"Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 125 қаулысына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
«Зейнетақы төлемдерін алушыларға алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін орындау қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Үкіметі 2013 жылғы 13 ақпанда № 125 қаулысын қабылдады.
Қағидалар «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабын жүзеге асыру мақсатында және «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына сәйкес әзірленді.
Жоғарыда аталған Қағидалар алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін орындауды көздейді, сонымен қатар әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекеттің рөлін нығайтуға және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне халықтың сенімін арттыруға бағытталған.
Қағидалардың қабылдануы әлеуметтік-экономикалық және құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі