Мемлекеттік мүлікті берудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 221 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 2-бабына және «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «Юность» шағын ауданы («Жаңа Семей» әуеайлағы) мекенжайы бойынша орналасқан ұшу-қону жолағы республикалық меншіктен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «54835 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне заңнамада белгіленген тәртіппен берілсін.
      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «Юность» шағын ауданы («Жаңа Семей» әуеайлағы) мекенжайы бойынша орналасқан ұшу-қону жолағы ретінде пайдаланылатын алаңы 13,64 гектар жер учаскесі өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждарына арналған жерлер және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер санатынан елді мекендер жерлері санатына ауыстырылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен және Шығыс Қазақстан облысының әкімімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 12-тармақтарынан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 6 наурыздағы
№ 221 қаулысына    
1-қосымша       

Республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берілетін мүліктің
тізбесі

Р/с

Мүліктің атауы

Алаңы

Саны

Теңгерімдік құны, мың теңге

1.

ұшу-қону жолағы

ш.м.

136 400

357 632,00

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 6 наурыздағы
№ 221 қаулысына    
2-қосымша       

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық
қауіпсіздік мұқтаждарына арналған жерлер және өзге де ауыл
шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер санатынан елді мекендер
жерлері санатына ауыстырылатын жер экспликациясы

Р/с

Жер пайдаланушының атауы

Жалпы көлемі, гектар

Оның ішінде:

егістік

көпжылдық екпелер

сілем

шабындық

жайылым

басқа жерлер

1.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Семей аудандық пайдалану бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қ., КСЖБ-1 ауданы

13,64

-

-

-

-

-

13,64

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады