"Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімге алушы елдерде және әлеуетті алушы елдерде арнайы қорлардың қаражатын пайдалануды санкциялайтын түзетуді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1632 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімге алушы елдерде және әлеуетті алушы елдерде арнайы қорлардың қаражатын пайдалануды санкциялайтын түзетуді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімге алушы
елдерде және әлеуетті алушы елдерде арнайы қорлардың қаражатын
пайдалануды санкциялайтын түзетуді ратификациялау туралы

      Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің Басқарушылар кеңесінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 138 қаулысымен мақұлданған Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімге алушы елдерде және әлеуетті алушы елдерде арнайы қорлардың қаражатын пайдалануды санкциялайтын түзету ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Бейресми аударма

№ 138 ҚАУЛЫ ЕУРОПА ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІН ҚҰРУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ АЛУШЫ
ЕЛДЕРДЕ ЖӘНЕ ӘЛЕУЕТТІ АЛУШЫ ЕЛДЕРДЕ АРНАЙЫ ҚОРЛАРДЫҢ ҚАРАЖАТЫН
ПАЙДАЛАНУДЫ САНКЦИЯЛАЙТЫН ТҮЗЕТУ ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ

      БАСҚАРУШЫЛАР КЕҢЕСІ
      № 137 қаулыны қабылдау арқылы Басқарушылар кеңесі Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімнің (Келісім) 1-бабына ЕҚДБ-ға өзінің алдына қойылған мақсатты Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізі елдерінде орындау құқығы берілетін түзету енгізуді бекітетінін ескере отырып;
      Басқарушылар кеңесі Директорлар кеңесiне басқалармен қатар осы кеңейтілген өңірде ЕҚДБ-ға қысқа мерзімде болашақ алушы елдерінде өзінің операцияларын жүргізуге кірісуіне мүмкіндік беруіне байланысты ықтималды шаралар қабылдауға қатысты Басқарушылар кеңесі үшін ұсынымдар дайындауды тапсырған «ЕҚДБ операцияларының өңірін ықтимал географиялық кеңейту туралы» 2011 жылғы 21 мамырда қабылданған № 134 қаулы туралы еске сала отырып,
      Директорлар кеңесінің Басқарушылар кеңесіне баяндамасын онда қамтылған, басқалармен қатар «ЕҚДБ операцияларының өңірін оған Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізі елдерін қоса отырып, географиялық кеңейтуге» қатысты ұстанымдармен қарап және олармен келісе отырып, Басқарушылар кеңесі арнайы қорлардың қаражатын әлеуетті алушы елдерде пайдалануды санкциялау мақсатында Келісімнің 18-бабына түзетуді қабылдайды;
      ОСЫЛАЙША, ОСЫМЕН ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Келiсiмнiң 18-бабының редакциясы былайша өзгертiлсiн:

«18-БАП: АРНАЙЫ ҚОРЛАР

      1. i) Банк алушы елдерде және әлеуетті алушы елдерде Банк мақсатына қол жеткізуге және оның функцияларын орындауға арналған арнайы қорларды басқаруды өзіне қабылдауы мүмкін. Мұндай кез келген арнайы қорды басқару жөніндегі барлық шығыстар осы арнайы қорға қатысты болады.
      ii) i) тармақшасының мақсатында Басқарушылар кеңесі Банктің алушы ел болып табылмайтын мүшесінің өтініші бойынша банктің мұндай мүшесін осындай шектелген уақыт кезеңі ішінде және өзі орынды деп санайтын шарттармен әлеуетті алушы елге қойылатын талаптарға жауап береді деп есептеу туралы шешім қабылдауы мүмкін. Көрсетілген шешім Банк мүшелерінің иелігіндегі дауыстардың жалпы санының кемінде төрттен үшін білдіретін басқарушылардың кемінде үштен екісінің дауысының көпшілігімен қабылданады.
      iii) Егер Банктің қандай да мүшесі алушы елге Банктің көрсетілген мүшесін қойылатын талаптарды орындайтын жағдайда болса ғана, әлеуетті алушы елге қойылатын талаптарға жауап береді деп есептеу шешімін қабылдауға болады. Көрсетілген талаптар, олардың осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген шешімді қабылдау сәтіндегі редакцияда немесе мұндай шешімді қабылдау кезінде Директорлар кеңесі бекітіп қойған түзету күшіне енгеннен кейін болатын редакцияда келтірілген.
      iv) Егер ii) тармағында көрсетілген уақыт кезеңінің аяғында әлеуетті алушы елге алушы ел мәртебесі берілмеген болса, онда Банк, арнайы қордың активтерін ұйымдасқан сату, консервациялау және сақтау үдерісімен, сондай-ақ осы активтерге қатысты мән-жайлар бойынша есеп айырысу жүргізілуіне байланысты жағдайларды қоспағанда, бұл елдегі барлық арнайы операцияларды жүргізуді дереу тоқтатады.
      2. Банктің арнайы қорлардан алған қаражатын алушы елдерде және әлеуетті алушы елдерде Банктің мақсаттары мен функцияларына, осы Келісімнің көрсетілген қорларға қатысты басқа да ережелеріне, келісімге немесе келісімдерге сәйкес келетін кез келген түрде және кез келген шартпен пайдалануға болады.
      3. Банк әрбiр арнайы қорды құру, оны басқару және оның қаражатын пайдалану үшiн оған қажет болатын қағидалар мен нормаларды белгілейді. Көрсетілген қағидалар мен нормалар, Банктiң тек жай операцияларына қатысты нақты қолданылатындарды қоспағанда, осы Келісімнің ережелеріне сәйкес болуы тиіс.
      2. ЕҚДБ мүшелерінен а) Банктің осы мүшесінің өз елінің заңдарына сәйкес көрсетілген түзетуді қабылдауын айғақтайтын құжаттарды ресімдеу және Банкке сақтауға беру және b) осы түзетуді қабылдауының дәлелін Банкті қанағаттандыратын нысанда және мазмұнда ұсыну, сондай-ақ көрсетілген түзетуді қабылдауы туралы құжатын ЕҚДБ-ның осы мүшесінің заңдарына сәйкес ресімдеу және сақтауға беру арқылы өздерінің көрсетілген түзетуді қабылдайтын-қабылдамайтынын хабарлауы сұралады.
      3. Көрсетiлген түзету, ЕҚДБ құру туралы келісімнің 56-бабында көзделгендей, оны қабылдауға қойылатын талаптардың орындалғанын Банк өзінің мүшелеріне ресми растаған сәттен бастап жеті күннен кейін күшіне енеді.

(2011 жылғы 30 қыркүйекте қабылданды)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады