"Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 888 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 ақпандағы № 99 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.  

     «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 888 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 690-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақтың 2) және 3) тармақшалары алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 6 ақпандағы
№ 99 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 1 тамыздағы
№ 888 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) діни қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Агенттік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөр мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Агенттіктің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Агенттік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Агенттік төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Агенттіктің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8 үй, 15-кіреберіс.
      9. Агенттіктің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі» мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Агенттіктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. Агенттікке кәсіпкерлік субъектілерімен Агенттіктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
       Егер Агенттікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Агенттіктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      13. Агенттіктің миссиясы діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру болып табылады.
      14. Міндеттері:
      1) діни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      2) Қазақстан Республикасының аумағында құрылған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң және рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiн зерделеп, оған талдау жүргiзу;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында Агенттікке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.
      15. Функциялары:
      1) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын қалыптастыруға және iске асыруға қатысады;
      2) дiни ахуалдың дамуына, Қазақстан Республикасының аумағында құрылған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң және рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiне зерделеу мен талдау жүргiзедi;
      3) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      4) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
      5) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттау iс-шараларын жүзеге асырады;
      6) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша түсiндiру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
      7) дiнтану сараптамалары және діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтар тізімдеріне тексеру жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi;
      8) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты өтініштерін қарайды;
      9) Қазақстан Республикасының діни қызмет саласындағы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың, оның iшiнде дiни бiрлестiктердiң қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      10) заңнамада белгіленген жағдайлар мен тәртіпте әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасайды;
      11) діни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының қызметiн үйлестiредi;
      12) шет мемлекеттердiң діни қызмет саласындағы уәкілетті органдарымен ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      13) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік және салааралық бағдарламаларды әзірлейді;
      14) республика аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметіне, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауына келісім білдіреді;
      15) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу туралы, олардың орналасатын жерін анықтау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп бейінін өзгерту (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімдерін келіседі;
      16) миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркейді;
      17) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, сондай-ақ діни қызмет саласындағы келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды, соның ішінде халықаралық құжаттарды әзірлейді және жасайды;
      18) өз құзыретi шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесiн жетiлдiру бойынша ұсыныстар енгiзедi;
      19) ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз етедi;
      20) өз құзыреті шегінде Агенттіктің мемлекеттік қызметтерін көрсету кезінде тұтынушылар құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етеді;
      21) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша үйлестіруді жүзеге асыру;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қағаз және (немесе) электрондық тасымалдағыштарда қажетті ақпаратты және материалдарды сұрату және алу;
      3) Агенттікке берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыру;
      4) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру

      17. Агенттікке басшылықты Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Төраға жүзеге асырады.
      18. Агенттіктің төрағасын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. Төрағаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      20. Агенттік төрағасының өкілеттігі:
      1) Агенттіктің атынан Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдарда және ұйымдарда өкілдік етеді;
      2) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және қол қояды;
      3) Агенттікте сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
      4) өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
      Агенттік төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
      21. Төраға өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      22. Агенттіктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.

4. Агенттіктің мүлкі

      23. Агенттіктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Агенттіктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алған мүлкі (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. Агенттікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Агенттіктің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Агенттіктің қарамағындағы аумақтық органдардың тiзбесi

      1. Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң Ақмола облысы Дiн iстерi департаментi.
      2. Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң Ақтөбе облысы Дiн iстерi департаментi.
      3. Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң Алматы облысы Дiн iстерi департаментi.
      4. Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң Атырау облысы Дiн iстерi департаментi.
      5. Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң Батыс Қазақстан облысы Дiн iстерi департаментi.
      6. Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң Жамбыл облысы Дiн iстерi департаментi.
      7. Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң Қарағанды облысы Дiн iстерi департаментi.
      8. Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң Қостанай облысы Дiн iстерi департаментi.
      9. Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң Қызылорда облысы Дiн iстерi департаментi.
      10. Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң Маңғыстау облысы Дiн iстерi департаментi.
      11. Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы Дiн iстерi департаментi.
      12. Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң Павлодар облысы Дiн iстерi департаментi.
      13. Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы Дiн iстерi департаментi.
      14. Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң Шығыс Қазақстан облысы Дiн iстерi департаментi.
      15. Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң Алматы қаласы Дiн iстерi департаментi.
      16. Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң Астана қаласы Дiн iстерi департаментi

Агенттіктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тiзбесi

      1. Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң «Мәдениеттер мен дiндердiң халықаралық орталығы» мемлекеттiк мекемесi.
      2. Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң «Дiн мәселелерi жөнiндегi ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» мемлекеттiк мекемесi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады