«Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес және мемлекеттік меншікті тиімді басқару мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Астанақалажобалау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – серіктестік) жарғылық капиталындағы Астана қаласының коммуналдық меншігінде тұрған 100 пайыз мөлшеріндегі мемлекеттік қатысу үлесі заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншікке қабылдансын.
2 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Астана қаласы әкімдігімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;
2) осы қаулының 1-тармағында және осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шаралар аяқталғаннан кейін, осы қаулының 1-тармағында көрсетілген серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекеттік қатысу үлесін «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов