"Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1498 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 1667 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1498 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

      «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1498 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 1667 қаулысымен бюджеттік шығыстар көлеміне қатысты бірқатар өзгерістер енгізілді.
      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабы 7-тармағы 4) тармақшасына сәйкес Агенттіктің Стратегиялық жоспарына өзгерістер енгізу көрсеткіштерге қол жеткізуге ықпал ететін республикалық бюджет параметрлерінің өзгеруіне байланысты жүзеге асырылады.
      Енгізілген түзетулердің негізгі себебі - бюджеттік бағдарламалар, сандық көрсеткіштер бөлінісінде бюджеттік шығыстар сомасын сәйкестікке келтіру және редакциялық түзетулер.
      Қаулы «2012 - 2014 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 20 қарашадағы № 51-V Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру үшін қабылданды.

      Қазақстан Республикасы
      Статистика агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз