қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі.».
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі:
1) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруын құқықтық қамтамасыз ету тиімділігін бағалауды жүргізу тәртібін әзірлесін және 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша бекітсін;
2) 2013 жылдан бастап аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруын құқықтық қамтамасыз ету тиімділігіне бағалау жүргізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев