2012 жылғы 24 қарашада Алматы облысының Алакөл ауданында Ми-8Т тiкұшағының құлауы салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерiн тексеру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Алматы облысының Алакөл ауданында Ми-8Т тiкұшағының құлауы салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерiн тексеру жөнiндегі үкiметтiк комиссия (бұдан әрi – комиссия) құрылсын.
2. Комиссия дереу жұмысқа кiрiсiп, тiкұшақтың құлау себептерiн жан-жақты тексерудi қамтамасыз етсiн, қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету жөнiнде шаралар қабылдасын.
3. Комиссия төрағасы А.Ғ. Бектұров тiкұшақтың құлауы салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерiн тексеру нәтижелерi мен қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету жөнiнде қабылданған шаралар туралы баяндасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2013 жылғы 28 наурыздағы
№ 289 қаулысына
қосымша
Алматы облысының Алакөл ауданында Ми-8Т тiкұшағының құлауы
салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерiн тексеру
жөнiндегi үкiметтiк комиссияның құрамы
Бектұров - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Азат Ғаббасұлы коммуникация вице-министрi,
комиссия төрағасы
Әлібаев - Қазақстан Республикасы Еңбек және
Жұмағали Айтжанұлы халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi
Бақылау және әлеуметтiк қорғау комитетiнің
Алматы облысы бойынша департаментінің
басқарма бастығы – мемлекеттiк еңбек
инспекторы, төрағаның орынбасары
Пак - Алматы облысының жұмылдыру даярлығы,
Юрий Коминтернович азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей
апаттардың алдын алуды және жоюды
ұйымдастыру басқармасының аумақтық
қорғаныс бригадасының басқарма қызметінің
басшысы, төрағаның орынбасары
Аққұлов - Қазақстан Республикасы Көлiк және
Нұрлан Тыныстанұлы коммуникация министрлiгiнiң авиациялық
оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру
басқармасының бастығы
Қабылов - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
Мират Өтегенұлы министрлiгiнің Алматы облысы бойынша
төтенше жағдайлар департаментi бастығының
орынбасары, полковник
Арғынбаев - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
Бауыржан Мұхалиұлы министрлiгi Көліктегі ішкі істер
департаменті бастығының орынбасары,
полиция полковнигі
Машралиев - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы»
Саламат Ибінұлы акционерлік қоғамының Еңбекті және
қоршаған ортаны қорғау департаменті
директорының орынбасары (келісім бойынша)
Қырғызбаев - «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы бас
Болат Исатайұлы директорының қауіпсіздік жөніндегі
кеңесшісі (келісім бойынша)
Малыгин - «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының
Константин Михайлович Еңбекті қорғау және өндірістік бақылау
департаментінің директоры
(келісім бойынша)
Үмбетов - «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы Шығыс
Серік Серікқалиұлы филиалының Үшаралдағы мұнай құбыры
басқармасы жұмыскерлерінің өкілі
(келісім бойынша)
Әбділдинов - «Қазақстан-Қытай құбыры» жауапкершілігі
Бердібек Темірболатұлы шектеулі серіктестігінің Еңбекті және
қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайлар
департаментінің директоры
(келісім бойынша)
Қуанбаев - «Қазақстан-Қытай құбыры» жауапкершілігі
Қайрат Жамбылұлы шектеулі серіктестігі жұмыскерлерінің
өкілі (келісім бойынша)
Күшқалиева - «Евро-Азия Эйр» авиакомпаниясы»
Салтанат Индербайқызы акционерлік қоғамының басқарма төрағасының
орынбасары (келісім бойынша)
Старков - «Евро-Азия Эйр» авиакомпаниясы»
Сергей Михайлович акционерлік қоғамының кәсiподақтар
комитеті төрағасының орынбасары
(келісім бойынша).