Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2013 жылға кредит беру шарттарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 112 қаулысы

      «2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және «2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2013 жылға кредит беру шарттары бекітілсін.
      2. Тиісті мәслихаттар 2013 жылға арналған облыстық бюджеттерде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдер қабылдағаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде облыстардың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне мәслихаттардың көрсетілген шешімдерін ұсынсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;
      2) бюджеттік кредиттердің мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуына бақылауды қамтамасыз етсін.
      4. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне кредиттерді игеру туралы ақпарат берсін.
      5. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2013 жылға бөлінген бюджеттік кредиттердің игерілуіне мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 11 ақпандағы
№ 112 қаулысымен  
бекітілген     

Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы
шеңберінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2013
жылға кредит беру шарттары

      1. Облыстардың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі - қарыз алушылар) кредиттер беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2013 жылға кредиттер қарыз алушыларға 5 (бес) жыл мерзімге 0,01 % сыйақы ставкасы бойынша теңгемен беріледі;
      2) кредиттерді игеру кезеңі кредитордың шотынан кредиттер аударылған сәттен бастап есептеледі және 2017 жылғы 15 желтоқсанда аяқталады.
      2. Кредиттерді беру, өтеу және қызмет көрсету жөніндегі қосымша шарттар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады