Баспасөз парақшасы
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен 2012 жылғы 7 желтоқсанда "Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының жеке санаттағы қызметкерлерін қызмет өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, азық түлікпен қамтамасыз етудің натуралды нормалары мен Қағидаларын бекіту туралы" № 1564 Үкімет қаулысы бекітілді.
Осы Қаулы, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарын азық-түлікпен жабдықтау Қағидалар мен нормаларын регламенттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен әзірленді.
Қаулы "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін қабылданды және республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына жекелеген санаттағы қызметкерлерінің қызмет өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, сондай-ақ казармалық жағдайдағы арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарына азық-түлікті сатып алуға мүмкіндік береді.
Осы Қаулының қабылдануы, жағымсыз әлеуметтік және экономикалық шығындарға әкеп соқтырмайды және мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығынын қажет етпейді.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті