"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1689 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол
жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 8-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар, № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат):
      1) 71-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Кодекстің 9-1-тарауында, сондай-ақ 85-3, 131, 136-2, 158, 158-1, 158-2, 174 (үшінші бөлігі), 465-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жәбірленушінің өтініші бойынша қозғалады және ол әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адаммен бітімгершілікке келгеннен кейін тоқтатылуға тиіс.»;
      2) 247-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде үшінші мәрте жасалған іс-әрекеттер –
      алты ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.»;
      3) 461-бап мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:
      «9. Осы баптың бірінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде үшінші мәрте жасалған іс-әрекеттер –
      алты ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.»;
      4) 461-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «461-1-бап. Көлік құралын жүргізу кезінде жүргізушінің
                  телекоммуникация құралын пайдалануы
      1. Көлік құралын жүргізу кезінде жүргізушінің телекоммуникация құралын пайдалануы –
      бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде үшінші мәрте жасалған іс-әрекет –
      алты ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
      Ескерту. Көлік құралын жүргізу кезінде телекоммуникация құралын қолдың көмегінсіз сөйлесуге мүмкіндік беретін техникалық құрылғы арқылы пайдалануға рұқсат етіледі.»;
      5) 462-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «462-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң қозғалыстың
                белгiленген жылдамдығын арттыруы
      1. Көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң көлік құралы қозғалысының белгiленген жылдамдығын сағатына он километрден жиырма километрге дейiнгi шамаға арттыруы –
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Көлiк құралы қозғалысының белгiленген жылдамдығын сағатына жиырма километрден қырық километрге дейiнгi шамаға арттыру –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Көлiк құралы қозғалысының белгiленген жылдамдығын сағатына қырық километрден астам шамаға арттыру –
      тоғыз ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
      жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде үшінші мәрте жасалған іс-әрекеттер –
      тоғыз ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.»;
      6) 463-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «5. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде үшінші мәрте жасалған іс-әрекеттер –
      алты ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.»;
      7) 463-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «463-1-бап. Жол қиылыстарынан өту қағидаларын бұзу немесе
                  жолдың жүру бөлігін кесіп өту
      1. Көлік құралдарының көлденең бағыттағы жүрісіне кедергі келтіруге (кептеліске) әкеп соқтырған кептеліс пайда болған жағдайда жол қиылысына шығу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту –
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Жол жүрісі қағидаларының жол қиылысынан өтуде басымдық құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талаптарын орындамау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші және екінші тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол қиылыстарынан өту қағидаларын бұзу –
      бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде үшінші мәрте жасалған іс-әрекеттер –
      алты ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.»;
      8) 463-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «463-2-бап. Маневр жасау қағидаларын бұзу
      1. Жол жүрісі қағидаларының жүру, қайта орналасу, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтау алдында сигнал беру талаптарын орындамау –
      бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Мұндай маневрлар жасауға тыйым салынған жерлерде кері бұрылу немесе артқа жүру –
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы Кодекстің 463-1-бабының екінші бөлігінде және 463-5-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол жүрісі қағидаларының жүрудің басым құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талаптарын орындамау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде үшінші мәрте жасалған іс-әрекеттер –
      алты ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.»;
      9) 463-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «463-3-бап. Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру,
                  қарама- қарсы жүріп өту немесе басып озу
                  қағидаларын бұзу
      1. Жол жүрісі қағидаларын бұза отырып, жаяу жүргіншілер жолымен, жол жиегімен немесе тротуармен жүру –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарама-қарсы жүріп өту немесе жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына шықпай басып озу қағидаларын бұзу, сол сияқты ұйымдасқан көліктік немесе жаяу колоннаны кесіп өту не одан орын алу –
      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Жол жүрісі қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлігінің қарсы жүруге арналған жағына шығу –
      бір жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде үшінші мәрте жасалған іс-әрекеттер, -
      алты ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
      6. Осы баптың үшінші және бесінші бөліктерінде көзделген, көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған не көлік құралын жүргізу құқығы жоқ адамдар жасаған іс-әрекеттер –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      10) 463-4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «463-4-бап. Көлік құралдарын тоқтату немесе оларды қою
                  қағидаларын бұзу
      1. Осы Кодекстің 463-бабының бірінші бөлігінде, 466-бабында және осы баптың екінші – үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көлік құралдарын тоқтату немесе оларды қою қағидаларын бұзу –
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Көлік құралдарын тротуарда тоқтату немесе қою қағидаларын бұзу, сондай-ақ көлік құралдарын гүлзарларда, балалар немесе спорт алаңдарында тоқтату немесе оларды қою –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Басқа көлік құралдарының жүрісіне кедергі келтіруге әкеп соқтырған, жолдың жүру бөлігінде көлік құралдарын тоқтату немесе оларды қою қағидаларын бұзу –
      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Мүгедектердің көлік құралдарын тоқтату немесе оларды қою үшін бөлінген жерлерде көлік құралдарын тоқтату немесе оларды қою қағидаларын бұзу –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
      жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде үшінші мәрте жасалған іс-әрекеттер –
      алты ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.»;
      11) 463-5-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде үшінші мәрте жасалған іс-әрекеттер –
      алты ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.»;
      12) 463-6-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде үшінші мәрте жасалған іс-әрекет –
      алты ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.»;
      13) 463-7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «463-7-бап. Жаяу жүргіншілер өтпелерінен өту және маршруттық
                  көлік құралдарының тоқтау қағидаларын бұзу
      1. Жаяу жүргіншілер өтпелерінен өту және маршруттық көлік құралдарының тоқтау қағидаларын бұзу –
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде үшінші мәрте жасалған іс-әрекет –
      алты ай мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.»;
      14) 463-8-бап мынадай редакциядағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде үшінші мәрте жасалған іс-әрекет –
      алты ай мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.»;
      15) 464-бап мынадай редакциядағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде үшінші мәрте жасалған іс-әрекет –
      алты ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.»;
      16) мынадай мазмұндағы 464-2, 464-3-баптармен толықтырылсын:
      «464-2-бап. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің көлік
                  құралдарын жүргізушілерді дайындау қағидаларын
                  бұзуы
      1. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің көлік құралдарын жүргізушілерді дайындау қағидаларын бұзуы –
      дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
      көлік құралдарының жүргізушілерін дайындаумен айналысуға арналған қызметке тыйым сала отырып, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      464-3-бап. Көлік құралдарының жүргізушілерін дайындау жөніндегі
                 Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу
      1. «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілуі талап етілетін ақпаратты жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға аккредиттелген кәсіптік ұйымдардың уақтылы бермеуі немесе бермеуі, сол сияқты дәйексіз мәліметтерді беруі –
      аккредиттелген кәсіптік ұйымдарға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның белгіленген мерзімде заңдылықты бұзушылықты жою туралы жазбаша нұсқамасын орындамауы –
      заңды тұлғаларға және дара кәсіпкерлерге көлік құралдарының жүргізушілерін дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тиісті тізілімнен алып тастап, екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      17) 465-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «465-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң көлiк құралдарының
                немесе өзге де мүлiктiң зақымдануына әкеп соқтырған
                жол жүрісінің белгiленген қағидаларын бұзуы
      1. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жәбірленушіге материалдық залал келтiрген, көлiк құралының, жүктердiң, жолдардың, жол құрылыстарының және басқа құрылыстардың немесе өзге де мүлiктiң зақымдануына әкеп соқтырған жол жүрісінің белгiленген қағидаларын бұзуы –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Көлік құралдарын жүргізу құқығы жоқ не одан айырылған адам жасаған нақ сол іс-әрекеттер –
      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
      жүргізушілерге қатысты алты ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға, көлік құралын жүргізу құқығы жоқ не одан айырылған адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту: Осы бап бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс осы Кодекстің 71-1-бабында көзделген негіздер бойынша қозғалады.»;
      18) 467468-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «467-бап. Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе)
                уытқұмарлықтан мас күйінде көлік құралын жүргізуі,
                сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольден,
                есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйдегі
                адамға беру
      1. Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйінде көлік құралын жүргізуі не көлік құралын жүргізуді алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйдегі адамға беру –
      екі жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазалау әрекетінің белгілері жоқ зақым келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соқтырған іс-әрекеттер –
      төрт жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жазаның мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
      он тәулікке әкімшілік қамауға және бес жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жазаның мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер –
      он бес тәулікке әкімшілік қамауға және көлік құралын жүргізу құқығынан он жыл мерзімге айыруға әкеп соғады.
      5. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған не көлік құралын жүргізу құқығы жоқ адам жасаған іс-әрекеттер –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жазаның мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер –
      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Жүргізушінің мас күйде (алкогольден, есірткіден, уытқұмарлықтан) болуы осы Кодекстің 629-бабының үшінші бөлігінде белгіленген тәртіппен айқындалады.
      468-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісінің
               белгiленген қағидаларын немесе көлік құралдарын
               пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі қағидаларды
               абайсызда жәбірленушінің денсаулығына жеңіл немесе
               орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқтырған бұзуы
      1. Абайсызда жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтiрген жол жүрісінің белгiленген қағидаларын немесе көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі қағидаларды бұзуы –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға және бір жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
      2. Абайсызда жәбірленушінің денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтiрген жол жүрісінің белгiленген қағидаларды немесе көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі қағидаларды бұзу –
      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға және екі жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, көлiк құралдарын жүргiзу құқығы жоқ не көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған адам жасаған iс-әрекеттер –
      бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту:
      1. Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру деп сот-медициналық сараптаманың қорытындысы негізінде анықталған денсаулықтың қысқа мерзімді бұзылуын немесе жалпы еңбекке қабілеттілігін болмашы тұрақты жоғалтуды түсіну қажет.
      2. Денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіру деп сот-медициналық сараптаманың қорытындысы негізінде анықталған денсаулықтың өмірге қауіпсіз ұзақ бұзылуын немесе жалпы еңбекке қабілеттілігін үштен бір бөлігінен кем айтарлықтай тұрақты жоғалтуды түсіну қажет.»;
      19) 468-1-бап алып тасталсын;
      20) 469-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «469-бап. Жол-көлік оқиғаларына байланысты міндеттерді
                орындамау
      1. Осы баптың 2-бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жүргізушінің өзі қатысушысы болып табылатын жол-көлік оқиғасына байланысты жол жүрісі саласындағы заңнамада көзделген міндеттерді орындамауы –
      бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушысы болып табылатын жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы –
      бір жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
      3. Көлік құралдарын жүргізуге құқығы жоқ не құқығынан айырылған адамдар жасаған нақ сол іс-әрекеттер –
      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке әкімшілік қамауға әкеп соғады.
      Ескерту. Зардап шегушiге медициналық көмек көрсетуге байланысты жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалған адам осы бап бойынша жауаптылықтан босатылады.»;
      21) 470471-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «470-бап. Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк
                құралын жүргізуі
      1. Қолында:
      1) жүргiзушi куәлiгi немесе жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берiлген жүргізу құқығына уақытша куәлiгі;
      2) көлік құралын оның иесі болмағанда жүргізген жағдайда көлік құралын иелену және пайдалану құқығын растайтын құжаты;
      3) оған уақытша иеленуге және пайдалануға берілген көлік құралын жүргізетін адамды тіркеу және есепке алу туралы құжат;
      4) көлік құралдары иелерінің және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисі;
      5) көлік құралына тіркеу және заңнамамен белгіленген өзге де құжаттары жоқ адамның көлік құралын жүргізуі –
      бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Мынадай:
      1) көлiк құралын жүргізуге құқығы жоқ (оқу жүргiзудi қоспағанда) немесе одан айырылған адамның көлік құралын жүргізуі не жүргізу құқығы жоқ немесе одан айырылған адамға көлiк құралын жүргізуді беру (белгiленген қағидаларға сәйкес жеке тәртiпте жүргiзуге үйрету жағдайларын қоспағанда);
      2) көлік құралын оның иесі болмағанда жүргізген жағдайда иелену және көлік құралын пайдалану құқығын растайтын құжаттары;
      3) оған уақытша иеленуге және пайдалануға берілген көлік құралын жүргізетін адамды тіркеу немесе есепке алу туралы құжат;
      4) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисі;
      5) көлік құралына тіркеу және заңнамамен белгіленген өзге де құжаттары жоқ адамның көлік құралын жүргізуі –
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      471-бап. Ішкі істер (полиция), Қазақстан Республикасының
               Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын
               өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының
               аумағында көлік бақылау бекеттерінде көліктік бақылау,
               әскери полиция (әскери көлік құралын жүргізуші адам
               ғана) органдары қызметкерлерінің талаптарын орындамау,
               алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан
               мас күйді куәландырудан өтуден жалтару
      1. Ішкі істер органдары (полиция) қызметкерлерінің, әскери полиция (әскери көлік құралын жүргізуші адам ғана) қызметкерiнiң көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау –
      бір жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға, ал мұндай құқығы жоқ не құқығынан айырылған адамдарға қатысты жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағында көлік бақылау бекеттерінде көліктік бақылау органдары қызметкерінің көлік құралдарын тоқтату туралы заңды талабын орындамау –
      айлық есептік көрсеткіштің бестен бастап онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе алты айдан бір жылға дейін мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Ішкі істер органдары (полиция), әскери полиция (әскери көлік құралын жүргізуші адам ғана) қызметкерінің белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйді куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамау –
      екі жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
      5. Көлік құралын жүргізу құқығы жоқ не одан айырылған адам жасаған нақ сол іс-әрекеттер –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Ішкі істер органдарының (полицияның), әскери полицияның (әскери көлік құралын жүргізуші адам ғана) қызметкері тоқтатқан жағдайда, жүргізушінің және жолаушылардың (жолаушының) көлік құралының кабинасынан (салонынан), оның рұқсатынсыз кетіп қалуы, сондай-ақ олардың көлік құралының кабинасынан (салонынан) шығу туралы талабын орындамауы –
      жүргізушіге және жолаушыларға (жолаушыға) бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
      жүргізушіге және жолаушыларға (жолаушыға) он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде үшінші мәрте жасалған іс-әрекеттер –
      алты ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
      Ескерту: Нысанды киім киген ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары, әскери полиция қызметкерлерiнiң көлiк құралын тоқтату туралы талабы ысқырып сигнал берумен бір мезгiлде қол қимылымен немесе таяқшамен сигнал беру арқылы не дыбыс күшейткiш құрылғының көмегiмен бiлдiрiледi. Сигнал беру жүргiзушiге түсiнiктi болуға тиiс және оларды орындау авариялық ахуал туғызбайтындай болуы үшiн дер кезiнде берiлуге тиiс.»;
      22) 473-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруді жүзеге асыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын мынадай түрде бұзу:
      техникалық қарап тексеру операторының қызметіне тексеру жүргізу кезінде белгіленген, механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйіне сәйкес келмейтін параметрлер көрсетілген техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасын беру;
      міндетті техникалық қарап тексеруді өткізуден негізсіз бас тарту;
      механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне мәліметтер ұсынбау;
      техникалық қарап тексеру орталығының орналасқан жерінің өзгергені туралы хабарламау не уақтылы хабарламау;
      қызмет ету өңірінде міндетті техникалық қарап тексеруді өткізу кестесі туралы халықты хабардар етпеу;
      міндетті техникалық қарап тексеру жүргізу кестесін бұзу –
      дара кәсіпкерлерге және шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      23) мынадай мазмұндағы 474-2-баппен толықтырылсын:
      «474-2-бап. Көлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын
                  талаптарды қамтамасыз ету саласында белгіленген
                  нормаларды бұза отырып, жаңа көлік құралдарының
                  сәйкестігін растайтын сертификаттарды немесе өзге
                  де құжаттарды тану не беру
      1. Жол қозғалысына қатысуға рұқсат беру үшін негіздеме болып табылған көлік құралдары қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды қамтамасыз ету саласында белгіленген нормаларды бұза отырып, көлік құралдарының сәйкестігін растайтын сертификаттарды немесе өзге де құжаттарды тану не беру –
      бір жыл мерзімге осы қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Көлік құралдарына немесе өзге де мүлікке зақым келтіруге әкеп соққан нақ сол іс-әрекеттер –
      екі жыл мерзімге осы қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, денеге жеңіл және орташа ауырлықтағы зақым келтіруге әкеп соққан іс-әрекеттер –
      үш жыл мерзімге осы қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      24) 484-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «484-бап. Көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол жүрiсi және
                пайдалану қағидаларын үнемi бұзуы
      1. Жол жүрісі және көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын үнемi бұзу, яғни осы Кодекстiң 247, 461, 461-1, 462, 463, 463-1, 463-2, 463-3, 463-4, 463-5, 463-6, 463-7, 463-8, 464, 471-баптарының бірінші бөліктерінде көзделген құқық бұзушылықты бір жыл ішінде бесінші мәрте жасау –
      алты ай мерзiмге көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға әкеп соғады.
      2. Көлік құралын жүргізу құқығы жоқ не одан айырылған адам жасаған нақ сол іс-әрекеттер –
      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Жол жүрiсi және көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын үнемi бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық, егер адам осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әртүрлі баптар бойынша құқық бұзушылықтарды бесінші мәрте жасаса туындайды.
      Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтар бір жыл ішінде бесінші мәрте жасалған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс осы бапқа сәйкес қозғалады. Бұл ретте әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада осы Кодекстің 635-бабының екінші бөлігінде көзделген мәліметтермен қатар, осы баптың бірінші бөлігінде аталған осы Кодекстің баптары бойынша әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бұл құқық бұзушылықты адам бесінші мәрте жасағандығы көрсетіледі.
      Осы бап бойынша қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде бұрын жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы дәлелдемелер ретінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органның деректері қолданылады.»;
      25) мынадай мазмұндағы 484-1, 484-2, 484-3, 484-4, 484-5 және 484-6-баптармен толықтырылсын:
      «484-1-бап. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етумен
                  байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасын
                  бұзу фактісін аудитордың жасыруы
      Жол жүрісі қауіпсіздігі аудитін жүргізу кезінде аудитордың Қазақстан Республикасы заңнамасын аудиттелетін субъектінің бұзуы фактісін жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органнан, тапсырыс берушіден және жұмысты орындаушыдан жасыруы –
      «аудитор» біліктілік куәлігінен айыра отырып, жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      484-2-бап. Аудитордың және аудиторлық ұйымның дәйексіз
                 аудиторлық қорытынды жасауы
      1. Аудитордың және аудиторлық ұйымның көрінеу дәйексіз аудиторлық қорытынды жасауы –
      аудиторларға біліктілік куәлігінен айыра отырып, бір жүз он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, аудиторлық ұйымдарға – жол жүрісі қауіпсіздігі аудиті саласында қызметін жүзеге асыратын тұлғалардың тиісті тізілімінен алып тастай отырып, екі жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде аудитордың қайталап жасаған іс-әрекеті –
      біліктілік куәлігінен айыра отырып, бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      484-3-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы
                 заңнамасын бұзу
      1. Аудиторлық ұйымның жол жүрісі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыруы –
      аудиторлық ұйымдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға жол жүрісі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылуы талап етілетін ақпараттарды уақтылы ұсынбауы немесе ұсынбауы, сол сияқты дәйексіз мәліметтерді беруі –
      аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдарға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Аудиторлық ұйымдардың жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның белгіленген мерзімде аудиторлық қорытындыны беру туралы жазбаша нұсқамасын орындамауы не аудиторлық ұйымдардың жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға аудиторлық қорытындыны бермеуі –
      аудиторлық ұйымдарға жол жүрісі қауіпсіздігі аудиті саласында қызметін жүзеге асыратын тұлғалардың тиісті тізілімінен алып тастай отырып, екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      484-4-бап. Аудитордың жеке мөрін пайдалануға және сақтауға
                 байланысты бұзушылықтар
      Аудитордың Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасында белгіленген жеке мөрді тиісінше сақтау және пайдалану жөніндегі талаптарды бұзуы –
      аудиторға айлық есептік көрсеткіштің елуден бір жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      484-5-бап. Аудиттелетін субъектінің аудиторлық ұйымға дәйексіз
                 толық емес ақпарат беруі немесе ақпаратты уақтылы
                 бермеуі
      Аудиттелетін субъектінің аудиторлық ұйымға аудит жүргізу барысында дәйексіз аудиторлық қорытынды жасауға әкеп соққан дәйексіз, толық емес ақпарат беруі немесе ақпаратты уақтылы бермеуі –
      лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      484-6-бап. Міндетті аудит өткізуден жалтару
      Міндетті аудит өткізуден жалтару не оны жүргізуге кедергі келтіру –
      ұйым басшыларына, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      26) 541-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мамандандырылған аудандық және соларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары, осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 79-1, 79-3, 79-4, 79-5, 79-6, 80 - 84, 85 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 85-1 (екінші бөлігінде), 85-2 (екінші бөлігінде), 85-3, 86, 86-1, 87-2, 87-3, 87-4, 87-5, 95 - 110-1, 124 (бірінші бөлігінде), 127, 129, 130, 136 - 136-2, 140 (екінші бөлігінде), 141-1, 143, 143-1, 144-1, 145, 146-1, 147, 147-1 (екінші бөлігінде), 147-10 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші бөліктерінде), 151, 151-1, 153, 154, 154-1, 155, 155-1 (төртінші бөлігінде), 155-2, 156, 157, 157-1, 158, 158-3 158-4, 158-5, 159, 161 (бірінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 162, 163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктерінде), 163-2, 163-3, 163-4, 163-6, 165, 167-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 168-1 (бірінші және екінші бөліктерінде), 168-3, 175 (екінші бөлігінде) (жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, аудиторлар және аудиторлық ұйымдар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 176 (бірiншi бөлiгiнде), 177-3, 177-4, 177-5, 179, 179-1, 183, 184, 184-1, 185, 188 (екінші бөлігінде), 190, 192, 194, 200, 202, 203, 208-1, 209, 213 (төртінші - алтыншы бөліктерінде), 214, 218-1 (жетінші бөлігінде), 222 - 229, 231 (екiншi бөлiгiнде), 232, 233, 234-1, 235 (екiншi бөлiгiнде), 237, 237-1, 246 (екінші бөлігінде), 275-1, 278 (бірiншi бөлiгiнде), 283 (бірiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 298 (екiншi, үшiншi бөлiктерiнде) 298-1 (екiншi бөлiгiнде), 302 (үшiншi бөлiгiнде), 303 (екiншi бөлiгiнде), 304 (екiншi бөлiгiнде), 305 (екiншi бөлiгiнде), 306 (екiншi бөлiгiнде), 306-1 (үшінші бөлігінде), 306-2, 308, 309-1 (жетінші, сегізінші бөліктерінде), 309-2 (төртiншi бөлiгiнде), 309-4 (сегізінші, тоғызыншы бөліктерінде), 311-1 (жетінші бөлігінде), 312-1, 314, 315, 316, 317 (екінші және үшінші бөліктерінде), 317-1, 317-2, 318, 319, 319-1, 320 (бірінші және 1-1-бөліктерінде), 321, 322 (үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 323 (екінші бөлігінде), 324 (екінші және үшінші бөліктерінде), 324-1, 326, 327 (бірінші бөлігінде), 328, 330, 330-1 (екінші бөлігінде), 332 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде) 335, 336 (үшiншi бөлiгiнде), 336-1 (үшiншi бөлiгiнде), 336-2 (үшiншi бөлiгiнде), 338 (бірiншi бөлiгiнде), 338-1, 339, 340, 342 - 344, 346 - 357, 357-1, 357-2 (екінші бөлігінде), 357-3, 357-4, 357-6, 359, 361, 362, 362-1, 363, 365, 366, 368, 368-1, 369 (екiншi бөлiгiнде), 370 (екiншi бөлiгiнде), 371 (екiншi бөлiгiнде), 372 - 376, 380 (екінші бөлігінде), 380-2, 381-1, 386 (үшiншi бөлiгiнде), 388, 389-1, 390 (екінші бөлігінде), 391 (екінші бөлігінде), 391-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 393, 394 (екiншi, үшінші және төртінші бөлiктерінде), 394-1, 396 (төртінші бөлiгінде), 400-1, 400-2, 405 (бірiншi бөлiгiнде), 409, 410, 413, 413-1, 413-2, 414, 415, 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 425-1, 426 - 430, 433, 442, 443 (бесiншi бөлiгiнде), 445, 446 (екiншi бөлiгiнде), 446-1, 453 (екiншi бөлiгiнде), 454 (бірiншi - үшiншi бөлiктерiнде), 461 (3-1 және тоғызыншы бөліктерінде), 461-1 (үшінші бөлігінде), 462 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 463 (бесінші бөлігінде), 463-1 (бесінші бөлігінде), 463-2 (бесінші бөлігінде), 463-3 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 463-4 (жетінші бөлігінде), 463-5 (төртінші бөлігінде), 463-6 (үшінші бөлігінде), 463-7 (үшінші бөлігінде), 463-8 (үшінші бөлігінде), 464 (үшінші бөлігінде), 464-2 (екінші бөлігінде), 465 (үшінші бөлігінде), 466 (екінші бөлігінде), 467 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 468 (бірінші және екінші бөліктерінде), 469 (екінші және үшінші бөліктерінде), 471 (бірінші, екінші, төртінші, және сегізінші бөліктерінде),473 (үшінші бөлігінде), 474-1, 474-2, 477 (үшiншi бөлiгiнде), 484 (бірінші бөлігінде), 484-1, 484-2 (үшінші бөлігінде), 492 (екiншi бөлiгiнде), 494 (екінші бөлігінде), 494-1 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 496 (екiншi бөлiгiнде), 501, 512-1 - 512-5, 513 - 518, 520 - 537-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
      27) 543-бапта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Iшкi iстер органдары осы Кодекстiң 131, 144, 160 (бірінші және екінші бөліктерінде), 163-1, 175 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері, автомобиль көлігімен және қалалық электр көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 183-1 (бірінші бөлігінде), 247, 277, 281-1, 298 (бірiншi бөлiгiнде), 298-1 (бірiншi бөлiгiнде), 300, 305 (бірiншi бөлiгiнде), 306 (бірiншi бөлiгiнде), 311, 311-2 (бірінші бөлігінде), 330-1 (бірінші бөлігінде), 328-1, 333, 334 (бірінші және екінші бөліктерінде), 336 (бірiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бірiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-2 (бірiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-3 (бірiншi бөлiгiнде), 336-4 (бірiншi бөлiгiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде), 341 (бірінші бөлігінде), 357-2 (бірінші бөлігінде), 364, 369 (бірiншi бөлiгiнде), 370 (бірiншi бөлiгiнде), 371 (бірiншi бөлiгiнде), 377, 378, 379, 380 (бірінші бөлігінде), 380-1, 387, 389, 390 (бірінші бөлігінде), 391 (бірінші бөлігінде), 391-1 (бірінші бөлігінде), 392, 394 (бірiншi бөлiгiнде), 395, 396 (бірінші және үшінші бөлiктерінде), 439 (бірiншi, екiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 440, 441, 443 (төртiншi бөлiгiнде), 446 (бірiншi бөлiгiнде), 459, 461 (бірінші - үшінші, төртінші-сегізінші бөліктерінде), 461-1 (бірінші және екінші бөліктерінде), 462 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 463 (бірінші және төртінші бөліктерінде), 463-1 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 463-2 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 463-3 (бірінші, екінші, төртінші және алтыншы бөліктерінде), 463-4 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 463-5 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 463-6 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 463-7 (бірінші және екінші бөліктерінде), 463-8 (бірінші және екінші бөліктерінде), 464 (бірінші және екінші бөліктерінде), 464-1 (үшінші бөлігінде), 464-2 (бірінші бөлігінде), 464-3, 465 (бірінші және екінші бөліктерінде), 466 (бірінші бөлігінде), 467 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 468 (үшінші бөлігінде), 469 (бірінші бөлігінде), 470, 471 (үшінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 472, 473 (бірінші және екінші бөліктерінде), 474, 474-1, 475, 476, 477 (бірiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 478, 480, 481 (автомобиль көлiгіндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 482, 484 (екінші бөлігінде), 484-2 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 484-3, 484-4, 484-5, 484-6, 485 - 487, 500 (бірінші бөлігінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
      екінші бөліктің 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) осы Кодекстің 183-1 (бірінші бөлігінде), 311-2 (бірінші бөлігінде), 461 (үшінші және сегізінші бөліктерінде), 461-1 (екінші бөлігінде), 462 (төртінші бөлігінде), 463 (төртінші бөлігінде), 463-1 (үшінші бөлігінде), 463-2 (төртінші бөлігінде), 463-3 (төртінші және алтыншы бөліктерінде), 463-4 (төртінші бөлігінде), 463-5 (үшінші бөлігінде), 463-6 (екінші бөлігінде), 463-7 (екінші бөлігінде), 463-8 (екінші бөлігінде), 464 (екінші бөлігінде), 464-2 (бірінші бөлігінде), 464-3 (бірінші және екінші бөліктерінде), 465 (бірінші және екінші бөліктерінде), 467 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 468 (үшінші бөлігінде), 469 (бірінші бөлігінде) 470 (үшінші бөлігінде), 471 (үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 472, 474, 475 (бірінші және екінші бөліктерінде), 484 (екінші бөлігінде), 484-2 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 484-3 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 484-4, 484-5, 484-6, 485 - 487-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін – ішкі істер органдары жол полициясы комитетінің төрағасы, басқармаларының, бөлімдерінің, бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;
      7) осы Кодекстің 175 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері және автомобиль көлігімен және қалалық электр көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 247, 461 (бірінші, екінші, төртінші - жетінші бөліктерінде), 461-1 (бірінші және екінші бөліктерінде), 462 (бірінші және екінші бөліктерінде), 463 (бірінші бөлігінде), 463-1 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 463-2 (бірінші -төртінші бөліктерінде), 463-3 (бірінші және екінші бөліктерінде), 463-4, (бірінші және алтыншы бөліктерінде), 463-5 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 463-6 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 463-7 (бірінші және екінші бөліктерінде), 463-8 (бірінші және екінші бөліктерінде), 464 (бірінші және екінші бөліктерінде), 466 (бірінші бөлігінде), 469 (бірінші бөлігінде), 470 (бірінші және екінші бөліктерінде), 471 (жетінші бөлігінде), 473 (бірінші және екінші бөліктерінде), 474-1, 476, 482, 485 (бірінші бөлігінде) (жеке тұлғаларға қатысты) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін – арнаулы атақтары бар жол полициясының қызметкерлері;»;
      28) 556-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «556-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң
                органдары
      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң органдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын жүргізушілерге қатысты (әскери қызметшiлер және жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер) осы Кодекстiң:
      1) 503, 505 - 512;
      2) 461 (бірiншi - үшінші, төртiншi - сегізінші бөлiктерiнде), 461-1, 462, 463, 463-1, 463-2, 463-3 (бірінші - төртінші бөліктерінде), 463-4, 463-5, 463-6, 463-7, 463-8, 464, 466 (бірiншi бөлiгiнде), 468 (үшінші бөлігінде), 470, 471 (алтыншы бөлiгiнде), 472, 473 (бірінші және екінші бөлiктерiнде), 474, 475 (бірiншi және екiншi бөлiктерiнде), 476, 477 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 483-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң органдары атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және:
      1) осы Кодекстiң 503, 505 - 512-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – жергілікті әскери басқару органдарының бастықтары;
      2) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін – әскери полицияның, белгіленген тәртіппен әскери автомобиль полициясының штаттағы және штаттан тыс инспекторлары болып тағайындалған лауазымды адамдарға (Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын жүргізетін адамдарға) ескерту түрінде әкімшілік жаза қолдануға құқылы.
      3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдарын жүргiзушiлер - әскери қызметшiлер мен жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған, олар үшін әкiмшiлiк жазалау ретiнде айыппұл көзделген тәртiп бұзушылықтар туралы материалдарды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгiлеген тәртiппен әскери полиция кiнәлiлердi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының тәртiптiк жарғысы бойынша жауапқа тарту үшiн тиiстi командирлерге (бастықтарға) бередi.
      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдарын жүргiзушiлер – әскери қызметшiлер мен жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған, көлiк құралын жүргiзу құқығынан айыру не әкімшілік қамауға алу түрiнде әкiмшiлiк жаза қолданылуы мүмкiн тәртiп бұзушылықтар туралы хаттамаларды әскери полиция Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігімен бірлесiп белгiлеген тәртiппен сотқа жiберу үшiн жол полициясы органдарына бередi.
      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдарын жүргiзушiлер – әскери қызметшiлер мен жиынға шақырылған әскери мiндеттiлерден басқалар жасаған, айыппұл, көлiк құралын жүргiзу құқығынан айыру, әкімшілік қамауға алу түрiнде әкiмшiлiк жазалар қолданылуы мүмкiн тәртiп бұзушылықтар туралы хаттамаларды әскери полиция Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігімен бірлесiп белгiлеген тәртiппен қарау не сотқа жiберу үшiн жол полициясы органдарына бередi.»;
      29) 620-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының көлік құралдарын жүргізетін жүргізушілер мен басқа да адамдар жол жүрісі қағидаларын бұзған жағдайда – әскери полицияның лауазымды адамдары;»;
      30) 628-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
      «1-1. Жол жүрісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жүргізуші куәлігін не уақытша куәлікті куәгерлерсіз алып қою, оның орнына істі уақтылы және дұрыс қарауды қамтамасыз ету және іс бойынша қабылданған қаулыны орындау үшін осы Кодексте көзделген мерзімге не айыппұл түрінде шығарылған қаулыларды өз еркімен орындау үшін осы Кодексте көзделген мерзімге көлік құралын жүргізу құқығына уақытша куәлік беру арқылы расталады.
      Уақытша куәлік жүргізуші куәлігінің мәліметтері мен деректемелерін, күнін, осы Кодекстің ерекше бөлімінің бұзылған бабын, лауазымды адамның қолын және уәкілетті органның мөрін қамтитын қатаң есептіліктегі бланк болып табылады.»;
      7-1-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-1. Жол жүрісі қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулы бойынша алып қойылған жүргізуші куәлігі немесе көлік құралын жүргізуге құқық беретін жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлік, оның иесі жол жүрісі қағидаларын білуін тексеруге арналған емтиханды тапсырған жағдайда жүргізушіге дереу қайтарылады.
      Жүргізуші емтиханға жіберу туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде жол жүрісі қағидаларын білуін тексеруге арналған емтиханды тапсырмаған кезде қаулы шығарған лауазымды адам жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қолданады.»;
      31) 629-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттетудi, мас күйдi медициналық емес куәландыруды және медициналық куәландыруға жiберудi, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және көлiк бақылау органдарының көлiк құралын жүргiзушi адам құқық бұзушылық жасаған кезде тиiсiнше, жол полициясының, әскери полицияның лауазымды адамдары жүргiзедi.
      Жол полициясының лауазымды адамдарымен қатар, оған қатысты мас күйде деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер бар жүргiзушiнi көлiк құралын жүргiзуден шеттетуге полицияның учаскелiк инспекторларының, одан басқа бұл жағдайда тәртiп бұзушылық фактiсiн құжатпен бекітуге және жүргiзушi мен көлiк құралын таяу жердегi iшкi iстер органына жеткізу жөнiнде шара қолдануға мiндеттi iшкi iстер органдарының басқа да қызметкерлерiнiң құқығы бар.»;
      32) 634-баптың бірінші бөлігінде:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптарының, оның ішінде автоматты режимде жұмыс істейтін және жол ахуалын, көлік құралы жүрісінің жылдамдығы мен бағытын, жол жүрісіне басқа қатысушылардың іс-әрекеттерін фото-бейнежазба арқылы жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық жасауды тіркейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен бақылау аспаптарының көрсеткіштері;»;
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) көлік құралы иесінің хабарламасындағы немесе өтінішіндегі осы бөліктің 4) тармақшасында көрсетілген жағдайларда көлік құралы басқа адамның иелігінде немесе пайдалануында болғаны туралы деректерді растау себеп болып табылады.»;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс:
      1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау туралы хаттама жасалған немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау туралы прокурор қаулы шығарған;
      2) судья (сот) сот талқылауы барысында процеске қатысушы адамның тарапынан сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісінің анықталғаны туралы жариялаған;
      3) осы Кодекстің 639-бабында көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығарылған кезден бастап қозғалған болып есептеледі.»;
      33) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «iшкi iстер органдарының (79-1, 79-3, 79-4, 79-5, 79-6, 83-1, 85-3, 86, 86-1, 87-3, 87-4, 87-5, 96, 111-117, 135-1, 136, 136-1, 136-2, 141-1, 143, 143-1, 147-1 (екiншi бөлiгi), 159, 162, 163 (үшінші және төртінші бөліктері), 163-2, 163-3, 163-4, 183-1 (екінші бөлігі), 203, 234-1, 283 (бірінші және үшінші бөліктері), 298 (екiншi және 2-1-бөлiктері), 298-1 (екiншi бөлiгi), 306-2, 311-2 (екінші бөлігі), 314, 317-1 (азаматтық және қызметтік қаруларға және оның патрондарына, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымына байланысты химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 318 - 321, 324-1, 330, 330-1 (екінші бөлігі), 331, 332, 334 (үшінші бөлігі), 335, 336, 336-1 (үшiншi бөлiгi), 336-2 (үшiншi бөлiгi), 336-3 (екінші бөлігі), 336-4 (екінші бөлігі), 338 (бiрiншi бөлiгi), 338-1 (бірінші, екінші, оныншы және он бірінші бөліктері), 339, 340, 341 (екінші бөлігі), 344, 354-1, 355 - 357, 362, 362-1, 363, 365, 366, 368, 368-1, 369 (екiншi бөлiгi), 370 (екiншi бөлiгi), 371 (екiншi бөлiгi), 372, 373, 374 (бiрiншi - төртiншi бөлiктерi), 374-1, 380 (екінші бөлігі), 380-2, 388, 390 (екінші бөлігі), 391-1 (екінші және үшінші бөліктері), 394 (екiншi, үшінші және төртінші бөлiктерi), 394-1, 396 (төртінші бөлігі), 446 (екiншi бөлiгi), 461 (3-1 және тоғызыншы бөліктері), 461-1 (үшінші бөлігі), 462 (үшінші және бесінші бөліктері), 463 (екінші, үшінші және бесінші бөліктері), 463-1 (бесінші бөлігі), 463-2 (бесінші бөлігі), 463-3 (үшінші және бесінші бөліктері), 463-4 (жетінші бөлігі), 463-5 (төртінші бөлігі), 463-6 (үшінші бөлігі), 463-7 (үшінші бөлігі), 463-8 (үшінші бөлігі), 464 (үшінші бөлігі), 464-2 (екінші бөлігі), 465 (үшінші бөлігі), 466 (екінші бөлігі), 467 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 468, 468-2, 469 (екінші және үшінші бөліктері), 471 (бірінші, екінші, төртінші және сегізінші бөліктері), 473 (үшінші бөлігі), 474, 474-1, 474-2, 475, 477 (үшiншi бөлiгi), 484 (бірінші бөлігі), 484-1 (бірінші бөлігі), 484-2 (үшінші бөлігі), 500 (екінші бөлігі), 501, 514 (461 - 471-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде), 518, 521, 524 (461-471-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде), 531-баптар);»;
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi органдарының: әскери полициясының (әскери қызметшiлер мен жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған құқық бұзушылықтар туралы (461 (3-1-бөлiгi), 463-3 (бесінші бөлік), 464-1, 465 (екінші бөлік), 466 (екінші бөлік), 467 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 468, 468-2, 469, 471 (бірінші, екінші, және төртінші бөліктері), 473 (үшінші бөлігі), 474-1, 475 (үшінші бөлігі)-баптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдарын жүргiзушi (әскери қызметшiлер мен жиынға шақырылған әскери мiндеттiлерден басқа) адамдар жасаған барлық жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтар туралы;»;
      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «әскери полиция органдарының (388, 389-1, 512-1 - 512-5-баптар);»;
      34) 639-баптың бірінші және 1-1-бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ескерту немесе айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдануға әкеп соғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде, егер ол бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаса және адам (жеке тұлға, орган немесе заңды тұлғаның басқару функциясын жүзеге асыратын адам) құқық бұзушылық жасау фактісін мойындаса және осы баптың 1-1 және екінші бөліктерінде көзделген жағдайларда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды. Жазаны соған уәкілеттік берілген лауазымды адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығару арқылы әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде ресімдейді. Айыппұл түрінде жаза қолданылған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыда осы Кодекстің талаптарына сәйкес ресімделген түбіртек туралы мәліметтер де көрсетіледі.
      Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының екінші данасына қол қою арқылы қолданылған жазаға өзінің келісетінін растайды.
      1-1. 539-баптың үшінші бөлігінде, осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жол жүрісі қауіпсіздігі саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды.
      Айыппұл түріндегі жазаны оған уәкілетті лауазымды адам осы Кодекстің 710-бабында белгіленген тәртіппен қолданады және төлеткізе алады.
      Егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарында және аспаптарында тіркелсе, арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралының немесе аспабының көрсеткіштері қоса беріліп, айыппұл осы Кодекстің 651-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығару арқылы ресімделеді, олар өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адамға пошта арқылы тапсырыс хатпен хабардар етіліп, үш күн ішінде жіберіледі (беріледі).
      Қаулы көлік құралының меншік иесі (иесі) тиісінше хабардар етілген немесе хабарлама алған және осы қаулыға шағымы болмаған кезден бастап он күн өткеннен кейін күшіне енеді.»;
      35) 640-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «640-бап. Хаттаманы (прокурордың қаулысын) iстi қарау үшiн
                жiберу
      1. Анықталған адамға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) жасалған кезден бастап үш тәулiк iшiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлетті судьяға, органға (лауазымды адамға) қарау үшiн жiберiледi.
      2. Осы Кодекстің 469-бабының екінші және төртінші бөліктерінде (осы баптың екінші бөлігіне қатысты) көзделген құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама анықталған адамға қатысты жасалған сәтінен бастап үш тәулік ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті судьяға қарау үшін жіберіледі.
      3. Жасағаны үшiн жауаптылығы әкiмшiлiк қамауға алуды қолдануға әкеп соғуы мүмкiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) ол жасалғаннан кейiн дереу судьяға жiберiледi.
      4. Хаттаманы оны жасауға құқығы жоқ адам жасаған жағдайларда хаттама дұрыс жасалмаған және iстiң басқа да материалдары дұрыс ресiмделмеген кезде, сондай-ақ осы Кодекстiң 646-бабының 4) тармақшасында көзделген өзге де жағдайларда хаттаманың және басқа да материалдардың кемшiлiктерi оларды әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судьядан, органнан (лауазымды адамнан) алған күннен бастап үш тәулiктен аспайтын мерзiмде жойылады. Түзетiлген хаттама және iстiң басқа да материалдары оларға енгiзiлген өзгерiстерiмен қоса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын судьяға, органға (лауазымды адамға) кемшiлiктерi жойылған күннен бастап бiр тәулiк iшiнде қайта жiберiледi.»;
      36) 697-бап мынадай мазмұндағы 4-бөлікпен толықтырылсын:
      «4. Көлік құралын жүргізу құқығынан айыру түрiндегі әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы ол шығарылған сәттен бастап, ал жүргізуші куәлігін тапсырудан бас тарту жағдайында – оны іс жүзінде алып қойған күннен бастап орындалуға тиіс.»;
      37) 707-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «707-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны өз еркiмен орындау
      1. Әкімшілік жауапқа тартылған адам айыппұлды қаулының заңды күшіне енген күнінен бастап отыз күннен кешіктірмей төлеуге тиіс.
      Айыппұлды осы Кодекстiң 701-бабында көзделген кейiнге қалдыру жағдайында әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам кейінге қалдыру мерзімі өткен күннен бастап төлеуге тиiс.
      2. Осы Кодекстің 461 – 471-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар үшін, салынған кезден бастап бір тәулік ішінде төленген әкімшілік айыппұл –
      әкімшілік айыппұл сомасының елу пайызға азайтылуына әкеп соғады.
      3. Осы Кодекстің 461 – 471-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар үшін салынған сәтінен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде төленген әкімшілік айыппұл –
      әкімшілік айыппұл сомасының отыз пайызға төмендеуіне әкеп соғады.
      4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн салынған айыппұлды кейіннен айыппұл салу туралы қаулы шығарған судьяға немесе органға (лауазымды адамға) жазбаша нысанда хабарлай отырып, белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бюджетке жеке тұлға енгiзедi немесе заңды тұлға аударады.»;
      38) 708-баптың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жауапқа тартылған адам жұмыстан шығып кеткен не оның жалақысынан немесе өзге де кірістерінен айыппұл өндіріп алу мүмкiн болмаған жағдайларда, ұйымның әкiмшiлiгi жұмыстан босатылған немесе жазаны орындауға мүмкiндiк бермеуге әкеп соғатын оқиға болған күннен бастап он күн мерзiмде, жауапқа тартылған адамның жаңа жұмыс орнын (егер ол белгiлi болса), өндiрiп алудың мүмкiн еместiгi себептерiн көрсетiп, сондай-ақ ұстау жүргiзiлгенi (егер ол жүргiзiлсе) туралы белгiсі бар қаулыны айыппұл салу туралы қаулы шығарған сотқа, уәкілетті органға қайтарады.
      4. Егер айыппұл салынған жеке адам жұмыс iстемесе немесе басқа да себептер бойынша айыппұлды жалақысынан немесе өзге де кірістерінен өндiрiп алу мүмкiн болмаса, айыппұл салу туралы қаулыны оны шығарған сот, уәкілетті орган заңдарда көзделген тәртiппен мәжбүрлеп орындату үшiн мемлекеттік сот орындаушысына жiбередi.»;
      39) 710-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде айыппұлды өндіріп алу, қаржылық есептілік бланкілерін қабылдау, есепке алу, сақтау және жұмсау, қаржы құралдарының қозғалысы, оларды мемлекет бюджетіне қабылдау және есепке алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.».
      2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат):
      115-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) автомобиль жолдарына, көлік құралдары үшін тұратын орындар мен тұрақтарға, олардың конструкциялық элементтерi мен жол ғимараттарына және олармен технологиялық байланысқан құрылыстар мен ғимараттарға;».
      3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар;№ 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат):
      1) 367-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1. Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн:
      1) жеңiл автомобильдерге:
      В (ВЕ, В1 қоса алғанда) санатындағы автомобильдер;
      жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушi кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиiндегi моторлы көлiк құралдары (автомобиль-пикаптар);
      рұқсат етiлген ең жоғары массасы және (немесе) жолаушылар орнының саны бойынша В (ВЕ қоса алғанда) санатына қойылатын талаптардан асып түсетiн, сыйымдылығы ұлғайтылған және жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары автомобильдер (жолсызбен жүретiн автомобильдер, оның iшiнде джиптер, сондай-ақ кроссоверлер мен лимузиндер) жатады;
      2) егер осы тармақтың 1) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, жүк автомобильдерiне С (СЕ, С1Е, С1 қосқанда) санатындағы автомобильдер жатады;
      3) егер осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында өзгеше белгiленбесе, арнайы автомобильдерге белгiлi бiр технологиялық процестердi немесе операцияларды орындауға арналған, арнайы жабдықтары бар автомобильдер жатады;
      4) егер осы тармақтың 1) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, автобустарға D (DЕ, D1Е, Д1 қосқанда) санатындағы автомобильдер жатады.»;
      2) 540-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) мыналарды:
      жүргiзушiнiң куәлiгiн бергенi үшiн - 125 пайыз;
      көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк бергенi үшiн – 125 пайыз;
      автомобильге мемлекеттiк тiркеу нөмiрiнiң белгiсiн бергенi үшiн – 280 пайыз;
      автомобильге 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 санмен белгіленген мемлекеттiк тiркеу нөмiрiнiң белгiлерін бергенi үшiн – 13 700 пайыз;
      автомобильге 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 санмен белгіленген мемлекеттiк тiркеу нөмiрiнiң белгiлерін бергенi үшiн – 22 800 пайыз;
      мотокөлiкке, автомобиль тiркемесiне мемлекеттiк тiркеу нөмiрiнiң белгiсiн бергенi үшiн - 140 пайыз;
      көлiк құралын айдап әкелуге арналған мемлекеттiк тiркеу нөмiрiнiң белгiсiн (транзиттiк) бергенi үшiн - 35 пайыз;
      техникалық қарап тексерудің халықаралық сертификатын бергенi үшiн – 50 пайыз;».
      4. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24,129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат):
      1) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-1) аумақтық көліктік жоспарлау – көліктің барлық түрлерінің инфрақұрылымын орналастыруды және көліктің маршруттық желісін трассалауды жоспарлауды қамтитын аумақтың көліктік жүйесін дамытуды жоспарлау;»;
      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «19) көлiк инфрақұрылымы – көпiр, үңгіжол және өзге де көлiк құрылыстарының, елді мекендердің көше-жол желілерінің, жол тарамдары мен жол өткiзгiштерiнiң, реттеушi белгi беру құрылғыларының, байланыстың, жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің қатынас жолдарының, көлiк жұмысын инженерлiк қамтамасыз ету, жүктердi, жолаушыларды тасымалдайтын көлiк құралдарына қызмет көрсету, өндiрiстiк және қызмет көрсетушi персоналдың функционалдық қызметiн қамтамасыз ету объектiлерiнің, қойма үй-жайлары мен аумақтардың, санитариялық-қорғаныш және күзет алаңдарының, сондай-ақ көрсетiлген қатынас жолдарына және онда орналасқан жылжымайтын мүлiк объектiлерiне заңнамалық бекiтiлген жерлердiң кешенi бар жерүстi (автомобиль және (немесе) темiр) жолдарының, су (теңiз және (немесе) өзен) жолдарының жиынтығы;»;
      мынадай мазмұндағы 19-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «19-2) көше-жол желісі – қызыл сызықтармен шектелген және көлік құралдарының, велосипедтер мен жаяу жүргіншілердің жүруіне, инженерлік коммуникацияларды салуды және жүргізуді ретке келтіруге, сондай-ақ елді мекендер аумағының қатынас жолдарының құрамдас бөлігі ретінде олардың көлік, велосипед және жаяу жүргіншілердің байланыстарын қамтамасыз етуге арналған, елді мекендер аумағының бір бөлігі болып табылатын көліктік инфрақұрылымының объектісі. Көшелер, даңғылдар, тұйық көшелер, өтпелер, жағалаулар, алаңдар, тротуарлар, жаяу жүргіншілер және велосипед жолдары көше-жол желісінің негізгі элементтері болып табылады;»;
      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «22) қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасы мен жол жүрісін аумақтық-көліктік жоспарлау және ұйымдастыру құжаттамасы – аумақтарды ұйымдастыру, жол жүрісін аумақтық-көліктік жоспарлау және ұйымдастыру, аумақтар мен елдi мекендердi дамыту мен салудың қала құрылысын жоспарлау, объектiлердi салу (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, реконструкциялау, реставрациялау, күрделi жөндеу, консервациялау және кейiннен кәдеге жарату), сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру, көгалдандыру, сыртқы безендiру үшiн қажеттi (жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын, мемлекеттiк және мемлекетаралық нормативтiк құжаттарды қоса алғанда) өзара байланысты құжаттар жүйесi;»;
      25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «25) қала құрылысы қызметi (бұдан әрi – қала құрылысы) – аумақтар мен елді мекендерді ұйымдастыру және дамытудың қала құрылысын жоспарлаудағы, оларды жол жүрісін аумақтық-көліктік жоспарлаудағы және ұйымдастырудағы, аумақтарды қала құрылысына пайдалану түрлерін айқындаудағы, қала құрылысы кеңістігін қалыптастырудың шығармашылық процесін, қала құрылысы жобасын жасауды, қала құрылысы құжаттамасының барлық сабақтас бөлімдерін үйлестіруді қамтитын қалалық және ауылдық елдi мекендердi кешендi жоспарлаудағы қызмет;»;
      2) 3-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мемлекеттiк мүдделердi – тұтастай алғанда, өңірлерді, қалаларды, кенттердi, ауылдарды (селоларды) және басқа да қоныстарды тұрақты дамыту жағдайларын, жол жүрісін аумақтық-көліктік жоспарлауды және ұйымдастыруды, тiршiлiктi қамтамасыз ету жүйелерiнiң, көлiк және инженерлiк коммуникациялардың, байланыс пен энергетиканың жұмыс iстеуiн, қоршаған ортаны қорғауды, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн сақтауды қамтамасыз етудегi қоғам мүдделерiн;»;
      3) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
      «9-1-бап. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі
                талаптар
      1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыру жол жүрісін аумақтық-көліктік жоспарлау және ұйымдастыру жөніндегі заңнамада белгіленген талаптарды қамтамасыз ету шарттарына негізделуі тиіс.
      Осы талаптарды орындау жөніндегі шаралар жол жүрісін аумақтық-көліктік жоспарлау және ұйымдастыру жөніндегі жобалық құжаттамада көрсетілуге тиіс.
      2. Қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасының құрамына жол жүрісін аумақтық-көліктік жоспарлау және ұйымдастыру жөнiндегi жобалардың бөлiмдерi (бөлiктерi) енгiзiледi.
      Жол жүрісін аумақтық-көліктік жоспарлау және ұйымдастыру жөнiндегi жобалау құжаттамасының белгiленген тәртiппен бекiтiлген талаптарын (шарттарын, шектеулерiн) орындау жобаларды iске асыруды жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi.
      3. Елді мекендер мен аумақтар жол жүрісін аумақтық-көліктік жоспарлау және ұйымдастыру жөніндегі кешенді жобалау құжаттамасымен қамтамасыз етілуге тиіс.
      4. Елді мекендерде жол-көлік оқиғаларын және жолдар мен көшелердің өткізу қабілеті мониторингінің нәтижелері мемлекеттік қала құрылысының кадастрында базалық деңгейде көрсетіледі.
      5. Жол жүрісін аумақтық-көліктік жоспарлау және ұйымдастыру жөніндегі жобалардың бөлімдерінде (бөліктерінде) құжаттардың мынадай түрлері қамтылады:
      1) кешенді сызбалардың, бас жоспарлардың көліктік бөлімдерін әзірлеу үшін негіз болатын материалдар (жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі тұжырымдамалық ұсыныстар, кешенді көліктік сызбалар, зерттеулер мен болжамдар) – көлік жүйелерінің жұмысын, жол-көлік оқиғаларының ошақтары мен себептерін зерттеу, күтілетін авариялық деңгейі бойынша бұрын әзірленген жобалық шешімдерді бағалауды орындайды, көлік ауыртпалығын қайта бөлу, көше-жол желісін қайта жіктеу, көше-жол желісінің жаңа учаскелерін салу, жол жүрісін шектеу есебінен жол-көлік оиғаларын азайту жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
      2) кешенді көлік сызбасы – жеке және қоғамдық көлік арасындағы көлік жұмысының көлемдерін бөлуді орындайды, көше-жол желілерін және қоғамдық көлік желісін, көшеден тыс жылдамдық жүрісі желілерін дамыту жөнінде кешенді шешімдер ұсынады;
      3) көше-жол желісінің бас сызбасы – аумақтық жоспарлау құжаттарына (аумақтық жоспарлау сызбаларына және бас жоспарларға) сәйкес тиімді және қауіпсіз көше-жол желісін дамыту міндеттерін іске асырудың қаржылық-экономикалық аспектілерін белгілейді;
      4) көше-жол желісін ұйымдастыру жобасы – магистральды көше-жол желісінің берілген құрылымын іске асырады, жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды қамтамасыз ету шартымен көшелердің, жолдар мен тораптық элементтердің, көлденең және бойлық бейіндердің, тораптардағы жол жүрісі сызбаларының орналасқан жерлерін айқындайды. Көшелер мен жолдарды орналастыру үшін қажетті аумақты айқындайды;
      5) жолдарды жоспарлау жобасы – жол жүрісі қауіпсіздігі талаптарын ескере отырып, резервтегі аумақтардың шегінде (қызыл сызықтар) көшелер мен жолдардың негізгі элементтерінің орналастырылатын жерлерін айқындайды;
      6) жол жүрісін ұйымдастырудың кешенді схемасы – көше-жол желісін ұйымдастырудың қабылданған жобасы мен көшелерді жоспарлаудың қабылданған жобалары шеңберінде қоғамдық көлік жүрісімен өзара байланыста жол жүрісін ұйымдастыру жүйесін айқындайды.
      6. Жол жүрісін аумақтық-көліктік жоспарлау және ұйымдастыру үш сатыда жүзеге асырылады:
      1) бірінші сатыда ағымдағы көлік жағдайын зерттеу жүргізіледі, көлік жағдайының ұзақ мерзімді перспективаға өзгеру болжамдары орындалады, аумақтың көлік тірегін дамыту мүмкіндіктері бағаланады және бірінші кезек бөліне отырып, ұзақ мерзімді перспективаға арналған жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі тұжырымдамалық ұсыныстар қалыптастырылады. Бір жүз мыңнан астам тұрғыны бар қалалар, көлік жағдайы күрделі басқа да қалалар үшін кешенді көлік сызбалары әзірленеді;
      2) екінші сатыда зерттеу нәтижелері, тұжырымдамалық ұсыныстар және кешенді көлік сызбалары негіз болатын материалдар ретінде ресімделеді және Қазақстан Республикасының және жекелеген өңірлердің (облыстың немесе оның қандай да бір бөлігінің) аумағын аумақтық жоспарлау схемаларын, елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу шеңберінде қаралады. Аумақтық жоспарлау схемаларының және бас жоспарлардың басқа материалдарымен өзара байланыста жол жүрісін ұйымдастырудың бас схемалары көрсетілген құжаттарды әзірлеу нәтижесі болып табылады;
      3) үшінші сатыда жол жүрісін ұйымдастырудың бас схемаларының негізінде жол жүрісін ұйымдастырудың кешенді схемалары әзірленеді.
      7. Көше-жол желісін ұйымдастыру жобасы бас жоспар (аумақтық жоспарлау құжаты), жолдарды жоспарлау жобасы мен жол жүрісін ұйымдастырудың кешенді схемасы арасындағы өзара байланыстырушы буын болып табылады.
      8. Жолдарды жоспарлау жобасы жол жүрісін ұйымдастыру жобасын жекелеген тораптарда әзірлеу үшін негіз болып табылады.
      9. Қазақстан Республикасының аумағында жолдарды жобалау:
      1) жол жүрісі үдемелілігінің ұлғаю перспективасын ескере отырып, жолдардың қажетті өткізу қабілетін;
      2) жолдарды интеллектуальды көлік жүйелерімен;
      3) қоғамдық көліктің кедергісіз және қауіпсіз жүруін, оның ішінде оларға жүру үшін бөлек белдеулерді бөлу арқылы;
      4) велосипедтердің кедергісіз және қауіпсіз жүруін, оның ішінде оларға велосипед жүретін бөлек белдеулер не велосипед жолдарын бөлу арқылы;
      5) жолдарды трасса бойындағы медициналық-құтқару пункттерімен;
      6) жаяу жүргіншілер өтпелерімен қамтамасыз етудің міндетті талаптарына сай болуға тиіс.»;
      4) 42-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың бас схемасы:
      1) стратегиялық және экономикалық жоспарлаудың қағидаларына сәйкес өндiргiш күштердi жайғастыру мен орналастырудың негiзгi қағидаттарын;
      2) табиғатты ұтымды пайдаланудың және республикалық маңызы бар шаруашылық қызметтiң, өндiрiстiк, көлiк, инженерлiк, әлеуметтiк және рекреациялық инфрақұрылымдарды дамытудың негiзгi қағидаларын;
      3) өңірлердегі экологиялық ахуалды жақсарту, тарихи-мәдени мұра объектiлерi және (немесе) қорғалатын ландшафтық объектiлерi бар аумақтарды сақтау жөнiндегi негiзгi шараларды;
      4) ерекше қорғалатын аумақтарды, табиғи және техногендiк сипаттағы құбылыстар мен процестердiң қауiптi (зиянды) әсерiне ұшыраған пайдалы қазбалар жатқан аумақтарды немесе сәулет-қала құрылысы қызметiн жүзеге асыру үшiн қысылтаяң табиғи-климаттық жағдайларды пайдалану жөнiндегi пайдалану немесе шектеу түрлерiн;
      5) жол жүрісін аумақтық-көліктік жоспарлау және ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды қамтиды.»;
      5) 43-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Аумақты дамытудың өңіраралық схемалары Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасына сәйкес әзiрленедi, екi және одан көп облыстың (не олардың бөлiктерiнiң) аумақтарындағы өзара келiсiлген (топтастырылған) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi, сондай-ақ әкiмшiлiк-аумақтық бірліктердің шекараларын есепке алмай, әлеуметтiк-экономикалық немесе экологиялық аудандар үшiн қызмет етедi және:
      1) жоспарланатын аумақты аймақтарға бөлудi;
      2) аумақты қала құрылысына игеру мен дамытуды;
      3) өңірлік және өңіраралық маңызы бар өндiргiш күштердi, өндiрiстiк, көлiк, инженерлiк, әлеуметтiк және рекреациялық инфрақұрылымдарды жайғастыру мен орналастыру жүйесiн кешендi дамыту жөнiндегi шараларды;
      4) табиғатты ұтымды пайдалану, ресурстармен қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шараларды;
      5) жол жүрісін аумақтық-көліктік жоспарлау және ұйымдастыру жөніндегі шараларды айқындайды.»;
      6) 44-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Кешендi схемаларда аталған өңірдегі елдi мекендердiң, қала маңы аймақтарының шекараларын белгiлеу, резервтiк аумақтарды қоса алғанда, аумақты кешендi дамыту үшiн ресурстармен қамтамасыз ету, сондай-ақ жол жүрісін аумақтық-көліктік жоспарлау және ұйымдастыру жөнiндегі ұсыныстар қамтылуға тиiс.»;
      7) 47-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) кешенді көлік схемасын, көше-жол желісінің бас схемасын және жол жүрісін ұйымдастырудың кешенді схемасын қамтитын бас жоспардың көлік бөлігін әзірлеу жөніндегі негізгі бағыттар;»;
      8) 49-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақпен толықтырылсын:
      «21-1. Тұрғын аймақ пәтерлердің санына сәйкес автомобиль көлігіне арналған автокөлікті қою орындарымен және тұрақтармен, қажетті тұрақ алаңдарымен, балалар және спорт алаңдарымен қамтамасыз етілуге тиіс.».
      5. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат):
      1) 9-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеу жерлерi жол органдарының немесе концессионерлердiң иелiгiнде және пайдалануында болады әрі автомобиль жолдарын дамытуға, көркейтуге және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ғана арналады.»;
      2) 14-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Автомобиль жолдарын дамытуды жоспарлауды мемлекеттiк органдар, шаруашылық және жеке меншiк автомобиль жолдарының басқарушылары бекiтiлген республикалық және өңірлік бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырады. Қалалардың және өзге де елдi мекендердiң көше-жол желiсiн дамытуды жоспарлауды көлік құралдарын қоятын орындар мен тұрақтарды ұйымдастыру үшін міндетті түрде жер бөле отырып, тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.»;
      3) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау үшiн әзiрленген техникалық құжаттама – жол жүрісі қауіпсіздігі аудитін жүргізуге, белгiленген тәртiппен мемлекеттiк, оның iшiнде экологиялық сараптауға, ал жалпыға ортақ пайдаланылып отырған автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу үшiн автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен ведомстволық сараптауға жатады.».
      6. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2010 ж., № 2, 25-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат):
      1) 9-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Iшкi iстер органдары көлiк оқиғасына қатысушыларға не олардың өкiлдерiне, сондай-ақ сұратуы бойынша сақтандыру ұйымдарына, сақтандыру омбудсманына сақтандыру жағдайының, сондай-ақ көлiк оқиғасы орнынан жасырынған адам жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрген жағдайдың туындау фактiсiн растайтын құжаттардың бiр-бiр данасын, оның iшiнде жол оқиғасының схемасымен қоса, Жол жүрiсi қағидаларының бұзылуы туралы хаттаманың көшiрмесiн бередi.
      2. Көлiк оқиғасы және оның салдары туралы ақпараты бар ішкi iстер органдары, прокуратура органдары, соттар, денсаулық сақтау ұйымдары, өзге де мемлекеттiк органдар мен ұйымдар сақтандырушыға, сақтандыру омбудсманына және Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорына өтiнiш жасаған кезде бұл ақпаратты жазбаша нысанда, мөрмен куәландырып тегiн беруге мiндеттi.»;
      2) 14-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) сақтандырушы бірінші сақтандыру төлемін жүзеге асырған жағдайларда тоқтатылған деп есептеледі, бұл ретте сақтандырушы осы Заңда көзделген сақтандыру сомалары шегінде бірінші сақтандыру төлемі жүзеге асырылғанға дейінгі кезеңде туындаған барлық сақтандыру жағдайлары бойынша міндеттемелерді мойнына алады.».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады