"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 45 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 24, 24-1, 25-қосымшаларға сәйкес ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шарттары;»;
      3-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «осы қаулыға 24, 24-1-қосымшаларда көрсетілген жекелеген республикалық ұйымдардың және коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың мамандары мен қызметшілерінің лауазымдық жалақылары (ставкалары) лауазымдық жалақыларды (ставкаларды) есептеу үшін коэффициенттердің белгіленген мөлшеріне 1,72 жоғарылататын коэффициентті қолдана отырып айқындалады;»;
      осы қаулыға қосымшаға сәйкес 24-1-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 25 қаңтардағы
№ 45 қаулысына  
қосымша      

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1400 қаулысына   
24-1-қосымша   

Басшыларға, мамандарға және қызметшілерге еңбекақы төлеуді жоғарылату коэффициентімен жүзеге асырылатын «Академиялық» мәртебесі бар коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың тізбесі

      1. Астана қаласы әкімдігінің «Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      2. Астана қаласы әкімдігінің «М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады