Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі
істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 150-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; 2011 ж., № 12, 111-құжат):
4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қару
Жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қаруға жауынгерлік және жедел-қызмет міндеттерін шешуге арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдары мен олардың бөлімшелерінің (бұдан әрі – Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрамалар, арнаулы және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, құқық қорғау органдары) қарулануына қабылданған, сондай-ақ басқа мемлекеттерге жеткізу үшін жасап шығарылатын қару жатады.
Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарының, сондай-ақ суық қарудың айналымы тәртібін заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
5-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өзін-өзі қорғау қаруы:
тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруы;
газды қару – газ пистолеттері, револьверлер және олардың патрондары, механикалық тозаңдатқыштар, аэрозольды және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға рұқсат берген көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен оқталған басқа да құрылғылар;
электрлі қару – зақымдағыш әсері электр энергиясын пайдалануға негізделген, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға рұқсат берген қару және өзге де заттар;»;
6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Қызметтік қару
Қызметтік қаруға жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік қаруды сатып алуға (алуға) құқығы бар мемлекеттік саяси қызметшілердің, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының, сондай-ақ өздеріне заңнамамен жүктелген немесе өз жарғыларында (ережелерінде) көзделген, азаматтардың өмірі мен денсаулығын, меншікті қорғау, қоршаған орта объектілерін және табиғи ресурстарды, бағалы және қауіпті жүктерді, арнаулы хат-хабарды қорғау жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру кезінде ұйымдардың пайдалануына арналған қару жатады.
Қызметтік қаруды пайдалануға және қолдануға байланысты функциялар жүктелген ұйымдар ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалар (бұдан әрі – ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалар) болып табылады.
Қызметтік қаруға жарақат салатын, газбен және жарық-дыбыспен әсер ететiн патрондары бар ұңғысыз атыс, газды қаруы, қысқа ұңғылы тегіс және ойық атыс қаруы, сондай-ақ ұзын ұңғылы тегіс және ойық қару жатады.
Қызметтік қару түйдектете оқ атуды болғызбауы тиіс.»;
7-бапта:
2-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қаруды (олардың негізгі (құрамдас) бөлшектерін) және олардың патрондарын пошта жөнелтімдері арқылы, оның ішінде халықаралық пошта жөнелтімдері арқылы жөнелтуге;»;
мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2) және 6-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) жарақат салатын патрондардың, оның ішінде азаматтық өзін-өзі қорғау қаруының металл өзекті патрондарының айналымына;
6-2) азаматтардың жарақат салатын патрондармен атуға мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс және газды қаруды сатып алуына, сақтауына және пайдалануына;
6-3) азаматтардың жарақат салатын патрондарды сатып алуына, сақтауына және пайдалануына;»;
12-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың, арнаулы және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, құқық қорғау органдарының;»;
13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери
құрамалардың, арнаулы және құқық қорғау органдарының
қаруды сатып алу құқығы
Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың, арнаулы және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, құқық қорғау органдарының жауынгерлік қол атыс қаруы мен өзге де қаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен сатып алуға құқығы бар. Ұзақ сақтауда тұрған қаруды қоспағанда, қарулануға қабылданған ойық ұңғылы қарудан Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру үшін бақылау мақсатында оқ ату жүргізіледі.»;
15-бапта:
1-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының азаматы сатып алған қарудың жалпы саны:
1) аңшылық атыс қаруы:
ойық ұңғылы – төрт бірліктен;
тегіс ұңғылы – төрт бірліктен;
2) өзін-өзі қорғау қаруы – екі бірліктен аспауға тиіс, оның ішінде тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруы не газды тапаншалар, револьверлер не электрлі қару. Бұл шектеулер коллекциялау объектілері болып табылатын қаруға қолданылмайды.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың әскери қызметшілері, арнаулы және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, құқық қорғау органдарының арнаулы атақтары бар қызметкерлері азаматтық қаруды сатып алуға рұқсатты қаруды ұстауға қарсы көрсетілімдердің жоқ екені туралы медициналық қорытындыны тапсырмай-ақ алады.»;
19-баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының есебінде тұрса;»;
20-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Алып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, сондай-ақ тәркіленген, техникалық жағынан пайдалануға жарамды азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жойылуға не азаматтық және қызметтік қарумен сауда жасауға лицензиясы бар заңды тұлғалар арқылы сатылуға тиіс.»;
23-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың, арнаулы және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, құқық қорғау органдарының өздері қаруланған жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сатуға құқығы бар.
3. Қазақстан Республикасы азаматтарының өздері заңды негізде жеке меншік құқығында иеленіп отырған қаруды азаматтық және қызметтік қаруды сатуға немесе коллекциялауға немесе оны экспонаттауға лицензиясы бар заңды тұлғаларға не қаруды есепке алған жердегі ішкі істер органдарына қару қайта тіркелгеннен кейін қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат берген ішкі істер органдарына алдын ала хабарлай отырып, сондай-ақ қаруды сатып алуға рұқсаты бар азаматтарға иеліктен айыруға құқығы бар.»;
29-баптың 1-тармағының 3) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік қаруды сатып алуға (алуға) құқығы бар мемлекеттік саяси қызметшілерге, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына қызметтік қаруды сатып алу (алу) құқығына лицензиялар, сондай-ақ көрсетілген адамдардың қаруды сақтау, сақтау мен алып жүруі құқығына рұқсат береді;».
2. «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 15, 97-құжат;):
17-1-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ұлттық компаниялар құрған күзет ұйымдарының үшінші тұлғаларға күзет қызметін көрсетуге құқығы жоқ.»;
18-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өз қызметін магистральды теміржол желілері, магистральды мұнай және газ құбырлары, мұнай өңдеу өндірісі және атом энергиясы саласында жүзеге асыратын ұлттық компаниялар құрған күзет ұйымдарын қоспағанда, күзет қызметі субъектілеріне қызметтік ұзын ұңғылы және қысқа ұңғылы ойық қаруды сатып алуға және пайдалануға тыйым салынады.».
3. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат):
29-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн жерлерде шыны ыдыстағы өнiмдердi сату тәртібін айқындайды.».
4. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат;):
22-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметi мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ете отырып, үкiметтiк курьерлік байланысты жүзеге асыратын қызмет болып табылады. Қазақстан Республикасы фельдъегерлiк қызметiнiң жеке құрамы iшкi iстер органдарының кадрларында тұрады, жедел қызметтік міндеттерді шешу үшін жауынгерлік қол атыс қаруымен, арнайы қорғану және байланыс құралдарымен, сондай-ақ нысанды киiм-кешекпен қамтамасыз етiледi.
Мемлекеттік фельдъегерлiк қызмет қызметкерлерінің еңбек қатынастары «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктермен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі.».
5. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
1-бап мынадай мазмұндағы 9-1) және 11-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-1) мемлекеттік фельдъегерлiк қызметтің қызметкері – фельдъегерлiк қызмет қызметкерлерінің қатарындағы арнаулы атақ берілген Қазақстан Республикасының азаматы;»;
«11-1) өзге қару – өзге қару деп газды, электрлі, сұқпа суық, лақтырылатын және белгі беру қаруы түсініледі.»;
14-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қызметкерлердің іс-әрекеті осы Заңға және өзге де заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асырылса, олар атыс қаруын және өзге де қаруды, арнайы құралдарды және дене күшін қолдануына байланысты келтірілген зиян үшін жауапты болмайды.»;
15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өртке қарсы мемлекеттік қызмет органдарының қызметкерлерін қоспағанда, қызметкерлерге атыс қаруы мен өзге де қаруды және арнайы құралдарды алып жүру, сақтау және қолдану құқығы берiледi. Олар сондай-ақ дене күшін, оның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн қолдануға да құқылы. Атыс қаруы мен өзге де қаруды, арнайы құралдарды және дене күшін қолдану тәртібі осы Заңда айқындалады.»;
22-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) мемлекеттік фельдъегерлiк қызметке – «фельдъегерлiк қызмет».»;
57-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қызметке сәйкестігінің толық еместігі туралы ескерту, атқаратын лауазымнан босату және қызметтен шығару түріндегі жаза жүргізілген қызметтік тексеру нәтижесі және тәртіптік комиссияның тиісті ұсынымдары бойынша қолданылады. Қызметке сәйкестігінің толық еместігі туралы ескерту, атқаратын лауазымынан босату түріндегі жаза Алқаның немесе құқық қорғау органының бірінші басшысы жанындағы жедел кеңестің шешімі негізінде де қолданылады.
Тәртіптік комиссияны құру және оның жұмыс тәртібін құқық қорғау органының басшысы айқындайды.»;
8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-тарау. Қызметкерлердің атыс қаруын және өзге де қаруды, арнайы құралдарды және дене күшін қолдануы»;
5) 59-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«59-бап. Атыс қаруын және өзге де қаруды, арнайы құралдарды
және дене күшін қолдану мақсаты
Атыс қаруы және өзге де қару, арнайы құралдар және дене күші қоғамға қауiптi әрекеттерді тоқтату, құқық бұзушылықтардың сипаты мен нақты ахуал ескеріле отырып, оларды жасаған адамдарды ұстау және құқық қорғау органдарына жеткізу мақсатында қолданылады.»;
61, 62-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«61-бап. Атыс қаруын және өзге де қаруды қолдану
1. Қызметкерлердің атыс қаруын және өзге де қаруды:
1) жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда оларды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, сол сияқты кепiлге алынғандарды босату;
2) қызметкерлерге және олардың отбасы мүшелерiне, қоғамдық тәртiптi қорғау, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл жасау бойынша қызметтiк немесе қоғамдық борышын атқарып жүрген адамдарға жасалған шабуылға тойтарыс беру;
3) жеке тұлғалардың тұрғын үй-жайларына, құқық қорғау органдары күзететiн объектiлерге, мемлекеттік ұйымдардың үй-жайларына жасалған шабуылға тойтарыс беру, қызметтiк немесе әскери нарядқа жасалған шабуылға тойтарыс беру;
4) қарсылық көрсететін не қылмыс жасау кезінде қолға түскен, қамаудан қашатын адамдарды (әкiмшiлiк қамаудағы адамдардан басқа) ұстау, қарулы адамдарды ұстау;
5) егер көлік жүргiзушi қызметкердiң заңды талаптарына бағынбаса және жеке тұлғалардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiрсе, көлiк құралдарын оларға зақым келтiру арқылы тоқтату;
6) өміріне немесе денсаулығына нақты қауіп төнген жағдайларда хайуанаттардың шабуылынан қорғану;
7) дабыл белгiсiн беру немесе көмекке шақыру үшін;
8) қажетті қорғаныстың және аса қажеттіліктің барлық өзге жағдайларында қолдануға құқығы бар.
2. Әйелдер, анық мүгедектік белгілері бар адамдар, жасы белгілі немесе анық байқалған кәмелетке толмағандар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, адамдарды, көлiк құралдарын, оның iшiнде әуе кемесiн кепілге алған не топтасып шабуыл жасаған жағдайларды қоспағанда, оларға қатысты қару қолдануға тыйым салынады.
62-бап. Атыс қаруын және өзге де қаруды, арнайы құралдарды,
дене күшін қолдану шарттары
1. Атыс қаруы және өзге де қару, арнайы құралдар, дене күші қолданылған барлық жағдайларда қызметкер жеке тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін қажетті шараларды қолдануға, атыс қаруын және өзге де қаруды, арнайы құралдарды, дене күшін қолданғаны туралы тікелей басшыға баяндауға міндетті.
2. Адамдардың өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан атыс қаруы және өзге де қару, арнайы құралдар, дене күші қолданылған әрбір жағдай туралы прокурорға дереу хабарланады.»;
65-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін еңбекке жарамсыздықтың неғұрлым ұзақ мерзімі белгіленген ауруларды қоспағанда, қызметкер әртүрлі аурулар бойынша осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзімнен артық еңбекке жарамсыз болған жағдайда, бұл қызметкер құқық қорғау органының қарамағына беріледі.».
2-бап. Осы Заң 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін 1-баптың 1-тармағының алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші абзацтарын қоспағанда алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті