«Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 77 қаулысына
Баспасөз-релиз
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі 2013 жылғы 31 қаңтарда «Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қол қойды.
Осы қаулыны қабылдау мақсаты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес келтіру болып табылады.
Жобада ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы лицензиар-органды белгілеу, сондай-ақ ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға біліктілік талаптарды және оған сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту көзделеді.
Жоғарыда аталған қаулыны қабылдау келенсіз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды, оны іске асыру бюджет қаражатын талап етпейді.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғарыш агенттігі