Баспасөз релизі
2012 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов «Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қол қойды.
Осы қаулыны қабылдаудың мақсаты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі Заңына, сондай-ақ «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 18-бабының 7-тармағына және «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес келтіру болып табылады.
Қаулымен лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі лицензияланатын қызмет саласындағы, сондай-ақ ойын бизнесі саласындағы лицензиар органды белгілеу, сондай-ақ тиісті қызмет түрін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және ойын бизнесінің және лотерея қызмет субъектілерінің сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін жаңа редакцияда бекіту көзделген.
Жоғарыда көрсетілген қаулыны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды, оны іске асыру бюджет қаражатын жұмсауды талап етпейді.
Қазақстан Республикасы
Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігі