"Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1469 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 34 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1469 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 689-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережесiнде:
      2-тармақтың 3)5) тармақшалары және 3-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
      78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін, оның ішінде олардың жұмыртқалары мен уылдырықтарын алуға рұқсатты Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті, сондай-ақ Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша оларды арнайы жасалған жағдайларда өсіру және кейіннен мекендеу ортасына жіберу, аңшылықтың ұлттық түрлерін дамыту, ғылыми зерттеулер және селекциялау үшін береді.
      8. Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті жануарларды (заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су айдындарында және (немесе) учаскелерінде мекендейтін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға рұқсаттар береді.»;
      12-тармақтың екінші бөлігінде:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) мекендейтін ортасынан алынуы жоспарланған жануарлар дүниесі объектілерінің тізбесі мен саны;»;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) жыныс-жас құрамы (қажет болған жағдайда);»;
      13-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы төлегені туралы төлем құжаты;»;
      14-тармақта:
      1) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «жануарлар дүниесі объектілерін алу шетелдік адамдардың қатысуымен жүргізілетін болса - аңшылық шаруашылығы субъектісінің шетелдіктермен аң аулауды ұйымдастыруға жасалған келісімшарттың және аң аулау құқығын куәландыратын, тұратын елінде берілген құжаттың көшірмесі, сондай-ақ ішкі істер органдарынан аңшылық атыс қаруын және оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаты;»;
      4) тармақша алынып тасталсын;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына енетін су айдындары және (немесе) олардың учаскелерін қоспағанда, бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде, сондай-ақ бір балықшы бір шыққанда бес килограммнан артық алып шыға отырып, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулауға рұқсатты бекітілген лимиттерге сәйкес және алу квоталары шегінде өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжатты және жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы төлегені туралы төлем құжатын ұсынған кезде Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері өтініш берілген күні береді.»;
      мынадай мазмұндағы 16-1 және 16-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «16-1. Бір балықшы бір шыққанда бес килограмға дейін алып шығатын балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау қандай да бiр рұқсатсыз жүзеге асырылады.
      16-2. Бақылау үшін аулауды Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсатсыз жүзеге асырады.»;
      17-тармақта:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) алуға рұқсат етілген жануарлар дүниесінің түрі, саны (биомассасы);»;
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) жануарлар дүниесін алу тәсілдері мен құралы, пайдаланылатын жүзу құралдары;»;
      көрсетілген Ережеге 1-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға (қажеттісінің астын сызу керек)

№____рұқсат»;

      көрсетілген Ережеге 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 25 қаңтардағы
№ 34 қаулысына  
қосымша      

Жануарлар дүниесін пайдалануға
рұқсат беру ережесіне   
2-қосымша       

Басқаға беру құқығынсыз

Рұқсат нысаны

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Балық шаруашылығы комитеті
___________________________________________________________________
(аумақтық бөлімше)
Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін пайдалануға
№___рұқсат

«Инспекция» мен «Пайдаланушы» арасындағы балық аулауға арналған 20__ жылғы «___»______ №______ шарт негізінде
___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы және оның жауапты адамының тегі, аты, әкесінің аты
____________________________________________________________берілді.
        немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты)
Пайдалану түрі______________________________________________________
        (судағы омыртқасыз жануарлар мен теңіз сүт қоректілерін қоса
____________________________________________________________________
алғанда, балық аулау, әуесқойлық (спорттық) балық аулау; ғылыми мақсатта;
____________________________________________________________________
мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда
____________________________________________________________________
пайдалану)
____________________________________________________________________
      су айдының және (немесе) оның учаскесінің атауы)
____________________________________________________________________
(кәсіпшілік аулау, әуесқойлық (спорттық) балық аулау, мелиорациялық,
эксперименттік, ғылыми-зерттеу, балық өсіру мақсатында аулау)

____________________ мақсаттарында пайдалану.

Балықтардың және басқа да су жануарларының түрлері, алуға рұқсат етілген саны (биомассасы) __________________________________________
                          (тн немесе кг, итбалықтар басы -
                                  цифрлармен және жазбаша)

Жыныс-жас құрамы (қажет болған жағдайда) ___________________________
Алу мерзімі_______________ ден _______________ дейін
             (рұқсаттың қолданылу мерзімі)
Алу тәсілдері (аулау, ату, жинау) __________________________________
Болжамды алу учаскесінің ауданы (аумағы) мен шекарасы ______________
____________________________________________________________________
Жануарлар дүниесінің объектілерін алу құралдары ____________________
____________________________________________________________________
      аулау құралдарының түрі, сипаттамасы мен параметрлері, саны)
Пайдаланылатын жүзу құралдары ______________________________________
                                      (үлгісі, саны)
Жануарлар дүниесінің объектілерін алуға қатысатын адамдардың саны __
____________________________________________________________________
Төлену фактісін растайтын құжатқа сілтеме жасай отырып, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төленген төлемақы сомасы ________________
Берілген күні 20___ жылғы «___» _______________
М.О. Қолы_______________________________________
               (лауазымды адамның Т.А.Ә.)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады