Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 32 қаулысы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің
2013 жылғы 25 қаңтардағы № 32 қаулысына баспасөз релиз

      Аталған Қазақстан Республикасы Үкіметі «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығын орындау мақсатында әзірленді.
      Қабылданған қаулымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ережеге (жаңа редакцияда жазылды) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің өзге де шешімдеріне өзгерістер енгізілді.
      Қаулы Министрліктің интернет-ресурсында www.mki.gov.kz «Министрлік туралы» рубрикада орналасқан.

      Қазақстан Республикасының
      Мәдениет және ақпарат министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз