Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1501 «Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1066 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы қабылдынды.
«Қазақстан Республикасының рұқсат беретін құжаттарды қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі № 36 Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.
Осы қаулыны қабылдаудың мақсаты инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне инвестициялық жобаларды енгізуге өтінімге қоса берілетін құжаттарды қысқарту болып табылады.
Қаулы жобасын қабылдау инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне инвестициялық жобаларды енгізуге өтінімге қоса берілетін құжаттарды жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Осы қаулы республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығынын қажет етпейді және жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарлар тартпайды.
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрлігі