"Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 1303 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1503 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 821 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.10.2015 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 1303 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 2, 19-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларында:
      52-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) көлік қауіптілігінің 1.4 кіші тобы бар пиротехникалық заттар мен бұйымдарды тасымалдау салмағы жағынан шектеусіз, жүк жөнелтуші немесе жүк қабылдаушы әзірлеген бағыт бойынша тасымалдау қағидаларының талаптарын сақтай отырып, қауіпті жүк тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлігі бар көлік жүргізушісі жүргізетін автомобиль көлігімен жүргізіледі. Жүкті алып жүру үшін жүк жөнелтуші немесе жүкті қабылдап алушы жауапты адамды бөледі, бұл функцияны тасымалданатын пиротехникалық заттар мен бұйымдардың қасиеттері мен ерекшеліктерін білетін жүргізуші орындауы мүмкін. Қауіпті жүкті тасымалдау бағытын келісу талап етілмейді.»;
      63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «63. Азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды автомобиль көлігімен әкелу (әкету) кезінде қауіпті жүкті тасымалдаудың жол полициясы органдарымен келісілген бағыты ұсынылады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С.Ахметов.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады