Магистральдық мұнай құбырларын пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1542 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 196 қаулысымен

«Магистральдық мұнай құбырларын пайдалану қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1542
қаулысына
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

      1. Осы қаулымен «Магистральдық кұбыр туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңының 5-бабының 4) тармақшасына сәйкес қолданыстағы, консервациядағы және жойылатын магистральдық мұнай құбырларының және олардың объектілерінің меншік иелеріне, сондай-ақ таратылатын магистральдық мұнай құбырларының объектілерінде жұмыстарды жүзеге асыратын меншік иесі болып табылмайтын операторларға, жеке және заңды тұлгаларға магистральдык мұнай құбырларын пайдалану тәртібін белгілейді.
      Магистральдық мұнай құбырларына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және диагностикалау
      Магистральдық мұнай құбырларын пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастыруды оның меншік иесі жүзеге асырады.
      Магистральдық мұнай құбырлары белгіленген тәртіпте жобалық құжаттамада көзделген барлық құрылыстарды және өзге де объектілерді қабылдап алғанға дейін магистральдық мұнай құбырларын пайдалануға жол берілмейді.
      Магистральдық мұнай құбырының технологиялық жабдықтарына, жүйелеріне және құрылғыларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының мерзімі мен кезеңділігі техникалық жай-күйіне байланысты өндіруші-зауыттың технологиялық жабдықты пайдалану нұсқауының талаптарына сәйкес белгіленеді.
      Магистральдық мұнай құбырларын жедел диспетчерлік басқару
      Жедел диспетчерлік басқару магистральдық мұнай құбырларының объектілерін автоматтандыру магистральдық мұнай құбырларының берілген жұмыс істеу режимдерін тәулік бойы және үздіксіз қолдауды, жабдық жұмысын бақылауды, қызмет көрсетуші персоналдың оңтайлы санында жабдықты басқару кезінде операцияларды орындаудың қажетті дәйектілігі мен жабдықты автоматты қорғауды қамтамасыз етеді.

      Қазақстан Республикасының
      Мұнай және газ министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз