Мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген, 2013 жылға арналған республикалық бюджетте өтеу мен оларға қызмет көрсету көзделген мемлекеттік емес қарыздар бойынша қарыз алушылардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 қаңтардағы № 4 Қаулысы

«Мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген, 2013 жылға
арналған республикалық бюджетте өтеу мен оларға қызмет көрсету
көзделген мемлекеттік емес қарыздар бойынша қарыз алушылардың
тізбесін бекіту туралы» 2013 жылғы 4 қаңтардағы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулысы туралы» баспасөз релизі

      «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес 2013 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепілдік берген қарызды өтеу мен қызмет көрсету үшін 296 904,00 мың теңге қаражат көзделген.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің (бұдан әрі - Ереже) 733-тармағын орындау үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдіктермен, мемлекеттің кепілгерлігімен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздар бойынша қарыз алушылардың тізбесін бекіту туралы қаулысының жобасын белгіленген тәртіппен әзірлейді және енгізеді.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында және жоғарыда көрсетілген ереженің  733-тармағынасәйкес «Мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген, 2013 жылға арналған республикалық бюджетте өтеу мен оларға қызмет көрсету көзделген мемлекеттік емес қарыздар бойынша қарыз алушылардың тізбесін бекіту туралы» 2013 жылғы 4 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 қаңтардағы №4 қаулысы қабылданды.
      Ұсынылып отырған жобаны қабылдау жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларды болжамайды.
      Қазіргі уақытта қаулы ресми жариялау үстінде.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз