"Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1601 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      3-бөлімінің 3-бағанында:
      «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген жолдағы «22590» деген сандар «22935» деген сандармен ауыстырылсын;
      «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, оның ішінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері» деген жолдағы «17895**» және «17882**» деген сандар тиісінше «18180**» және «18167**» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:» деген жолдағы «19237» деген сандар «19582» деген сандармен ауыстырылсын;
      «28237 әскери бөлімі, оның ішінде әскери қызметшілер: олардың ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер» деген жолдағы «721», «717» және «413» деген сандар тиісінше «651», «647» және «364» деген сандармен ауыстырылсын;
      "52859 әскери бөлімі, оның ішінде әскери қызметшілер: олардың ішінде мерзімінің қызметтегі әскери қызметшілер» деген жолдағы «297», «294» және «150» деген сандар тиісінше «367», «364» және «199» деген сандармен ауыстырылсын;
      "Қазселденқорғау» деген жолдағы «420» деген сандар «480» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі, оның ішінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері» деген жолдағы «15743» және «15743» деген сандар тиісінше «16028» және «16028» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен кейін қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың жетінші және сегізінші абзацтарын қоспағанда, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады