Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 18
«Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану,
жою бойынша қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы»
қаулысына
БАСПАСӨЗ релизі
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын орындау мақсатында «Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою бойынша қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» (бұдан әрі - Қаулы)қаулысы әзірленді.
Қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi.
Көрсетілген нормативтік актімен келесі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешімдері күшiн жойған: «Уларды өндiру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану, жою жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 27 қарашадағы № 1137, «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 27 қарашадағы № 1137 қаулысына толықтыру енгiзу туралы» 2008 жылғы 6 мамырдағы № 423, «Уларды өндiру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану, жою жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 27 қарашадағы № 1137 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» 2012 жылғы 12 маусымдағы № 782 қаулылары.
Қаулдың мақсаты - уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою бойынша қызметті жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту. Сонымен қатар - өтініш берушінің Қазақстан Республикасы аталған қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия беруді заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде келісетін мемлекеттік органдарды анықтау.
Болжанатын әлеуметтiк-экономикалық және/немесе құқықтық салдары: мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсетуіне бiрыңғай әдісін қамтамасыз ету; мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң сапасы мен қолжетiмдiлiгi арттыру; мемлекеттiк қызметі көрсету процесiн жетiлдiру; мемлекеттiк қызмет көрсету процесiн оңайлатуға, мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiн, көрсетiлетiн қызметтi алушылар ұсынатын құжаттардың тiзбесiн, сондай-ақ оны көрсету процесiнiң буындарын қысқартуға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыру.
Болжанатын тиiмдiлiгi: жеке және заңды тұлғалар құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметті іске асыру нысандарының жетілдіру.
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрлігі