Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 231 қаулысы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің мәселелері

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәселелері» 2013 жылғы 13 наурыздағы №231 қаулысы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 466 Жарлықтарын орындау мақсатында қабылданды.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің аталған қаулысымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті құрылды және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереже көші-қоны мәселелері жөніндегі функциямен толықтырылып, Мемлекеттік орган туралы үлгі ережеге сәйкестікке келтірілді.

      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз