"Кемелердің, салдардың және өзге де жүзу объектiлерiнiң айлаққа келуіне, арқандап байлануына және тоқтап тұруына арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелі құрылыстарды орналастыру, жолаушыларды кемелерге отырғызу және кемелерден түсіру, жүктерді тиеу, түсіру және сақтау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 2 шілдедегі № 765 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1500 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 623 қаулысымен

«Кемелердің, салдардың және өзге де жүзу объектiлерiнiң айлаққа келуіне, арқандап байлануына және тоқтап тұруына арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелі құрылыстарды орналастыру, жолаушыларды кемелерге отырғызу және кемелерден түсіру, жүктерді тиеу, түсіру және сақтау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 2 шілдедегі № 765 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1500 қаулысына баспасөз релизі

      2012 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының № 36-V Заңымен (бұдан әрі - Заң) Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
      Қабылданған Заңға сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1500 қаулысымен «Кемелердің, салдардың және өзге де жүзу объектiлерiнiң айлаққа келуіне, арқандап байлануына және тоқтап тұруына арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелі құрылыстарды орналастыру, жолаушыларды кемелерге отырғызу және кемелерден түсіру, жүктерді тиеу, түсіру және сақтау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 2 шілдедегі № 765 қаулысына әкімшілік барьерлерді төмендетуге бағытталған түзетулер енгізілді.
      Атап айтқанда қаулымен уақытша құрылғылар және жүзбелі құрылыстарды (кемелердің қауіпсіз тоқтап тұруына, жүкті іздеуге және қызмет көрсетуге арналған, порттың немесе айлақтың құрамындағы уақытша инженерлік гидротехникалық құрылыс (дебаркадерлер, айлақтық понтондар, жүзбелі: қонақ үй, жатақхана, демалыс үйі, мейрамхана, шеберханалар) орнатуға рұқсат алу қажеттілігі бойынша нормалар алып тасталған.
      Норманың алып тасталуы уақытша құрылғылар мен жүзбелі құрылыстардың қандай болса да рұқсатсыз орналастыруды жасау, тиісті құжат пакетін жинаусыз және өтініш берусіз жағдайын туғызады. Аталған құрылыстарды орнатуға шешім қабылдаған шаруашылық субъектілердің уақыт пен қаражат шығындарының болмауы түзетулердің оң нәтижесі болып табылады.

      Қазақстан Республикасы
      Көлік және коммуникация
      министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз