Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.02.2014 № 103 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 16-4-бабына сәйкес және асыл тұқымды өнiммен (материалмен) қамтамасыз етуде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 25 қаңтардағы
№ 35 қаулысымен
бекітілген
Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) асыл тұқымды малдың үлес салмағын және ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділік сапасын арттыру мақсатында отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан құралған, жалпы табында асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тауар өндірушілер), мал шаруашылығындағы асылдандыру ісі жөніндегі республикалық мал тұқымын асылдандыру орталығына (бұдан әрі – республикалық мал тұқымын асылдандыру орталығы), қостанай жылқы тұқымы жөніндегі асыл тұқымды жылқы зауытына, етті құс шаруашылығы жөніндегі асыл тұқымды репродукторға тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат және іс-шаралар есебінен және шегінде бюджеттік субсидиялар (бұдан әрі – субсидиялар) беру тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Субсидиялануға тиіс бағыттар:
1) тауар өндірушілердің ірі қара малдың асыл тұқымды және селекциялық төлін сатып алуы;
2) аналық ірі қара мал және қой басының сапалық құрамын жақсартуға бағытталған селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар;
3) тауар өндірушілер ұрпағының сапасы бойынша бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрығын сатып алуы мен пайдалануы және эмбриондарды телу;
4) жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан құралған, жалпы табында шағылыстыруға пайдаланатын асыл тұқымды етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу;
5) тауар өндірушілер ата-енелік, ата-тектік нысандағы табынды ұстайтын отандық асыл тұқымды құс фабрикаларынан етті және жұмыртқа бағытындағы асыл тұқымды тәуліктік балапандар мен асыл тұқымды жұмыртқа сатып алуы;
6) тауар өндірушілердің отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан немесе асыл тұқымды мал шаруашылықтарынан асыл тұқымды төлді сатып алуы;
7) республикалық мал тұқымын асылдандыру орталығының арнайы технологиялық, зертханалық жабдықтарды, асыл тұқымды бұқаларды, шетелдік селекцияның ұрығын сатып алуы; республикалық мал тұқымын асылдандыру орталығының асыл тұқымды бұқаларды күтіп-бағуы, ұрығын алуы, сақтауы, өндірушілердің сапасы бойынша ұрығын бағалауы, ұрпағының сапасы бойынша ұрығын бағалауы, эмбриондар алуы, сақтауы және пайдалануы;
8) асыл тұқымды жылқыларды көбейту, күтіп-бағу және тренингі, қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды мал зауытында асыл тұқымды айғырлардың ұрығын алу және сақтау;
9) етті құс шаруашылығы бойынша асылдандыру репродукторында асыл тұқымды құс сатып алу жөніндегі шығындарды толық өтеу.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Әрбір бағытқа арналған субсидия нормативі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
4. Жыл сайын әрбір бағытқа арналған және өңірлердің бөлінісіндегі субсидиялар көлемі ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітіледі.
2. Субсидияларды төлеу шарттары
5. Тауар өндірушілердің субсидияларды алуының міндетті және қажетті шарты осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген тиісті бағыттар бойынша талаптарға толық сәйкес келуі, бүкіл ауыл шаруашылығы мал басын зоотехникалық нормаларға сәйкес күтіп-бағуы және ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыруы болып табылады.
6. Мыналар:
1) бұрын арзандатылған, сондай-ақ айырбас бойынша өзара есеп айырысу есебіне сатып алынған немесе өнімділігін молайту мақсатында пайдаланылмайтын асыл тұқымды және селекциялық төл, құс шаруашылығы өнімі, тұқымдық бұқа ұрығы, эмбриондар;
2) ағымдағы жылы субсидияланған селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге арналған аналық мал басы, күтіп-бағуға арналған жалпы табында шағылыстыру үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық бұқалар;
3) шет елден әкелінген, индекстік жүйе бойынша бағаланбаған (Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және Украинадан әкелінген асыл тұқымды төлді қоспағанда) асыл тұқымды ірі қара мал төлі; шет елден әкелінген, өзінің өінімділігі немесе ұрпағының сапасы бойынша бағаланбаған асыл тұқымды бұқалар;
4) сіңіре будандастыруды қоспағанда, тұқымсыз, асыл тұқымды өзге де тұқымдармен бағаланбаған тұқымдық бұқалармен шағылыстыру үшін пайдаланылатын асыл тұқымды сиырлар мен қашарлар;
5) зоотехникалық нормативтерге сәйкес асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың болуы, оларды өз төлін өсіру үшін пайдалану және алмастыру (отыз бас шағылыстыру контингентіне бір бұқадан кем болмауы, бұқаны қатарынан екі шағылыстыру кезеңінен артық пайдаланбау) талабын сақтамау кезінде тұқымдық түрлендіруге қатысатын тауарлы табынның барлық аналық басы субсидиялауға жатпайды.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
7. Тауар өндірушілердің жоғарыда көрсетілген шарттарды сақтамауы тиісті ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің (бұдан әрі – бөлім) төленген субсидияларды заңнамада белгіленген тәртіппен өндіріп алуына негіз болып табылады.
8. Тауар өндірушілер өтінім берген субсидиялар көлемі бөлінген субсидиялар көлемінен артқан жағдайда, басым тәртіппен (басымдықтың азаюы тәртібінде):
1) асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малдың төлін сатып алуға;
2) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге;
3) асыл тұқымды қой төлін сатып алуға өтінімдер қанағаттандырылады.
Қаражат қалдығы берілген өтінімдердегі тиесілі субсидиялар көлеміне сәйкес пропорционалды түрде бөлінеді. Тауар өндірушіге тиесілі субсидиялардың төленбеген қалдығы оған келесі айдың (айлардың) бос қаражатынан олар болған жағдайда төленетін болады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Министрліктің және облыс әкімдіктерінің жұмыс тәртібі
9. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) бұйрықпен мынадай құжаттарды бекітеді:
1) субсидиялар алуға арналған өтінім нысандары;
2) аудан/облыс бойынша жиынтық актілер нысаны;
3) облыс бойынша бюджет қаражатын игеру жөніндегі есеп нысаны;
4) облыс бойынша субсидиялар төлеу жөніндегі тоқсандық есеп нысаны;
5) тұқымдық бұқаларды бекіту және пайдалану бойынша елді мекен тұрғындары – мал иелері жиыны шешімінің нысаны;
6) сатып алынған ірі қара малдың асыл тұқымдық төлін пайдалану бойынша міндеттемелер нысаны;
7) ұрықты пайдалану актісінің нысаны;
8) төлдің туғанына арналған акт нысаны;
9) эмбрионды телу жүргізуге арналған акт нысаны.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
10. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі және облыс әкімдері жыл сайын 20 қаңтарға дейінгі мерзімде асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналған облыстың жеке ай сайынғы қаржыландыру жоспары бар келісімге қол қояды.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
11. Министрлік, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына және облыс әкімі мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі арасында қол қойылған ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімге сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді ай сайын облыстық бюджеттерге аударады.
12. Облыс әкімі осы қағидалар ресми жарияланғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде өзінің шешімімен облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары төрағалық ететін асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау мәселелері жөніндегі облыстық комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) құрады.
Комиссия тұрақты негізде осы Қағидалардың қолданылуының барлық уақытында жұмыс істейді. Комиссияның құрамына облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының (бұдан әрі – басқарма), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің және Ветеринариялық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық инспекцияларының мамандары, сондай-ақ бейінді қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Комиссия мүшелерінің құрамы облыс әкімі шешімімен өзгертілуі мүмкін. Комиссияның жұмыс органы басқарма болып табылады.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
13. Комиссияның құзыретіне тауар өндірушілердің өтінімдері бойынша айлар бойынша лимиттерді қаржыландыру жоспарында белгіленген шегінде және бағыттар басымдылығына сәйкес тиесілі бюджет ақшасының көлемін айқындау, министрлік бекіткен нысан бойынша жиынтық акті қалыптастыру және ақы төлеу шоттарының тізілімін келісу кіреді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
14. Комиссияның отырысы айына кемінде бір рет жүзеге асырылады. Кезекті отырыста комиссия бірінші кезекте бұрын мақұлданған, бірақ қаржыландырылмаған немесе ішінара қаржыландырылған басым бағыттағы өтінімдерді, кейіннен ағымдағы айдың өтінімдерін қанағаттандырады.
15. Бөлінген қаражат толық игерілмеген жағдайда Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен бюджеттік бағдарламаны іске асыруға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған қаражатты облыстар бойынша қайта бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді.
4. Тауар өндірушілердің субсидиялар алуға арналған өтінімдерін
қарау және қанағаттандыру тәртібі
16. Қағидалар ресми жарияланғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде бөлім аудан әкімдігінің интернет-ресурсына және ауданның ресми баспа басылымдарында субсидиялауға арналған өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарландыру орналастырады.
17. Жыл сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі және облыс әкімі асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін облыстың жеке ай сайынғы қаржыландыру жоспарымен келісімге қол қойғаннан кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде, басқарма оны облыс әкімдігінің интернет-ресурсында, бөлімдер – тиісті аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырады.
18. Тауар өндірушілер тиісті негіздердің туындауына қарай осы қағидалардың 2-тармағында көрсетілген бағыттарға сәйкес субсидиялауға жататын нақты көлемге министрлік бекіткен нысан бойынша өтінімді осы қағидалардың 30-32-тармақтарына сәйкес құжаттардың толық пакетімен бірге бөлімге ұсынады. Тауар өндірушілер өтінімде көрсетілген деректердің дұрыстығын қамтамасыз етеді. Бөлім тауар өндірушінің берген өтінімдерін өтінімдерді тіркеудің тиісті журналында тіркейді.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
19. Бөлім өтінім беру үшін негіз туындаған сәттен бастап 1 жылдан аспаған өтінімді қабылдауға міндетті.
20. Бөлім өтінімдерді алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде құжаттар пакетін және тауар өндірушілерді осы қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкестігі мәніне тексереді. Селекциялық және асыл тұқымды жұмысты жүргізуге өтінімді алғаш берген жағдайда бөлім көрсетілген мерзім ішінде тауар өндірушінің қызмет ету орнына шығады.
Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған немесе талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, бөлім ұсынылған құжаттарды тауар өндірушілерге бас тарту себептерін көрсете отырып дереу қайтарады.
Тауар өндірушілер түзетілген немесе толықтырылған өтінімді қайта енгізуге құқылы.
Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
21. Ұсынылған құжаттар осы қағидалардың талаптарына сәйкес келген және осы қағидаларда көзделген өтінімдерден бас тартуға негіздер болмаған жағдайда, бөлім тауар өндіруші өтінімде ұсынған деректерді екі жұмыс күні ішінде: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми сайтындағы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің ресми сайтындағы заңды тұлғалардың деректер қорынан тексеріп, өтінімді ветеринар дәрігер берген ветеринариялық қолайлылық туралы анықтамамен, ірі қара малға қатысты бағыттарды субсидиялау кезінде – селекциялық және асылдандыру жұмысының бiрыңғай ақпараттық базасынан (бұдан әрі – АТЖ), «Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру» жүйесінен (бұдан әрі – АЖС) алынған үзінділерімен/есептермен толықтырады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
22. Бөлім тауар өндірушілердің асыл тұқымды төлді, құс шаруашылығы өнімдерін сатып алуы, селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүзеге асыруы, сондай-ақ тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуы туралы аудан әкімі бекітетін министрлік бекіткен нысан бойынша жиынтық акті жасайды. Бекітілген жиынтық акті екі аптада кемінде бір рет өтінімдер болған жағдайда басқармаға ұсынылады. Бөлім тауар өндірушінің өтінімін растау құжаттарының көшірмелерімен бірге үш жыл ішінде сақтайды. Бөлім басқармаға ұсынылатын құжаттардың дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
23. Басқарма ауданның жиынтық актісін тиісті тіркеу журналында тіркейді. Басқарма үш жұмыс күні ішінде бөлімдер ұсынған жиынтық актілерді тауар өндірушілердің осы қағидалардың талаптарына сәйкестігі мәніне қарайды. Сәйкес келмеген жағдайда басқарма олар тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылған жиынтық актілерді кері қайтару себептерін көрсете отырып, пысықтауға бөлімге қайтарады. Бөлім бес жұмыс күні ішінде басқармаға түзетілген және толықтырылған жиынтық актіні қайта енгізеді, ал ол мүмкін болмаған жағдайда – тез арада тауар өндірушіге қайтару себебін көрсете отырып, өтінімді қайтарады.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
24. Сәйкес келген жағдайда басқарма көрсетілген мерзім ішінде аудандар бойынша жиынтық актілерді Комиссияның қарауына жібереді, ол отырыс қорытындысы бойынша министрлік бекіткен нысан бойынша тауар өндірушілерге тиесілі субсидиялар көлемін көрсете отырып, облыс бойынша жиынтық акті жасайды.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
25. Комиссия төрағасы Комиссия ұсынған облыс бойынша жиынтық актіні үш жұмыс күні ішінде бекітеді.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
26. Тауар өндірушілердің банк шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды аударуды басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес үш жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ақы төлеу шоттарын екі данада қоса бере отырып, ақы төлеу шоттарының тізілімін ұсыну жолымен жүзеге асырады.
27. Басқарма ай сайын Комиссияның тауар өндірушілердің өтінімдерін қарау нәтижелері туралы ақпаратты облыс әкімдігінің интернет-ресурсындағы арнайы бөлімде жариялайды және бөлімге аудан бойынша тауар өндірушілерге төленген бюджет ақшасының көлемі туралы ақпарат жібереді.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
28. Асыл тұқымды және селекциялық ірі қара мал төлін сатып алуға, тұқымдық бұқа ұрығын сатып алуға және эмбриондарды телуге, жүргізілген селекциялық және асылдандыру жұмыстарына, етті тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға алынған субсидиялар туралы мәліметтерді бөлім субсидиялар бөлінген әр малдың сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, басқармадан осындай ақпарат түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде АТЖ-ге енгізуге тиіс.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
29. Басқарма ай сайын, есеп беру айынан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде, бірақ 20 желтоқсаннан кешіктірмей министрлікке облыс бойынша игерілген бюджеттік субсидиялардың есебін, тоқсан сайын – министрлік бекіткен нысан бойынша облыс бойынша субсидиялар төлеу жөніндегі тоқсандық есеп ұсынады.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. Субсидиялар алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі
30. Тауар өндірушілер бөлімге осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген бағыттарға сәйкес субсидиялануға тиіс нақты көлемдеріне өтінімдер ұсынады.
31. Өтінімге осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген талаптарды растайтын құжаттар қоса беріледі.
32. Тауар өндіруші қосымша банктен банктік шотының бар болуы туралы анықтаманы қоса береді.
33. Растаушы құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен салыстырып тексерілгеннен кейін субсидия алушыға қайтарылады.
6. Республикалық мал тұқымын асылдандыру орталығының, қостанай
жылқы тұқымы жөніндегі асыл тұқымды жылқы зауытының, етті құс
шаруашылығы жөніндегі асылдандыру репродукторының шығындарын толық өтеуді көздейтін субсидияларға арналған ағымдағы нысаналы
трансферттерді пайдалану тәртібі
34. Шығындарды толық өтеу үшін 10 желтоқсаннан кешіктірмей басқармаға:
1) республикалық мал тұқымын асылдандыру орталығы Министрлікпен келісілген тізбе бойынша асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды, шетелдік селекцияның ұрығын, жабдықты, техниканы сатып алғанын растайтын құжаттардың (шарт, төлем құжаттарының көшірмелері, кіріс актісі) бір данасын, асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға, олардың ұрықтарын алуға, сақтауға және бағалауға, сондай-ақ эмбриондарды алуға, сақтауға және пайдалануға жұмсалатын шығындарды (жүзеге асырылуына қарай) растайтын құжаттардың бір данасын ұсынады;
2) қостанай жылқы тұқымы жөніндегі асыл тұқымды жылқы зауыты асыл тұқымды жылқыларды өсіруге, ұстауға, тренингке және айғырлардың ұрығын сақтауға арналған шығындарды (жүзеге асырылуына қарай) растайтын құжаттардың бір данасын ұсынады;
3) етті құс шаруашылығы бойынша асылдандыру шаруашылығы балапандарды сатып алуға жұмсалған шығындарды (олардың жүзеге асырылуына қарай) растайтын құжаттардың (шарты, төлем құжаттарының көшірмелері, кіріс актісі) көшірмесінің бір данасын ұсынады.
35. Басқарма ұсынылған шарттарды бес жұмыс күні ішінде тексереді, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость қалыптастырады, сондай-ақ ақы төлеу шоттарын екі данада қоса бере отырып, төлем шоттарының тізілімін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне бюджеттік субсидияларды республикалық мал тұқымын асылдандыру орталығына, қостанай жылқы тұқымы жөніндегі асыл тұқымды жылқы зауытына, етті құс шараушылығы бойынша асылдандыру шаруашылығына аудару үшін ұсынады.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын
қолдауға арналған субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша
1. Тауар өндірушілер сатып алған асыл тұқымды және селекциялық ірі қара мал төлінің құнын ішінара (50 % артық емес) арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Өнім түрі |
1 басқа арналған субсидиялар нормативтері, теңге |
|||
Етті тұқымдар* |
Сүтті тұқымдар* |
|||
Бұқалар |
Қашарлар және құнажындар |
Бұқалар |
Қашарлар және құнажындар |
|
Отандық асыл тұқымды ірі қара мал төлі |
118 000 |
118 000 |
118 000 |
118 000 |
Импорттық ірі қара мал төлі: |
||||
Австралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдері |
235 000 |
235 000 |
235 000 |
235 000 |
Еуропа елдері |
154 000 |
154 000 |
154 000 |
154 000 |
Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және Украина |
118 000 |
118 000 |
||
Импорттық селекциялық ірі қара мал төлі (барлық елдерден)* |
118 000 |
* Тауарлық мақсат үшін Ресей Федерациясынан, Беларусь Республикасынан және Украинадан әкелінген асыл тұқымды ірі қара малды субсидиялауға жол беріледі
2. Тауар өндiрушiлердің селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізумен байланысты шығындарының құнын ішінара (50 % артық емес) арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері
Асыл тұқымды өнім түрі |
1 басқа арналған субсидиялар нормативтері, теңге |
етті тұқымды сиырлар және құнажындар** |
14 000 |
сүтті тұқымды сиырлар және құнажындар** |
14 000 |
қойлар |
1 500 |
** Ірі қара малдың құрама етті-сүтті бағыттағы тұқымдары үшін тауар өндірушінің аталған малды пайдаланатын мақсаттағы бағыт қолданылады.
3. Тауар өндірушілер сатып алған ұрпағының сапасы бойынша
бағаланған тұқымдық бұқалар ұрығының және эмбриондар телу құнын
ішінара (50 % артық емес) арзандату бойынша бюджеттік
субсидиялар нормативтері***
Асыл тұқымды материал түрі |
Өлшем бірлігі |
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге |
эмбрион |
дана |
18 000 |
тұқымдық бұқалар ұрығы, оның ішінде: |
||
отандық қос жынысты ұрық |
доза |
600 |
импорттық қос жынысты ұрық |
доза |
1 100 |
импорттық бір жынысты ұрық |
доза |
3 300 |
*** Норматив тек төл алу фактісі бойынша нәтижелі қолдан ұрықтандыру үшін пайдаланылған асыл тұқымды өнімге (материалға) қолданылады.
4. Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан қалыптастырылған
жалпы табында шағылыстыру үшін пайдаланатын асыл тұқымды етті
бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға жұмсалатын
шығындардың құнын iшiнара (50 % артық емес) өтеу бойынша
бюджеттік субсидиялар нормативтері
Асыл тұқымды өнім түрі |
1 басқа арналған субсидиялар нормативтері, теңге |
Етті бағыттағы тұқымдық бұқалар |
104 000 |
5. Отандық құс фабрикалары ата-тектік, ата-енелік нысанды
құстарды қүтіп-бағатын отандық асыл тұқымды құс фабрикаларынан
сатып алған асыл тұқымды тәулiктiк балапандар мен асыл тұқымды
жұмыртқаның құнын iшiнара (50 % артық емес) арзандату бойынша
бюджеттік субсидиялар нормативтері****
Асыл тұқымды өнім түрі |
Тәуліктік балапандар және асыл тұқымды жұмыртқа сатып алуға арналған субсидиялар нормативтері, теңге |
|
ата-тектік табыннан***** |
ата-енелік табыннан****** |
|
Тәуліктік балапан (етті бағыттағы) |
Сатып алу құнының 50 %-нан артық емес, бірақ 1 басқа 303 теңгеден артық емес |
|
Тәуліктік балапан (жұмыртқа бағытындағы) |
Сатып алу құнының 50 %-нан артық емес, бірақ 1 басқа 50 теңгеден артық емес |
|
Тауық жұмыртқасы |
Сатып алу құнының 50 %-нан артық емес, бірақ 1 данасына 21 теңгеден артық емес |
**** Асыл тұқымды шаруашылық (репродуктор) мәртебесiн алған асыл тұқымды құс фабрикалары өткізген асыл тұқымды өнiм (балапандар, асыл тұқымды жұмыртқа) субсидиялануға жатады.
***** Еттi бағыттағы құс шаруашылығында ата-енелiк табынды қалыптастыру үшiн.
****** Жұмыртқа бағытындағы құс шаруашылығында өнеркәсiптiк табынды қалыптастыру үшiн.
6. Тауар өндiрушiлер отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан
немесе асыл тұқымды шаруашылықтардан сатып алған отандық
тұқымдардың асыл тұқымды төлiнiң құнын iшiнара (50 % артық
емес) арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері
Р/с № |
Асыл тұқымды жануарлардың түрлері мен тұқымдары |
1 басқа арналған субсидиялар нормативтері, теңге |
Қойлар |
||
1. |
Қазақтың биязы жүнді қойы |
8 000 теңге, бірақ сатып алу құнының 50 %-нан артық емес |
2. |
Қазақтың арқар мериносы |
|
3. |
Оңтүстік қазақ мериносы |
|
4. |
Солтүстік қазақ мериносы |
|
5. |
Австралия мериносы |
|
6. |
Цигай қойы |
|
7. |
Қазақтың биязылау кроссбредті жүнді қойы |
|
8. |
Дегерес етті-жүнді қойы |
|
9. |
Еділбай қойы |
|
10. |
Қазақтың құйрықты ұяң жүнді және қылшық жүнді қойы |
|
11. |
Сарыарқа құйрықты қойы |
|
12. |
Гиссар қойы |
|
13. |
Қаракөл қойы |
|
14. |
Еттi меринос |
|
15. |
Қазақтың етті-жүнді қойы |
|
Жылқылар |
||
1. |
Қазақтың жабы жылқысы |
40 000 теңге, бірақ сатып алу құнының 50 %-нан артық емес |
2. |
Көшім жылқысы |
|
3. |
Мұғалжар жылқысы |
|
4. |
Қазақтың адай жылқысы |
|
Шошқалар |
||
1. |
Ірі ақ шошқа |
15 000 теңге, бірақ сатып алу құнының 50 %-нан артық емес |
2. |
Немістің асыл тұқымды шошқасы |
|
3. |
Дюрок |
|
4. |
Ландрас |
|
Түйелер |
||
1. |
Қазақтың айыр өркешті түйесі |
37 000 теңге, бірақ сатып алу құнының 50 %-нан артық емес |
2. |
Аруана |
|
Маралдар (бұғылар) |
||
1. |
Маралдар |
30 000 теңге, бірақ сатып алу құнының 50 %-нан артық емес |
2. |
Бұғылар |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын
қолдауға арналған субсидиялау
қағидаларына
2-қосымша
Мал шаруашылығы және құс шаруашылығы саласындағы тауар өндiрушiлерге қойылатын талаптар
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Р/с |
Субсидиялау бағыттары |
Талаптар |
1 |
2 |
3 |
1. |
Тауар өндірушілердің асыл тұқымды және селекциялық ірі қара мал төлін сатып алуы |
1. Сатып алатын төлдің жасы оларды тауар өндірушіде карантинге қойған сәтте: қашарлар – 18 айдан, құнажындар және бұқалар – 26 айдан аспауы тиіс. |
2. |
Ірі қара малдың және қойдың аналық басының сапалық құрамын жақсартуға бағытталған селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар |
1. Жануарлардың бірдейлендіру нөмірінің және оларды ЖБЖ-да тіркеудің болуы. |
3. |
Тауар өндірушілердің ұрпағының сапасы бойынша бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрықтарын сатып алуы мен пайдалануы және эмбриондарды телуі |
1. Малдардың бірдейлендіру нөмірінің және оларды АЖБ-да тіркеудің болуы. |
4. |
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан қалыптастырылған, жалпы табынды шағылыстыру үшін пайдаланылатын асыл тұқымды етті тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу |
1. Етті бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаға арналған асыл тұқымдық куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі. |
5. |
Тауар өндірушілердің ата-тектік, ата-енелік нысанды құстарды күтіп-бағатын отандық асыл тұқымды құс фабрикаларынан етті және жұмыртқаны бағытындағы асыл тұқымды тәуліктік балапандар мен асыл тұқымды жұмыртқаны сатып алуы |
1. Сатып алынған асыл тұқымды тәуліктік балапандарға және асыл тұқымды жұмыртқаға берілген, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы таныған асыл тұқымды куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі. |
6. |
Тауар өндірушілердің отандық асыл тұқымды зауыттардан немесе асыл тұқымды шаруашылықтардан отандық тұқымның асыл тұқымды төлін сатып алуы. |
1. Сатып алынатын асыл тұқымды төлдің жасы шарт жасасқан сәтте мынадай жастан аспауы тиіс: |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын
қолдауға арналған субсидиялау
қағидаларына
3-қосымша
«Бекітемін»
________________________ облысы
Ауыл шаруашылығы басқармасының
бастығы ______________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі)
20__ жылғы «__» ____________
Мал шаруашылығындағы асылдандыру ісі жөніндегі республикалық мал
тұқымын асылдандыру орталығына, қостанай жылқы тұқымы жөніндегі асыл
тұқымды жылқы зауытына, етті құс шаруашылығы жөніндегі асыл тұқымды
репродукторға 20__жылғы ___________ айы үшін тиесілі бюджеттік
субсидиялар туралы (ай)
жиынтық ведомость
Шығындардың баптары |
Бюджет қаражатын бөлу сметасында көзделген сома, мың теңге |
Сатып алынған тауарлардың (жануарлардың), орындалған қызметтер мен жұмыстардың нақты көлемі |
Жыл басынан бері тиесілі сома, мың теңге |
Жылдың басынан бастап төленген, мың теңге |
Тиесілі соманың қалдығы,мың теңге |
Төленуге тиіс, мың теңге |
ЖИЫНЫ |
---|
Мал шаруашылығы бөлімінің бастығы (жауапты тұлға) ____ (Т.А.Ә., қолы)
Бухгалтер (жауапты тұлға) _____________________ (Т.А.Ә., қолы)