Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1680 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 15, 251-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспарында:
реттiк нөмiрi 29-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 32-1-1-жолмен толықтырылсын:
«
32-1-1. |
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы (жаңа редакция) |
ІІМ |
Шілде |
Қыркүйек |
Желтоқсан |
Қ.Н. Қасымов |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов