"Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының қамқоршылық кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 292 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының қамқоршылық кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               С.Ахметов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының қамқоршылық кеңесін құру туралы

      «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын басқару тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының қамқоршылық кеңесі құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының қамқоршылық кеңесі туралы ереже;
      2) «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының қамқоршылық кеңесінің құрамы бекітілсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2013 жылғы № Жарлығымен
Бекітілген     

«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының қамқоршылық кеңесі туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының қамқоршылық кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын (бұдан әрі – парк) дамыту мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Кеңес қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

2. Кеңестің негізгі міндеттері

      3. Кеңестің негізгі міндеттері:
      1) паркті дамытуға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу;
      2) паркті дамытудың стратегиялық бағыттары бөлігінде ұсынымдар әзірлеу;
      3) Қазақстан Республикасында әрекет ететін іскер топтарды, кәсіпкерлік қауымдастықтарды және одақтарды шоғырландыру болып табылады.

3. Кеңестің құқықтары

      4. Кеңес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде:
      1) паркті дамытуға байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар енгізуге;
      2) консультациялар жүргізуге, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан ақпарат сұратуға және алуға;
      3) проблемалық мәселелерді талқылауға қатысу үшін кәсіпкерлерді, мамандарды, ғалымдар мен тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқылы.

4. Кеңес қызметін ұйымдастыру

      5. Кеңестің дербес құрамын Кеңестің жұмыс органының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
      6. Кеңестің құрамы мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өкілдері қатарынан қалыптасады.
      7. Кеңес төрағасы Кеңеске жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның отырыстарында төрағалық етеді, Кеңес мүшелерінің арасында тапсырмаларды бөледі, Кеңес жұмысының жоспарларын бекітеді, Кеңес отырыстарының күн тәртібін айқындап, хаттамаларына қол қояды, Кеңес мүшелерінің Кеңес қызметін жетілдіру және оның құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша ұсыныстарын қарайды, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық актілерінде, тапсырмаларында және осы Ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Кеңес төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын Кеңес төрағасының орынбасары атқарады.
      8. Кеңес хатшысы Кеңес жұмысының ағымдағы және перспективалық жоспарларының жобаларын, оның отырыстарына материалдарды дайындауды жүзеге асырады, төрағаның қарауына отырыстардың күн тәртібінің жобасын енгізеді, қорытындыларды талап ететін материалдарды Кеңестің сараптамалық кеңесіне немесе тиісті мемлекеттік органдарға жібереді, Кеңестің шешімдері бекітілген күннен бастап бір аптаның ішінде хаттаманың көшірмесін және өзге де қажетті материалдарды Кеңес мүшелері мен басқа да мүдделі тұлғаларға жібереді, осы Ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      9. Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі болып табылады.
      10. Кеңестің жұмыс органы:
      1) Кеңес отырыстарын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
      2) Кеңестің ұсынымдарын орындау мониторингін жүзеге асырады;
      3) Кеңес мүшелеріне Кеңестің кезекті отырысының өтетін жері, уақыты және күн тәртібі туралы хабарлайды және оларды қажетті материалдармен уақтылы қамтамасыз етеді;
      4) Кеңестің жұмыс жоспарларының іске асырылуын бақылауды қамтамасыз етеді.
      11. Кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет өткізіледі.
      12. Кеңестің кезектен тыс отырысы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша шақырылады.
      13. Кеңес мүшелері оның отырыстарына ауысу құқығынсыз қатысады.
      14. Кеңестің шешімдері отырыстарға қатысушы Кеңес мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік даусымен қабылданады. Талқыланатын мәселе бойынша дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады.
      15. Кеңестің мүшесі немесе мүшелері қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда өзінің ерекше пікірін білдіруге құқылы.
      16. Кеңес шешімдері ұсынымдық сипатқа ие. Кеңес шешімдері төраға қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
      17. Кеңес өкiлеттiктерiнiң шегiнде қабылданатын оның шешiмдерi тиiстi мемлекеттiк органдарға жіберіледі.

5. Кеңес қызметін тоқтату

      18. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі негізінде тоқтатады.

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2013 жылғы № Жарлығымен
Бекітілген     

«Инновациялық технологиялар паркі»
арнайы экономикалық аймағының
қамқоршылық кеңесінің
құрамы

Назарбаев              - Қазақстан Республикасының Президенті, төраға
Нұрсұлтан Әбішұлы

Исекешев               - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Әсет Өрентайұлы          орынбасары – Қазақстан Республикасының
                         Индустрия және жаңа технологиялар министрі,
                         төрағаның орынбасары

Төлеушин               - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Қаныш Аманбайұлы         жаңа технологиялар вице-министрі, хатшы

Жұмағұлов              - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Бақытжан Тұрсынұлы       министрі

Смағұлов               - «Аstana Group» акционерлік қоғамының
Нұрлан Еркебұланұлы      президенті (келісім бойынша)

Өтемұратов             - Қазақстан Республикасы Президентінің
Болат Жәмитұлы           кеңесшісі (келісім бойынша)

Машкевич               - «Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясы»
Александр Антонович      жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
                         (ENRC) акционері (келісім бойынша)

Огай                   - «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі
Эдуард Викторович        шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы
                         (келісім бойынша)

Кұлыбаев               - «Атамекен» одағы» Қазақстан Ұлттық
Тимур Асқарұлы           экономикалық палатасы төралқасының төрағасы
                         (келісім бойынша)

Сәрсенов               - «Central Asia Petroleum» акционерлік қоғамы
Рашид Темірболатұлы      Директорлар кеңесінің төрағасы (келісім
                         бойынша)

Байсейітов             - «ЦентрКредит Банкі» акционерлік қоғамы
Бақытбек Рымбекұлы       Директорлар кеңесінің төрағасы (келісім
                         бойынша)

Рахымбаев              - «Build Investments Group» акционерлік қоғамы
Айдын Жұмәділұлы         Директорлар кеңесінің төрағасы (келісім
                         бойынша)

Исатаев                - «Верный Капитал» акционерлік қоғамы
Тимур Ризабекұлы         Директорлар кеңесінің төрағасы (келісім
                         бойынша)

Евтушенков             - «Система» акционерлік қаржы корпорациясы»
Владимир Петрович        ашық акционерлік қоғамы Директорлар
                         кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Джо                    - «VimpelСom» ашық акционерлік қоғамы
Лундер                   Директорлар кеңесінің төрағасы (келісім
                         бойынша)

Пьер                   - «Gpm3» жауапкершілігі шектеулі
Франческо Гуаргалини     серіктестігінің төрағасы (келісім бойынша)

Анна-Мария             - «Suez Environment және SIA-Partners»
Идрак                    компаниясының аға кеңесшісі (келісім
                         бойынша)

Коджи                  - «TransCosmos Inc.» компаниясының бас
Фунатсу                  атқарушы директоры және төрағасы (келісім
                         бойынша)

Хауэрд                 - Еуропа, Таяу Шығыс және Африка елдері
Хьюзс                    бойынша «Hewlett-Packard Enterprise
                         Services» компаниясының аға вице-президенті
                         (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады