Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13-құжат; № 3, 26, 27-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 177-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«177-1-бап. Қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметін ұйымдастыру немесе оған басшылық жасау»;
2) мынадай мазмұндағы 177-1-баппен толықтырылсын:
«177-1-бап. Қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметін ұйымдастыру немесе оған басшылық жасау
1. Басқа тұлғалардан ақшалай қаражатты немесе өзге де мүлікті не оған құқықты ерікті түрде тарту және (немесе) активтерді осындай тұлғалардың пайдасына қайта бөлу есебінен көрсетілген тұлғаларға материалдық пайда төлеуге уәде беріп немесе төлей отырып, мүлікті иеліктен айыру не сатып алу, өзге де беру, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету жөніндегі қызметпен іс жүзінде айналысуға бағытталмаған қаржылық (инвестициялық) пирамида, яғни жеке және заңды тұлғалардан ақшалай қаражатты немесе өзге де мүлікті не оған құқықты ерікті негізде тарту жөніндегі заңсыз қызметті ұйымдастыру немесе оған басшылық жасау,-
бір мыңнан үш мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не мүлкі тәркіленіп нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекеттер:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) қызмет бабын пайдаланып;
в) ірі мөлшерде жасалған болса, -
мүлкі тәркіленіп, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызмет түрімен айналысу құқығынан айырып, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Нақ сол әрекеттер:
а) интернет-ресурсты не ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерді және электрондық төлемдер желілерін немесе жүйелерін пайдалана отырып операциялар жасау жолымен;
б) аса ірі мөлшерде;
в) мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам, егер оларды өзінің қызмет бабын пайдаланумен жасаса, -
мүлкі тәркіленіп және үш жылға дейінгі, ал в) тармағында көзделген жағдайларда - жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
1. Осы бапта мүлікті иеліктен айыру не сатып алу, өзге де беру, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету жөніндегі қызметпен нақты айналысу деп, оның ішінде ұйымдардың қызметі (қаржылық есептілік, мәмілелер туралы есептер) және/немесе кіріс алудың нақты көздері және (немесе) оны мемлекеттік және (немесе) осы ұйымның қызметіне байланысты емес тәуелсіз көздерден, оның ішінде өндірістен не тауарларды және (немесе) қызметтерді сатып алу және (немесе) сату құнының өсімінен түскен кіріс көзі (қабылданған міндеттемелер сомасына) кіріс болып табылатын кіріс көздерінен алу мүмкіндігі туралы ақпараттың болуы да түсініледі.
2. Егер қаржылық пирамиданы ұйымдастырушыдан басқа тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылғанға дейін тиісті қызметке қатысқаны туралы құқық қорғау органдарына өз еркімен хабарласа немесе қылмысты тоқтатуға немесе қылмысты болдырмауға өзгеше түрде ықпал етсе, оның әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаған жағдайда, осы бапта көзделген әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылады.»;
3) 307-бап ескертулерінің бесінші тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы Кодекстің 176-бабы үшінші бөлігінің г) тармағында, 177-бабы үшінші бөлігінің г) тармағында, 177-1-бабы үшінші бөлігінің в) тармағында, 192-бабы екінші бөлігінің в) тармағында, 193-бабы үшінші бөлігінің а) тармағында, 209-бабы үшінші бөлігінің а) тармағында, 226-1-бабы үшінші бөлігінің б) тармағында, 307-бабында, 308-бабы төртінші бөлігінің в) тармағында, 310 – 315-баптарында, 380-бабында, 380-1-бабы екiншi бөлiгiнiң в) тармағында, 380-2-бабында көзделген қылмыстар сыбайлас жемқорлық қылмыстар деп танылады.».
2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 30-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат, № 14, 93-құжат; 2013 жылғы 22 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 қаңтардағы Заңы):
1) 192-баптың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабында (үшiншi бөліктің г) тармағында), 177-бабында (үшінші бөліктің г) тармағында), 177-1-бабында (үшінші бөліктің в) тармағында), 190-бабында (екінші бөлігінде), 191, 192, 192-1, 193 - 196, 199 - 205-1, 206, 207-баптарында, 209-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 221-бабында (екінші бөлігінде), 222-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 222-1, 224-бабында, 226-бабында (екiншi бөлігінде), 226-1, 231, 232, 269-1, 307, 308, 310 - 315-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді қаржы полициясының тергеушілері жүргізеді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 183-бабында (екінші және үшінші бөлігінде), 229-бабында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша, егер олардың тергеуі қаржы полициясы органдарының тергеушілері тергейтін қылмыстарды тергеуге тікелей байланысты болса және қылмыстық істі жеке іс жүргізуге бөлу мүмкін болмаса, алдын ала тергеуді қаржы полициясы органдарының тергеушілері жүргізуі мүмкін.
4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабында (екінші бөлігінде, үшінші бөліктің б) тармағында, төртінші бөлігінде), 177-бабында (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 177-1-бабында (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 180-бабында, 182-бабында (бірінші және екінші бөліктерінде), 184, 184-1, 228, 309, 316, 339 (екіншi және үшіншi бөлiктерiнде), 341, 343 - 357, 363-365-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді қылмыстық іс қозғаған ішкі істер органы немесе қаржы полициясы жүргізеді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 141-1, 363-1-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді осы органның қызметкері болып табылмайтын адамға қатысты қылмыстық iс қозғаған iшкi iстер немесе қаржы полициясы органдары жүргiзедi.»;
2) 285-баптың 8-1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176 (бiрiншi бөлiгінде), 177 (бірінші бөлігінде), 177-1 (бірінші бөлігінде), 182 (бірінші бөлігінде) баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды қылмыстық іс қозғаған ішкі істер немесе қаржы полициясы органы жүргізеді.».
3. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
715-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Басқа тұлғалардан ақшалай қаражатты немесе өзге де мүлікті не оған құқықты ерікті түрде тарту және (немесе) активтерді осындай тұлғалардың пайдасына қайта бөлу есебінен көрсетілген тұлғаларға материалдық пайда төлеуге уәде беріп немесе төлей отырып, жеке және заңды тұлғалардан мүлікті иеліктен айыру не сатып алу, өзге де беру, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету жөніндегі қызметпен іс жүзінде айналысуға бағытталмаған ақшалай қаражатты немесе өзге де мүлікті не оған құқықты ерікті негізде тартуға жол берілмейді.
Ескерту.
Осы бапта мүлікті иеліктен айыру не сатып алу, өзге де беру, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету жөніндегі қызметпен нақты айналысу деп, оның ішінде ұйымдардың қызметі (қаржылық есептілік, мәмілелер туралы есептер) және/немесе кіріс алудың нақты көздері және (немесе) оны мемлекеттік және (немесе) осы ұйымның қызметіне байланысты емес тәуелсіз көздерден, оның ішінде өндірістен не тауарларды және (немесе) қызметтерді сатып алу және (немесе) сату құнының өсімінен түскен кіріс көзі (қабылданған міндеттемелер сомасына) кіріс болып табылатын кіріс көздерінен алу мүмкіндігі туралы ақпараттың болуы да түсініледі.».
4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 11, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж, № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат, № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79 - 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж, № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат, № 12, 84, 85-құжаттар, № 13, 91-құжат, № 14, 92, 93, 94-құжаттар, № 15, 97-құжат, № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; 2013 жылғы 22 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 136-3-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«136-3 бап. Қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметіне жәрдемдесу не оны жарнамалау.»;
2) мынадай мазмұндағы 136-3-баппен толықтырылсын:
«136-3 бап. Қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметіне жәрдемдесу не оны жарнамалау
1. Басқа тұлғалардан ақшалай қаражатты немесе өзге де мүлікті не оған құқықты ерікті түрде тарту және (немесе) активтерді осындай тұлғалардың пайдасына қайта бөлу есебінен көрсетілген тұлғаларға материалдық пайда төлеуге уәде беріп немесе төлей отырып, мүлікті иеліктен айыру не сатып алу, өзге де беру, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету жөніндегі қызметпен іс жүзінде айналысуға бағытталмаған қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметіне, яғни жеке және заңды тұлғалардан ақшалай қаражатты немесе өзге де мүлікті не оған құқықты ерікті негізде тарту жөніндегі заңсыз қызметке үй-жай немесе мүлік беру арқылы қасақана жәрдемдесу, сол сияқты өзге де жәрдем көрсету, -
үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметінің жарнамасын шығару, тарату, орналастыру және пайдалану -
бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға - жүз елуден жүз жетпіске дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүзден алты жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
Ескерту.
Осы бапта мүлікті иеліктен айыру не сатып алу, өзге де беру, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету жөніндегі қызметпен нақты айналысу деп, оның ішінде ұйымдардың қызметі (қаржылық есептілік, мәмілелер туралы есептер) және/немесе кіріс алудың нақты көздері және (немесе) оны мемлекеттік және (немесе) осы ұйымның қызметіне байланысты емес тәуелсіз көздерден, оның ішінде өндірістен не тауарларды және (немесе) қызметтерді сатып алу және (немесе) сату құнының өсімінен түскен кіріс көзі (қабылданған міндеттемелер сомасына) кіріс болып табылатын кіріс көздерінен алу мүмкіндігі туралы ақпараттың болуы да түсініледі.»;
3) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«iшкi iстер органдарының (79-1, 79-3, 79-4, 79-5, 79-6, 83-1, 85-3, 86, 86-1, 87-3, 87-4, 87-5, 96, 111 - 117, 135-1, 136, 136-1, 136-2, 136-3, 141-1, 143, 143-1, 147-1 (екінші бөлігі), 159, 162, 163 (үшінші және төртінші бөліктері), 163-2, 163-3, 163-4, 165, 203, 234-1, 283 (бірінші және үшінші бөліктері), 298 (екiншi және 2-1-бөлiктерi), 298-1 (екiншi бөлiгi), 306-2, 314, 317-1 (азаматтық және қызметтік қаруларға және олардың патрондарына, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдардың айналымына байланысты химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 318 - 321, 324-1, 324-2, 330, 330-1 (екінші бөлігі), 331, 332, 334 (үшінші бөлігі), 335, 336, 336-1 (үшiншi бөлiгi), 336-2 (үшiншi бөлiгi), 336-3 (екiншi бөлiгi), 336-4 (екiншi бөлiгi), 338 (бiрiншi бөлiгi), 338-1 (бірінші, екінші, оныншы және он бірінші бөліктері), 339, 340, 341 (екінші бөлігі), 344, 354-1, 355 - 357, 357-1, 357-7 (екінші бөлігі), 362, 362-1, 363, 365, 366, 368, 368-1, 369 (екiншi бөлiгi), 370 (екiншi бөлiгi), 371 (екiншi бөлiгi), 372, 373, 374 (бiрiншi-төртiншi бөлiктерi), 374-1, 380 (екінші бөлігі), 380-2, 388, 390 (екінші бөлігі), 391-1 (екінші және үшінші бөліктері), 394 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 394-1, 396 (төртінші бөлігі), 446 (екiншi бөлiгi), 461 (3-1-бөлігі), 463 (екінші, үшінші бөліктері), 463-3 (бесінші бөлігі), 464-1 (бірінші және екінші бөліктері), 465 (екінші бөлігі), 466 (екінші бөлігі), 467, 468 (бірінші және екінші бөліктері), 468-1, 468-2, 469, 471 (1-2 және екінші бөліктері), 473 (үшінші бөлігі), 474, 474-1, 475, 477 (үшінші бөлігі), 484, 500 (екінші бөлігі), 501, 514 (461 - 471-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде), 518, 521, 524 (461 - 471-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде), 531-баптар);»;
отыз төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«қаржы полициясы органдарының (136-3, 140 (екiншi бөлiгi), 143, 143-1, 143-2, 144-1, 145, 146-1, 151, 151-1, 154, 154-1, 155, 155-2, 156, 157, 159 (үшінші және төртінші бөліктері), 158-4, 162, 163 (үшінші және төртінші бөліктері), 176 (бiрiншi бөлiгi), 179 (бірінші және екінші бөліктері), 179-1, 200, 203, 211, 213 (бесінші және алтыншы бөліктері), 214, 217, 218-1 (жетінші бөлігі), 275-1, 306-2, 355, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі), 357-3, 357-5, 514-519, 521, 522, 529, 532 - 535, 537-1-баптар);».
5. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7-құжат; № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат, № 15, 97-құжат):
14-бап мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
«3-2. Басқа тұлғалардан ақшалай қаражатты немесе өзге де мүлікті не оған құқықты ерікті түрде тарту және (немесе) активтерді осындай тұлғалардың пайдасына қайта бөлу есебінен көрсетілген тұлғаларға материалдық пайда төлеуге уәде беріп немесе төлей отырып, мүлікті иеліктен айыру не сатып алу, өзге де беру, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету жөніндегі қызметпен іс жүзінде айналысуға бағытталмаған қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметін, яғни жеке және заңды тұлғалардан ақшалай қаражатты немесе өзге де мүлікті не оған құқықты ерікті негізде тарту жөніндегі заңсыз қызметті жарнамалауға тыйым салынады.».
6. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 14, 92-құжат):
14-баптың 7) тармақшасындағы «жарнамалауға тыйым салынады.» деген сөздер «жарнамалауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) басқа тұлғалардан ақшалай қаражатты немесе өзге де мүлікті не оған құқықты ерікті түрде тарту және (немесе) активтерді осындай тұлғалардың пайдасына қайта бөлу есебінен көрсетілген тұлғаларға материалдық пайда төлеуге уәде беріп немесе төлей отырып, мүлікті иеліктен айыру не сатып алу, өзге де беру, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету жөніндегі қызметпен іс жүзінде айналысуға бағытталмаған қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметін, яғни жеке және заңды тұлғалардан ақшалай қаражатты немесе өзге де мүлікті не оған құқықты ерікті негізде тарту жөніндегі заңсыз қызметті жарнамалауға тыйым салынады.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев