Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 683 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.06.2014 № 728 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 261 Жарлығын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
      3. Жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың орындалуы туралы ақпарат берсін.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.11.2013 № 1169 қаулысымен.
      4. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар «Салалық бағдарламаларды әзiрлеу және мониторингiлеу ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне жүктелсін.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.11.2013 № 1169 қаулысымен.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 25 мамырдағы
№ 683 қаулысымен  
бекітілген     

Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы

1. Бағдарламаның паспорты

      Ескерту. 1-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.11.2013 № 1169 қаулысымен.

      Бағдарламаның атауы      Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020
                               жылдарға арналған бағдарламасы
      Әзірлеу үшін негіздеме   Қазақстан Республикасы Президентінің
                               2012 жылғы 30 қаңтардағы № 261
                               Жарлығымен бекітілген Мемлекет
                               басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы
                               «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту –
                               Қазақстан дамуының басты бағыты!» атты
                               Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру
                               жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар
                               жоспарының 3-тармағы
      Бағдарламаны әзірлеуге   Қазақстан Республикасы Өңірлік даму
      және іске асыруға        министрлігі
      жауапты мемлекеттік
      орган
      Мақсаты                  Моноқалаларды орта және ұзақ мерзімді
                               перспективада орнықты
                               әлеуметтік-экономикалық дамыту
      Міндеттері               1. Моноқалаларды тұрақты жұмыс істеп
                               тұрған кәсіпорындардың өндірістік
                               сыйымдылығына байланысты оңтайландыру.
                               2. Моноқалалар халқының жұмыспен
                               қамтылуының оңтайлы құрылымын
                               қамтамасыз ету үшін экономиканы
                               әртараптандыру әрі шағын және орта
                               бизнесті дамыту.
                               3. Моноқалалардың еңбек ресурстарының
                               ұтқырлығын арттыру, жоғары
                               әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті
                               бар елді мекендерге және экономикалық
                               өсу орталықтарына өз еркімен көшуді
                               ынталандыру.
                               4. Моноқалалардың әлеуметтік және
                               инженерлік инфрақұрылымын халықтың
                               оңтайлы санына сәйкес дамыту.
      Іске асыру мерзімдері    Бірінші кезең – 2012 жыл (пилоттық)
      (кезеңдері)              Екінші кезең – 2013 – 2020 жылдар
      Нысаналы индикаторлары   2015 жылға:
                               1. Экономикалық әлеуеті төмен
                               моноқалаларда бір немесе бірнеше
                               «зәкірлі» инвестициялық жобаларды іске
                               асыру нәтижесінде өнеркәсіптік өндіріс
                               көлемін – кемінде 20 %-ға арттыру
                               (2011 жылмен салыстырғанда).
                               2. Моноқалаларда белсенді жұмыс істеп
                               тұрған шағын кәсіпорындар санын – 2
                               есе ұлғайту (2011 жылмен
                               салыстырғанда).
                               3. Моноқалалардағы кірісі күнкөріс
                               минимумынан төмен халық санын – 6,0
                               %-дан аспайтындай етіп төмендету.
                               4. Моноқалалардағы жұмыссыздық
                               деңгейін – 5,5 %-дан аспайтындай етіп
                               төмендету.
                               2020 жылға:
                               1. Моноқалаларда белсенді жұмыс істеп
                               тұрған шағын кәсіпорындар санын – 4
                               есе ұлғайту (2011 жылмен
                               салыстырғанда).
                               2. Моноқалалардағы кірісі күнкөріс
                               минимумынан төмен халық санын – 6,0
                               %-дан аспайтындай етіп азайту (2015
                               жылы күнкөріс минимумы шамасын
                               айқындау әдістемесін жетілдіруді
                               ескере отырып).
                               3. Моноқалалардағы жұмыссыздық
                               деңгейін – 5,0 %-дан көп емес деңгейге
                               дейін төмендету.
      Қаржыландыру көздері мен Бағдарламаны қаржыландыру
      көлемі                   республикалық және жергілікті
                               бюджеттер қаражаты, сондай-ақ
                               Қазақстан Республикасының заңнамасында
                               тыйым салынбаған өзге де көздер
                               есебінен және шегінде жүзеге
                               асырылатын болады.
                               Моноқалалардың бірінші кезекті
                               проблемаларын шешуге республикалық
                               бюджет қаражаты есебінен 2012 пилоттық
                               жылға қаржыландыру көлемі 6 000,0 млн.
                               теңгені құрайды.
                               Шамамен республикалық бюджеттен:
                               2013 жылға – 38 200,0 млн. теңге*,
                               2014 жылға – 43 200,0 млн. теңге*,
                               2015 жылға – 53 900,0 млн. теңге*.

2. Кіріспе

      Ескерту. 2-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.11.2013 № 1169 қаулысымен.

      Моноқалаларды дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде әзірленді.
      Бағдарлама Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын іске асыру тетіктерінің бірі болып табылады.
      Бұл ретте құжат «Өңірлерді дамыту», «Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмыспен қамту 2020» және басқа бағдарламар шеңберінде өңірлерді дамытуды мемлекеттiк қолдау жөніндегі шаралардың логикалық жалғасы, монобейінді қалаларды (бұдан әрі – моноқалалар) дамыту шараларын шоғырландыра отырып және оларды толықтыра отырып, елдiң дағдарыстан кейін дамуы жағдайында ұзақ мерзiмдi негiзде дамыту болып табылады.
      Моноқала – бұл бір немесе бірнеше (көп емес) қала құраушы, бір бейінді және шикізаттық бағыттағы қаланың экономикалық және әлеуметтік жағдайын айқындайтын кәсiпорындарда еңбекке жарамды халықтың және өнеркәсіп өндірісінің негізгі бөлігі (20 пайыздан астамы) шоғырландырылған қала.
      Моноқалалар санатына тұрғындарының саны 10 мыңнан 200 мыңға дейін адамы бар:
      1) қаланың негізінен өңдеу секторының қала құраушы кәсіпорындарының өнеркәсіп өндірісінің көлемі жалпы қалалық өндіріс көлемінің 20 пайыздан астамын құрайтын (мономамандандыру);
      2) қаланың қала құраушы кәсіпорындарында жұмыспен қамтылған халықтың 20 пайыздан астамы жұмыс істейтін;
      3) қала құраушы кәсіпорындары жартылай істейтін немесе мүлдем істемейтін өлшемдердің бірімен сипатталатын қалалар кіреді.
      Бұл ретте көптеген моноқалаларға қаламен экономикалық тығыз байланыстағы қала маңындағы кенттер мен ауылдық елді мекендер әкімшілік бағыныста.
      Бағдарлама шеңберінде бөлек шағын қалалар, жоспарлы экономика кезеңіндегі бұрынғы моноқалалар және қазіргі уақытта істемейтін және ішінара жұмыс істейтін қала құраушы кәсіпорындар қаралуда.
      Моноқалалар тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 наурыздағы отырысында мақұлданған.
      Бағдарламаны әзірлеудің қажеттілігі моноқалалардағы объективті жағдайларға және жиналып қалған әлеуметтік-экономикалық проблемаларға байланысты.
      Бағдарлама моноқалалардың қазіргі әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге, еңбек және экономикалық әлеуетті ескере отырып оларды одан әрі дамытудың перспективалық бағыттарын, сондай-ақ табиғи басымдықтарын анықтауға бағытталған.
      Қазіргі уақытта Қазақстанда 27 моноқала бар.
      Осы қалалардағы туындап отырған проблемаларды шешу стихиялық және құтқарушылық сипатта емес, жүйелі және ұзақ мерзімді шешу жоспарлануда.
      Жергілікті атқарушы органдар облыстардың даму бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде осы Бағдарламаның ережесін ескеруі қажет.
      Бұл ретте 2012 жылы облыстарды дамыту бағдарламалары шеңберінде облыс әкімдерінің іс-шараларды жергілікті бюджеттен қаржыландыруды ескере отырып уәкілетті орган әзірлеген ұсынымдарға сәйкес Бағдарламаның моноқалалар тізбесіне енгізілмеген әрбір шағын қаланы дамытудың кешенді жоспарларын әзірлеуі арқылы моноқалаларға тән проблемалары бар шағын қалалар мен кенттердің экономикасы мен тыныс тіршілігін қамтамасыз ететін инфрақұрылымын дамыту бойынша жүйелі жұмыс басталатын болады.
      Мақсатқа, нысаналы индикаторларға, міндеттерге (бағыттарға), нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдар мен өзге де мекемелер және Бағдарламада қолданылатын терминдер:
      1) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (бұдан әрі - уәкілетті орган);
      2) Бағдарламаны үйлестіруші - жергілікті атқарушы органның облыс әкімдері айқындайтын, бағдарламаның облыстық деңгейде іске асырылуына жауапты құрылымдық бөлімшесі;
      2-1) Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі - моноқаланың/ауданның жергілікті атқарушы органының облыс әкімдері айқындайтын, бағдарламаның моноқалада іске асырылуына жауапты құрылымдық бөлімшесі;
      3) қаржы агенті – «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде атқарылатын қызметтерді осы Бағдарлама шеңберінде жүзеге асыратын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – «Даму» КДҚ» АҚ);
      4) конкурстық комиссия – моноқалаларда Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын жаңа өндірістер құруға берілетін гранттарды конкурстық негізде іріктеу бойынша өңірлік үйлестіруші кеңестерге арналған ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі орган;
      5) жұмыс тобы – уәкілетті орган жанынан құрылған моноқалалардың кешенді даму жоспарларын, инвестициялық жобаларын Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын конкурстық негізде іріктейтін жұмыс тобы;
      6) өңірлік саясат мәселелері туралы ведомствоаралық комиссия – Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы өңірлік саясат жөніндегі консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі – ВАК);
      7) «зәкірлік» инвестициялық жоба – Қазақстан экономикасының шикізаттық емес салаларында іске асырылатын және моноқалалардың экономикаларын әртараптандыруға бағытталған, кемінде 100 жұмыс орнын ашу көзделген Индустрияландыру картасының орта және ірі инвестициялық жобасы;
      8) уәкілетті өңірлік ұйым - ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, сондай-ақ банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілеттік берілген, мемлекет жүз пайыз қатысатын ұйым;
      9) өңірлік үйлестіру кеңесі (ӨҮК) - «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде құрылған және қызмет ететін консультативтік-кеңесші орган;

3. Моноқалалардың қазіргі әлеуметтік-экономикалық жай-күйін талдау

       1. Моноқалалардың жалпы сипаты
      Қазақстан Республикасындағы жоспарлы экономика мұраларының бірі – өндірістік циклдері (өндірістік құрамдауышы) бөлінбестей кәсіпорындардың халық алдындағы әлеуметтік және экологиялық жауапкершіліктерімен тұтас байланысты аумақтық-өнеркәсіптік кешендерді дамыту қағидаттары бойынша құрылған монобейіндегі елді мекендер.
      Қазақстанда моноқалалар тізбесі халық саны 1,53 млн. адамды немесе елдің қалаларындағы халық санының 16,8 пайызын (1-қосымша) құрайтын 27 қаланы қамтиды, олардың ішінде 16 қала тиісті аудандардың әкімшілік орталықтары болып табылады, 11 қала аудан орталықтары болып табылмайды – Степногорск, Текелі, Серебрянск, Курчатов, Шахтинск, Сораң, Қаражал, Лисаковск, Арқалық, Ақсу, Жаңаөзен. Олардың бір бөлігі облыстық маңызы бар қалалар болып табылады, бір бөлігі аудандардың бірігуі нәтижесінде аудан орталығы мәртебесін жоғалтты.
      Қазақстандағы моноқалалардың тізбесін негізінен халық саны 100 мыңнан асатын 4 қаланы (Теміртау, Рудный, Жаңаөзен, Екібастұз) қоспағанда халық саны 50 мың адамға дейін шағын қалалар құрайды.
      Қалалардың, олардың салалық құрылымдарының экономикалық базаларын талдау, негізгі қала құраушы кәсіпорындар туралы деректер қалаларды мынадай үш функционалдық типке бөлуге мүмкіндік берді:
      1) өндіру өнеркәсіптері басым дамыған – 21 қала:
      көмір өндіру – Абай, Сораң, Шахтинск, Екібастұз;
      мұнай және газ өндіру – Ақсай, Құлсары, Жаңаөзен;
      металл кенін өндіру – Арқалық, Балқаш, Зыряновск, Қаражал, Кентау, Лисаковск, Риддер, Рудный, Текелі, Хромтау;
      шикізат ресурстарының өзге түрлерін өндіру – Жаңатас, Қаратау, Жітіқара;
      2) өңдеу өндірісі басым дамыған 6 қала:
      химия өнеркәсібі – Серебрянск;
      машина жасау, металлургия өнеркәсібі (алтын), уран өндірісі – Степногорск;
      металлургия өнеркәсібі – Ақсу, Жезқазған, Сәтбаев, Теміртау;
      3) ғылыми-өнеркәсіптік орталық – Курчатов қаласы.
      Қала құраушы кәсіпорындардың ағымдағы жағдайларына қарай моноқалалар мынадай болып бөлінеді:
      1) қала құраушы кәсіпорындар жұмыс істейтін моноқалалар (19 қала) – Абай, Ақсай, Ақсу, Балқаш, Жаңаөзен, Жезқазған, Жітіқара, Зыряновск, Қаражал, Құлсары, Курчатов, Лисаковск, Риддер, Рудный, Сәтбаев, Теміртау, Хромтау, Шахтинск, Екібастұз;
      2) қала құраушы кәсіпорындар ішінара жұмыс істейтін моноқалалар (5 қала) – Арқалық, Жаңатас, Қаратау, Сораң, Степногорск;
      3) қала құраушы кәсіпорындар мүлдем жұмыс істемейтін қалалар (3 қала) – Кентау, Серебрянск, Текелі.
      Ауданға бағынатын моноқаланың дербес бюджеті жоқ және қаржыландыру жоспары бойынша ауданнан қаржыландырылады. Бұл ретте ауданның бюджеттері негізінен дотациялық сипатта болып келеді.
      2. Өнеркәсіптік өндіріс және шағын бизнестің жай-күйі
      Моноқалаларда Қазақстанның өнеркәсіптік өндірісінің едәуір бөлігі шоғырланған.
      Айталық, Ақмола облысы өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде Степногорск қаласының иеленетін үлесі едәуір (2009 жылы 32,3%, 2010 жылы 27,5 %, 2011 жылы 28,9 %), ол өнеркәсіптік өндірістің орталығы болып табылады.
      Ақтөбе облысы Хромтау қаласының аумағында Қазақстанның хром кен барлық көлемі және ТМД-ның хром кенінің 95 %-ы өндіріледі.
      Қазақстанның Қостанай облысының Жітіқара қаласындағы хризотил-асбест кендерін өндіру мен байыту және осының негізінде тауарлы асбестті өндірумен айналысатын жалғыз ғана «Қостанай минералдары» АҚ-ның асбест комбинаты бар.
      Қостанай облысы экономикасына Рудный қаласында орналасқан «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ-ның жұмыс нәтижелері (темір кенін игеру) үлкен ықпалын тигізеді. Өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінде кәсіпорын 57 % үлесті, ал салық бойынша – 62,4 % құрайды.
      Негізінен қорғаныс саласында арнайы жұмыстарды атқару үшін Кеңес Одағында жабық әкімшілік-аумақтық елді мекендер құрылған болатын, оларды қазіргі уақытта Моноқалалар қатарына жатқызуға болады. Қазақстанда мұндай қалалар қатарына Курчатов қаласы жатады.
      Моноқалалардағы өнеркәсіптік өндіріс бір-екі салаларға маманданумен сипатталады, ал басқа салалардың дамуы айтарлықтай емес немесе қала құраушы өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмыс істеуін тоқтатқан. Өндіріс көлемінің төмендеуі немесе қала құраушы кәсіпорындардың тоқтауы қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жалпы нашарлауына алып келеді.
      Жан басына шаққандағы өнеркәсіптік өндіріс көлемі моноқалаларда – мұнай, газ өндіру және метал кендері орталықтарында (Ақсай, Ақсу, Қаражал, Хромтау, Зыряновск, Құлсары, Риддер) орташа республикалық деңгейден артық.
      Пайдалы қазбаларды өндіру жерлерінде орналасқан моноқалаларды дамыту кен орындарының өмір циклының кезеңіне, өнімге деген сұраныс деңгейіне байланысты болады.
      Қазақстанның батысындағы (Ақсай, Жаңаөзен, Құлсары) жаңа мұнай және газ кен орындарын өндіру аудандарында орналасқан Моноқалалар өндірісі өсуінің жоғары қарқындарына, инвестициялардың үлкен көлеміне және халықтың жоғары кірістеріне ие.
      Сонымен қатар, пайдалы қазбалар қорларының азаюынан, өнімге деген сұраныстың төмендеуінен жағдайы төмендеп кеткен өндіру профильді бірқатар Моноқалалар бар. Оларға Арқалық (боксит қорларының таусылуы), Текелі (кендегі түсті металдардың аз болуы), Жітіқара (асбестке сұраныстың азаюы) қалалары және басқалары жатады.
      Моноқалалардағы өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары шығаратын өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігінен, сұраныстың болмауынан, өнім өткізу нарықтарының алыс болуы немесе тасымалдаудың жоғары тарифтері (мысалы, Серебрянск қаласы) тұрып қалуда немесе ішінара жұмыс істеуде. Олардың жағдайы қондырғының физикалық және моральді тозуымен, көші-қон нәтижесінде білікті кадрларды жоғалтуымен үдей түскен.
      Моноқалалардың ішінен өнеркәсіптік өндірісі тежелген немесе толық тоқтатылған қала топтары ерекшеленеді. Олар – Жаңатас, Қаратау, Серебрянск.
      Моноқалаларда шағын бизнесті дамытуға төмен өндірістік және тұтынушылық сұраныс, кәсіпкерлерде өтімді кепілді мүліктің болмауы салдарынан қаржылық-кредиттік ресурстарға қол жетімсіздігі кедергі келтіреді.
      3. Әлеуметтік даму
      1) халық:
      2011 жылы Моноқалалардағы халықтың жалпы саны 1,53 млн. адамды құрады.
      Он жыл кезең ішінде Моноқалалардағы халықтың жалпы өсуіне қарамастан (4 %-ға), олардың 11-інде халық саны 11,8 %-ға қысқарды. Нәтижесінде халық санының азаюы Арқалық – 33,5 %, Қаражал – 19,5 %, Абай – 19,3 %, Жаңатас – 18,2 % және Серебрянск қалаларында – 16,3 % байқалуда.
      Моноқалалардан халықтың миграциялық кетуінің негізгі себептері – жұмыссыздық пен өзін өзі жұмыспен қамтудың жоғары деңгейі, халықтың ақшалай кірістерінің төмендігі, білім алуға ұмтылыстары болып табылады.
      Моноқалалардан еңбекке жарамды халықтың миграциялық кетуінің басқа проблемасы халықтың қартаю үрдісі болып табылады. Кейбір қалаларда жұмысқа қабілетті жастан үлкен халықтың үлесі 18 %-дан жоғары (Лисаковск, Риддер және басқалары).
      2) жұмыспен қамту және жұмыссыздық:
      Қазіргі күнде көптеген моноқалалардың неғұрлым өткір проблемасы жұмыстың болмауы болып табылады. Нәтижесінде, жұмыссыздықтың және халықтың өзін-өзі жұмыспен қамту үлесінің жоғары деңгейі.
      Орташа республикалық деңгейді орташа қалалық деңгеймен (2009 жылы 7,2 %) салыстырғанда жұмыссыздық деңгейінің неғұрлым жоғары көрсеткіші Арқалық (9,4 %), Кентау (8,7 %), Ақсу (7,9 %) қалаларында байқалады.
      Бұдан басқа, көптеген моноқалаларда экономикалық белсенді халықтың үштен бірінен көбі өзін-өзі жұмыспен қамту санатына кіреді.
      Өзін-өзі жұмыспен қамтудың неғұрлым жоғары көрсеткіштері Қаратау (49,7 %), Арқалық (49,3 %), Жітіқара (47 %), Жаңатас (31,7 %) және Құлсары қалаларында (30,7 %) байқалады.
      Еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігі сақталуда.
      Қазіргі уақытта еңбек нарығында ұсыныс жағынан негізінде жақын ауылдық аудандардан көшіп келген бұрынғы ауыл тұрғындарынан ұсыныс түседі. Көшіп келген ауыл тұрғындарының біліктілігі көбінде өте төмен және еңбек нарығының талаптарына сәйкес келмейді.
      Осының салдарынан Моноқалалардың перспективалары мен экономиканы дамыту перспективаларын негізге ала отырып, жаңа сапалы негізде кадрлық әлеуетті ұлғайту жөніндегі шараларды қабылдау қажеттілігі туындайды.
      3) халықтың өмір сүру деңгейі
      Еңбек нарығындағы проблемалардың тікелей салдары Моноқалаларда жоғары кедейшілік деңгейінің сақталуы болып табылады. Көптеген Моноқалалардың орташа жан басына шаққандағы кірісі орташа облыстық деңгейге жетпейді.
      Айталық, Арқалық, Кентау, Балқаш, Сораң қалаларында орташа жан басына шаққандағы қаржылық кірістері орташа облыстық деңгейдің 80-85%, ал Хромтау қаласында – 73 % құрайды.
      Моноқала халқы кірістерінің негізгі көзі кәсіпорындар мен мекемелердегі (негізінде бюджеттік) еңбекақы болып табылады. Олардың үлесі кірістердің жалпы сомасының 50-60 %, кірістердің 20-30 % зейнетақылар, шәкірт ақылар, әртүрлі жәрдем ақылар, қосалқы шаруашылықтан түсімінің – 10-15 %, қалғаны – жақындар мен достарының көмегі.
      4. Инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым.
      Көліктік орналасуы бойынша моноқалаларды екі топқа бөлуге болады. Олар: темір жол бағытына жақын орналасқан қалалар (20 қала) және темір жол бағытынан алыс немесе тіптен темір жол тұйығында орналасқан (7 қала).
      Елдің 27 моноқалаларының ішінен халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарына жақын 7, республикалық маңызы бар – 14, жергілікті маңызы бар – 7 қала орналасқан.
      Моноқалалардың дамуын тежейтін негізгі проблемалардың бірі – өндірістік инфрақұрылымның қанағаттанбаушылық жағдайы. Әсіресе көлік алыстығы және автомобиль жолдарының нашар жағдайының өткір проблемасы тұр.
      Ірі өткізу нарықтарынан, қала агломерацияларынан алыс, көлік тұйығы Арқалық (590 шм), Жезқазған (550 шм) және т.б. қалалардың дамуын қиындатады. Олардың облыс орталықтарымен байланысы ерекше оңалту жұмыстарын талап ететін автомобиль жолдарына тәуелді.
      Инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның қанағаттанғысыз жағдайы елдің моноқалаларының маңызды проблемасының бірі болып табылады.
      Су құбыры, кәріздік, жылу және электр жүйелерінің тозуы елеулі қаржылық салымдарды талап етеді. Осылайша, Моноқалалардың жартысынд (14 қала) электр жүйелерінің тозуы 70 %-ды құрайды. Бұл ретте ең жоғарғы көрсеткіштер Ақсай (94 %), Риддер (82 %), және Жітіқара (81,3 %) қалаларына тән. Жылу желілерінің тозуы Текелі (80%), Зыряновск (80 %), Серебрянск (78 %), Курчатов (68 %), су құбырларының тозуы Жаңатас (95 %), Зыряновск (82 %), Серебрянск (75 %), Курчатов (74 %), Қаратау (60 %), Кентау (60 %) қалаларында байқалады.
      Моноқалаларда апатты үйлердің жоғары пайызы байқалады.
      Тұрғын үй қорының жалпы ауданына апатты үйлердің жалпы ауданы үлесінің ең нашар көрсеткіштері Арқалық (84,7 %), Абай (36,7 %), Жаңаөзен (10,9 %), Қаратау (8,4 %) және Жаңатас (7,1 %) қалаларында байқалады.
      Моноқалалардағы қауіпсіз тіршілік сапасына және экономикалық әлеуетті қорғау деңгейіне техногендік факторлар мен аномальді табиғи құбылыстар, қоршаған ортаға түсетін жоғары антропогенді қысым, және де маусымдық су тасқынына, селге, жер жылжуына, өртке, жер сілкінуге төтенше жағдайлардың медикалық-санитарлық салдарына қарсы тұру инфрақұрылымын құру жұмыстарының бітпегені кері әсер тигізуде.
      Моноқалалардың әлеуметтік инфрақұрылымының негізгі проблемалары, сонымен қатар, балалық мектепке дейінгі мекемелердің жетіспеушілігіне, халықты медициналық кадрлармен қамтамасыз етудің төмендігіне және басқа да мәселелерге байланысты. Осылайша мектепке дейінгі білім беруді қамту көрсеткіші Қаратау қаласында – 34,8 %, Жаңатас қаласында – 35,4 %, ол республикалық деңгейден айтарлықтай төмен (3-6 жастағы балалар үшін 65,4 %).
      5.Экологиялық жағдай.
      Моноқалалардағы өнеркәсіптік дамудың экологиялық салдарлары қатарына атмосфералық ауаның ластануы, топырақтың, тұщы судың және су қоймаларындағы балықтардың химиялық ластануы, халықтың ауруының жоғарылауы жатады.
      Экологиялық қолайсыздықдың көздері:
      1) күл үйінділерінің жиналуы, жалпы қалалық тазалау ғимататтарының жоқтығы;
      2) кәріз жүйелері мен қалаға жақын орналасқан дала сүзгіштері жағдайының нашарлығы;
      3) үйінділер мен кен өндіруші кәсіпорындардың қалдық сақтаыуштары көлемінің үлкендігі;
      4) қатты отынмен жұмыс істейтін көптеген шағын қазандықтардың ластаушы заттарды шығаруы болып табылады.
      6. Моноқалалардың дамуын тежейтін негізгі проблемалар мен факторлар.
      Өткен кезеңде елдің моноқалаларының көбінде негізінен қала құраушы кәсіпорынның немесе басым саланың жағдайымен байланысты кешенді проблемалар пайда болды.
      Өндіріс көлемдерінің төмендеуі, қала құраушы кәсіпорындардың ішінара немесе толық тоқтауы моноқалалардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың едәуір нашарлауына әкеліп соқты.
      Қазақстанның көптеген моноқалаларының негізгі проблемалары – жұмыспен қамтылғандар санының қысқаруы, тұрғындардың тұрмыс жағдайының нашарлауы, әлеуметтік шиеліністіліктің өсуі.
      Мысалы, соңғы 20-25 жылда «Қаратау» ӨБ (қазіргі кезде «Казфосфат» ЖШС) сияқты кәсіпорындарда қызметкерлер саны едәуір азайды – 10,6 мың адамнан 1,5 мың адамға дейін. Сораң қаласының «Қарағанды резинотехника» ӨБ-де 1985 жылы 7 мың адам жұмыс істеген болса, қазіргі уақытта жұмысшылар саны 500 адамнан аспайды. Осындай жағдай елдің басқа да көптеген моноқалаларында байқалады.
      Өндіруші кәсіпорындардың шикізат базасының сарқылуы, өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, қала құраушы кәсіпорындардағы ескірген технологиялар, Кеңес Одағының ыдырауына байланысты технологиялық тізбектердің үзілуі өндіріс көлемінің төмендеуі мен қала құраушы кәсіпорындар жұмысы тоқтауының негізгі себептері болып табылады.
      Осылайша, моноқалалардың экономикасы мен әлеуметтік саласын талдау оларға тән негізгі проблемаларды анықтауға мүмкіндік берді.
      Оларға мыналар жатады:
      1) экономикалық проблемалар:
      негізгі қала құраушы кәсіпорынның тоқтауы немесе тоқтау кауіпі (қалалардың өндіруші кәсіпорындарындағы кен базасының сарқылуы, бәсекеге қабілетсіз өнім);
      қала экономикасының әртараптандыру деңгейінің төқмендігі;
      халықты жұмыспен қамтудың қала құраушы кәсіпорынға тәуелділігінің жоғарылығы;
      қала бюджетінің қала құраушы кәсіпорыннан түсетін салық түсімдеріне тәуелділігінің жоғары деңгейлігі және салық базасының қысқаруы.
      2) әлеуметтік проблемалар:
      жұмыссыздық деңгейінің жоғарылығы;
      көптеген моноқалалардағы тұрғындардың кіріс деңгейінің төмендігі, жалпы өмір сүру сапасының төмендігі;
      көптеген моноқалаларда халық санының азаюы;
      әлеуметтік шиеленіс өсімінің ықтимал үрдістері.
      3) тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымының проблемалары:
      инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның тозу деңгейінің жоғарылығы;
      аумаққа түсетін экологиялық жүктелімнің жоғарылығы.
      аумақтардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға едәуір бейімділігі.
      7. Моноқалалардың проблемаларын шешудегі әлемдік тәжірибе.
      Моноқалаларды дамыту жөніндегі шараларды әзірлеу барысында монобейінді елді мекендердің проблемаларын шешудегі әлемдік тәжірибе ескерілді.
      Әлемнің әртүрлі елдеріндегі және әртүрлі кезеңдердегі кейбір моноқалалардың проблемалары мен жағдайлары көбінесе қазіргі кездегі Қазақстанның моноқалаларындағы жағдаймен ұқсас.
      Қалалардың монобейінділігі Қазақстан экономикасының бірегей сипаты емес. Бір салалық мамандандырылған қалалар әлемнің басқа елдерінде де кең таралған.
      Әртүрлі елдер өздерінің моноқалаларының проблемаларын шешудің түрлі жолдарын таңдады. Біздегі жағдайға ең жақыны Германия, Австралия, Жапония және АҚШ сияқты елдердің моноқалаларының проблемалары.
      Мысалы, Германияда Рур алабының көмір өнеркәсібіндегі құлдырауға байланысты проблемаларды шешу үшін мемлекет көмір саласын субсидиялау үшін «көмір пфенингі» салығын енгізді.
      Әлемдік моноқалаларды дамыту практикасында Теннант-Крик қаласы (Австралия) тәжірибесінің орны ерекше. Қала шахталарындағы көмір шахталары сарқылғаннан кейін жұмыспен қамту деңгейін сақтау үшін мемлекет және қала құраушы кәсіпорын мамандар мен шахтерларды басқа кен орындарына көшіруді ұйымдастырды, бұл жұмыс орындарын ғана емес, кадр әлеуетін сақтап қалуға да мүмкіндік берді.
      Жапонияда моноқалалардың проблемаларын шешуді мемлекет пен қала құраушы кәсіпорын бірлесе жүзеге асырып отырды. Бұл жерде қызметкерлердің бір бөлігін компанияның басқа қалалардағы өндірістік қуаттарына ауыстыру ұйымдастырылды. Бұл ретте қала құраушы кәсіпорын экономиканың әртүрлі салаларында жаңа шағын кәсіпорындар құрды (электроника және ақпараттық жүйелер, өмірге қажетті тауарлар мен азық-түлік өндіру, технопарк құру).
      Моноқаланың экономикасын әртараптандырудың табысты мысалдарының бірі ретінде Бирмингем қаласының (АҚШ) тәжірибесі саналады. Қаланың табиғи артықшылықтарын және инвестициялар тарту бойынша үкіметтің ойластырылған саясатын (мысалы, ұсақ өндірушілерге бос өндіріс алаңдарын беру, жоғары білім инфрақұрылымын дамыту және басқа шаралар) пайдалана отырып, қала металлургиялық қала құраушы кәсіпорындарының жабылуына байланысты проблемаларды шеше алды.
      Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, мемлекет тарапынан да, қала құраушы кәсіпорын тарапынан да бірлескен мүдделестік жоғары болған қалалар өздерінің проблемаларын шешуде неғұрлым табысты болды.
      Қайта даярлау қурстарын, бизнес-инкубаторларды ұйымдастыру, қала құраушы кәсіпорынның жаңа өндірістерді құруы, салық жеңілдіктері сияқты негізгі күштер кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған моноқалаларда едәуір алға басу байқалады.
      Сонымен қатар, моноқалалардың проблемаларын шешу жолдарының бірі – қалалар экономикасын ұзақ мерзімдік әртараптандыруға бағытталған балама өндірістерді орналастыру бойынша «зәкірлік» деп аталатын жобалар болып табылады.

4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

Бағдарламаның мақсаты

      Моноқалалардың орта және ұзақ мерзімді перспективада тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы.

Бағдарламаның нысаналы индикаторлары

      2015 жылға:
      1) экономикалық әлеуеті төмен моноқалаларда бір немесе бірнеше «зәкірлі» инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде өнеркәсіптік өндіріс көлемін – кемінде 20%-ға арттыру (2011 жылмен салыстырғанда);
      2) моноқалаларда белсенді жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындар санын – 2 есе ұлғайту (2011 жылмен салыстырғанда);
      3) моноқалалардағы кірісі күнкөріс минимумынан төмен халық санын – 6%-дан аспайтындай етіп төмендету;
      4) моноқалалардағы жұмыссыздық деңгейін – 5,5%-дан аспайтындай етіп төмендету.
      2020 жылға:
      1) моноқалаларда белсенді жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындар санын – 4 есе ұлғайту (2011 жылмен салыстырғанда);
      2) моноқалалардағы кірісі күнкөріс минимумынан төмен халық санын – 6%-дан аспайтындай етіп азайту (2015 жылы күнкөріс минимумы шамасын айқындау әдістемесін жетілдіруді ескере отырып);
      3) моноқалалардағы жұмыссыздық деңгейін – 5,0 %-дан көп емес деңгейге дейін төмендету.

Міндеттері

      Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2014.10.30 № 1154 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік оң күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 31.03.2014 № 279 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

       Бағдарламаны іске асыру шеңберінде міндеттерді шешу төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады:
      1. Тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты моноқалаларды оңтайландыру.
      2. Экономиканы әртараптандыру және моноқалалардың жұмыспен қамтылғандарының оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету үшін шағын және орта бизнесті дамыту.
      3. Моноқалалардың еңбек ресурстарының ұтқырлығын жоғарылату, жоғары әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшуге ынталандыру.
      4. Моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын тұрғындардың оңтайлы санына есептей отырып дамыту.
      Бағдарлама міндеттерін шешу мақсатында уәкілетті орган нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды.
      Уәкілетті орган мен облыстар әкімдері арасында Бағдарламамен айқындалған нысаналы индикаторларға қол жеткізу нәтижелері туралы келісімдер жасалады.
      Бағдарламаны іске асыру шеңберінде жергілікті атқарушы органдар уәкілетті органның ұсынымдарына сәйкес (2 - қосымша) моноқалаларды жоғары, орташа және төмен экономикалық әлеуетті қалаларға топтау жүргізіледі, оның негізінде олардың проблемаларын шешу тәсілдері (шаралары) де әртараптандырылады.
      Жалпы алғанда әлемдік тәжірибені және қазіргі проблемалар талдауын ескере отырып, Бағдарлама шеңберінде моноқалаларды мемлекеттік қолдау шараларын былайша басымды ету ұсынылады:
      1-басымдық. Төмен әлеуетті моноқалалардың бірінші кезектегі өткір проблемаларын шешу.
      2-басымдық. Орта әлеуетті моноқалаларды дамыту үшін жағдай жасау.
      3-басымдық. Жоғары әлеуетті моноқалаларды одан әрі тұрақты дамыту.
      Жоғары әлеуетті моноқалалар ағымдағы бәсекелестік жағдайында және қабылданған мемлекеттік бағдарламалық құжаттар, оның ішінде облыстарды дамытудың бесжылдық кезеңге арналған бағдарламалары шеңберінде дами алатын қалалар ретінде қаралады.

      Бірінші бағыт: Тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты моноқалаларды оңтайландыру.
      1. Моноқалалардың экономикалық әлеуетін және перспективалы жаңа мамандандыруларын анықтау.
      Осы бағыт шеңберінде әрбір моноқаланың экономикалық әлеуеті, оларды дамытуға теріс әсер ететін факторлар, сондай-ақ моноқалалардың перспективалы жаңа мамандырылулары анықталатын болады.
      Уәкілетті мемлекеттік орган жергілікті атқарушы органдармен бірге әрбір моноқаланың жүйелік диагностикасын және олардың жағдайы мен перспективаларының маркетингтік талдауын жүргізеді. Мемлекеттік қолдау әлеуетті барынша пайдалануға және моноқалалардың бірінші кезектегі өткір проблемаларын шешуге бағытталады.
      Бұл ретте мемлекеттік қолдау саясатының тетіктері моноқаланың әлеуетіне қарай әртараптандырылатын болады. Жоғары даму әлеуеті бар моноқалалар бәсекеге қабілеттілікті арттырудың жалпы саясаты шеңберінде, оларды дамыту мониторингі жүргізе отырып дамитын болады.
      Төмен және орта экономикалық әлеуетті моноқалаларға олардың әлеуетін неғұрлым жоғары санатқа көтеру үшін Бағдарлама шеңберінде мақсатты түрде қолдау көрсетіледі.
      Уәкілетті орган моноқалаларды дамытудың орталық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдар тарапынан қолдануын үйлестіруді қамтамасыз етеді.
      2. Моноқалаларды дамытудың кешенді жоспарларын әзірлеу.
      Жергілікті атқарушы органдар даму перспективаларын, халықтың болжанатын санын және моноқалалардың жаңа мамандандыруларын айқындай отырып, Ұзақ мерзімді перспективаға арналған моноқалаларды дамытудың кешенді жоспарларын (бұдан әрі – ДКЖ) әзірлейді.
      Уәкілетті орган ДКЖ әзірлеу бойынша ұсынымдар әзірледі, оларға сәйкес моноқаланың ДКЖ мыналарды қамтуы тиіс:
      1) мақсаттары, міндеттері және дамудың басымды бағыттары;
      2) нысаналы көрсеткіштер мен индикаторлар жүйесі;
      3) іске асыру тетіктері, іс-шаралар және инвестициялық жобалар;
      4) жергілікті атқарушы органдардың қызметін моноқалаларды дамыту бөлігінде жетілдіру жөніндегі шаралар.
      ДКЖ бәсекеге қабілеттілік өсімін, ұзақ мерзімді перспективада моноқалаларды тұрақты дамытуды, экономика құрылымын әртараптандыруды, кәсіпкерлікті және іскерлік белсенділікті дамытуды, халықтың өмір сүру сапасын арттыруды, тиісті инфрақұрылымды дамытумен жалпы елді және өңірді дамытуға интеграцияны қамтамасыз етуі тиіс.
      3. Моноқалалардың басты жоспарларын түзету.
      Басты жоспарларды түзету халықтың болжанатын санын ескере отырып, әлеуметтік, тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылымды дамыту мен жаңғыртуға бағытталатын болады.
      Әлеуметтік, тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жоспарлар тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты халықтың перспективалы санына қарай моноқалаларды дамыту, жаңғырту және оңтайландыру жөніндегі шараларды қамтуы тиіс.

       Екінші бағыт: Экономиканы әртараптандыру және моноқалалардың жұмыспен қамтылғандарының оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету үшін шағын және орта бизнесті дамыту.
      Бағдарламаны іске асырудың осы бағыты шеңберінде мынадай іс-шаралар көзделеді:
      1. Моноқалалардың экономикасын ұзақ мерзімді әртараптандыру үшін «зәкірлік» инвестициялық жобаларды іске асыру
      Жергілікті атқарушы органдар индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып, әрбір моноқалада іске асыру үшін 1-3 «зәкірлі» инвестициялық жобаны іріктейтін болады.
      Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары (бұдан әрі – ӘКК) компанияның ерекшеліктерін, жобаның қаржы-экономикалық және өндірістік орындылығын негізге ала отырып, моноқалаларда «зәкірлік» инвестициялық жобаларды іске асыру үшін құрылатын ұйымдардың жарғылық капиталына кіру мүмкіндігін қарайтын болады.
      Бұл ретте ӘКК-тардың моноқалалардағы осы жобаларға қатысуы үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіпте ӘКК-нің жарғылық капиталын ұлғайту жүргізіледі.
      «Зәкірлік» инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау қолданыстағы кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары («Бизнестің жол картасы 2020», «Өнімділік 2020» және басқа да салалық бағдарламалар) шеңберінде жүзеге асырылады.
      Шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын іске асыруды мемлекеттік қолдау осы бағыттың 6-шы кіші бөлімінде көрсетілген шараларды көрсету жолымен жүзеге асырылады.
      2. Ұлттық холдингтердің моноқалаларда, олардың ерекшелігін ескере отырып, қосалқы және қызмет көрсету өндірістерін, тапсырыстарды орналастыруы.
      «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ компанияның ерекшеліктерін, жобаның қаржы-экономикалық және өндірістік орындылығын негізге ала отырып, моноқалалардағы инвестициялық жобаларды ықтимал іске асыру бойынша шаралар қабылдайтын болады.
      3. Қала құраушы кәсіпорындардың моноқалаларды, олардың ерекшелігін ескере отырып, қосалқы және қызмет көрсету өндірістерін, тапсырыстарды орналастыруы.
      Жергілікті атқарушы органдар қала құраушы кәсіпорындармен бірлесе отырып, әрбір моноқалада кемінде бір инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі шараларды оның мамандандырылуына сәйкес қабылдайтын болады.
      4. Моноқалаларда бұрынғы мамандандыруды қалпына келтіру.
      Бұл шаралар мыналар арқылы іске асырылады:
      1) Қаратау және Жаңатас қалаларында «Еврохим» АҚ тәжірибесінің мысалында қолданыстағы мамандандыруды жаңғырту үшін стратегиялық инвесторды тарту;
      Бағдарлама шеңберінде стратегиялық инвесторды тарту үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестицияларды тарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсету шараларын қабылдайтын болады.
      Сонымен қатар, пайдалы қазбалардың өңделетін кен орнын шектеулі пайдалану мерзімі бар кәсіпорындарға уәкілетті органмен тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру мүмкіндіктері қарастырылатын болады.
      2) моноқалаларға жақын орналасқан перспективалы пайдалы кен орындарын, «Казгеология» ҰК» АҚ-ның немесе кәсіпорындардың шикізат базасын ұлғайтуға мүдделі жеке инвесторлардың қатысуымен, оларды толығымен барлау шараларын айқындай отырып, анықтау.
      5. «Тұйыққа тірелу» проблемаларын шешу және моноқалалардың транзиттік әлеуетін дамыту.
      Жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мен бірлесе отырып, тұйыққа тірелу проблемасын шешу үшін көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша шаралар қабылдайтын болады.
      6. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 № 279 қаулысымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
      1. Республикалық бюджеттен берілетін бюджеттік кредит жергілікті атқарушы органға 0,01 % жылдық сыйақы ставкасымен қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында 5 жылға беріледі;
      кредит беру мерзімі - 5 жылдан аспайды;
      игеру кезеңі - Бағдарламаның үйлестірушісі бюджеттік кредитті алған сәттен бастап 5 жыл;
      бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты - өз ісін ұйымдастыру немесе кеңейту, айналым капиталын толықтыру;
      кредит тұтынушылық мақсаттарға, өткен қарыздарды өтеуге, жылжымайтын мүлік, жер учаскесін сатып алуға және жалға алу ақысын төлеуге берілмейді;
      кредиттің ең жоғары сомасы 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды;
      кредит бойынша түпкілікті қарыз алушыға, микрокредит ұйымдарына және/немесе кредиттік серіктестіктерге кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдік кезеңі ұсынылуы мүмкін.
      2. Облыстық маңызы бар жергілікті атқарушы орган уәкілетті өңірлік ұйымды айқындайды.
      3. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі уәкілетті өңірлік ұйымға кредит береді және онымен кредит беру туралы келісім жасасады.
      Мыналар:
      1) қаржы агенттігі мәртебесі бар уәкілетті өңірлік ұйым үшін кредит бойынша жылдық сыйақы ставкасы 0,01 % мөлшерінде белгіленеді;
      2) басқа заңды тұлғалар үшін кредит бойынша жылдық сыйақы ставкасы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама нарығындағы операциялардың нәтижелері бойынша өткен тоқсанда эмиссиялаған мемлекеттік бағалы қағаздар кірістілігінің қалыптасқан орташа өлшемді ставкасы деңгейінде белгіленеді.
      4. Уәкілетті өңірлік ұйым Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 819 қаулысына сәйкес Микроқаржы ұйымдарына және кредиттік серіктестерге конкурстық негізде кредит беру қағидаларында айқындалған өлшемдерге сәйкес микрокредит (микроқаржы) ұйымдарын іріктейді.
      Уәкілетті өңірлік ұйым Қағидаларда айқындалған шарттарда микрокредит (микроқаржы) ұйымдарына кредиттік ресурстар ұсынады.
      Кредиттік ұйымдарға кредиттік ресурстар жеделділік, қайтарымдылық, ақылылық, қамтамасыз етілу және мақсатты пайдалану шарттарында ұсынылады.
      Түпкілікті қарыз алушыға арналған кредиттік ресурстар бойынша ең жоғары жылдық тиімді сыйақы ставкасын уәкілетті өңірлік ұйым ӨҮК-пен келісім бойынша белгілейді.
      5. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және табысы аз адамдардың кәсіпкерлігін дамыту шеңберінде салалық шектеусіз мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну былайша жүзеге асырылады:
      1) Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген адамдар халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді, онда оларға Бағдарлама шеңберінде микрокредит алудың ықтимал нұсқалары туралы консультация беріледі.
      Конкурстық негізде іріктелген микроқаржы (микрокредит) ұйымдары арқылы кредит қаражатын алуға ниет білдірген жағдайда, қатысуға үміткерлер халықты жұмыспен қамту орталықтарына өтініш пен мынадай құжаттарды береді:
      жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі (мекенжай анықтамасы, аталған адамның моноқалада/ауданда тұратыны туралы);
      еңбек кітапшасының (бар болса) немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжаттың (жұмыс істейтін адамдар үшін) көшірмесі;
      жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту бойынша бизнес-ұсыныс.
      Жеке ісін кеңейтуді және айналым қаражатын толықтыруды жоспарлайтын адамдар:
      төлем қабілеттілігін (егер адамға қызмет көрсететін екінші деңгейдегі банктің немесе оның филиалының адамның банктің немесе оның филиалының алдындағы (адам екінші деңгейдегі бірнеше банкттің немесе филиалдың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылатын жағдайда, аталған анықтама осындай банктің әрқайсысынан беріледі) міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берген күннің алдында мерзімі үш айдан асып кеткен берешегі жоқ екені туралы анықтамасының қол қойылған және мөр басылған түпнұсқасы) растайтын құжаттарды қосымша ұсынады;
      2) халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынылған өтініштер мен құжаттарды қарайды, мемлекеттік қолдауды алу түрлері бойынша үміткерлердің тізімдерін және бизнес-ұсыныстар тізбесін қалыптастырады және құжаттардың толық пакетін алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде:
      Бағдарламаға қосу не одан бас тарту үшін үміткерлердің тізімдерін және бизнес-ұсыныстар тізбесін Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісіне;
      үміткерлер ұсынған өтініштерді, құжаттарды, үміткерлердің тізімдерін және бизнес-ұсыныстар тізбесін конкурстық негізде іріктелген микроқаржы (микрокредит) ұйымдарына немесе кредиттік серіктестіктерге жібереді;
      3) құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде халықты жұмыспен қамту орталығына:
      Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі - ұсынылатын жобаның өңірде кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарына сәйкестігі туралы қорытындыны және жобаны Бағдарламаға қосу туралы шешімді не негізделген бас тартуды;
      конкурстық негізде іріктелген микроқаржы (микрокредит) ұйымдары, кредиттік серіктестіктер - үміткерлерге кредит беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытындыны ұсынады;
      4) халықты жұмыспен қамту орталығы жоғарыда көрсетілген қорытындыларды, Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы шешімдерді немесе негізделген бас тартуды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде үміткерлерді бұл туралы жазбаша хабардар етеді;
      5) халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды оқыту жөніндегі ұйымдарға жібереді, онда бір айға дейінгі оқу мерзімімен оларды кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту, оларға бизнес-жоспар дайындауға жәрдемдесу қамтамасыз етіледі.
      Бұл ретте, Жұмыспен қамту 2020Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 және Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламалары шеңберінде бұдан бұрын кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткен, оқуын растайтын сертификаттары бар адамдардың микрокредит алуға құқығы бар. Оқытуды растайтын құжаттың қолданылу мерзімі үш жылдан аспауға тиіс;
      6) Бағдарламаға қатысушы жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және Бағдарламаға қатысушыларға кредит беру құқығын алған микроқаржы (микрокредит) ұйымына микрокредит алуға арналған өтініммен жүгінеді;
      7) микроқаржы (микрокредит) ұйымы жобаны бағалауды жүргізеді, қорытынды береді және микрокредит беру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.
      Микрокредитті кредиттік серіктестік арқылы алған жағдайда, Бағдарламаға қатысушы жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және уәкілетті өңірлік ұйым Қағидаларға сәйкес өткізетін кредиттік серіктестіктерді іріктеу жөніндегі конкурсқа қатысатын кредиттік серіктестікке жүгінеді.
      Микроқаржы (микрокредит) ұйымдары және кредиттік серіктестіктер үміткерлерге микрокредит бергеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде ол туралы Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісін хабардар етеді.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.11.2013 № 1169 қаулысымен.

       Үшінші бағыт: Жоғары әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар елді мекендерден және экономикалық өсу орталықтарынан өз еркімен көшіруді ынталандыру арқылы моноқалалардың еңбек ресурстарының ұтқырлығын жоғарылату.
      Осы бағыт халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуші белсенді шараларды іске асыру жолымен еңбек ресурстарының ұтқырлығын жоғарылату шараларын қарастырады.
      1. Моноқалалар тұрғындарын оқыту және жұмысқа орналасуларға жәрдемдесу.
      Моноқалалар тұрғындарын оқыту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысымен бекітілген өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздар мен табысы аз адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаты шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
      2. Моноқалалар тұрғындарын техникалық және кәсіби білім беру салаларындағы облыс оқу мекемелерінде оқытумен қамтамасыз етуді.
      Моноқалалардағы жастарды оқыту Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
      Болашақта тоноқалалардың жастарын енді салынып жатқан өңіраралық кадрлар даярлау орталықтарында (Атырау, Өскемен, Екібастұз, Шымкент) оқыту, сонымен қатар моноқалалардың тұрғындарын ірі өндірістік компанияларға орналасуға нысаналы іріктеу, олардың оқу орталықтарында оқыту мәселелері пысықталатын болады.
      3. Жоғары әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына ерікті түрде көшіруге ынталандыру.
      Жоғары әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына көшуді ұйымдастыру кезінде мемлекеттік қолдау алуда жастар басым құқыққа ие болады.
      Өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар мен табысы аз адамдар санынан Қазақстан Республикасы азаматтарын төмен әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар моноқалалардан жоғары әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар моноқалаларға және экономикалық өсу орталықтарына көшіру бір облыс шегінде жүзеге асыралуы мүмкін.
      Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша өңірлік комиссиялар берген өтініштер мен ұсыныстардың және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы операторының қорытындысы негізінде азаматтарды республиканың басқа облысына көшіру жүзеге асырылуы мүмкін.
      Ерікті көшіруге мемлекеттік қолдау көрсетілетін моноқалалар тұрғындары келесі критерийлерге сәйкес келуі қажет:
      1) өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздар мен табысы аз адамдар санатына жатуы;
      2) соңғы үш жылда әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен моноқалаларда тұруы.
      Бағдарламаның қатысушыларын мемлекеттік қолдау мыналарды:
      1) көшіруге субсидиялар ұсынуды;
      2) кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарында оқуды, сонымен қатар жаңа тұрғын орнында жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді;
      3) заңнамада бекітілген тәртіпте Қазақстан Республикасы азаматтарына қызметтік үйлер беруді;
      4) психологиялық бейімделуді қамтиды.
      Көшіруге байланысты субсидиялар көшіруге кететін шығындардың орнын толтыруды қамтиды.
      Аталған бағдарламаны іске асыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының қағидаттары мен тетіктері бойынша жүзеге асырылады.
      Бағдарламаның аталған бағытында қатысу жағдайы және мемлекеттік қолдауды ұсыну Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін белсенді шараларға және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге қатысатын тұлғалардың ұтқырлығын жоғарылатуға жәрдемдесу ережелерінде қарастырылған.
      Сондай-ақ, облыс әкімдіктері әзірлейтін моноқалаларды дамытудың кешенді жоспарларында жүйе құрушы кәсіпорындармен бірге тұрғын үй салу қарастырылатын болады.
      Төртінші бағыт: Моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын халықтың оңтайлы санын есептей отырып дамыту.
      Моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымы бюджеттік шығындардың тиімділігін арттыру мақсатында моноқаланың даму әлеуетінің деңгейіне байланысты ұзақ мерзімді перспективаларды ескере отырып жүзеге асырылады.
      Пилоттық және кейінгі жылдары республикалық және жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде моноқалалардағы көшелерге жарық жүргізу және абаттандыру, тұрғын-үй қорларын сақтау және қоқыстарды шығару, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою, иесіз объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтарды және мал көмінділерінің полигондарын жайластыру, жылыту су құбырларын, кәріз жүйелерін жөндеу, балалардың аула ойын алаңдарын орнату, қала ішілік автомобиль жолдары мен әлеуметтік объектілерді жөндеу, аулаларды, скверлерді, көшелерді жайластыру, арық желісін жөндеу бойынша шығындар қаржыландырылады.
      ВАК одан әрі дамыту бойынша шешім қабылдаған әлеуеті жоғары және орташа моноқалалар бойынша инвестициялық жобалар бюджеттік заңнамада бекітілген тәртіпте қаржыландырылады. Бұл ретте, бірінші кезектегі тәртіпте қала тыныс-тіршілігінің неғұрлым өткір мәселелері шешіледі (жылумен, сумен, электрмен, газбен жабдықтау, жолдар, апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлерді ысыру, абаттандыру және экология), сондай ақ әлеуметтік мәдени тұрмыс объектілерін салу және қайта жаңарту. Әлеуметтік инженерлік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобалардың қуатын моноқаланы дамытудың құрылымы мен өндірісті одан әрі әртараптандыру және халық санының өсу немесе төмендеу серпінін есепке ала отырып ескеру керек.
      Әлеуеті жоғары және орташа моноқалалар үшін:
      1. Бекітілген нормативтерге дейін жеткізумен әлеуметтік объектілер инфрақұрылымын жаңғырту және (немесе) салу.
      Бұл ретте қолданыстағы мемлекеттік, салалық бағдарламалар шеңберінде әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін реконструкциялау және (немесе) салу іс-шаралары жүргізілетін болады, соның салдарынан бір салалы қалалар халқы әлеуметтік саладағы қол жетімді және сапалы қызметтермен қамтамасыз етіледі.
      Облыстардың әкімдіктері әзірлейтін моноқалаларды дамытудың кешенді жоспарларында кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінің оқу-өндірістік базасының деңгейін арттыру, оның ішінде жатақханалар салу үшін қаражат көзделетін болады.
      2. Тыныс-тіршілік инфрақұрылымын халықтың оңтайлы санына қатысты реконструкциялау және (немесе) салу (сумен-, жылумен-, электрмен-, газбен жабдықтау, кәріз және телекоммуникация, жолдар, экология) көзделеді.
      Бұл үшін қаржыландыру көздерінің мүмкіндіктерімен сомалардың теңгерімділігі және құны есептелген, инвестициялауға жататын объектілері айқындалған әрбір перспективалы бір салалы қаладағы нақты жағдайлар қарастырылады.
      Сумен жабдықтау. «Ақ бұлақ» бағдарламасының критерийлеріне сәйкес іске асырылатын моноқалада шағын кәсіпкерлікті және қайта өңдеу өндірістерін, ауыл шаруашылығын дамыту үшін су ресурстарының тапшылығын азайту және моноқаланың сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар.
      Электрлендіру. Жаңа электр желілері құрылысы, электр беру желілерін реконструкциялау және жөндеу.
      Жолдар. Моноқалаларды ірі қалалармен немесе облыс орталығымен байланыстыратын жолдарды реконструкциялау, күрделі және ағымдағы жөндеу.
      Газдандыру. Газ тарату желілерінің құрылысы, сұйылтылған газбен толтыру және баллон алмастыру орталықтандырылған пункттерін техникалық жарақтандыруды арттыру.
      Моноқалаларда аварияларға, апаттарға және зілзала апаттарға қарсы тұру инфрақұрылымын дамыту. Жаңа және қазіргі бар өрт сөндіру депосына және суда құтқару станцияларына күрделі жөндеу жүргізу, ғимараттар мен құрылыстарды сейсмикалық күшейту, инженерлік қорғау құрылыстарын салу, шаруашылық ауыз сумен және өртке қарсы сумен жабдықтауға күрделі жұмыс жүргізу.
      Әлеуеті төмен моноқалалардағы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның жағдайы орташа республикалық деңгейде болады.
      Моноқалаларда жөндеу және қалпына келтіру, ал жекелеген қалаларда апатты тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі іс шаралар іске асырылады.
      Мына критерийлерді ескере отырып, қаржыландыруға жобаларды іріктеу жалпы республикалық көрсеткіштерге жету мақсатында жүзеге асырылатін болады:
      1. Салу қажеттілігі туындаған әлеуметтік инженерлік инфрақұрылым объектілерінің болмауы.
      2. Моноқалада тұратын тұрғындардың өмірі мен денсаулығына әлеуетті қауіп төндіретін, сондай-ақ төтенше жағдай қаупін төндіретін әлеуметтік инженерлік инфрақұрылым объектілерінің күрделі және апаттық жағдайы.
      3. Әлеуметтік инженерлік инфрақұрылым объектілерінің болмауы/күрделі жағдайы нәтижесінде сапалы қызметтерді алмаған/толығымен алмаған тұрғындар саны.
      4. Әрбір моноқалалар бойынша Кешенді жоспарда көзделген ерекше критерийлер.

      Бағдарламаның жоғарыда аталған міндеттерін іске асыру мынадай іс қимыл алгоритміне сәйкес жүзеге асырылады:
      1. Уәкілетті органның ұсынымдары негізінде облыс әкімдіктері ұзақ мерзімді кезеңге әрбір моноқалаларды дамытудың кешенді жоспарын әзірлейді.
      2. Уәкілетті орган жанынан құрылған Жұмыс тобы кешенді жоспарларды қарайды.
      Жұмыс тобы әрбір кешенді жоспарды егжей-тегжейлі зерделейді, пысықтау бойынша ұсыныстар береді және мемлекеттік қолдау шараларын көрсету әрі кейіннен оны Өңірлік саясат мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізуі үшін инвестициялық жобаларды іріктейді.
      3. ВАК жұмыс тобының ұсыныстарын ескере отырып кешенді жоспарларды, сондай ақ ұлттық компаниялар мен даму институттары, республикалық бюджет есебінен іске асыру үшін инвестициялық жобаларды қолдайды.
      4. Іріктелген бюджеттік инвестициялық жобалар тиісті бюджетті қалыптастыруда тиісті республикалық және басым бюджеттік инвестициялардың жергілікті тізбелеріне қосылады.

5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

      Бағдарламаны іске асыру 2 кезеңде жүзеге асырылады:
      1 кезең – 2012 жыл (пилоттық) Пилоттық жылда Бағдарламаның бағыттары бойынша мемлекеттік қолдау көрсетудің тәртібі, тетігі және жағдайлары айқындалады, бағдарламаны іске асыруға қатысты мәселелер бойынша қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, сондай ақ тұрғын үй коммуналдық шаруашылықта және әлеуметтік секторда жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын дайындау кезінде өңірлерге консультациялық көмек көрсетіледі.
      2 кезең – 2013-2020 жылдар.
      Бұл кезеңде моноқалаларды дамыту бойынша толық ауқымды тиімді жұмыс жүзеге асырылады.

6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері

      Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен және Қазақстан Республикасы заңнамасында шектелмеген өзге де көздер шегінде жүзеге асырылады.
      Пилоттық 2012 жылы моноқалаларды бірінші кезектегі проблемаларды шешуге арналған республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру 6 000,0 млн. теңгені құрайды.
      Республикалық бюджеттен шамамен: 2013 жылға - 38 200,0 млн. теңге, 2014 жылға - 43 200,0 млн. теңге, 2015 жылға - 53 900,0 млн. теңге қарастырылған.

7. Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

      Ескерту. 7-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.11.2013 № 1169, 2014.10.30 № 1154 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік оң күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Р/с №

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Көзделген шығыстар(млн. теңге)

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

1-бағыт. Моноқалаларды тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты оңтайландыру

1.

Әрбір моноқаланың даму перспективаларын анықтау бойынша қолданбалы зерттеулер өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), облыс әкімдері

2013 жылғы қаңтар

Талап етілмейді

-

2.

Моноқалалардың ұзақ мерзімді кезеңге дамуының кешенді жоспарларын әзірлеу және бекіту (Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда келісілуін ескере отырып)

Мәслихат-тардың шешімдері

Облыс әкімдері

2012 жылғы 3-тоқсан

Талап етілмейді

-

3.

Ұзақ мерзімді кезеңге (25-30 жыл) даму перспективаларын ескере отырып моноқалалардың бас жоспарларына өзгертулер мен толықтырулар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Облыс әкімдері

2013-2015 жылдардағы қаңтар

Талап етілмейді

-

4.

Іс-шараларды жергілікті бюджеттен қаржыландыруды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі әзірлеген ұсынымдарға сәйкес ұзақ мерзімді кезеңге моноқалалардың тізбесіне енгізілмеген шағын қалаларды дамытудың кешенді жоспарларын әзірлеу және бекіту

ЭДСМ ақпарат

Облыс әкімдері

2013 жылғы қаңтар

Талап етілмейді

-

2-бағыт. Моноқалалар халқының жұмыспен қамтылу құрылымын оңтайлы қамтамасыз ету үшін экономиканы әртараптандыру және шағын және орта бизнесті дамыту

1. Моноқалалар экономикасын әртараптандыру

5.

Моноқалалар экономикаларын ұзақ мерзімді әртараптандыру үшін 1-3 «зәкірлі» инвестициялық жобаларды (шикізаттық емес салаларда) іріктеу және іске асыру

ӨДМ-ге ақпарат

ИЖТМ, облыс әкімдері

жыл сайын қаңтар, шілде

Талап етілмейді

-

6.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының компанияның ерекшеліктерін негізге ала отырып, моноқалаларда «зәкірлік» инвестициялық жобаларды іске асыру үшін құрылатын ұйымдардың жарғылық капиталына кіру мүмкіндігін қарауы

ӨДМ-ге ақпарат

ИЖТМ, облыс әкімдері, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

жыл сайын қаңтар, шілде

Талап етілмейді

-

7.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ компанияның ерекшеліктерін, жобаның қаржы-экономикалық және өндірістік орындылығын негізге ала отырып, моноқалалардағы инвестициялық жобаларды ықтимал іске асыру бойынша шаралар қабылдауы

Қазақстан Республика-сының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, ӨДМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша)

жыл сайын қаңтар, шілде

Талап етілмейді

-

8.

Қала құраушы кәсіпорындардың қосалқы және қызмет көрсету өндірісін, тапсырысын моноқалалардың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, орналастыру (бір жобадан кем емес)

ӨДМ-ге ақпарат

Облыс әкімдері

жыл сайын қаңтар, шілде

Талап етілмейді

-

9.

Жекелеген моноқалалардың бастапқы мамандығын жаңғырту және/немесе қалпына келтіру үшін стратегиялық инвесторды тарту

ӨДМ-ге ақпарат

ИЖТМ

жыл сайын қаңтар, шілде

Талап етілмейді

-

10.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2014.10.30 № 1154 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік оң күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

11.

Моноқалалардың маңында орналасқан пайдалы қазбалардың перспективалы кен орындарын «Қазгеология» ҰК» АҚ немесе кәсіпорынның шикізат базасын кеңейтуге мүдделі жеке инвесторлардың қатысуымен толық барлау бойынша іс-шараларды белгілей отырып анықтау

ӨДМ-ге ақпарат

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

жыл сайын қаңтар, шілде

Талап етілмейді

-

12.

Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласын дамытудың ұзақ мерзімге арналған кешенді жоспарына енгізу үшін ғылыми әзірлемелер саласындағы жобаларды іске асыру бойынша ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

БҒМ, ИЖТМ, Шығыс Қазақстан облысының әкімі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «Қазатомпром» АҚ (келісім бойынша)

жыл сайын қаңтар, шілде

Талап етілмейді

-

13.

Моноқалалардың «тұйыққа тірелу» проблемасын шешу және көлік әлеуетін дамыту

ӨДМ-ге ақпарат

ККМ, облыс әкімдері, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

жыл сайын қаңтар

Тиісті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру шеңберінде

Республика-лық бюджет

2. Моноқалалар үшін екінші деңгейдегі банктердің және/немесе өзге де қаржы ұйымдарының кредиттері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау және салалық шектеулерді төмендету

14.

Екінші деңгейдегі банктер және/немесе өзге де қаржы ұйымдарының кредиті бойынша Сыйақы ставкаларын субсидиялаудың ережесін әзірлеу

Қазақстан Республи-касы Үкіметінің қаулысы

ЭДСМ

2012 жылғы шілде

Талап етілмейді

-

15

Екінші деңгейдегі банктермен, өзге де қаржы ұйымдарымен, «Даму» КДҚ» АҚ–мен субсидиялау бойынша келісімдер жасасу

Ынтымақтастық туралы келісімдерді жасасу

ЭДСМ, облыс әкімдері, «Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша), екінші деңгейдегі банктер (келісім бойынша)

2012 жылғы 3 тоқсан

Тиісті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру шеңберінде

Республика-лық бюджет

16.

Өңірлік үйлестіру кеңестерінде субсидиялау үшін моноқалалар кәсіпкерлерінің жобаларын қарау және мақұлдау

ӨДМ-ге ақпарат

Облыс әкімдері

жыл сайын қаңтар, шілде

Талап етілмейді

-

17.

Банк займдарының шарттарын, қаржы лизингі шарттарын және субсидиялаудың үшжақты шарттарын жасасу

ӨДМ-ге ақпарат

«Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша), екінші деңгейдегі банктер (келісім бойынша), лизингтік компаниялар (келісім бойынша)

жыл сайын қаңтар, шілде

Талап етілмейді

-

18.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша екінші деңгейдегі банктерге «Даму» КДҚ» АҚ субсидиялар төлеуі

ӨДМ-ге ақпарат

«Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша), екінші деңгейдегі банктер (келісім бойынша)

жыл сайын қаңтар, шілде

2013 жыл – 2 000,0*
2014 жыл – 3 400,0*
2015 жыл – 3 400,0*

Республикалық бюджет

3. Моноқалаларда жаңа өндірістерді құруға гранттар беру

19.

Моноқалаларда жаңа өндірістерді құруға гранттар берудің қағидаларын әзірлеу

Қазақстан Республи-касы Үкіметінің қаулысы

ЭДСМ

2012 жылғы шілде

Талап етілмейді


20.

Әрбір моноқалада жаңа өндірістерді құруға гранттар беру бойынша конкурстық комиссия құру

Облыс әкімінің шешімі

Облыстардың әкімдері

2012 жылғы 3 тоқсан

Талап етілмейді


21.

Конкурстық негізде гранттар беру үшін жобаларды қарау және мақұлдау

ӨДМ-ге ақпарат

Облыстардың әкімдері

жыл сайын қаңтар, шілде

2013 жыл – 300,0*
2014 жыл – 300,0*
2015 жыл – 300,0*

Республикалық бюджет

4. Ірі компаниялармен (қала құраушы кәсіпорындармен) шағын және орта бизнесті дамыту бойынша серіктестік бағдарламасын іске асыру

22.

Ірі компаниялармен (қала құраушы кәсіпорындармен) шағын және орта бизнесті дамыту бойынша серіктестік бағдарламасын әзірлеу

Бірлескен іс-шаралар жоспары

ӨДМ, «Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша), қала түзуші кәсіпорындар (келісім бойынша), облыстардың әкімдері

жыл сайын қаңтар, шілде

Талап етілмейді

-

23.

Серіктестік бағдарламасының шараларын іске асыру

Қазақстан Республика-сының Үкіметіне ақпарат

ӨДМ, «Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша), қала түзуші кәсіпорындар (келісім бойынша), облыстардың әкімдері

жыл сайын қаңтар, шілде

Тиісті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру және кәсіпорындардың жеке қаражаты шеңберінде

Республикалық бюджет

5. Барлық моноқалаларда микрокредиттік ұйымдары бар бизнес-инкубаторларын құру (ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау, старт-ап жобалары)

24.

Микрокредиттік, донорлық ұйымдарды және ірі компанияларды (қала құраушы кәсіпорындарды) тарта отырып, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге кешенді қолдау көрсету бойынша бизнес-инкубаторлардың құрылуы және жұмыс істеуі

ЭДСМ-ге ақпарат

Облыс әкімдері, қала құраушы кәсіпорындар (келісім бойынша), «Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша)

жыл сайын қаңтар, шілде

Тиісті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру және кәсіпорындардың жеке қаражаты шеңберінде

Республика-лық бюджет

6. Әрбір моноқалада кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын құру

25.

Мынадай функцияларды ұсынатын кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын құру:
- Қордың құралдарын қоса отырып, мемлекеттің қолдау бағдарламалары бойынша халық үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- қолдау құралдарын алу үшін тапсырыстарды жинау;
- бар берешекті қайта құрылымдау мәселелері жөнінде екінші деңгейдегі банктермен өзара әрекет ету бойынша заем алушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- екінші деңгейдегі банктерден кредит алу үшін құжаттарды жинау жөнінде консультация беру;
- кәсіпкерлердің төлем қабілеттілігін алдын ала талдау;
- кәсіпкерлерге сервистік қолдауды ұсыну

ӨДМ-ге ақпарат

Облыс әкімдері, «Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша), ККМ

жыл сайын қаңтар, шілде

Тиісті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру шеңберінде

Республика-лық бюджет

7. Моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу

26.

Моноқалаларда кәсіпкерлікті дамыту бойынша шараларды қамтамасыз ету (шағын кредит беру, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, кәсіпкерлікке оқыту)

Қазақстан Республика-сының Үкіметіне ақпарат

ӨДМ, Еңбекмині, облыстардың әкімдері

жыл сайын қаңтар, шілде

2013 жыл – 7 294,5*
2014 жыл – 7 805,1*
2015 жыл – 8 351,5*

Республикалық бюджет

3-бағыт. Моноқалалардың еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру, әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендер мен экономикалық өсу орталықтарына ерікті көшуге ынталандыру

27.

Моноқалалардың жастарына облыстың техникалық және кәсіби білім беретін оқу мекемелерінде оқу үшін жағдай жасау

ӨДМ-ге ақпарат

БҒМ, облыс әкімдері

жыл сайын қаңтар

Тиісті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру шеңберінде

Жергілікті бюджет

28.

Моноқалалардың жастарын құрылып жатқан өңіраралық кадрларды даярлау орталықтарында (Атырау, Өскемен, Екібастұз, Шымкент) оқыту мәселелерін пысықтау

ӨДМ-ге ақпарат

БҒМ, ИЖТМ, МГМ, Еңбекмині, облыс әкімдері

2014 жылғы қаңтар

Талап етілмейді

-

29.

Моноқалалардың тұрғындарын ірі өндірістік компанияларға жұмысқа орналастыруға, оқу орталықтарында оқытуға нысаналы жинау

ӨДМ-ге ақпарат

Еңбекмині, ИЖТМ, МГМ, БҒМ, облыс әкімдері

жыл сайын қаңтар, шілде

Талап етілмейді

-

30.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру бойынша іс-шараларды қамтамасыз ету (көшуге субсидиялар, қызметтік тұрғын үйлерді ұсыну, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту)

Қазақстан Республика-сының Үкіметіне ақпарат

ӨДМ, Еңбекмині, облыстардың әкімдері

жыл сайын қаңтар, шілде

2013 жыл – 1 580,9*
2014 жыл – 1 691,6*
2015 жыл – 1 810,0*

Республикалық бюджет

31.

Жұмысшылар үшін тұрғын үй тапшылығы орын алған жағдайда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру тетіктеріне ұқсас моноқалалардағы қала құраушы кәсіпорындармен үй салуды бірлесе қаржыландыру мәселелерін пысықтау және ұсыныстар енгізу

ЭДСМ-ге ақпарат

Облыс әкімдері, қала құраушы кәсіпорындар (келісім бойынша)

2012 жылғы шілде

Талап етілмейді

-

4 бағыт. Моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын халықтың оңтайлы санын есепке ала отырып дамыту

32.

Моноқалалардың инженерлік инфрақұрылымын халықтың оңтайлы санын есепке ала отырып дамыту, оның ішінде:

Қазақстан Республика-сының Үкіметіне ақпарат

ӨДМ, облыстардың әкімдері

жыл сайын қаңтар, шілде

2013 жыл – 21 000,0*
2014 жыл – 24 000,0*
2015 жыл – 34 000,0*

Республикалық бюджет

1)

Экономикалық әлеуеті жоғары және орташа моноқалаларда халықтың оңтайлы санына сәйкес тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын (сумен, жылумен, электрмен, газбен жабдықтау, кәріз және телекоммуникациялар) реконструкциялауды және (немесе) салуды қамтамасыз ету

Қазақстан Республика-сының Үкіметіне ақпарат

ӨДМ, ИЖТМ, облыстардың әкімдері

қаңтар, шілде

жыл сайын



2)

Экономикалық әлеуеті төмен моноқалалар халқының санын кейіннен оңтайландыруды ескере отырып, инженерлік инфрақұрылымды ең төменгі қажетті деңгейде (өмір сапасының стандарты) қамтамасыз ету

Қазақстан Республи-касының Үкіметіне ақпарат

ӨДМ, ИЖТМ, облыстардың әкімдері

жыл сайын қаңтар, шілде



3)

Моноқалалардың коммуналдық меншігіндегі апатты және тозған тұрғын үйлерді жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, ал жекелеген қалаларда –бұзу

Қазақстан Республика-сының Үкіметіне ақпарат

ӨДМ, облыстардың әкімдері

қаңтар, шілде жыл сайын



33.

Әлеуеті төмен моноқалаларда әлеуметтік инфрақұрылымның қазіргі бар объектілерін оңтайландыру бойынша ұсыныстар енгізу (моноқалаларға шығумен объектілерді зерттеу)

ЭДСМ-ге ақпарат

ДСМ, БҒМ, МАМ, облыс әкімдері

2012 жылғы маусым

Талап етілмейді

-

34.

Моноқалаларда аварияларға, апаттар және табиғи қасіреттерге қарсы әрекет ететін инфрақұрылымды дамыту

ӨДМ-ге ақпарат

ТЖМ, облыс әкімдері

жыл сайын қаңтар, шілде

Бюджеттік өтінімдерге сәйкес

Республикалық және жергілікті бюджеттер

35.

Моноқалаларды келесі жұмыс түрлері бойынша жайластырудың бірінші кезектегі мәселелерін шешуді қамтамасыз ету: көшелерді жарықтандыру және көгалдандыру, тұрғын үй қорын сақтау және қоқыс шығару, санкцияланбаған үйінділерді жою, иесіз объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын және мал қорымдарын жайластыру, жылу жүйелерін, әлеуметтік сала объектілерін, су құбырларын, кәрізді жөндеу, аулалық балалар ойын алаңдарын орнату, қала ішіндегі жолдарды жөндеу, алаңдарды, көшелерді, шағын бақтарды абаттандыру, арық желілерін жөндеу, табиғатты қорғау іс-шаралары

Қазақстан Республика-сының Үкіметіне ақпарат

ӨДМ, облыстардың әкімдері

жыл сайын қаңтар, шілде

2012 жыл – 6 000,0
2013 жыл - 6 000,0*
2014 жыл - 6 000,0*
2015 жыл – 6 000,0 *

Республикалық бюджет

2012 – 2020 жылдарға Бағдарлама бойынша барлығы


2012 жыл
Республикалық бюджет
Жергілікті бюджет

6 000,0
-


2013 жыл*
Республикалық бюджет
Жергілікті бюджет

38 200, 0*


2014 жыл*
Республикалық бюджет
Жергілікті бюджет

43 200,0*


2015 год*
Республикалық бюджет
Жергілікті бюджет

53 900,0*


2016-2020 жылдар


      Ескертпе:
      *қаражат көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде анықталады.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      МАМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі;
      ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;
      БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;
      ӨДМ - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі;
      Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
      Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі;
      Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
      ККМ – Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігі;
      ТЖМ – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі;
      «ЭЗИ» АҚ – «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы;
      «ҚазАгро»ҰБХ» АҚ – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы;
      «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ – «Самұрық-Казына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы;
      «Даму» КДҚ» АҚ – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы;
      ӨҮК – өңірлік үйлестіру кеңестері.

Моноқалаларды дамытудың  
2012 – 2020 жылдарға арналған
бағдарламасына 1-қосымша 

Қазақстан Республикасы моноқалаларының тізбесі

Р/с №

Моноқалалардың атауы

Халық саны (01.10.11ж.), адам

Экономикалық әлеует (ж.а.о. бағалауы бойынша)

Ақмола

1

Степногорск

64 316

орташа

Ақтөбе

2

Хромтау

24 617

жоғары

Алматы

3

Текелі

28 656

орташа

Атырау

4

Құлсары

53 513

орташа

Батыс Қазақстан

5

Ақсай

33 610

орташа

Жамбыл

6

Қаратау

27 317

орташа

7

Жаңатас

21 098

төмен

Қарағанды

8

Балқаш

77 056

орташа

9

Жезқазған

85 185

орташа

10

Қаражал

19 235

орташа

11

Сораң

50 821

орташа

12

Сәтбаев

69 744

орташа

13

Теміртау

179 853

жоғары

14

Шахтинск

56 263

орташа

15

Абай

26 249

орташа

Қостанай

16

Арқалық

27 634

төмен

17

Жітіқара

34 595

орташа

18

Лисаковск

40 546

орташа

19

Рудный

126 613

жоғары

Маңғыстау

20

Жаңаөзен

121 327

орташа

Павлодар

21

Ақсу

45 845

жоғары

22

Екібастұз

136 829

жоғары

Шығыс Қазақстан

23

Зыряновск

38 185

орташа

24

Курчатов

11 198

орташа

25

Риддер

54 793

жоғары

26

Серебрянск

9 653

орташа

Оңтүстік Қазақстан

27

Кентау

61 362

орташа

БАРЛЫҒЫ

1 526 113


Моноқалаларды дамытудың  
2012 – 2020 жылдарға арналған
бағдарламасына 2-қосымша 

Даму әлеуеті жоғары, орташа және төмен моноқалаларды анықтау үшін критерийлер

       Моноқалалардың перспективалық деңгейін анықтау:
      1) моноқалаларды дамытуды мемлекеттік қолдау;
      2) қазіргі таңдағы әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешу;
      3) әлеуметтік-экономикалық проблемалардың пайда болуының алдын алу бойынша аса тиімді шараларды әзірлеу мақсатында жүзеге асырылады.
      Моноқаланың перспективалылығын анықтау критерийлері:
      1) оң көрсеткішті қаржы-шаруашылық қызметі, тұрақты табиғи-шикізаттық факторы (кен базасының сарқылу тәуекелінің болмауы, өндірілетін өнімге деген тұрақты сұраныс және т.б.) бар қала құраушы кәсіпорынның болуы:
      ағымдағы өндіру деңгейінде перспективада 25-30 жылға пайдалы қазбалар қорларының болуы;
      қала құраушы кәсіпорынның өніміне деген тұрақты сұраныс және өндіріс көлемін төмендетін факторлардың болмауы;
      
      моноқаланың халықаралық немесе республикалық маңызы бар авто- немесе теміржол магистральдарының бойында орналасуы;
      логистикалық инфрақұрылымды ұйымдастыру мүмкіндігі (теміржол станциялары, қоймалар);
      3) моноқаланың облыстық немесе республикалық маңызы бар ірі қала маңында немесе агломерация құрамында орналасуы;
      4) моноқалаларда ерекше әлеуеттің болуы (табиғи-ресурстық, географиялық, тарихи):
      моноқала маңында өндіру және қайта өңдеуге болатын пайдалы қазбалардың перспективалы қорларының болуы;
      әлеуеттің басқа түрлерінің (рекреациялық, бірегей қорық аумақтарының), ғылыми және инновациялық әлеуеттің болуы;
      5) дамыған әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымы болған жағдайда мемлекеттік, білім беру, медициналық, инфрақұрылымдық, көліктік-логистикалық, қаржылық-делдалдық, рухани-мәдени және басқа да сервистік қызметтердің кең спектрін, оның ішінде маңайындағы ауылдық аумақтарға, көрсете алатын моноқалалар;
      6) белсенді жұмыс істейтін шағын кәсіпорындардың үлесі:
      қалада дамыған шағын және орта кәсіпкерліктің болуы (қызмет көрсету саласында, өңдеу өнеркәсібінде және басқалары);
      қалада жұмыс істеп тұрған техникалық және кәсіби білім беру оқу орындарының болуы (ТжКБ);
      7) кадрлық әлеует:
      моноқалада жоғары білікті техникалық мамандардың болуы, оның ішінде қала құраушы кәсіпорында жұмыс істеп жатқан;
      8) қолайлы экологиялық жағдай:
      экологиялық апаттағы аумақтардан басқа экологиялық нормалардан жоғары ластағыш көздердің болмауы;
      9) халық табыстары:
      халық табыстары орташа республикалық деңгеймен тең немесе одан жоғары.
      Жоғарыда аталған жағдайлары немесе оларды іске асыру мүмкіндігі жоқ моноқалалар экономикалық әлеуеті жоғары қалаларға жатпайды.
      Моноқаланың перспективасыздығын анықтау критерийлері:
      1) ірі қалалардан және негізгі көліктік дәліздерден шалғайлығы (75 және одан артық км немесе 1 сағаттық қол жетімділік):
      моноқаланың тұйықтықта орналасуы (республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының және теміржолдың болмауы);
      моноқаланы басқа қалалармен және өңірлермен байланыстыратын көліктік инфрақұрылым аса тозған жағдайда;
      2) қала халқының тұрақты кетуі (санының азаюы):
      соңғы 10 жылдағы көші-қон сальдосының теріс серпіні (халық санының азаюы негізінен жоғары білікті еңбекке қабілетті халық есебінен іске асады);
      3) қорлары сарқылған минералды-шикізаттық база:
      кенде пайдалы құрамдауыштың төмендеуі;
      ағымдағы өндіру қарқындары сақталған жағдайда 5-10 және одан аз жылға жететін шикізат қорлары;
      4) қала құраушы кәсіпорында өндіріс көлемінің төмендеуі және оның өнімінің бәсекеге қабілетсіздігі:
      соңғы 10 жылда қала құраушы кәсіпорындағы өндіріс көлемінің едәуір қысқаруы;
      5) әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымның апатты тозуы:
      авариялық тұрғын үйлердің жоғары үлесі;
      су, электр, жылу инфрақұрылымының тозуы 80 %-дан асады,
      денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет объектілерінің тозуы 70 %-ға жетеді;
      6) қолайсыз экологиялық жағдай:
      қала аумағының экологиялық апат аймағында орналасуы және экологиялық нормалардан жоғары ластағыш көздердің болуы;
      7) жұмыссыздық деңгейі:
      орташа облыстық мәнінен жоғары;
      8) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үлесі:
      орташа облыстық мәнінен жоғары;
      9) халықтың табыстары:
      орташа облыстық көрсеткіштерден аз.
      Осы критерийлерге сәйкес келетін моноқалалар экономикалық әлеуеті төмен қалаларға жатады.
      Жоғарыда аталған критерийлерге сәйкес әлеуеті жоғары және төмен қалалар қатарына кірмеген моноқалаларды облыс әкімдігі әлеуеті орташа елді мекендер тізіміне енгізді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады