"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 1580 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               С. Ахметов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат, 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 21, 93-құжат):
      1) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "34-бап. Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге
               асыруға және олардан туындайтын мемлекеттік
               қызметтерді көрсетуге бағытталған бюджеттік
               бағдарламалар
      1. Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыруға және олардың туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның құнына олармен байланысты барлық ағымдағы шығыстар кіреді.
      2. Бюджеттік бағдарламалардың атауларында жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктердің мазмұны және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету немесе мемлекеттік орган қызметінің бағыттары көрсетілуге тиіс.
      3. Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындауы мемлекеттік қызметтер көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылады.»;
      2) 53-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінің шығыстары заттай нормалар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Президенті және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиттері негізінде жоспарланады.»;
      3) 54-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың шығыстары заттай нормалар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиттері негізінде жоспарланады.»;
      4) 55-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың шығыстары заттай нормалар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиттері негізінде жоспарланады.»;
      5) 56-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың шығыстары заттай нормалар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиттері негізінде жоспарланады.»;
      6) 68-баптың 4-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға сәйкестігі тұрғысынан;».
      2. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат; 2005 ж., № 17-18, 73-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат, № 12, 86-құжат; № 13, 100-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж, № 13-14, 55-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 22, 94-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 7
54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат):
      3-баптың 3-тармағында:
      1-3) және 1-4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-3) мемлекеттік қызмет көрсету стандарты - мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін, сондай-ақ мемлекеттік    қызметтер көрсету процесінің сипаттамасын, оның нысандарын, мазмұнын, нәтижесін және сапасының критерийлерін қамтитын нормативтік құқықтық акт;
      1-4) мемлекеттік қызмет көрсету регламенті - көрсетілетін мемлекеттік қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қызметінің ішкі тәртібін және өзге мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсынушылармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт;»;
      1-5) тармақша алып тасталсын.
      3. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 21-құжат; № 15, 97-құжат):
      1) кіріспедегі «, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметке» деген сөздер алып тасталсын;
      2) 1-баптың 2-2, 2-3, 2-5, 2-6, 2-7, 2-8, 2-9-тармақтары алып тасталсын;
      3) 2-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы алып тасталсын;
      4) 3-баптың 12) тармақшасы алып тасталсын;
      5) 9-1-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      9-1-бап. Мемлекеттік орган және мемлекеттік органның
               құрылымдық бөлімшесі туралы ереже, регламент»;
      2, 3, 4-тармақтар алып тасталсын;
      6) 15-1-бап алып тасталсын;
      7) 15-2-баптың 5-тармағы алып тасталсын.
      4. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 17-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 14, 117-құжат):
      3-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі өтініштерді қарау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету туралы заңнамасында айқындалады.».
      5. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат):
      3-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау жүргізу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету туралы заңнамасында айқындалады.».
      6. «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 176-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 23, 178-құжат):
      12-баптың 3-тармағының 13) тармақшасындағы «жол-көлік оқиғаларын арнайы есепке алуды жүзеге асырады.» деген сөздер «жол-көлік оқиғаларын;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
      «14) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте  мемлекет алдындағы міндеттемелерін өз еркімен орындамаған адамдарды арнайы есепке алуды жүзеге асырады.».
      2-бап. Осы Заң алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін бір ай  өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                    Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады