"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 236 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін.

      1-тармақтың 2), 2-1) тармақшалары алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 13 наурыздағы
№ 236 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1111 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім, ғылым, балалардың құқықтарын қорғау және жастар саясаты салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мынадай ведомстволары бар:

      1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті;

      2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті;

      3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті;

      4) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитеті.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, Орынбор көшесі, № 8 үй.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      13. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне кәсіпкерлік субъектілерімен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен
міндеттері

      14. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің миссиясы:

      ұлттың зияткерлік әлеуетін дамыту, бәсекеге қабілеттілікті және орнықты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.

      15. Міндеттері:

      1) білім, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру;

      2) мемлекеттік жастар саясаты саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру;

      3) білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

      4) ғылыми зерттеулер ұйымдастыруды жетілдіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

      5) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.

      16. Функциялары:

      орталық аппараттың функциялары:

      1) білім беру саласында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету;

      2) білім беру сапасын басқаруды жүзеге асыру, білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасын әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз ету;

      3) мемлекеттік жастар саясатын жүргізу;

      4) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізу;

      5) ғылым және жастар саясаты саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз ету;

      6) баланың негізгі құқықтарын іске асыру жөніндегі әртүрлі бағдарламаларды әзірлеу;

      7) шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізу және білім, сондай-ақ ғылыми қызмет саласындағы халықаралық шарттар (келісімдер) мен бағдарламаларға қол қою;

      8) аккредиттеу органдарына, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және оларды танудың тәртібін белгілеу, танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беретін оқу бағдарламаларының тізілімін қалыптастыру;

      9) тиісті білім беру деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеуді ұйымдастыру, барлық білім беру деңгейлерінің үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын және үлгілік оқу жоспарларын бекіту;

      10) медициналық, фармацевтикалық және әскери білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын келісу;

      11) Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қызметін үйлестіру;

      12) білім және ғылым саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      13) білім беру саласындағы нысаналы және халықаралық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;

      14) білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау және жариялау арқылы жұртшылық пен мемлекетті білім беру жүйесінің жай-күйі және оның қызметінің тиімділігі туралы объективті ақпаратпен қамтамасыз ету;

      15) балалар музыка мектептерінің, балалар көркемсурет мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;

      16) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын әзірлеу;

      17) мүдделі министрліктермен, өзге де орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, кәсіптік оқу бағдарламаларының түрлері бойынша кадрлар даярлау үшін кәсіптер мен мамандықтар тізбесін айқындау және кәсіптер мен мамандықтардың жіктеуіштерін бекіту;

      18) меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін айқындау;

      19) орта білім беретін республикалық ұйымдарды, сондай-ақ халықаралық келісімдерге сәйкес шетелдік мектептерде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету;

      20) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;

      21) білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының және кәсіптік практикадан өткізуге арналған үлгілік шарттың нысандарын бекіту;

      22) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылықты және олардың жүргізілуін үйлестіруді жүзеге асыру, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын, оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту және қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу;

      23) Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      24) оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендер мен оқу-әдiстемелiк құралдар дайындау, оларды сараптамадан, байқаудан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекiту;

      25) бiлiм беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етiлген оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердiң, оның iшiнде электрондық жеткiзгiштердегі тізбесін қалыптастыру және бекіту;

      26) республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

      27) жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      28) жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін қалыптастыру және бекіту;

      29) ведомстволық бағыныстағы білім беру мекемелерінің жарғыларын бекіту;

      30) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу және бекіту;

      31) мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық алмастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      32) жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы мен ғылыми қызметкерлерін лауазымдарға конкурстық алмастыру қағидаларын әзірлеу;

      33) педагог қызметкерлерді аттестаттау қағидаларын бекіту;

      34) педагог кадрларды қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

      35) салалық көтермелеу жүйесін әзірлеу және бекіту;

      36) білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастық ұйымдарының қағидаларын белгілеу және осы жұмысты үйлестіру;

      37) шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу тәртібін әзірлеу, бекіту және белгілеу;

      38) тетіктерді бекіту және инновациялық қызметті жүзеге асыратын және ғылыми зерттеулер нәтижелерін өндіріске енгізетін базалық жоғары оқу орындарын айқындау;

      39) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      40) магистратурада және докторантурада мамандықтар бөлінісінде жоғары білімі бар мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді бекіту;

      41) білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау жүргізудің, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік қағидаларын бекіту;

      42) кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша біліктілікті беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      43) білім және (немесе) біліктілік туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу мен беру және олармен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын, ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарын қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды әзірлеу мен бекіту және олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;

      44) білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептілік құжаттарының нысандарын әзірлеу және бекіту, білім туралы құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптарды айқындау, білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту;

      45) сырттай, кешкі нысандарда және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін белгілеу және жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;

      46) білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын әзірлеу;

      47) білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру тәртібін әзірлеу;

      48) білім беруді басқару жүйесін ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      49) білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      50) мемлекеттік жастар саясаты саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

      51) арнаулы білім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлерінің тізбесін белгілеу, арнаулы білім алуға мұқтаж адамдар үшін білім беру ұйымдарында қажетті орын санын айқындау;

      52) мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік жарақтандырылуы мен қамтамасыз етілуіне қойылатын ең төменгі міндетті талаптарды белгілеу;

      53) барлық білім беру ұйымдары үшін арнаулы білім беру шарттарының бірыңғай қағидаттары мен нормативтерін айқындау;

      54) мүмкіндігі шектеулі балалар оқитын арнаулы сыныптардың (топтардың) шекті толымдылығын айқындау;

      55) білім алушыларды аттестаттау әдістемесін айқындау;

      56) балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органдардың халықаралық ынтымақтастық ісіндегі қызметін үйлестіру;

      57) ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      58) білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау тәртібін белгілеу;

      59) мүшелерін сайлау тәртібін қоса алғанда, ғылыми ұйымның консультативтік-кеңесші органы туралы үлгі ережені бекіту;

      60) диссертациялар қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту;

      61) ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтарды алушыларға қойылатын біліктілік талаптарын және ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтарды беру тәртібін бекіту;

      62) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

      63) баланың құқықтарын қорғау саласындағы басқа мүдделі уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру және бағыттау;

      64) ведомстволық бағынысты ұйымдарды бюджет қаражаты есебінен белгіленген тәртіппен қаржыландыруды жүзеге асыру;

      65) техникалық және кәсіптік білім алу үшін жоғары техникалық мектептерге оқуға қабылдау шарттарын айқындау;

      66) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға түскен адамдармен жасалатын үлгілік шартты бекіту;

      67) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгерген білім алушыларды қорытынды аттестаттау ерекшеліктерін айқындау;

      68) мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарды толтыруға қойылатын талаптарды айқындау;

      69) білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын және олардың қызметінің, оның ішінде шағын жинақты мектептер қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту;

      70) білім беру ұйымының ғылыми кеңесін сайлау тәртібін және алқалы басқарудың өзге де нысандарын қоса алғанда, жұмысты ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын бекіту;

      71) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласында мемлекеттік саясаттың жүргізілуін үйлестіруді жүзеге асыру;

      72) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның қызметін ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      73) Қазақстан Республикасындағы жастардың жағдайы туралы баяндаманы әзірлеу және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

      74) балалар ауылындағы отбасында балаларды күтіп-бағуды және тәрбиелеуді жүзеге асыратын тәрбиеші ананы конкурстық іріктеу тәртібін айқындау;

      75) балалар ауылының әкімшілігі туралы ережені бекіту;

      76) тәрбиеші аналардың біліктілік санаттарын әзірлеу және белгілеу;

      77) балаларды балалар ауылындағы отбасына беру туралы үлгілік шартты бекіту;

      78) балалар ауылының, балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың және тәрбиеленушінің (түлегінің) арасында жасалған Жасөспірімдер үйінде күтіп-бағу туралы үлгілік шартты бекіту;

      79) азаматтардың денсаулығын сақтау, әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың техникалық құралдарына қойылатын нормативтік талаптарды әзірлеу және бекіту;

      80) басқа мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау бағдарламаларын ғылыми сүйемелдеуді ұйымдастыру;

      81) Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы жыл сайынғы мемлекеттік баяндаманы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну және оны ресми басылымда жариялау;

      82) мүгедектерді оқытуды жүзеге асыратын арнаулы білім беру ұйымдарының білім беру қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу және бекіту;

      83) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар беру қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту;

      84) кәмелетке толмағандардың заңға мойынұсынушылық мінез-құлқын қалыптастыруға, олардың бойына адамгершілік пен салауатты өмір салты негіздерін дарытуға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлеу және оны білім беру ұйымдарының жұмыс практикасына енгізу;

      85) арнаулы білім беру ұйымдары туралы ережені бекіту;

      86) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары туралы ережені бекіту;

      87) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын, әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша әзірлеу және бекіту;

      88) халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдар әзірлеген арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын, әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін келісуді жүзеге асыру;

      89) әлеуметтік қызметкерлер мамандықтарының тізбесін, оларды даярлау мен біліктілігін арттыру стандарттарын бекіту;

      90) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;

      91) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз ету;

      92) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асыру;

      93) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

      94) жеке және заңды тұлғалармен, халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;

      95) орта, техникалық және кәсіптік білім берудің жан басына шаққандағы қаржыландыру қағидаларын әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;

      96) біліктілікті қашықтықтан арттыруды қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;

      97) педагогтардың біліктілік деңгейін растау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      98) базалық жоғары оқу орындарында магистрлер мен PhD докторларын нысаналы даярлау тетігін әзірлеу және бекіту;

      99) мемлекеттік жоғары оқу орындарының ректорларын тағайындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      100) университеттік интернет-ресурстарға қойылатын талаптарды айқындау және бекіту;

      101) білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      102) "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту;

      103) орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;

      104) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміндегі мәліметтерді алу;

      105) білім беру ұйымы ішкі тәртібінің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      106) орта, техникалық және кәсіптік білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;

      107) жоғары оқу орындарының жанынан ұқсас мамандықтар топтары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктер құру және олардың қызметі туралы ережелерді бекіту;

      108) білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру;

      109) ғылым саласындағы нысаналы және халықаралық бағдарламаларды қалыптастыру;

      110) Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      111) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын әзірлеу, сондай-ақ оларды аккредиттеуден өткізу;

      112) мемлекеттік статистикалық есептілік негізінде халықты әлеуметтік қорғау органдарымен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың республикалық, жергілікті бағдарламаларының мониторингін жүргізу;

      113) өз құзыреті шегінде мемлекеттік ғылыми ұйымдар басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату;

      114) білім беру сапасын сырттай бағалау әдісімен білім беру мониторингін жүргізу;

      115) жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға қатысу үшін Қазақстан Республикасының құрама командасын қалыптастыру тәртібін айқындау;

      116) қорғаншылық, қамқоршылық мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді және өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыруды жүзеге асыру;

      117) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке қою үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту;

      118) асырап алынған балаларды консулдық есепке қою туралы есептер мен ақпаратты есепке алу қағидаларын бекіту;

      119) заңнамада белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарына тексерулер жүргізу жоспарын әзірлеу және бекіту;

      120) құжаттарды қабылдау және қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ) бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету стандартын және регламентін әзірлеу;

      121) ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялауға ұсынылған ғылыми басылымдар тізбесін бекіту;

      122) мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

      123) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу.

      Ведомстволардың функциялары:

      1) бiлiм беру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензияларды және (немесе) қосымшаларды:

      бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға;

      техникалық және кәсіптік білім берудің, оның ішінде кәсіптер мен мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарламаларды іске асыратын заңды тұлғаларға;

      орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары білімнен кейінгі білім берудің, оның ішінде мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарламаларды іске асыратын заңды тұлғаларға;

      рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға беру;

      2) меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мыналарды:

      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің;

      арнайы және мамандандырылған білім берудің;

      балаларға арналған қосымша білім берудің;

      балалар мен жасөспiрiмдерге арналған спорт бойынша қосымша білім берудің;

      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің;

      жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің (медициналық және фармацевтикалық бiлiм берудi қоспағанда) білім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттаудан өткiзу;

      3) меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      4) бақылау және тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған баптар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазалар қолдану, істерді қозғау және оларды сот органдарына беру, сот процестеріне қатысу;

      5) заңнамада белгіленген тәртіппен білім беру және ғылым ұйымдарына тексерулер жүргізу жоспарын әзірлеу және бекіту;

      6) тексерілетін субъектілерді тексерулер санын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды тұрақты және үздіксіз негізде жүргізу;

      7) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеуден өткізу;

      8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен нормативтік құқықтық актілерді мерзiмдi баспасөз басылымдарында ресми жариялауды қамтамасыз ету;

      9) аумақтық органдардың қызметін үйлестіру және бақылау;

      10) Комитет қызметінің бағыттары бойынша аумақтық органдарға әдістемелік көмек көрсету;

      11) Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдары мен оқу орындарынан шыққан ресми құжаттарға апостиль қою;

      12) тиісті құжаттарды бере отырып, шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау рәсіміне мемлекеттік бақылау жүргізуді жүзеге асыру;

      13) шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы шешім қабылдау;

      14) бірыңғай ұлттық тестілеуді ұйымдастыру және өткізу;

      15) оқу жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастыру және өткізу;

      16) білім беру сапасын сырттай бағалау әдісімен білім беру мониторингін жүргізу;

      17) диссертациялық кеңес туралы үлгілік ережені әзірлеу;

      18) ғылым кандидаты және докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін беру;

      19) жоғары оқу орнының және ғылыми ұйымдардың қолдаухаты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атақтарын беру;

      20) мемлекеттің атынан белгіленген мемлекеттік үлгідегі ғылым кандидаты және докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломдарын, доцент, қауымдастырылған профессор (доцент), профессор аттестаттарын беру;

      21) PhD докторлық диссертацияларын қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестер құру және олардың қызметін ұйымдастыру, диссертациялық кеңестер төрағаларын бекіту;

      22) ғылыми дәрежелер мен атақтарды беруге арналған аттестаттау істерін қарау жөніндегі сарапшылық кеңестерін құру және олардың қызметін ұйымдастыру;

      23) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыруды және оңтайландыруды қамтамасыз ету;

      24) елдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси даму мақсаттары мен басымдықтарын ескере отырып, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;

      25) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын үйлестіру;

      26) Қазақстан Республикасындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын әзірлеу;

      27) Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның қызметін ұйымдастыру;

      28) ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығын, ғылым саласындағы атаулы сыйлықтар мен мемлекеттiк ғылыми стипендияларды тағайындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      29) қалыптасу, орындалу мен аяқталу кезеңдерінде мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

      30) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлеу;

      31) ұлттық ғылыми кеңестердiң тiзбесі мен құрамы бойынша ұсыныстар енгiзу, сондай-ақ олардың қызметiн үйлестiру;

      32) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылатын салалық уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіру;

      33) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру тәртібін әзірлеу;

      34) мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды өткізуді ұйымдастыру;

      35) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың және олардың орындалуы жөніндегі есептердің мемлекеттік есепке алынуын бақылауды жүзеге асыру;

      36) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық нәтижелердің, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық өнiмнiң берiлуін бақылауды жүзеге асыру;

      37) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша міндеттемелерді іске асыру;

      38) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      39) ғылым саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      40) ғылыми ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгiзу;

      41) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

      42) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволық бағынысты ұйымдардағы бюджеттік және қаржылық тәртіпті бақылауды қамтамасыз ету;

      43) өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, мемлекеттік қызметтер көрсету тізіліміне өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар әзірлеу, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылауды жүргізу;

      44) балалар өмірі көрсеткіштерінің мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттарын, нормалары мен нормативтерін белгілеу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;

      45) баланың құқықтарын қорғау, балалардың қадағалаусыз және қараусыз қалуына қарсы іс-қимыл жасау, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мен оның профилактикасы саласында мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      46) аумақтық органдардың қызметін үйлестіру және бақылау;

      47) бала асырап алу, қорғаншылық, қамқоршылық және патронат мәселелері бойынша облыстық, Астана, Алматы қалалары білім басқармаларының қызметін үйлестіру және бақылау;

      48) өз құзыреті шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      49) білім беру ұйымдарында балаларды тамақтандыруды, балаларды мектепке тасымалдауды, олардың қадағалаусыз қалуының және құқық бұзушылықтың алдын алуды ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      50) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметін бақылауды жүзеге асыру;

      51) баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған бала құқықтары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      52) білім беру ұйымдарында балаларды тамақтандыруды ұйымдастырудың, балаларды мектепке жеткізудің мониторингі мен талдауын жүзеге асыру;

      53) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша хаттар мен өтініштерді қарау;

      54) балалар өмірі сапасының құқықтық және әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету;

      55) аумақтық органдарға отбасы мен балаларды адамгершілік-рухани ағарту мәселелерінде консультативтік, құқықтық, психологиялық көмек көрсету бойынша әдістемелік көмек беру;

      56) кәмелетке толмағандардың Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында ұсталуын үйлестіру мен бақылауды жүзеге асыру;

      57) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарын ұйымдастыру және өткізу;

      58) халықаралық ынтымақтастық ісінде балалардың құқықтарын қорғау саласындағы қызметті үйлестіру;

      59) адамгершілік-рухани дамытуға бағытталған үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мен балалардың әлеуметтік бастамаларын үйлестіру және қолдау;

      60) білім және ғылым саласында жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;

      61) білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсетуді халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуге ауыстыру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;

      62) Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк жастар саясаты саласындағы қызметiн үйлестіру;

      63) мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру жөнiндегi қызметтi ақпараттық және ғылыми қамтамасыз етудi ұйымдастыру;

      64) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның қызметін ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      65) мемлекеттiк жастар саясатын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;

      66) мемлекеттiк жастар саясатын іске асыру үдерістерін талдауды және болжауды жүзеге асыру;

      67) жеткізушінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындауын бақылауды жүзеге асыру;

      68) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мен іске асыруды жүзеге асыру;

      69) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсету;

      70) білім және тәрбие жүйесі ұйымдарына мемлекеттік жастар саясаты саласында қажетті консультативтік көмек көрсету;

      71) (PhD) философия докторы, бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ету;

      72) балалар өмірі көрсеткіштерінің ең төменгі әлеуметтік стандарттарын, нормалары мен нормативтерін жақсарту жағына қарай жыл сайын қайта қарауды қамтамасыз ету;

      73) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын ұйғарымда белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша ұйғарымдар беру;

      74) білімі және (немесе) біліктілігі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар бланкілерінің пайдаланылуын бақылауды жүргізу;

      75) шетелдіктерге асырап алуға берілген балаларды бақылауды жүзеге асыру;

      76) өз құзыреті шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      77) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;

      2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы қолдану жөніндегі түсіндірмелер мен түсініктемелер беру;

      3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыру;

      4) Еңбек кодексінде және мемлекеттік қызмет туралы заңнамада көзделген жағдайда және тәртіпте қызметкерлерді көтермелеу, оларға тәртіптік жазалар қолдану, қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тарту;

      5) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;

      6) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құзыретіне жататын қызмет саласындағы халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;

      7) ведомстволардың аумақтық бөлімшелеріне орындалуы міндетті нұсқаулар беру;

      8) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау, олар бойынша хаттамалар жасау және әкімшілік жазалар қолдану;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап-арыз беру;

      10) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздары мен шағымдарын қарау;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен, сондай-ақ мемлекеттік органдармен келісу бойынша олармен бірлескен актілер негізінде басқа мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге міндеттерді жүзеге асыру.

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
қызметін ұйымдастыру

      18. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне басшылықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      19. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      21. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      2) еңбек қатынастары мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлерін заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар мен көтермелеу шараларын қолданады;

      4) бұйрықтарға қол қояды;

      5) барлық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігін білдіреді;

      6) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жұмыс регламентін бекітеді;

      7) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

      8) оның құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

      23. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.

4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мүлкi

      24. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      25. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен иелік етуге құқығы жоқ.

5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігін қайта
ұйымдастыру және тарату

      27. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және
оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

      1. "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      2. "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      3. "Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетi" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      4. "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      5. "Қазақ ұлттық аграрлық университетi" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      6. "Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      7. "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетi" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      8. "Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      9. "Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      10. "Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетi" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      11. "Атырау мұнай және газ институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      12. "Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетi" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      13. "Д. Серiкбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетi" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      14. "Ілияс Жансүгiров атындағы Жетісу мемлекеттік университетi" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      15. "Махамбет Өтемiсов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетi" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      16. "Жәңгiр хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      17. "Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      18. "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетi" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      19. "Қарағанды мемлекеттік техникалық университетi" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      20. "Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетi" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      21. "А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетi" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      22. "Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      23. "Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетi" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      24. "С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетi" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      25. "Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      26. "Рудный индустриялық институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      27. "Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетi" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      28. "Шәкәрiм атындағы Семей мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      29. "Семей мемлекеттік педагогикалық институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      30. "М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетi" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      31. "Тараз мемлекеттік педагогикалық институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      32. "М. Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттік университетi" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      33. "П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжi" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      34. "А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесi" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      35. "Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжi" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      36. "О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндiк-қолданбалы өнер колледжi" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      37. "Семей қаржы-экономикалық колледжi" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      38. "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      39. "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      40. "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесi орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      41. "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      42. "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      43. "Ғылым" ғылыми баспа орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      44. "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      45. "Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      46. "Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      47. "Мұнай-газ саласы үшiн техникалық және қызмет көрсететiн еңбек кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсiптiк орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      48. "Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      49. "Отын-энергетика саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      50. "Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      51. "Қайта өңдеу саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      52. "Машина жасау саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      53. "Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      54. "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

2. Акционерлік қоғамдар

      1. Халықаралық бағдарламалар орталығы.

      2. Қаржы орталығы.

      3. "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі".

      4. "Кәсіпқор" холдингі.

      5. Ақпараттық-талдау орталығы.

      6. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті.

      7. "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы.

      8. Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы.

3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер

      1. Технологияларды коммерцияландыру орталығы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және
ғылым саласындағы бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық
органдардың - мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1. Ақмола облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.

      2. Ақтөбе облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.

      3. Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.

      4. Атырау облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.

      5. Шығыс Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.

      6. Жамбыл облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.

      7. Батыс Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.

      8. Қарағанды облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.

      9. Қостанай облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.

      10. Қызылорда облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.

      11. Маңғыстау облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.

      12. Павлодар облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.

      13. Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.

      14. Оңтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.

      15. Астана қаласының Білім саласындағы бақылау департаменті.

      16. Алматы қаласының Білім саласындағы бақылау департаменті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және оның
ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тiзбесi
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

      1. "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. "Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. "Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      4. "Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      5. "Б. Момышұлы атындағы республикалық Алматы әскери мектеп-интернаты" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      6. "Республикалық Қарағанды әскери мектеп-интернаты" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      7. "Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы республикалық Шымкент әскери мектеп-интернаты" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      8. "Күләш Байсейiтова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      9. "Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетiн тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. "О. Жәутiков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернаты" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      11. "Республикалық ғылыми-педагогикалық кiтапхана" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      12. "Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған Қарағанды республикалық арнайы мектеп-интернаты" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      13. "А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      14. "Мектепке дейінгі балалық шақ" республикалық орталығы республикалық мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым
комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      1. "Математика және математикалық модельдеу институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      2. "Ұлттық биотехнология орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      3. "Экономика институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      4. "А. Байтұрсынов атындағы Тiл бiлiмi институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      5. "М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      6. "Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      7. "Философия, саясаттану және дінтану институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      8. "Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      9. "Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      10. "Ғылым ордасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      11. "Қолданбалы математика институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      12. "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      13. "Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      14. "Микробиология және вирусология институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      15. "Жалпы генетика және цитология институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      16. "Биологиялық бақылау, сертификаттау және клиника алдындағы зерттеулер орталық зертханасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      17. "Алтай ботаникалық бағы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      18. "Маңғыстау эксперименталдық ботаникалық бағы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      19. "Зоология институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      20. "Адам және жануарлар физиологиясы институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      21. "М.А. Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      22. "Ботаника және фитоинтродукция институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      23. "Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      24. "Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      25. "Информатика және басқару проблемалары институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

Акционерлік қоғамдар

      1. Орман питомнигi.

      2. Түркі академиясы.

      3. Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы.

      4. Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық орталығы.

      5. Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы.

      6. Ғылым қоры.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым
комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тiзбесi

      1. "Академик Қ.И. Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. "Мемлекет тарихы институты" республикалық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады