"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1528 Қаулысы

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына
Баспасөз-релизі

      Қаулының мақсаты Ережені «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы Конституциялық заңына сәйкестендіру болып табылады.
      Қаулыға «мемлекеттік стандарттар» деген сөздерді «ұлттық стандарттар» деген сөздерге ауыстыру бойынша өзгерістер енгізілді.
      Сондай-ақ, Қаулыда рәсімдер, салтанатты және спорттық іс-шараларды өткізу кезінде Мемлекеттік Тудың пайдаланылуын жетілдіру көзделген.
      Қаулымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің www.mki.gov.kz интернет-ресурсынан («Мемлекеттік рәміздер» айдары) танысуға болады.

      Қазақстан Республикасы
      Мәдениет және ақпарат
      министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз