"Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгiнің (Монополияға қарсы агенттiк) мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1818 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен

«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің
(Монополияға қарсы агенттік) мәселелері» туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1818
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органның үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 13 қазандағы № 410 Жарлығын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 қаулысына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1818 қаулысымен өзгерістер енгізіліп, көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) туралы ережесі жаңа редакцияда жазылды.
      Осы жобаны қабылдау теріс әлеуметтік - экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды. Жобаны қабылдаудың нақты мақсаты ережені үлгі ережеге сәйкес келтіру.

      Қазақстан Республикасы
      Бәсекелестікті қорғау агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз