Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1713 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 621 қаулысымен

"Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1713 Қаулысына
Баспасөз-релизі

      Міндетті теле-, радиоарналар тізбесі жеке тұлғалардың ақпарат алу құқықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігінің сақталуына және қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 қазандағы № 1713 қаулысымен бекітілген.
      Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына міндетті түрде таратылатын мәдениетті, ғылыми білім беретін, танырлық-ағартушылық және басқа да әлеуметтік маңызды ақпараттың жиынтығын біріктіреді.
      Кабельдік, спутниктік және цифрлық эфирлық телерадио хабарларын тарататын операторлар өз пакеттеріне көрсетілген тізбеге кірген теле-, радиоарналарды енгізуге міндетті.
      Тізбеге мына арналар енгізілді:
      1) «Қазақстан»;
      2) «Мәдениет»;
      3) «Балапан»;
      4) «Хабар»;
      5) «Ел арна»;
      6) «Kazakh TV»;
      7) «Білім»;
      8) «24 KZ»;
      9) «Астана»;
      10) «КТК»;
      11) «НТК»;
      12) «7 канал»;
      13) «31 канал»;
      14) «СТВ».
      Тізбеге енген арналар, телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссиямен ұсынылды.
      Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналасқан: www.mki.gov.kz («Нормашығармашылық қызметі» бөлімінің «Нормативтік-құқықтық актілер (Ақпарат басқармасы)» бөлімшесінде).

      Қазақстан Республикасының
      Мәдениет және ақпарат министрлігі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз