Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық саясаттың 2013 жылға арналған негізгі бағыттары туралы мәлімдемесі туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 наурыздағы № 228 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық саясаты туралы елдің қалың жұртшылығын хабардар ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық саясаттың 2013 жылға арналған негізгі бағыттары туралы мәлімдемесі мақұлдансын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 12 наурыздағы
№ 228 қаулысымен   
мақұлданған      

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің экономикалық саясаттың 2013 жылға арналған
негізгі бағыттары туралы
мәлімдемесі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі – Үкімет) мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) 2012 жылы жүргізген экономикалық саясаты әлемдік экономикадағы ахуалдың кері әсеріне қарамастан, елде экономика дамуының оң серпінін қамтамасыз етуге және макроэкономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік берді.
      Алдын ала бағалау бойынша 2012 жылы ЖІӨ-нің нақты өсуі 5,0 %-ды құрады, өнеркәсіп өнімінің өндірісі 0,5 %-ға өсті.
      Экономика салаларындағы оң серпін және елдегі жоғары тұтынушылық сұраныс қызмет көрсету саласының 10 %-ға өсуіне ықпал етті.
      Жылдық мәндегі инфляция деңгейі 6,0 %-ды құрады, бұл 2011 жылдың қорытындысынан 1,4 пайыздық тармаққа төмен.
      Елдің халықаралық резерві 17,9 %-ға өсіп, 86,0 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері 32,4 %-ға, 57,8 млрд. АҚШ долларына дейін өсті.
      Банк секторы қайта қалпына келудің тұрақты серпінін көрсетуде. Өткен жылы банктердің активтері 8,2 %-ға өсті, кредиттер көлемі 13,0 %-ға ұлғайды, депозиттер 7,2 %-ға өсті.
      2012 жылы «Ғitсh» агенттігі Қазақстанның егеменді кредит рейтингін «ВВВ+»-қа дейін көтерді, бұл батыс елдеріндегі дағдарыс жағдайында еліміздің кредиттік қабілеттілігін куәландырады.
      Республикалық бюджеттің тапшылығы 906,5 млрд. теңгені немесе ЖІӨ-ге шаққанда 3 %-ды құрады.
      2012 жылы сыртқы сауда айналымы 9,8 %-ға ұлғайды. Алдын ала бағалау бойынша төлем теңгерімінің ағымдағы шотының профициті 8.8 млрд. АҚШ долларын құрады.
      Экономиканың өсуіне ел азаматтарының әлеуметтік әл-ауқаты барабар жақсаруда. Халықтың нақты ақшалай табысы 6,8 %-ға өсті, нақты жалақы 6,9 %-ға артты, орташа айлық атаулы жалақы 101 мың теңгеден асты.
      Жұмыссыздық деңгейі желтоқсанда 5,3 % деңгейінде қалыптасты.
      Индустрияландыру картасынБизнестің жол картасы - 2020 сәтті іске асыру экономиканың өсуін қолдауға және қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді.
      Қол жеткізілген нәтижелерге қарамастан, әлемдік экономикадағы ахуалдың нашарлауы экономиканың орнықты өсуін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға қауіп төндіруі мүмкін.
      Дағдарыстан кейінгі елеулі қайта қалпына келуден кейін әлемдік экономика тағы да бәсеңдеді. Жаһандық өсудің төмен қарқыны 2020 жылға дейін болжануда. Халықаралық валюта қоры 2013 жылғы әлемдік экономиканың өсуін 3,5 % деңгейінде болжап отыр, бұл өткен жылғы деңгейден (3,2 %) шамалы ғана жоғары. Ғitch Ratings халықаралық агенттігі де 2013 жылы әлемдік экономика өсуінің болжамын бұдан бұрын жарияланған 2,6 % болжаммен салыстырғанда 2,4 %-ға дейін төмендетті. Сонымен қатар, әлемдік экономикадағы тұрақсыздықтың Қазақстанға кері әсері 2012 жылмен салыстырғанда біршама төмен болуы күтілуде.
      Осындай жағдайларда Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Cтратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін ескере отырып, 2013 жылы экономикалық саясаттың негізгі бағыттары мыналар болады:
      1) прагматикалық экономикалық саясат жүргізу;
      2) әртараптандыру негізінде экономиканы жаңғырту;
      3) әлеуметтік жаңғырту және жалпыға ортақ еңбек қоғамын қалыптастыру;
      4) теңгерімделген өңірлік даму;
      5) тиімді мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру;
      6) халықаралық интеграция және өзара іс-қимыл.
      Прагматикалық экономикалық саясат экономиканы әртараптандыру, кең ауқымды кәсіпкерлікті тарту, инновацияларды жандандыру және жаңа жұмыс орындарын құру арқылы экономиканың серпінді өсуін 6 % деңгейінде қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
      Макроэкономикалық тұрақтылық жаңа салық-бюджет саясатын және экономикалық өсу үшін қолайлы инфляция деңгейін ұстап тұру есебінен қамтамасыз етіледі.
      Мемлекеттік қаржы тұрақтылығын және шикізатқа әлемдік бағаның құлдырауы кезінде бюджеттің орнықтылығын арттыру мақсатында теңгерімделген бюджет саясаты жүргізіледі.
      Мемлекеттік борышты шамалы деңгейде ұстау және мемлекеттік қаржы тұрақтылығы үшін бюджет тапшылығын және ЖІӨ-ге қатысты мұнай емес тапшылықтың өсуін ұстап тұру жоспарлануда. Квазимемлекеттік сектор борышының өсуіне бақылау қамтамасыз етіледі.
      Кепілдендірілген трансферт көлемінде қор қаражатын пайдалануды шектеу арқылы Ұлттық қорда мұнай кірістерін жинақтау саясаты жалғасатын болады.
      Салық саясаты экономика дамуын ынталандырушы құралдардың бірі болады және әлеуметтік бағыттылыққа ие болады. Салықтық жеңілдіктердің тиімділігін арттыру, экономиканың шикізат емес секторларын және инновацияларды дамытудағы ынталандыратын рөлін күшейту мақсатында 2013 жылы қолданыстағы салықтық жеңілдіктерге ревизия жүргізіледі.
      Орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін экономиканы жаңарту және әртараптандыру негізінде елдің бәсекеге қабілеттілігін нығайту жалғасын табады.
      Экономиканы жаңғыртудың негізі елді Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды жалғастыру, кластерлік тәсілді енгізу және басты рөлі сапалы адами фактордың рөлін және мәнін күшейту болатын ақпараттық қоғамды дамыту үшін негіз құру болып табылады. Үкімет Республикалық индустрияландыру картасының ірі жобаларын іске асыруға шоғырланады.
      Инфрақұрылымдық интеграцияны қамтамасыз ету үшін Қазақстаннан тыс жерлерінде өндірістік көліктік-логистикалық объектілер, өңірде бірлескен кәсіпорындар құрылатын болады.
      2020 жылға дейінгі елдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың жаңа бағдарламасы шеңберінде аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және ауыл экономикасын дамытуға бағытталған ауыл шаруашылығын ауқымды жаңғырту басталады.
      Елдің табиғи ресурстарын ұтымды пайдалануға негізделген орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында жасыл экономикаға көшудің ұзақ мерзімді стратегиясы әзірленуде. Осы жұмыс шеңберінде табиғи және су ресурстарын басқарудың, энергияны көп қажет етуді төмендету мен экономиканың энергия тиімділігін арттырудың, жаңартылатын энергия көздерін дамыту мен қоршаған ортаның ластануын төмендетудің қағидаттық жағынан жаңа жүйесін қалыптастыру басталады.
      Бақылау-рұқсат беру практикасының жүйесін оңтайландыру арқылы бизнес-ахуалды жақсарту бойынша жұмыс жалғастырылады. Азаматтардың қауіпсіздігіне тікелей ықпал етпейтін барлық рұқсаттар хабарландырулармен алмастырылады.
      «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде нақты жұмыс орындарын құруға бағдарлай отырып, шағын және орта бизнесті кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларымен қамтуды кеңейту жөніндегі жұмыс жалғасады.
      Елдің экономикалық өсуінің негізгі факторы экономиканың шикізаттық емес секторына инвестицияларды тарту болуы тиіс. Үкімет елде қолайлы инвестициялық ахуалды құруға шоғырланады.
      Экономиканың әлеуметтік маңызы бар секторларына инвестицияларды ынталандыру мақсатында бюджеттік және концессиялық заңнамаға қажетті өзгерістер енгізу арқылы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін пайдалануды жетілдіру жалғасатын болады.
      Экономиканың өсуін ескере отырып, азаматтардың өмір сүру сапасының стандарттарын кезең-кезеңімен жоғарылату үшін тиісті негіздемелік заңмен регламенттелетін ең төменгі әлеуметтік стандарттар жүйесін қалыптастыру жұмысы жүргізілуде.
      Азаматтардың зейнетақы жинақтарының сақталуын және көбеюін арттыру мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылатын болады.
      Әзірленіп жатқан дағдарысқа қарсы ден қоюдың жол картасы шеңберінде Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасын іске асыру құралдарын кеңейту дағдарыс басталған жағдайда жұмыспен қамтуды және экономиканың өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
      Қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын іске асыру жалғасын табады.
      Өңірлік саясат экономикалық өсу орталықтары: агломерациялар, 2-деңгейдегі тірек қалаларды (облыс орталықтары) және 3-деңгейдегі қалаларды (моноқалалар және шағын қалалар), сондай-ақ тірек елді мекендерді қалыптастыруға бағытталады. Моноқалаларды дамыту бағдарламасын іске асыру белсенді фазаға көшеді.
      Осы жылы мемлекеттік басқару жүйесінде елеулі реформаларды іске асыру жалғасатын болады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асыру үшін төменгі басқару деңгейлерінің қаржылық дербестілігін кеңейту, төменгі деңгейдегі әкімдерді мәслихаттардың сайлауын енгізу, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешудегі халықтың рөлін арттыру үшін тиісті заң жобасы әзірленетін болады.
      Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау қайталауға жол бермеуге, сондай-ақ жекелеген өкілеттіктерді орталықтан өңірлерге беруге мүмкіндік береді.
      Халыққа және бизнеске көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады. Мемлекеттік қызметті одан әрі кәсібилендіруге және әрбір қызметкер жұмысының тиімділігін арттыруға баса назар аударылатын болады.
      Мемлекеттік активтерді басқару тиімділігін арттыру шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілерін оңтайландыру жөніндегі жұмыс жүргізіліп, мемлекет қатысатын жекешелендіруге жататын кәсіпорындар тізбесі айқындалады. Бұдан басқа, «Халықтық ІРО» бағдарламасы одан әрі дамытылады.
      Қазақстан экономикасын Бірыңғай экономикалық кеңістік (бұдан әрі – БЭК) және Кеден одағы (бұдан әрі – КО) шеңберіндегі интеграция шарттарына бейімдеу мақсатында тауарлардың импорты мен экспорты кезіндегі кедергілерді жою, сондай-ақ отандық өндірушілердің мүдделерін қорғау және ілгерілету бойынша күш-жігер салынады.
      Ағымдағы жыл КО және БЭК тетіктерінің қалыптасуы үшін маңызды болады. Алда БЭК құқықтық базасын дамыту жөніндегі күнтізбелік жоспарды іске асыру, КО және БЭК халықаралық шарттарын кодификациялау, интеграциялық процестерді одан әрі дамыту бағыттарын пысықтау бойынша жұмыстың негізгі көлемін орындау тұр.
      Астанада ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары шеңберінде Халықаралық көрме бюросының Атқарушы комитетінде тіркеу дерекнамасының тұсаукесері өтіп бекітіледі.
      Ұлттық Банк Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған тиімді ақша-кредит саясатын жүргізетін болады.
      Бұдан басқа, Ұлттық Банк қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу, қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту және олардың қаржылық сауаттылық деңгейін жоғарылату жөніндегі жұмысын жалғастырады.
      Ақша-кредит саясаты саласында 2013 жылға арналған негізгі перспективалық бағыт өтімділікті ұсыну/алу бойынша тұрақты тетіктерге, ашық нарықтағы операцияларға арналған тәсілдер өзгерісі шеңберінде трансмиссиялық тетіктерді кезең-кезеңімен жетілдіру болып табылады.
      Валюталық саясат қазақстандық экономиканың ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігі арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Ұлттық Банктің ішкі валюталық нарыққа қатысуы экономиканың одан әрі тұрақты дамуы үшін қажетті жағдайды қамтамасыз ете отырып, ең аз болып қалады.
      Қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу шеңберінде банктер активтерінің төмен сапасының проблемаларын шешу жөніндегі жұмыс жүргізілетін болады. Ұлттық Банк банктердің күмәнді және үмітсіз активтерді осындай активтерді басқаруға мамандандырылған ұйымдарға сатуы (беруі) бойынша қажетті жағдайлар жасауды, сондай-ақ үмітсіз берешекті кешіру тәртібін жеңілдететін тетікті енгізуді қамтитын шаралар кешенін іске асыруды жалғастыратын болады. Үмітсіз берешекті «тазарту» бойынша ерте ден қою және уақтылы шаралар қабылдау мақсатында 2013 жылдан бастап банктердің несие портфеліндегі жұмыс істемейтін қарыздардың үлесіне шекті мән енгізіледі, ол 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 20 %-дан, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 15 %-дан аспайды.
      Банк секторының тұрақты жұмыс істеуі, сондай-ақ кредиттік белсенділіктің өсуі экономиканың басым секторларын одан әрі дамытуға және кредиттеуді кеңейту мен экономикалық өсуді ынталандыруға ықпал ететін болады.
      2013 жылы Үкімет пен Ұлттық Банк жүргізетін экономикалық саясат 6 % деңгейіндегі орнықты экономикалық өсуді және инфляция аясын нысаналы 6-8 % деңгейінде сақтауды камтамасыз етуге мүмкіндік береді.

О Заявлении Правительства Республики Казахстан и Национального Банка Республики Казахстан об основных направлениях экономической политики на 2013 год

Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 марта 2013 года № 228

      В целях информирования широкой общественности страны об экономической политике Правительства Республики Казахстан, Национального Банка Республики Казахстан Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Одобрить прилагаемое Заявление Правительства Республики Казахстан и Национального Банка Республики Казахстан об основных направлениях экономической политики на 2013 год.
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

Одобрено         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 12 марта 2013 года № 228

Заявление
Правительства Республики Казахстан и Национального
Банка Республики Казахстан об основных направлениях
экономической политики на 2013 год

      Экономическая политика, проводимая Правительством Республики Казахстан (далее – Правительство) и Национальным Банком Республики Казахстан (далее – Национальный Банк) в 2012 году, позволила обеспечить позитивную динамику развития экономики и сохранить макроэкономическую и социальную стабильность в стране, несмотря на негативное влияние ситуации в мировой экономике.
      По предварительной оценке, реальный рост ВВП в 2012 году составил 5,0 %, производство промышленной продукции выросло на 0,5 %.
      Положительная динамика в отраслях экономики и высокий потребительский спрос в стране способствовали росту сферы услуг на 10 %.
      Уровень инфляции в годовом выражении составил 6,0 %, что на 1,4 процентных пункта ниже итогов 2011 года.
      Международные резервы страны выросли на 17,9 % и составили 86,0 млрд. долл. США, в том числе активы Национального фонда в иностранной валюте выросли на 32,4 % до 57,8 млрд. долл. США.
      Банковский сектор демонстрирует стабильную динамику восстановления. За прошлый год активы банков выросли на 8,2 %, объем кредитов увеличился на 13,0 %, депозиты выросли на 7,2 %.
      Агентством «Fitch» в 2012 году повышен суверенный кредитный рейтинг Казахстана до «ВВВ+», что в условиях кризиса в западных странах свидетельствует о кредитоспособности нашей страны.
      Дефицит республиканского бюджета составил 906,5 млрд. тенге, или 3 % к ВВП.
      За 2012 год внешнеторговый оборот увеличился на 9,8 %. По предварительной оценке, профицит текущего счета платежного баланса составил 8,8 млрд. долл. США.
      Адекватно росту экономики улучшается социальное благополучие граждан страны. Реальные денежные доходы населения выросли на 6,8 %, реальная заработная плата увеличилась на 6,9 %, среднемесячная номинальная зарплата превысила 101 тыс. тенге.
      Уровень безработицы сложился в декабре на уровне 5,3 %.
      Успешная реализация Карты индустриализации«Дорожной карты бизнеса-2020» позволила поддержать рост экономики и создать дополнительные рабочие места.
      Несмотря на достигнутые результаты, ухудшение ситуации в мировой экономике может поставить под угрозу выполнение задач по обеспечению устойчивого роста экономики.
      После значительного посткризисного восстановления мировая экономика снова замедлилась. Низкие темпы глобального роста прогнозируются вплоть до 2020 года. Международный валютный фонд прогнозирует рост мировой экономики в 2013 году на уровне 3,5 %, что незначительно выше уровня прошлого года (3,2 %). Международное  рейтинговое агентство Fitch Ratings также понизило прогноз роста мировой экономики в 2013 году до 2,4 % по сравнению с ранее опубликованным прогнозом 2,6 %. Вместе с тем ожидается, что негативное влияние нестабильности в мировой экономике на Казахстан будет менее значительным, чем в 2012 году.
      В этих условиях с учетом основных положений Послания Главы государства народу Казахстана от 14 декабря 2012 года «Стратегия «Казахстан-2050»: новый политический курс состоявшегося государства» основными направлениями экономической политики в 2013 году станут:
      1) проведение прагматичной экономической политики;
      2) модернизация экономики на основе диверсификации;
      3) социальная модернизация и формирование общества всеобщего труда;
      4) сбалансированное региональное развитие;
      5) формирование эффективной системы государственного управления;
      6) международная интеграция и взаимодействие.
       Прагматичная экономическая политика будет направлена на обеспечение динамичного роста экономики на уровне 6 % через диверсификацию экономики, вовлечение широкого предпринимательства, активизацию инноваций и создание новых рабочих мест.
      Макроэкономическая стабильность будет обеспечена за счет реализации новой налогово-бюджетной политики и удержания приемлемого для экономического роста уровня инфляции.
      В целях повышения стабильности государственных финансов и устойчивости бюджета к падению мировых цен на сырье будет проводиться сбалансированная бюджетная политика.
      Для поддержания государственного долга на умеренном уровне и стабильности государственных финансов планируется сдерживание роста дефицита бюджета и ненефтяного дефицита относительно ВВП. Будет обеспечен контроль за ростом долга квазигосударственного сектора.
      Продолжится политика накопления нефтяных доходов в Национальном фонде путем ограничения использования средств фонда в объеме гарантированного трансферта.
      Налоговая политика станет одним из инструментов стимулирования развития экономики и будет иметь социальную направленность. В целях повышения эффективности налоговых льгот, усиления их стимулирующей роли в развитии несырьевых секторов экономики и инноваций в 2013 году будет проведена ревизия действующих налоговых льгот.
      Для обеспечения устойчивого экономического роста будет продолжено укрепление конкурентоспособности страны на основе модернизации и диверсификации экономики.
      Основой модернизации экономики станет продолжение реализации Государственной программы форсированного индустриально-инновационного развития страны, внедрение кластерного подхода и построение основы для развития информационного общества, в котором главная роль будет отведена усилению роли и значения качественного человеческого фактора. Правительство сконцентрируется на реализации крупных проектов Республиканской карты индустриализации.
      Для обеспечения инфраструктурной интеграции будут созданы производственные транспортно-логистические объекты за пределами Казахстана, совместные предприятия в регионе.
      В рамках новой Программы развития агропромышленного комплекса страны до 2020 года будет начата масштабная модернизация сельского хозяйства, направленная на повышение конкурентоспособности аграрного сектора и развитие сельской экономики.
      С целью обеспечения устойчивого экономического роста, основанного на рациональном использовании природных ресурсов страны, разрабатывается долгосрочная Стратегия перехода к «зеленой» экономике. В рамках данной работы начнется формирование принципиально новой системы управления природными и водными ресурсами, снижения  энергоемкости и повышения энергоэффективности экономики, развития возобновляемых источников энергии и снижения загрязнения окружающей среды.
      Продолжится работа по улучшению бизнес-климата через оптимизацию системы контрольно-разрешительной практики. Все разрешения, прямо не влияющие на обеспечение безопасности граждан, будут заменены уведомлениями.
      В рамках программы «Дорожная карта бизнеса-2020» продолжится работа по расширению охвата малого и среднего бизнеса мерами государственной поддержки предпринимательства, ориентировав ее на фактическое создание рабочих мест.
      Основным фактором экономического роста страны должно стать привлечение инвестиций в несырьевые сектора экономики. Правительство сконцентрируется на создании благоприятного инвестиционного климата в стране.
      В целях стимулирования инвестиций в социально значимые сектора экономики будет продолжено совершенствование использования механизмов государственно-частного партнерства посредством необходимых изменений в бюджетное и концессионное законодательство.
      Для поэтапного повышения стандартов качества жизни граждан с учетом роста экономики начата работа по формированию системы минимальных социальных стандартов, которая будет регламентирована соответствующим рамочным законом.
      В целях повышения сохранности и приумножения пенсионных накоплений граждан будет создан Единый накопительный пенсионный фонд.
      Расширение инструментов реализации Программы занятости-2020 в рамках разрабатываемой Дорожной карты антикризисного реагирования позволит обеспечить занятость и рост экономики в случае наступления кризиса.
      Для улучшения качества жизни казахстанцев будет продолжена реализация программы «Доступное жилье-2020».
      Региональная политика будет направлена на формирование центров экономического роста; агломераций, опорных городов 2-го уровня (областные центры) и городов 3-го уровня (моногорода и малые города), а также опорных сельских населенных пунктов. В активную фазу вступит реализация Программы развития моногородов.
      В текущем году продолжится реализация значительных реформ в системе государственного управления. В реализацию Концепции развития местного самоуправления будет разработан соответствующий законопроект, направленный на расширение финансовой самостоятельности нижних уровней управления, введение выборности акимов низового уровня маслихатами, а также повышение роли населения в решении вопросов местного значения.
      Принятие Закона Республики Казахстан по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления позволит исключить дублирование, а также передать отдельные полномочия от центра в регионы.
      Продолжится работа по повышению качества государственных услуг, оказываемых населению и бизнесу. Значительное внимание будет уделено дальнейшей профессионализации государственной службы и повышению эффективности работы каждого работника.
      В рамках повышения эффективности управления государственными активами будет проведена работа по оптимизации субъектов квазигосударственного сектора, определен перечень предприятий с государственным участием, подлежащих приватизации. Кроме того, дальнейшее развитие получит программа «Народное ІРО».
      В целях адаптации казахстанской экономики к условиям интеграции в рамках Единого экономического пространства (далее – ЕЭП) и Таможенного союза (далее – ТС) будут приложены усилия по устранению барьеров при импорте и экспорте товаров, а также защите и продвижению интересов отечественных производителей.
      Текущий год станет важным для становления механизмов ТС и ЕЭП. Предстоит проделать основной объем работы по реализации календарного плана по развитию правовой базы ЕЭП, кодификации международных договоров ТС и ЕЭП, проработать направления дальнейшего развития интеграционных процессов.
      В рамках организационных мероприятий по проведению Международной выставки «ЭКСПО-2017» в Астане будет презентовано на Исполнительном комитете Международного бюро выставок и утверждено регистрационное досье.
      Национальный Банк будет проводить эффективную денежно-кредитную политику, направленную на обеспечение стабильности цен в Республике Казахстан.
      Кроме того, Национальный Банк продолжит работу по содействию обеспечению стабильности финансового сектора, усилению защиты прав потребителей финансовых услуг и повышению уровня их финансовой грамотности.
      В области денежно-кредитной политики основным перспективным направлением на 2013 год является поэтапное совершенствование трансмиссионного механизма, в рамках которого будут изменены подходы к постоянным механизмам по предоставлению/изъятию ликвидности, операциям на открытом рынке.
      Валютная политика будет направлена на обеспечение баланса между внутренней и внешней конкурентоспособностью казахстанской экономики. Участие Национального Банка на внутреннем валютном рынке будет оставаться минимальным, обеспечивая необходимые условия для дальнейшего стабильного развития экономики.
      В рамках содействия обеспечению стабильности финансового сектора будет проводиться работа по решению проблемы низкого качества активов банков. Национальным Банком будут продолжены реализация комплекса мер, включающего создание необходимых условий по продаже (передаче) банками сомнительных и безнадежных активов в организации, специализирующиеся на управлении такими активами, а также внедрение механизма, облегчающего порядок прощения безнадежной задолженности. В целях раннего реагирования и принятия своевременных мер по «очистке» безнадежной задолженности с 2013 года внедряются пороговые значения на долю неработающих займов в ссудном портфеле банков – не более 20 % с 1 января 2013 года и не более 15 % с 1 января 2014 года.
      Стабильное функционирование банковского сектора, а также рост кредитной активности будут способствовать дальнейшему развитию и расширению кредитования приоритетных секторов экономики и стимулированию экономического роста.
      Экономическая политика, проводимая Правительством и Национальным Банком в 2013 году, позволит обеспечить устойчивый экономический рост на уровне 6 % и сохранение инфляционного фона на целевом уровне 6–8 %.