"Балық шаруашылығы су тоғандарында балық және басқа су жануарларын аулаудың 2012 жылға арналған лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 67 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1657 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. «Балық шаруашылығы су тоғандарында балық және басқа су жануарларын аулаудың 2012 жылға арналған лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 67 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 24, 335-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Балық шаруашылығы су тоғандарында балық және басқа су жануарларын аулаудың 2012 жылға арналған лимиттерін бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған балық шаруашылығы су тоғандарында балық және басқа су жануарларын аулаудың 2013 жылғы 15 ақпанға дейінгі лимиттері бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген балық шаруашылығы су тоғандарында балық және басқа су жануарларын аулаудың 2012 жылғы арналған лимиттерінде тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Балық шаруашылығы су тоғандарында балық және басқа су жануарларын аулаудың 2013 жылғы 15 ақпанға дейінгі лимиттері».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С.Ахметов.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады