Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 наурыздағы № 207 қаулысы

       «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының әуежайларын басқару бойынша бірыңғай оператор құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Осы қаулыға қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының және Астана қаласының коммуналдық меншігінен республикалық меншікке қабылдансын.
       2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 4 наурыздағы
№ 207 қаулысына   
қосымша       

Акцияларының мемлекеттік пакеттері республикалық меншікке
берілетін акционерлік қоғамдардың
тізбесі

Р/с

Атауы


1

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ

100%

2

«Көкшетау авиакомпаниясы» АҚ

100%

3

«Петропавл қ. халықаралық әуежайы» АҚ

100%

4

«Қостанай халықаралық әуежайы» АҚ

100%

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады