Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13-құжат, 15; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат):
1) 21-баптың төртінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) екiншi кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген адамдарға еңбекақы және өтемақыларды төлеу, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектердi төлеу жөнiндегi, тұлғаның кiрiсiнен ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөнiндегi есеп айырысулар жүргiзiледi;»;
2) 45-баптың 1-тармағының бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Заңды тұлғаны қайта құру (қосу, бiрiктiру, бөлу, бөлiп шығару, өзгерту) оның мүлкiн меншiктенушiнiң немесе меншiк иесi уәкiлдiк берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың), сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлдiк берiлген органның, не заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда сот органдарының шешiмi бойынша жүргiзiледi. Заңнамада қайта құрудың басқа да нысандары көзделуi мүмкiн.
Заңды тұлға – ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын, арнайы қаржы компаниясын қайта құру Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.»;
3) 49-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушiнiң немесе меншiк иесi уәкiлдiк берген органның, сондай-ақ құрылтай құжаттарында шешiм қабылдауға уәкiлдiк берiлген органының шешiмi бойынша заңды тұлға кез келген негiз бойынша таратылуы мүмкiн.
Заңды тұлға – ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын, арнайы қаржы компаниясын, мақта өңдеу ұйымын тарату Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру, мақта саласын дамыту туралы заңнамасында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.»;
4) 51-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) екінші кезекте - банкроттық мәселелерін реттейтін заң актісіне сәйкес талаптар сомасының бір бөлігі бесінші кезекте қанағаттандырылатын жағдайларды қоспағанда, еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдардың еңбегіне ақы төлеу және өтем төлеу, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша, еңбекақыдан ұсталатын міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі берешектерді өтеу, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақы төлеу жөнінде есеп айырысулар жүргізіледі;»;
5) 132-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Атаулы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, талапты (цессияны) иеліктен шығару үшiн белгiленген тәртiппен берiледi. Бағалы қағаз бойынша құқық берушi адам осы Кодекстiң 347-бабына сәйкес тиісті талапты орындау үшiн емес, оның жарамсыздығы үшiн жауапты болады.»;
6) 389-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамалық актісінде қосылу шартын жасасу ерекшеліктері және оның мазмұнына қойылатын талаптар көзделуі мүмкін.».
2. 1997 жылғы 16 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13-құжат; № 3, 26, 27-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат):
216-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«216-1-бап. Төлем қабілетсіздігіне дейін жеткізу
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, инвестициялық портфельді басқарушыны, банкті мәжбүрлеп таратуға әкеп соққан төлем қабілетсіздігіне әкелген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының, банктің ірі қатысушысы - жеке тұлғаның, ірі қатысушысы - заңды тұлғаның бірінші басшысының не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, банктің, инвестициялық портфельді басқарушының тұрақты, уақытша не арнайы өкілеттік бойынша басқару органының немесе атқарушы органының функцияларын орындайтын тұлғаның қасақана іс-әрекеті (әрекетсіздігі),
- үш мыңнан алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не екі мыңнан төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынып, мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
3. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат):
1) 740-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Заңды тұлғалар (уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату үдерісінде тұрған банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мен азаматтардың банктердегі ақшаcына тек соттар, тергеу және анықтау органдары мен атқарушылық іс жүргізу органдары өздерінің іс жүргізуіндегі қылмыстық және азаматтық істер және атқарушылық іс жүргізу істері бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу заңнамасында және Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша тыйым салынуы мүмкін.»;
2) 742-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) екiншi кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбекақы төлеу, авторлық шарт бойынша сыйлықақы төлеу, клиенттiң мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және әлеуметтiк аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына аудару жөніндегі мiндеттемелерi бойынша есеп айырысу үшiн ақша алуды көздейтiн атқару құжаттары бойынша ақша алу жүргiзiледi;».
4. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат; № 21-22, 124-құжат):
159-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«1) Міндетті зейнетақы жарналарына (өсімпұлдарға), зейнетақы активтеріне және зейнетақы жинақтарына тыйым салуға жол берілмейді.».
5. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112,
114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат, 85; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжат; № 2, 10, 11, 13-құжаттар):
1) тақырыбында:
172, 172-1 және 179-3 баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«172-бап. Зейнетақы активтерiн мақсатсыз пайдалану»;
«172-1-бап. Банктердi және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын таратуға байланысты талаптарды бұзу»;
«179-3-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушылардың пруденциялық нормативтердi және (немесе) өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi орындамауы»;
мынадай мазмұндағы 179-4-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«179-4-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының заңнамасында оның қызметіне белгіленген талаптарды бұзуы»;
201-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«201-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының) және инвестициялық портфельді басқарушылардың Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасын бұзуы»;
2) 88-бапта:
бірінші және 1-1-бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды (ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды) жасасу тәртібін, зейнетақы төлемдерін, аударымдарды және алып қоюларды жүзеге асыру мерзімдерін бұзуы –
лауазымды адамдарға - екі жүз, заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
1-1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Зейнетақы төлеу жөніндегі орталыққа міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған салымшылар туралы мәліметтерді табыс етпеуі, уақтылы табыс етпеуі, сол сияқты көрсетілген салымшылар туралы дәйексіз мәліметтерді табыс етуі –
лауазымды адамдарға – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
«2-1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру және бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамаларды бұза отырып мәмілелер мен операцияларды жүзеге асыруы –
лауазымды адамдарға екі жүз, заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
үшінші бөліктің екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«салық органына мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша пайдасына берешек өндiрiп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тiзiмдерiн табыс етпеуi;
салық органдарына мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған сомалары жөнiнде есептердi Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде табыс етпеуi;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпке сәйкес әрбiр қызметкер бойынша есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын бастапқы есепке алуды жүргiзбеуi;
есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары туралы мәлiметтердi салымшыларға Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде табыс етпеуi;
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын аудармауы, уақтылы және (немесе) толық есептемеуі, ұстамауы (есепке қосылмауы) және (немесе) төлемеуі (аудармауы);»;
төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – аударылмаған, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұсталмаған (есепке жазылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған) мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары сомасының отыз пайызы мөлшерінде, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
бесінші бөліктің үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен өсімпұл сомаларын Зейнетақы төлеу орталығына аудару кезінде банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кінәсінен аудармау (есептілік), уақтылы аудармау (банктік шоттардан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күннен кеш немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізген күннен кейін) не төлем құжатының деректемелерін толтыру кезінде қателер жіберу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салық органдарының міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және өсімпұл сомаларын өндіріп алуы жөніндегі инкассолық өкімдерін орындамау, - »;
88-бапқа ескерту мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескерту. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінің мақсаттары үшін тұлға, егер аударылмаған, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұсталмаған (есепке жазылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған) мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күні қолданыста болатын заңға сәйкес белгiленетiн бір айлық есептік көрсеткіштен аз болса, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.»;
алтыншы және жетінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күнгi шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы хабарлауы немесе жариялауы –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген оның мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі –
лауазымды адамдарға – елу, заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
3) 170-баптың ескертуі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескерту. Осы бапта банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын, инвестициялық портфельді басқарушыны қаржы ұйымдары деп түсінген жөн.»;
4) 171, 172, 172-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«171-бап. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат (мәліметтер) беру жөніндегі талаптарды бұзу
Банк, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшыларының (акционерлерінің) және олардың үлестес тұлғаларының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, инвестициялық портфельді басқарушының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы ірі қатысушысының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін жеке немесе заңды тұлғалардың есептілікті, мәліметтерді не өзге де сұратылатын ақпаратты бермеуі, сол сияқты уақтылы бермеуі немесе олардың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының банк заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес талап етілетін есептілікті, мәліметтері жоқ ақпаратты беруі не олардың анық емес есептілікті немесе мәліметтерді не өзге де сұратылатын ақпаратты беруі –
жеке тұлғаларға – жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
172-бап. Зейнетақы активтерiн мақсатсыз пайдалану
1. Инвестициялық портфельді басқарушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген инвестициялау шарттары мен тәртібін бұзуы –
жеке тұлғаға – төрт жүз, заңды тұлғаға сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кастодианның – екінші деңгейдегі банктің ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiнiң нысаналы орналастырылуын бақылауды жүзеге асырмауы –
кастодианның лауазымды адамына екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
172-1-бап. Банктердi және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын таратуға байланысты талаптарды бұзу
1. Банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату комиссиясы төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою туралы жазбаша нұсқаманы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген мерзімде орындамауы –
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тарату комиссиясы төрағасының не бөлімшесі басшысының тарату комиссиясының қызметіне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тексеру жүргізуінен жалтаруы не оны жүргізуге кедергі келтіруі –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Тарату комиссиясы төрағасының, бөлімшесі басшысының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға анық емес есептілікті және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгіленген ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп) беруі, есептілікті және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгіленген қосымша ақпаратты уақтылы бермеуі, мүлде бермеуі –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
5) 172-2-бапта:
2-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, бағалы қағаздар нарығы субъектісінің, арнайы қаржы компаниясының, исламдық арнайы қаржы компаниясының, инвестициялық қордың өздері қабылдаған және (немесе) өздеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамауы,
– заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, инвестициялық портфельді басқарушының, инвестициялық портфельді басқарушы ірі қатысушыларының, бағалы қағаздар нарығы субъектісінің өздері қабылдаған және (немесе) өздеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамауы –
жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – жүз, заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
7) 175-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«175-2-бап. Қаржы ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiнiң ашылғаны және олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органды уақтылы хабардар етпеу, сондай-ақ қаржы ұйымдарының филиалдарын, өкiлдiктерiн ашу кезiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтамау
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiнiң ашылғаны және олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органды уақтылы хабардар етпеу, сондай-ақ қаржы ұйымдарының филиалдарын, өкiлдiктерiн ашу кезiнде Қазақстан Республикасының банк заңнамасының, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі мен сақтандыру қызметi туралы заңнамасының талаптарын сақтамау –
лауазымды адамдарға – елу, заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.».
8) 179-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«179-3-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтердi және (немесе) өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi орындамауы
1. Инвестициялық портфельді басқарушының есептіліктегі көрсеткіштерді не пруденциялық нормативтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында айқындалған өзге де сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді орындау туралы мәліметтерді бұрмалауға әкеп соққан есептілікті жасауы –
лауазымды адамдарға – жүз, заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Инвестициялық портфельді басқарушының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екі ай iшiнде екi және одан да көп) орындамауы –
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
9) 201-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«201-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (ерікті жинақтаушы қорларының) және инвестициялық портфельді басқарушының Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасын бұзуы
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы қорларының салымшылардың (алушылардың) жеке шоттарындағы зейнетақы жиналымдарын есепке алу тәртiбiн бұзуы, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамада белгіленген кастодиан-банктермен және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен, ерікті жинақтаушы қорларымен өзара қарым-қатынастар тәртiбiн iрi залал келтiрмей бұзуы, –
лауазымды адамдарға – екi жүз, заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
10) 573-баптың бірінші бөлігі «1-2,» деген сандардан кейін «2-1,» деген сандармен толықтырылсын.
6. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат, № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде 2013 жылғы 6 ақпанда жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
34-баптың 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмелер;».
7. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат, № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 жылғы № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат):
98-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Инкассолық өкім соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, ұйғарымдарына, қаулыларына, бұйрықтарына сәйкес берілген, сондай-ақ пайда болған салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары немесе әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті, кеден органдары алдындағы берешекті өтеуге байланысты атқарушылық парақты немесе бұйрықты республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттік мекеменің, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектісінің мәжбүрлі түрде орындауына негіз болып табылатын құжатты білдіреді. Инкассолық өкім республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттік мекеме және квазимемлекеттік сектор субъектісі төлемінің негізділігін растайтын құжат болып табылады.»;
2) 100-баптың екінші бөлігінде:
2) тармақша мынадай реакцияда жазылсын:
«2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, жалақы төлеу және басқа да ақшалай төлемдер, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақы, жәрдемақылар, алименттер төлеу, салық және әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару, банктік қызмет көрсетуге ақы төлеу жүзеге асырылатын шығыстардың түрлерін қоспағанда, осы өкімдер ұсынылған шығыстардың бюджеттік сыныптамасының кодтары бойынша инкассолық өкімдер орындалғанға дейін;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда, тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі төлеуге берілетін шоттарды бюджеттік кредит бойынша берешектің сомасын қайтаруға оны бөлген жоғары тұрған бюджетке ұсынғанға дейін жүзеге асырылады. Азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу және төлемдерді жүргізу жөніндегі операцияларды тоқтата тұру жалақы төлеу және басқа да ақшалай төлемдер, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген ақшалай өтемақы, жәрдемақылар, алименттер төлеу, салық және әлеуметтiк аударымдарды, мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару, банктiк қызмет көрсетуге ақы төлеу жүзеге асырылатын шығыстардың түрлерiн қоспағанда, тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі аппаратының қызметін қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарлама бойынша жүзеге асырылады;».
8. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, № 22-II, 112-құжат, 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде 2013 жылғы 6 ақпанда жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнындағы 19-тараудың 3-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«§ 3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдері»;
2) 18-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (бұдан әрі – міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары) есептеудің, ұстаудың және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударудың, әлеуметтік аударымдарды (бұдан әрі – әлеуметтік аударымдар) есептеудің және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеудің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету;»;
3) 110-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салық төлеушінің зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт бойынша міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен төлеген міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген шекте шегерімге жатады.».
4) 143-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) орналастырылған зейнетақы активтері бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, өмірді сақтандыру саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына, пайлық және акционерлік инвестициялық қорларға және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін сыйақы»;
5) 155-баптың 3-тармағының 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«16) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жасасқан сақтандыру сыйлықақыларын (аннуитетті) төлеу үшiн өмiрдi сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдарына жiберген зейнетақы жинағының сомалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымдарына бағытталған, зейнетақы аннуитетінің шарттары;»;
6) 156-баптың 1-тармағында:
28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«28) жеке тұлға басқа жеке тұлғадан сыйға немесе мұраға алған мүліктің құны. Осы тармақшаның ережелері дара кәсіпкер алған және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған мүлікке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалған, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары төлейтін зейнетақы жинақтарына қолданылмайды;»;
34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«34) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшердегi міндетті кәсiптік зейнетақы жарналары;»;
7) 160-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерi;»;
8) 163-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерi;»;
9) 170-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) салық төлеушілердің:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары;
ерікті кәсіптік жарналар есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттардың талаптарына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасына жеткен және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығатын немесе шыққан Қазақстан Республикасының резиденті жеке тұлғаларына;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасына жетпеген және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығатын немесе шыққан Қазақстан Республикасының резиденті жеке тұлғаларына;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалған зейнетақы жинақтары түрінде жеке тұлғаларға жүзеге асырылатын төлемдер салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа жатады.
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төленген жағдайда төлем көзінен салық салынатын зейнетақы төлемдері түріндегі табыс салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі:
1) осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулерді;
2) мынадай мөлшердегі:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген төлемдер бойынша - төлемдерді жүзеге асыру кезеңділігіне қарамастан, табысты есебіне жазудың әрбір айы үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және табысты есептеу күні қолданыста болатын бір ең төмен жалақы мөлшерінде салық шегерімдерді қоспағанда табыс мөлшерінде айқындалады.
3) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген төлемдер - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және табысты есептеу күні қолданыста болатын жалақының 12 еселенген мөлшерінде.
3. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төлем көзінен салық салынатын зейнетақы төлемдері түрінде зейнетақы төлемдері жағдайында төлемдер зейнетақы төлемдері түріндегі табыс мөлшерінде айқындалады.»;
10) 175-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сақтандыру сыйлықақылары мыналардың:
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтары есебінен. Осындай төлемдер бойынша жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төлем көзінен салық салынатын табысты айқындау кезінде төлемдерді жүзеге асырудың кезеңділігіне қарамастан, табысты есебіне жазудың әрбір айы үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және табысты есептеу күні қолданыста болатын бір ең төменгі жалақы мөлшері сомасында салық шегерімі қолданылады;»;
11) 192-баптың 1-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде басқарушылық, қаржылық, консультациялық, аудиторлық, заң (соттарда, төрелік сотта немесе аралық сотта өкілдік ету және құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ нотариаттық қызметтер көрсетуді қоспағанда) қызметтерін көрсетуден түсетін табыстар.
Осы бөлімнің мақсатында:
сақтандыру нарығына (сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтерді қоспағанда), бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың қызметі;
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметі;
банк қызметі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізу жөніндегі ұйымдардың қызметі (Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан Қазақстан Республикасы резидентінің құрылымдық бөлімшесіне банк шоттарын ашу және жүргізу, аудару, кассалық операциялар, шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру, төлем құжаттарын инкассоға қабылдау бойынша көрсетілген қызметтерді қоспағанда);
орталық депозитарийдің және өзара сақтандыру қоғамдарының қызметі қаржылық қызметтерді көрсету деп танылады;»;
12) 22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«22) резидент бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері;»;
13) 250-баптың 2-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту бойынша, зейнетақы активтерінен алынған инвестициялық табысты бөлу мен есептеу бойынша қызмет көрсетулері;»;
14) 357-баптың 2-тармағының екінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары салық салу объектісі болып табылмайды.»;
15) 465-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) мәжбүрлі түрде таратылатын банктердің, сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының тарату конкурстық массасын өткізу жөніндегі аукциондардан;»;
16) 471-баптың кестесінде:
1.71 және 1.73-жолдар алып тасталсын;
1.77-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.77 |
Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметі |
40 |
»;
17) 581-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін, арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығаруды қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банк шоттарынан, резидент емес заңды тұлғалардың, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақ шоттарынан және (немесе) шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттарынан басқа резидент еместі қоса алғанда, салық төлеуші заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға банк шоттарын ашу кезінде, уәкілетті органды сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, көрсетілген шоттардың ашылғаны туралы хабарлардың кепілдікпен жеткізілуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы олардың ашылған күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.»;
18) 609-баптың 3-1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мыналарды мәжбүрлеп таратқан жағдайда:
банктерді – мәжбүрлеп тарату туралы сот іс қозғаған күннен бастап;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын – мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап қолданылмайды.»;
19) 611-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ақшаны:
өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқару құжаттары бойынша;
еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға демалысқа шығу жәрдемақысын және еңбек ақысын төлеу бойынша, авторлық шарт бойынша сыйақы, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеу жөніндегі клиент міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары бойынша;»;
20) 614-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мыналарды мәжбүрлеп таратқан жағдайда:
банктерді – мәжбүрлеп тарату туралы сот іс қозғаған күннен бастап;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары – мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап қолданылмайды.».
9. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат):
162-баптың екінші бөлігінің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбегіне ақы төлеу, авторлық шарт бойынша сыйақы төлеу, клиенттің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару жөніндегі міндеттемелері және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша есеп айырысу үшін ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары бойынша;».
10. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат):
1) 101-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«101-бап. Асырап алынған баланың жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығының сақталуы
Өзі асырап алынған кезде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларындағы ата-аналарының зейнетақы жинақтарына және асыраушысынан айрылған жағдайы бойынша жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығы бар бала осы құқықты асырап алынған кезде де сақтайды.»;
2) 136-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Патронат тәрбиешілерге берілген бала өзіне тиесілі алиментке, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін ата-аналарының зейнетақы төлемдеріне, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығын, сондай-ақ тұрғын жайға меншік құқығын немесе тұрғын жайды пайдалану құқығын сақтайды. Патронат тәрбиешілерге берілген баланың тұрғын жайы болмаған кезде Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес оған тұрғын жай берілуіне құқығы бар.».
11. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат); № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат):
1) 8-бап мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2), 32-1) және 32-2)- тармақшалармен толықтырылсын:
«12-1) меншік иелері қаржы ұйымдары, сондай-ақ бағалы металдармен және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыру құқығы бар дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар болып табылатын бағалы металдарды, олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда, және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының сынамаларын (үлгілерін) сақтауды және сынауды жүзеге асырады;
12-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (келіп түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдауды, қабылдауды, есепке алуды және сақтауды жүзеге асырады;»;
«32-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;
32-2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне қатысты кастодианның функцияларын жүзеге асырады;»;
2) 15-бапта:
екінші бөлікте:
мынадай мазмұндағы 40-1) тармақшамен толықтырылсын:
«40-1) банктердің металл шоттарды ашу, жүргізу және жабу қағидаларын;
мынадай мазмұндағы 55-1) және 55-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«55-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясын, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтыруларды;
55-2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасауды басқа сенімгерлік басқарушыға тапсырған кезде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау қағидаларын, оның ішінде оларға қойылатын талаптарды;»;
үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
«23-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін есепке алу мен сақтау үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің шоттары ашылатын шетелдік кастодиандарды айқындайды;»;
3) 20-4-баптың 4-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай қаржы ұйымдарының, олардың филиалдары мен үлестес тұлғаларының, Қазақстанның Даму Банкінің, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, бағалы қағаздар эмитенттерінің, кредиттік бюролардың, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың, төлем жүйелерін пайдаланушылардың, сондай-ақ валюталық операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың, уақытша әкімшіліктердің (уақытша әкімшілердің), банктердің тарату комиссияларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (бұдан әрі – тексерілетін субъект) қызметіне тексеру жүргізуді жүзеге асырған жағдайда, лауазымдық өкілеттіктерін нақты және әділ орындауына кедергі келтіруі мүмкін барлық мән-жайлар туралы, оның ішінде:»;
4) 56-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы алып тасталсын;
5) 57-баптың бірінші бөлігінде:
алтыншы және жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«тазартылған алтынды, басқа бағалы металдарды қабылдау мен сақтауды жүзеге асырады;
ішкі және сыртқы нарықтарда тазартылған алтынды және басқа да бағалы металдарды сатып алу, сату, сақтауға орналастыру және депозитке салу жөнiндегі, оның ішінде мемлекеттің басым құқығын іске асыру шеңберінде тазартылған алтынды сатып алу жөніндегі операцияларды жүргiзеді;»;
мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:
«клиенттердің металл шоттарын ашады және жүргізеді;»;
6) 58-бапта:
төртінші бөлік мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді басқарудың негізгі қағидаттарына сәйкес шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді алтын-валюта резервтеріне аудару;»;
бесінші бөлік мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді басқарудың негізгі қағидаттарына сәйкес алтын-валюта резервтерін шетел валютасындағы және бағалы металдардағы басқа активтерге аудару;»;
7) 62-4-баптың 8-тармағы мынадай редакция жазылсын:
«8. Осы баптың 7-тармағында көрсетілген адамдар болмаған және оларға тексеру нәтижелері туралы актіні қол қою үшін тапсыру мүмкін болмаған жағдайда тексеруші адамдар тексеру нәтижелері туралы актіге қол қойған күннен бастап тексеру нәтижелері туралы акт ресімделген болып есептеледі.»;
8) 62-5-бапта:
62-5-баптың 9), 10), 11) және 12) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«9) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшіліктері (уақытша әкімшілері), тарату комиссиялары беретін есептілік пен өзге де ақпаратты қарау;
10) мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып, тарату комиссияларының төрағасы мен мүшелерін тағайындау және босату;
11) мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аралық тарату балансын және кредиторлары талаптарының тізілімін, ерікті түрде немесе мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының кредиторлары комитетінің құрамын бекіту;
12) мәжбүрлеп таратылатын банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы есепті және тарату теңгерімін келісу;»;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) орындалған жұмыс туралы есебін бекіту жолымен жүзеге асырады.»;
9) 70-1-баптың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Ол көрсететін мемлекеттік қызметтер үшін ақының мөлшері Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.».
12. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж. № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат):
14-баптың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тиісінше Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.».
13. «Шаруашылық серіктестіктер туралы» 1995 жылғы 2 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 7, 49-құжат; № 15-16, 109-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 12, 183-184-құжаттар; № 13-14, 205, 210-құжаттар; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 56-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат):
1-баптың 3-тармағы алып тасталсын.
14. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат):
1) 8-баптың 9-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) банк пен Қазақстан Республикасының резиденттері-сақтандыру ұйымдарының арасында олардың атынан сақтандыру шарттарын жасасу шарты болған кезде Қазақстан Республикасының резиденттері-сақтандыру ұйымдарының атынан сақтандыру шарттарын жасасумен айналысуға құқылы.»;
2) 11-1-баптың 6-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) банк және (немесе) банк холдингі еншілес ұйымды - Қазақстан Республикасының резиденттері - банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, инвестициялық портфельді басқарушыны құрған немесе сатып алған жағдайда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасының резиденттері - банк немесе сақтандыру холдингінің, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуға қатысты талаптарды сақтамауы негіз болып табылады.»;
3) 51-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жеке немесе заңды тұлғаның (уәкілетті орган лицензиясынан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату үдерісіндегі банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, сондай-ақ ерікті жинақтау зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға лицензиядан айырылған ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) банктегi ақшасына және басқа мүлкiне сот санкция берген анықтау және алдын ала тергеу органдарының қаулылары және атқарушылық iс жүргізу органдары мен жеке сот орындаушыларының қаулылары, сондай-ақ соттардың қаулылары, шешiмдерi, үкiмдерi, ұйғарымдары негiзiнде ғана тыйым салынуы мүмкiн. Талап-арыз талаптарын қамтамасыз ету үшiн тыйым салған кезде тыйым салынған ақша сомасы талап-арыз сомасынан, мемлекеттік баж және соттың шешiмдерiн, үкiмдерiн, ұйғарымдары мен қаулыларын орындауға байланысты шығыстар көлемiнен аспауға тиiс. Атқарушылық іс жүргізу органдары және жеке сот орындаушысы атқару құжатының орындалуын қамтамасыз ету үшін тыйым салуды қолданған жағдайда, тыйым салу қолданылатын ақша сомасы мен мүлік құны өндіріп алушыға ұйғарылған соманы өтеу үшін қажетті сомадан, сондай-ақ атқару құжатын орындау процесінде борышкерге салынған айыппұлдар, жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомаларынан және атқару құжатын орындау жөніндегі шығыстар сомасынан аспауға тиіс.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заңды тұлға мен жеке тұлғаның банкiде жатқан зейнетақы активтерiнен басқа ақшасы мен өзге де мүлкiн тәркiлеу заңды күшiне енген сот шешiмi (үкімі) негiзiнде ғана жүргiзiлуi мүмкiн.»;
4) 74-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тарату, конкурстық массаны қалыптастыру кезiнде оған үшiншi тұлғаларға тиесiлi және сақтау мен есепке алу үшiн кастодиан-банкке сенiп тапсырылған бағалы қағаздар, сондай-ақ есепке алу және сақтау үшiн кастодиан банкке сеніп тапсырылған зейнетақы активтерi, инвестициялық қорлардың активтерi, арнайы қаржы компанияларының бөлінген активтері енгiзiлмейдi. Кастодиан-банкке сақтау және есепке алу үшін сеніп тапсырылған зейнетақы активтерi, инвестициялық қордың активтерi, арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтері ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, акционерлік инвестициялық қордың, арнайы қаржы компаниясының немесе инвестициялық пай қорын басқарушы компанияның өтiнiшi бойынша басқа банкке аударылады.».
5) 74-2-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) төртінші кезекте депозиттер, оның ішінде таратылатын ислам банкінде орналастырылған талап етуге дейінгі пайызсыз депозиттер және ақша аударымдары бойынша жеке тұлғалардың талаптары, сондай-ақ зейнетақы активтері есебінен жүзеге асырылған депозиттер бойынша талаптары, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша тартылған қаражат есебінен жүзеге асырылған сақтандыру ұйымдарының депозиттері бойынша талаптары қанағаттандырылады;».
15. «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж, № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 57-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-бап; № 4, 24-құжат; № 13; 86-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 9-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат):
1) 1-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) банкроттық саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – банкроттық саласында (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;
2) 2-баптың 1-тармағының бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заң қазыналық кәсiпорындардан және мекемелерден, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан, банктерден, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан басқа, заңды тұлғалардың банкроттығы, оларды жеделдетілген оңалту және оңалту туралы iстерге қолданылады.
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына, банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және басқа кейбір заңды тұлғаларға қатысты осы Заңда көзделген банкроттық рәсiмдерiн қолдану ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленуi мүмкiн.».
16. «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат; 1999 ж., № 8, 239-құжат; № 23, 925-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 1-2, 13-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат):
1) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мүгедек адамға зейнетақы төлеу тағайындалған кезде мүгедектiгi бойынша жәрдемақы төлеу тоқтатылады немесе осы Заңның 12-бабының 5-тармағына сәйкес Орталық пен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан алатын зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi ескерiле отырып, қайта қаралады.»;
2) 12-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер Орталықтан, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан берiлетiн жиынтық зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi мүгедектердiң тиiстi санаттары үшiн белгiленген мүгедектiгi бойынша айлық жәрдемақы мөлшерiнен кем болса, жәрдемақы төлеу зейнетақы төлемдерiне мүгедектердiң сол санаты үшiн белгiленген жәрдемақы мөлшерiне дейiн жеткiзiлген тиiстi қосымша төлемдер түрiнде жүргiзiледi.»;
3) 16-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерiнiң Орталықтан, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан алатын жиынтық зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша алатын айлық жәрдемақының мөлшерiнен кем болса, жәрдемақы төлеу зейнетақы төлемдерiне отбасының осы еңбекке жарамсыз мүшелерi үшiн белгiленген жәрдемақының мөлшерiне дейiнгi тиiстi қосымша төлем түрiнде жүргiзiледi.»;
4) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Жәрдемақыларды тағайындау шарттары
Жасына байланысты жәрдемақы азаматтарға зейнетақы төлемдерiне құқығы болмаған жағдайда «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген жасқа жеткен кезде Орталықтан, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті зейнетақы қорларынан тағайындалады.».
17. «Ақша төлемi мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 177-құжат; № 24, 445-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 10, 49, 51-құжаттар; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 13, 116-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат):
1) 14-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық қызметi органдарының мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алуға инкассолық өкiмдерi пайдасына берешек өндiрiлiп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тiзiмдерiмен қоса банктерге табыс етiледi.».
18. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат):
5-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан, арнайы қаржы компанияларынан, сондай-ақ табиғи монополия субъектісі үшін осы Заңда рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын өзге де ұйымдардан басқа, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (қатысу үлестерін) иеленуге немесе олардың қызметіне өзге жолмен қатысуға;».
19. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат):
5-баптың 2-тармағының бесінші және алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және инвестициялық портфельді басқарушылар;
инвестициялық портфельді басқарушыға ірі қатысушылар;».
20. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат):
1) 3-баптың 23-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«23-2) сақтандыру тобы – банк конгломераты болып табылмайтын, сақтандыру холдингінен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, сондай-ақ сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдарынан және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдарынан және (немесе) сақтандыру холдингі және (немесе) оның еншілес ұйымдары және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары капиталына қомақты қатысатын ұйымдардан тұратын заңды тұлғалар тобы.»;
2) 25-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерден меншiктi акцияларын сатып алуға, мәмiле жасау нәтижесiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлетi мәселелерiне қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылмайтын жағдайда құқылы.»;
3) 32-баптың 6-тармағының 8) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«8) уәкілетті органның құжаттарды қарау кезеңінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне және (немесе) сатып алу болжанып отырған еншілес ұйымға қатысты қолданған осы Заңның 53-2-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген қолданыстағы шектеулі ықпал ету шарасының және (немесе) осы Заңның 53-1-бабының 2-тармағында көзделген мәжбүрлеу шараларының және Заңның 53-3-бабы 2-тармағының 2)-4) тармақшаларында көзделген санкциясының болуы;
9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі еншілес ұйымды – Қазақстан Республикасының резиденттері – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, банкті, инвестициялық портфельді басқарушыны құрған немесе иеленген жағдайда осы Заңда, Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі, зейнетақымен қамсыздандыру және бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасының резиденттері – сақтандыру немесе банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының, банктің, инвестициялық портфельді басқарушының мәртебесін алуға келісім беруге қатысты талаптарды сақтамауы болып табылады.»;
4) 53-3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру холдингіне, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыларға, сақтандыру брокеріне бұрын оларға қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан, санкциялар қолдануға құқылы.»;
5) 69-1-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Егер «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының ешқайсысы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмесе не «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының бірі мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымдарының сақтандыру портфелін қабылдау ниеті туралы мәлімдемесе, сақтандыру портфелін беруді мемлекеттің қатысуы бар «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары жүзеге асырады.».
21. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 17, 136-құжат; № 23, 179-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 21-22, 124-құжат):
16-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) мемлекет қатысатын жинақтаушы зейнетақы қорын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайта құру жағдайларына қолданылмайды.».
22. «Қазақстанның Даму Банкі туралы» 2001 жылғы 25 сәуірдегі № 178 Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 93, 85-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 83-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 15, 85-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 11, 37-құжат; № 23, 105-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж, № 13, 91-құжат):
15-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
1) жеке тұлғаларға, ерікті жинақтаушы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқарушы кердиттік серіктестерге, инвестициялық қорларға, сақтандару ұйымдарына кредиттер, сондай-ақ олардың міндеттемелері бойынша банктік кепілдіктер, кепілгерліктер және ақшалай нысанда орындалу көзделетін өзге де міндеттемелер беруіне;»;
23. «Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 17-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж, № 5, 35-құжат; № 13, 91-құжат):
4-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттiк бюджеттен және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерi мен әлеуметтiк жәрдемақыларды жеткiзу жөнiндегi қызмет көрсету;».
24. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде 2013 жылғы 6 ақпандағы жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
26-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«26-бап. Әлеуметтiк төлемдерден ұстап қалу
Еңбек ету қабiлетiнен айрылған және (немесе) жұмысынан айрылған жағдайда, сондай-ақ жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайларда берiлетiн әлеуметтiк төлемдерден мiндеттi зейнетақы жарналары ұсталып қалады және олар Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына сәйкес алушының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жiберiледi.».
25. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар, № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2001 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат):
53-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«53-1-бап. Директорлар кеңесінің комитеттері
1. Аса маңызды мәселелерді қарау және директорлар кеңесіне ұсынымдар әзірлеу үшін қоғамда директорлар кеңесінің комитеттері құрылады:
2. Директорлар кеңесінің комитеттері мынадай мәселелерді қарайды:
1) стратегиялық жоспарлау;
2) кадрлар және сыйақылар;
3) ішкі аудит;
4) әлеуметтік мәселелер;
5) қоғамның ішкі құжаттарымен көзделген өзге де мәселелер.
Осы тармақта көрсетілген мәселелерді қарау бір немесе бірнеше директорлар кеңесі комитеттерінің құзыретіне жатқызылуы мүмкін.
3. Директорлар кеңесінің комитеттері директорлар кеңесінің мүшелерінен және нақты комитетте жұмыс істеу үшін қажетті кәсіптік білімі бар сарапшылардан тұрады.
Директорлар кеңесінің комитетін директорлар кеңесінің мүшесі басқарады. Функцияларына осы баптың 1-1-тармағының 1)-4) тармақшаларында көзделген мәселелерді қарау кіретін директорлар кеңесі комитеттерінің басшылары (төрағалары) тәуелсіз директорлар болып табылады.
Атқарушы органның басшысы директорлар кеңесі комитетінің төрағасы бола алмайды.
4. Директорлар кеңесі комитеттерін қалыптастыру және олардың жұмыс істеу тәртібі, олардың саны, сондай-ақ сандық құрамы директорлар кеңесі бекітетін қоғамның ішкі құжатында белгіленеді.».
26. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16,
64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23,
114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат):
1) 1-бапта:
32) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«32) инвестициялық комитет – бағалы қағаздар нарығына кәсіптік қатысушының меншікті активтеріне және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға берілген активтерге қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдауды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіптік қатысушының (тіркеуші мен трансфер-агентті қоспағанда) алқалы органы;»;
34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«34) инвестициялық портфельдi басқарушы – азаматтық құқық объектiлерiн басқару жөнiндегi қызметтi клиенттiң мүдделерiн көздеп және соның есебiнен өз атынан жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушы;»;
мынадай мазмұндағы 34-1) тармақшамен толықтырылсын:
«34-1) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры – уәкілетті органның лицензиясы негізінде ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіптік қатысушы;»;
2) 2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, осы Заңның нормалары банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, инвестициялық қорлар, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорлары (ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары) шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздарды, эмиссиялық бағалы қағаздарды, өзге де қаржы құралдарын шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу процесiнде туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.»;
3-1-бапта:
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Осы баптың 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларында келтірілген шаралар, егер уәкілетті орган ірі қатысушы белгілері бар тұлғалардың, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушы ірі қатысушылардың, олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаса, ірі қатысушы белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларына да қатысты қолданылуы мүмкін.»;
8-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) орталық депозитарий, тіркеуші мен лицензиаттардың басқарушы қызметкерлерін тағайындауға уәкілетті органның келісімін қайтарып алуға құқылы.»;
3-2-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Екінші деңгейдегі банктер бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде, оларға осы баптың талаптары қолданылмайды.»;
5) 5-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Институционалдық инвесторлар инвестицияны, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушылары көрсететiн қызметтi пайдалана отырып жүзеге асырады.»;
6) 45-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын;
7) 46-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын қайта ұйымдастырылуы кезінде лицензиаттың акцияларына төлем жасауды қоспағанда, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабында көзделген тәртіппен өтініш беруші лицензияны алған жағдайда, өтініш берушiнiң (лицензиаттың) акцияларына төлем жасау тек қана ақшалай Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүзеге асырылады.
Өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
Заңды тұлға өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) акцияларын акцияға төленген ақы және (немесе) басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесi ретiнде енгiзiлген активтер сомасын шегере отырып, өз капиталы шегiнде төлеуге құқылы.»;
8) 47-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрыла алатын және қызметін жүзеге асыра алатын, клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз трансфер-агенттерді қоспағанда, лицензиат акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады және қызметін жүзеге асырады.»;
9) 49-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы инвестициялық портфельді басқарушы меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерін қолдау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шараларды қабылдауға міндетті.
Инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық ахуалы нашарлаған жағдайда инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы уәкілетті органның талабы бойынша инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық ахуалын жақсарту, оның ішінде инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталын ұлғайту бойынша шараларды қабылдауға міндетті.»;
10) 50-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер лицензия алу үшiн табыс етiлген құжаттарды қарау процесiнде, сондай-ақ уәкілетті органға ұсынылған мәліметтердің дәйектілігін тексеру қажет болғанда, осы құжаттарда өтiнiш берушi, оның құрылтайшылары немесе олардың қызметi туралы дәйектемесiз мәлiметтер бар екенi анықталса, уәкiлеттi орган ол құжаттарды қapaу мepзiмiн тоқтата тұруға құқылы. Өтініш беруші ескертпелердi жойғаннан кейiн және құжаттарды тапсырғаннан кейiн олардың қарау мерзiмi қайта жаңғыртылады. Уәкiлеттi органның құжаттарды кейiнгi қарау мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.»;
11) 69-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«69-бап. Инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру
1. Инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың талаптары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
Активтердің сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын, жалғыз акционері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі болып табылатын акционерлік қоғамның бағалы қағаздар нарығындағы кәсіптік қызметті жүзеге асыру ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
2. Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
1) ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет (ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры);
2) ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет.
3. Инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызмет клиенттiң мүддесiн көздеп кiрiс алу мақсатымен жүзеге асырылады.
4. Инвестициялық портфельдi басқарушылардың олар басқаратын қаржы құралдарына қатысты құқықтарын нақтылы ұстаушылар өздерiнiң iшкi құжаттарына сәйкес есепке алады.»;
12) 70-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«70-бап. Инвестициялық портфельдi басқарушылардың функциялары»
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Инвестициялық портфельдi басқарушылардың функциялары:
1) ақшаны эмиссиялық бағалы қағаздарға және уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актiсiнің талаптарына сәйкес өзге де қаржы құралдарына инвестициялау туралы шешiмдер қабылдау;
2) қабылданған инвестициялық шешiмдердi орындау мақсатында инвестициялық портфельдi басқару процесiнде бағалы қағаздар нарығының субъектiлерiмен өзара iс-қимыл жасау;
3) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде және олардың iшкi құжаттарында белгiленген тәртiппен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалатын мәмiлелердiң есебiн жүргiзу;
4) инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi шарттың талаптарын орындау болып табылады.
2. Ерікті зейнетақы тарту құқығы бар инвестициялық портфельді басқарушы Заңның осы бабының 1-тармағында көзделген функциялардан басқа, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген функцияларды жүзеге асырады.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, инвестициялық портфельдi басқарушылар эмиссиялық бағалы қағаздар мен басқаруындағы өзге де қаржы құралдарына қатысты пайдалану және билiк ету жөнiндегi құқығын жүзеге асыруға құқылы.»;
13) 72-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, бағалы қағаздар нарығына кәсіптік қатысушының өз активтеріне және (немесе) бағалы қағаздар нарығына кәсіптік қатысушы (инвестициялық портфельді басқарушы) инвестициялық басқаруға қабылдаған активтерге қатысты инвестициялық шешімдер қабылдауды құрамында кемінде үш адам болуға тиіс инвестициялық комитет жүзеге асырады. Инвестициялық комитет мүшелерінің кемінде жартысы өздерін кәсіптік қатысушының басшы қызметкерлеріне тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімін алған, бағалы қағаздар нарығына кәсіптік қатысушының басшы қызметкерлері болуға тиіс.
Осы тармақтың талаптары тіркеушіге, трансфер-агентке және бағалы қағаздар нарығында кастодиандық және (немесе) брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар екінші деңгейдегі банкке қолданылмайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Инвестициялық портфельді басқарушы инвестициялық комитеттің құрамына осы инвестициялық портфельді басқарушының қызметкерлері болып табылмайтын адамдар кірмеуге тиіс.».
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен ерікті жарналарды тарту құқығы бар инвестициялық портфельді басқарушының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен жасаған шартқа сәйкес зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялық комитетінің құрамына қосымша талаптар белгіленеді.»;
14) мынадай мазмұндағы 72-1, 72-2 және 72-3-баптармен толықтырылсын:
«72-1-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы
1. Ешбір тұлға дербес өзі немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) инвестициялық портфельді басқарушының орналастырылған акцияларының он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама түрде иелене, пайдалана және (немесе) оған билік ете алмайды, сондай-ақ уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай инвестициялық портфельді басқарушы қабылдайтын шешімдерге инвестициялық портфельді басқарушының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынғандары қоспағанда) он немесе одан көп пайызы мөлшерінде бақылау жасай алмайды немесе ықпал етуге мүмкіндігі болмайды.
Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалары рейтингілік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингі болған кезде инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушы мәртебесін иемдену үшін уәкілетті органның келісімін алуы мүмкін. Талап етілетін ең төменгі рейтинг және рейтингілік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Көрсетілген рейтингтің болуы инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушы болып табылатын, инвестициялық портфельді басқарушының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынғандары қоспағанда) он немесе одан көп пайызын тікелей иемденген немесе талап етілетін ең төменгі рейтингі бар инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен дауыс беру мүмкіндігі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғасының акцияларын (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) иемдену (дауыс беру) арқылы инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын жанама иемденуі немесе инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен дауыс беруді болжап отырған Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғасы үшін талап етілмейді.
2. Инвестициялық портфельді басқарушының орналастырылған немесе дауыс беретін акцияларының (артықшылықты және сатып алынғандары қоспағанда) жиынтығында он немесе одан көп пайызы тиесілі болатын және:
1) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы талап-арызбен сотқа жүгіну;
2) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелер енгізу;
3) директорлар кеңесінің отырысын шақыру;
4) өз есебінен инвестициялық портфельді басқарушының аудитін жүргізу мәселелері бойынша шешімдер қабылдау көзделетін, жасалған келісімдер негізінде іс-әрекет жасайтын акционерлер инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушы болып табылмайды.
3. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушы мәртебесін беру, алуға келісім беруден бас тарту қағидаларын, көрсетілген келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
4. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушы болуға ниет білдірген тұлға келісім алу үшін осы баптың 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып, уәкілетті органға инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушы мәртебесін иемдену туралы өтініш беруге міндетті.
5. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары – жеке тұлғалар инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын оларға меншіктеу құқығында тиесілі мүліктің құнынан аспайтын мөлшерде төлейді. Бұл ретте мүліктің құны инвестициялық портфельді басқарушының бұрын сатып алынған және сатып алынатын акцияларының жиынтық құнынан кем болмауы тиіс.
6. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушы мәртебесін иемденуге келісім алу үшін жеке тұлға мынадай құжаттарды:
1) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, акцияларды сатып алу үшін пайдаланылатын көздер мен қаражаттың сипаттамасын қоса алғанда, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын, оның ішінде бұрын сатып алынғандарын сатып алу талаптары мен тәртібі туралы мәліметтерді ұсынады.
Мыналар:
кәсіпкерлік, еңбек қызметінен немесе басқа да ақысы төленетін қызметтен алынған кірістер;
өтініш берушінің құжатпен расталған жинақталған ақша қаражаты инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын көздер болып табылады.
Сыйға тарту, ұтыс, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түрінде алынған, инвестициялық портфельді басқарушының сатып алынатын акциялары құнының жиырма бес пайызынан аспайтын мөлшердегі ақша инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу үшін осы тармақшаның екінші бөлігінде көрсетілген көздерге қосымша пайдаланылуы мүмкін.
Өтініш беруші сыйға тарту түрінде алынған мүлік есебінен инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алған кезде сыйға тартушы және көрсетілген мүліктің сыйға тартушыда пайда болу көздері туралы мәліметтерді ұсынады;
2) өтініш берушінің мүддесін білдіру тапсырылатын өтініш берушінің өкіліне (ол бар болғанда) берілген сенімхатты;
3) өзі ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;
4) осы қордың немесе ұйымның қаржы жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайларында инвестициялық портфельді басқарушыны қайта капиталдандыру жоспарын;
5) растайтын құжаттар көшірмелері қоса тіркелген мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;
6) табыстары мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысанға сәйкес өтініш берушінің барлық міндеттемелері бойынша орын алған берешектер туралы ақпаратты;
7) білімі, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш беруші туралы қысқаша деректерді ұсынады.
Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғасы инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушы мәртебесін иемденуге келісім алу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) - 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен қатар, Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлға тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резидент-инвестициялық портфельді басқарушының акцияларды сатып алуға осы ел заңнамасында рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті елдің уәкілетті органының көрсетілген құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіндігі туралы мәлімдемесін табыс етеді.
7. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлға мынадай құжаттарды:
1) өтініш беруші органының инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесін, сондай-ақ өтініш берушінің үлестес тұлғаларының тізімін;
2) заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызына (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп) иелік ететін, сондай-ақ шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде осы заңды тұлғаның шешімдерін айқындау немесе оларды бақылау мүмкіндігі бар тұлғалар туралы мәліметтерді және растайтын құжаттарды;
3) осы баптың 6-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
4) өзінің басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;
5) өтініш берушінің құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, өтініш берушінің ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушінің ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;
6) білімі туралы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді;
7) аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есептілігін, сондай-ақ тиісті өтінішті табыс етер алдындағы аяқталған соңғы тоқсанның қаржы есептілігін;
8) өтініш берушінің және инвестициялық портфельді басқарушының мәртебе алғаннан кейінгі болжамды есеп айырысу балансын қоса алғанда, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуының қаржылық салдарларының талдауын, іс-шаралар жоспарын және ұйымдық құрылымды қоса алғанда, өтініш берушінің инвестициялық портфельді басқарушының активтерін сату, қайта ұйымдастыру немесе инвестициялық портфельді басқарушының қызметіне немесе оны басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстарын, егер олар бар болса, табыс етеді.
8. Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін мына құжаттарды:
1) осы баптың 6-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында және 7-тармағының 1), 3), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
2) осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген заңды тұлғаның кредит рейтингі туралы мәліметтерді;
3) өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаның инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге жазбаша рұқсатын (келісімін) не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының көрсетілген мемлекеттің заңнамасы бойынша осындай рұқсат (келісім) талап етілмейтіні туралы өтінішін табыс етеді.
9. Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін мынадай құжаттарды:
1) осы баптың 8-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
2) өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының өтініш беруші қаржылық қызметін осы ел заңнамасының шеңберінде жүзеге асыруға уәкілетті екендігі туралы жазбаша растауын не өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіндігі туралы жазбаша растауын табыс етеді.
Инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан көп пайызын сатып алуға ниет білдірген, өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін осы тармақта белгіленген құжаттармен қатар өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауын табыс етеді.
10. Орналастырылған акциялардың (артықшылық берілгендерін және сатып алынғандарын шегере отырып) жиырма бес немесе одан көп пайызын иелену үлесі бар инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге ниетті тұлғалар осы бапта көрсетілген құжаттар мен мәліметтерге қосымша қойылатын талаптарын уәкілетті орган белгілейтін таяу бес жылға арналған бизнес-жоспарды ұсынады.
Инвестициялық портфельді басқарушының директорлар кеңесі осы бапта белгіленген тиісті мәртебені алу шеңберінде инвестициялық портфельді басқарушының орналастырылған акцияларының (артықшылық берілгендерін және сатып алынғандарын шегере отырып) жиырма бес немесе одан көп пайызын иелену үлесі бар ірі қатысушы ұсынған бизнес-жоспарды қарайды.
Инвестициялық портфельді басқарушы уәкілетті органды инвестициялық портфельді басқарушының даму стратегиясына (даму жоспарына) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының бизнес-жоспарын енгізу не енгізбеу туралы тиісті шешім қабылдау күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде инвестициялық портфельді басқарушының директорлар кеңесінің инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының бизнес-жоспарын қарау нәтижелері туралы хабардар етуге міндетті.
Инвестициялық портфельді басқарушының директорлар кеңесі инвестициялық портфельді басқарушының даму стратегиясының (даму жоспарының) сақталуын қамтамасыз етеді.
11. Инвестициялық портфельді басқарушының бірлескен ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар болып сомасында инвестициялық портфельді басқарушының орналастырылған акцияларының (артықшылық берілгендерін және сатып алынғандарын шегере отырып) он немесе одан көп пайызына ие немесе инвестициялық портфельді басқарушы акцияларының он немесе одан көп пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі бар және:
1) өздерінің арасындағы шарт күшіне қарай немесе басқаша инвестициялық портфельді басқарушының шешімдеріне бірлесіп ықпал ететін;
2) жеке-жеке немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылатын;
3) олардың бірі басқа тұлғаның лауазымды адамы немесе өкілі болып табылатын;
4) олардың бірі басқа тұлғаға өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген;
5) жақын туыстар немесе ерлі-зайыптылар болып табылатын;
6) олардың бірі басқа тұлғаға өзі сыйға берген ақша немесе ақысыз алынған мүлік есебінен инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген тұлғалар танылады.
Егер инвестициялық портфельді басқарушы Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес банк конгломератына кірген жағдайда инвестициялық портфельді басқарушы Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес шоғырландырылған қадағалауға жатады.
12. Уәкілетті орган осы баптың талаптарына сәйкес инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алу үшін берілген өтініш бойынша шешімді құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап үш ай ішінде қабылдауға тиіс.
Уәкілетті орган өтініш берушіні өз шешімінің нәтижелері туралы жазбаша хабардар етуге міндетті. Бұл ретте тиісті мәртебені иеленуге келісім беруден бас тартылған жағдайда жазбаша хабарламада бас тарту негіздері көрсетіледі.
13. Уәкілетті орган келісім беруге негiз болған дәйексіз мәліметтер анықталған немесе өтініш берушінің ірі қатысушы мәртебесін иеленуі нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптары бұзылған немесе ірі қатысушылар осы Заңның талаптарын сақтамаған жағдайда келісімді қайтарып алу үшін негіз болып табылатын факті анықталған күннен бастап екі ай ішінде күшін жою туралы шешім қабылдай отырып, осы бапқа сәйкес берілген келісімді қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдайда осындай шара қолданылатын тұлға алты ай ішінде инвестициялық портфельді басқарушының өзіне тиесілі акцияларының санын осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.
Осы бапқа сәйкес берілген келісімі қайтарып алынған тұлғаның инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын үшінші тұлғаға сенімгерлік басқаруға беруге құқығы жоқ.
Уәкілетті орган өздеріне қатысты тиісті келісімді қайтарып алу туралы шешім қабылдаған тұлғалар осы тармақтың талаптарын орындамаған жағдайда, уәкілетті орган осы тұлғалардың уәкілетті орган талаптарын орындауы үшін сотқа жүгінуге құқылы.
14. Егер тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келген жағдайда, оның инвестициялық портфельді басқарушының басшылығына немесе саясатына ықпал етуге бағытталған ешқандай әрекеттер жасауға және (немесе) осы баптың ережелеріне сәйкес уәкілетті органның жазбаша келісімін алғанға дейін осындай акциялар бойынша дауыс беруге құқығы жоқ.
Көрсетілген жағдайда инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін тұлға өзінің инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетіні өзіне мәлім болған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
Егер бұл тұлғаның көрсетілген мерзімде акцияларды иелігінен шығаруға ниеті болмаса, тиісті мәртебені иелену туралы өтініш уәкілетті органға өзінің инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетіні өзіне мәлім болған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ұсынылады. Акцияларды иелігінен шығару туралы шешім қабылданғаны туралы ақпарат уәкілетті органға осындай шешім қабылданған күннен бастап дереу беріледі.
15. Уәкілетті орган осы тұлғаның инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетінін көрсететін мәліметтер болған жағдайда жеке және заңды тұлғалардан ақпарат беруді талап етуге құқылы. Ақпарат оған ие кез келген тұлғадан, сондай-ақ осындай тұлғалардың бақылауындағы ұйымдардан талап етілуі мүмкін.
16. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органды растайтын құжаттарды ұсына отырып, өзіне тиесілі акциялар санының өзі тікелей немесе жанама иелік ететін немесе тікелей немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі бар инвестициялық портфельді басқарушының орналастырылған акцияларының (артықшылық берілгендерін және сатып алынғандарын шегере отырып) санына пайыздық арақатынасының өзгергені туралы хабардар етуге міндетті.
Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына тиесілі инвестициялық портфельді басқарушы акцияларының саны (пайыздық немесе абсолюттік мәндегі) инвестициялық портфельді басқарушының орналастырылған акцияларының (артықшылық берілгендерін және сатып алынғандарын шегере отырып) санына ұлғаю жағына қарай өзгерген жағдайда инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы уәкілетті органға растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері туралы ақпаратты беруге тиіс. Жеке тұлғалар-инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу үшін пайдаланатын қаражат көздері осы баптың 6-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында айқындалған.
Инвестициялық портфельді басқарушы акциялары санының инвестициялық портфельді басқарушының орналастырылған акцияларының (артықшылық берілгендерін және сатып алынғандарын шегере отырып) санына пайыздық арақатынасы инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына тиесілі он пайыздан аз санға дейін өзгерген жағдайда, уәкілетті орган инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының өтініші бойынша, не көрсетілген фактіні дербес анықтаған жағдайда осы факті анықталған күннен бастап екі ай ішінде инвестициялық портфельді басқарушы мәртебесін иеленуге келісім беру үшін көзделген тәртіппен бұрын берілген жазбаша келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдайды.
17. Инвестициялық портфельді басқарушы уәкілетті органға инвестициялық портфельді басқарушының оларға тиесілі акциялары санының инвестициялық портфельді басқарушының орналастырылған акцияларының (артықшылық берілгендерін және сатып алынғандарын шегере отырып) санына пайыздық арақатынасын көрсете отырып, есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей тоқсан сайын өзінің барлық ірі қатысушыларының тізімін ұсынуға міндетті.
18. Инвестициялық портфельді басқарушы уәкілетті органды инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызына ие акционерлер құрамының өзгергені туралы өзі осы фактіні анықтаған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде хабардар етуге міндетті.
19. Инвестициялық портфельді басқарушының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларының, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың мәліметтерді уақтылы бермеуі, бермеуі немесе дәйексіз мәліметтер беруі, осы баптың 14-18-тармақтарына сәйкес талап етілетін ақпаратты көрсетілген мерзімдерде бермеуі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соқтырады.
72-2-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы болғысы келетін тұлғаларға уәкілетті органның келісім беруден бас тарту негіздері.
1. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы болғысы келетін тұлғаларға уәкілетті органның келісім беруден бас тартуына:
1) осы Заңның 54-бабының 2-тармағы 4)-6) тармақшаларының талаптарын сақтамау (жеке тұлғаға немесе өтініш беруші – заңды тұлғаның басшы қызметкерлеріне қатысты);
2) өтініш берушінің қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;
3) осы Заңның 72-1-бабында көрсетілген құжаттардың ұсынылмауы;
4) өтініш берушінің инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуі нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы талаптарының бұзылуы;
5) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иелену жөніндегі мәміледе тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлға (оның ірі қатысушысы (ірі акционері)) иеленуші тарап болып табылатын жағдайлар;
6) өтініш берушінің осы Заңда белгіленген инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларына қойылатын өзге де талаптарды сақтамауы;
7) өтініш беруші – қаржы ұйымы өзі орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайлар;
8) өтініш берушінің инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарын талдау инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жағдайының нашарлайтынын болжайтын болса;
9) өтініш беруші – Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымында шыққан елінің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыру өкілеттіктерінің болмауы;
10) өтініш беруші – Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғада осы Заңның 72-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган айқындайтын халықаралық рейтингілік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингінің болмауы;
11) осы қордың немесе ұйымның қаржылық жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайында ұсынылған инвестициялық портфельді басқарушыны қайта капиталдандыру жоспарының тиімсіздігі;
12) өтініш беруші – жеке тұлғада, сондай-ақ өтініш беруші - заңды тұлғаның басшы қызметкерлерінде мінсіз іскерлік беделдің болмауы;
13) уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлға бұрын ірі қатысушы-жеке тұлға не ірі қатысушы-заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не табылатын жағдайлар негіз болып табылады. Көрсетілген талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады.
2. Мына жағдайлардың бірінің болуы:
1) өтініш беруші - заңды тұлға өтініш берген күнге дейін екі жылдан кем уақытта құрылса;
2) өтініш берушінің міндеттемелері басқа заңды тұлғалардың акцияларына және жарғылық капиталдарына қатысу үлестеріне орналастырылған және инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алуға көзделген активтер сомасын шегергенде өзінің активтерінен асып кетсе;
3) әрбір аяқталған екі қаржы жылының нәтижелері бойынша зияндар;
4) өтініш беруші міндеттемелерінің мөлшері инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жағдайына айтарлықтай тәуекел әкелетін болса;
5) өтініш берушінің инвестициялық портфельді басқарушының алдында мерзімі өткен және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының балансынан тыс жатқызылған берешегі болса;
6) өтініш берушінің инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарын талдау өтініш берушінің қаржылық жағдайының нашарлайтынын болжайтын болса;
7) инвестициялық портфельді басқарушыға және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларына (алушыларына) нұқсан келтіру ытималдығы туралы куәландыратын өзге де негіздер өтініш берушінің тұрақсыз қаржылық жағдайының белгісі болып табылады.
3. Тұлға уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілерін иеленген жағдайда, уәкілетті орган осы тұлғаға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын алты айдан аспайтын мерзімде сату жөніндегі талаптар бөлігінде осы Заңның 42-7-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолданады.
72-3-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгісі бар тұлғаларға, сондай-ақ ірі қатысушыларына қолданылатын мәжбүрлеу шаралары
1. Уәкілетті орган инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгісі бар тұлғаларға, сондай-ақ ірі қатысушыларына:
1) уәкілетті органның ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісімін алмаған;
2) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгісін алғаннан кейін осы Заңның 72-2-бабының 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған;
3) уәкілетті органның жазбаша ұйғарымдарын және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабы 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларына сәйкес уәкілетті орган жасаған жазбаша келісімдерді орындамаған;
4) жасалуы салдарынан инвестициялық портфельді басқарушыға залал келтірілген немесе келтірілуі мүмкін іс-әрекеттерді инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгісі бар тұлға жасаған;
5) олардың салдарынан инвестициялық портфельді басқарушыға залал келтірілген немесе келтірілуі мүмкін инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгісі бар тұлғалардың, сондай-ақ ірі қатысушыларының қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;
6) осы Заңның 3-2-бабында көрсетілген факторлар анықталуына байланысты инвестициялық портфелді басқарушының қаржылық жай-күйі нашарлаған;
7) уәкілетті органға осы Заңда көзделген бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға кедергі жасайтын инвестициялық портфельді басқарушы мен оның ірі қатысушысы, ірі қатысушысының белгісі бар тұлға арасында қарым-қатынастардың болуы;
8) ірі қатысушысының белгісі бар тұлғаның, ірі қатысушының осы Заңның 49-бабы 5-тармағының талаптарын орындамауға әкеліп соққан іс-әрекеттері немесе әрекетсіздігі жағдайларында мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
2. Уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар болған кезде:
1) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгісі бар тұлғадан, сондай-ақ ірі қатысушысынан оның тікелей немесе жанама түрде иелік ететін үлесін инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының он пайызынан төмен деңгейге дейін азайтуды талап етуге;
2) инвестициялық портфельді басқарушыдан ірі қатысушыға қатысты инвестициялық портфельді басқарушыны тәуекелге душар ететін олар арасындағы операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;
3) инвестициялық портфельді басқарушыдан, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысынан инвестициялық портфельдің басқарушысын қосымша капиталдандыру жөнінде шаралар қабылдауды талап етуге құқылы.
3. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, сондай-ақ ірі қатысушысының белгісі бар тұлға осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 49-3-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкілетті органның шешімі негізінде инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына, сондай-ақ ірі қатысушысының белгісі бар тұлғаға тиесілі инвестициялық портфельді басқарушының акцияларына сенімгерлік басқару тағайындалады. Осы акциялар уәкілетті органға үш айға дейінгі мерзімге сенімгерлік басқаруға беріледі.
Уәкілетті орган инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына, сондай-ақ ірі қатысушысының белгісі бар тұлғаға тиесілі инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдауға құқылы.
Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына, сондай-ақ ірі қатысушысының белгісі бар тұлғаға тиесілі инвестициялық портфельді басқарушының акциялары ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға берген жағдайда, акцияларын сенімгерлік басқарудың тағайындалатын мерзім уәкілетті органның сенімгерлік басқару жөніндегі тиісті шешімінде белгіленеді.
Уәкілетті орган не ұлттық басқарушы холдинг инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру кезеңінде акциялардың меншік иесі сенімгерлік басқарудағы акцияларға қатысты қандай да бір іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқығы жоқ.
Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, сондай-ақ ірі қатысушысының белгісі бар тұлға уәкілетті органның алдында өзіне тиесілі инвестициялық портфельді басқарушының барлық акцияларын өтініште көрсетілген тұлғаларға сату туралы ұсыныс беруге құқылы.
Өтініште көрсетілген акциялардың иесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарын орындаған жағдайда уәкілетті орган өтінішті қанағаттандырады.
Инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сенімгерлік басқаруға беру үшін негіздерді сенімгерлік басқару тағайындалған мерзім өткенге дейін жоймаған кезде уәкілетті орган не ұлттық басқарушы холдинг акцияларды өткізу туралы шешім қабылдау күнінде қалыптасқан нарықтық құн бойынша бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында оларды өткізу арқылы сенімгерлік басқарудағы акцияларды иеліктен шығарады. Акциялардың нарықтық құны туралы ақпарат болмаған жағдайда, бағалаушы өткізу бағасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындауы мүмкін. Аталған акцияларды сатудан түскен ақша акциялары сенімгерлік басқаруға берілген адамдарға аударылады.
Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына, сондай-ақ ірі қатысушысының белгісі бар тұлғаға тиесілі инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сату бойынша іс-шаралар инвестициялық портфельді басқарушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
4. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына не ірі қатысушысының белгісі бар тұлғаға тиесілі инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру тәртібі, сондай-ақ сенімгерлік басқару кезеңіндегі уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің іс-әрекеттерінің тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
15) 73-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметтi кастодиандық қызмет пен сейфтiк операцияларға лицензиялары бар банктердің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің жүзеге асыруға құқығы бар.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кастодианның шетелдік клиенттерге қызметтер көрсету жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылмайтын кастодиан өз клиентінің үлестес тұлғасы болмауы тиіс.».
27. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат, № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат):
1) 1-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) қаржы қызметтері – сақтандыру нарығына, бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың қызметі, банк қызметі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялар негізінде жүзеге асырылатын банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізу жөніндегі ұйымдардың қызметі, сондай-ақ орталық депозитарийдің, тіркеушінің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және лицензиялауға жатпайтын өзара сақтандыру қоғамдарының қызметі.»;
2) 9-баптың 2-2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-2. Уәкілетті орган қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында банктерде, банк холдингтерінде, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында, инвестициялық портфельді басқарушыларында, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында, сақтандыру холдингтерінде өз өкілі (бұдан әрі - өкіл) болуына құқылы.»;
3) 9-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-1-бап. Өкілдің мақсаты, функциялары, құқықтары мен міндеттері
1. Уәкілетті орган бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында уәкілетті органның өз қызметкерлері ішінен тағайындалатын өзінің өкілін банктерге, банк холдингтеріне, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, инвестициялық портфельді басқарушыларға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру холдингтеріне жібереді.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қаржылық ұйымдардың біріндегі өкілдер санын уәкілетті орган белгілейді.
2. Өкіл өз қызметінде осы Заңды, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын басшылыққа алады.
3. Уәкілетті орган банктегі, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы, инвестициялық портфельді басқарушыдағы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы өз өкілін кез келген уақытта ауыстыруға құқылы.
4. Өкілдің негізгі міндеті уәкілетті органның бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету болып табылады.
5. Өкіл өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) банктің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, инвестициялық портфельді басқарушының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйін талдайды;
2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің, сұрау салуларының, нұсқамаларының, талаптарының сақталуын бақылайды;
3) банкте, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында, инвестициялық портфельді басқарушыда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында тексеру жүргізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) банк, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқармасының, директорлар кеңесінің, тұрақты не уақытша жұмыс істейтін комиссияларының (комитеттерінің, жұмыс топтарының) (бұдан әрі - банктің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, инвестициялық портфельді басқарушының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдары) отырыстарына байқаушы ретінде қатысады;
5) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беру және өз пікірін білдіру құқығынсыз байқаушы ретінде банк, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысына қатысады.
6. Өкіл:
1) өзіне жүктелген функцияларды орындау мақсатында осы баптың 1-тармағында көрсетілген қаржы ұйымдарынан және (немесе) олардың лауазымды адамдарынан ауызша және жазбаша нысандағы мәліметтер мен құжаттарды, оның ішінде қаржылық есептілікті және банктің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, инвестициялық портфельді басқарушының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдары отырыстарының (сырттай өткізілгендерін қоса алғанда) материалдарын сұратуға;
2) автоматтандырылған жүйелер мен дерекқорға деректерді түзету мүмкіндігінсіз (қарау режимінде) қол жеткізуге құқылы.
7. Өкіл:
1) өзі сұратқан мәліметтер мен құжаттарды осы баптың 1-тармағында көрсетілген қаржы ұйымдарының бермеуі немесе уақтылы бермеуі, уәкілетті орган өкілінің өз функцияларын орындауына кедергі келтіруі, осы қаржы ұйымдарының тарапынан параға сатып алу, қорқыту немесе оған өзге де құқыққа сыйымсыз ықпал ету фактілері туралы уәкілетті органға хабарлауға;
2) уәкілетті органның банкке, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, инвестициялық портфельді басқарушыға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына өз өкілін жіберу туралы шешімінде көрсетілген мәселелер жөнінде уәкілетті органның тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды орындауға міндетті.
8. Өкіл жіберілетін банк, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы:
1) өкілге өз функцияларын орындауына жәрдем көрсетуге;
2) өкілге осы баптың 1-тармағында көрсетілген қаржылық ұйымдардың лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің ақпаратты толық және уақтылы беру мүмкіндігін және барлық ақпарат көздеріне қолжетімдікті қамтамасыз етуге;
3) өкілден сұрау салуды алған күні не сұрау салуда белгіленген және өздерімен келісілген мерзімдерде барлық қажетті мәліметтер мен құжаттарды табыс етуге;
4) өздерінің қызметіне қатысты ақпаратқа, оның ішінде автоматтандырылған жүйелер мен дерекқорға деректерді түзету мүмкіндігінсіз (қарау режимінде) қол жеткізуді қамтамасыз етуге;
5) өкілдерді өзіне жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті құжаттардың көшірмелерімен қамтамасыз етуге міндетті.
9. Өкіл өзінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында алынған қызметтік, коммерциялық, банктік құпияны, зейнетақы жинақтары, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, оның ішінде уәкілетті органда жұмысын тоқтатқаннан кейін де үш жыл бойы жауаптылықта болады.
Өкіл уәкілетті органдағы жұмысын тоқтатқаннан кейін бір жыл ішінде өзі өкілі болып табылған банкке, жинақтаушы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, инвестициялық портфельді басқарушыға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына жұмысқа қабылдана алмайды.
Өкіл банк, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы органдары отырыстарының барысында қабылданатын (қабылданған) нәтижелер мен шешімдер үшін жауапты болмайды.
10. Осы баптың 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтарының талаптары банк және сақтандыру холдингтеріндегі уәкілетті органның өкіліне қолданылады.».
4) 12-бапта:
9-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9-1) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесіне жеке және заңды тұлғалардың ие болуына келісім беру және келісім беруден бас тарту тәртібін, аталған келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды айқындайды, мұндай келісімді береді не беруден бас тартады;»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) инвестициялық портфельді басқарушының және институционалдық инвесторлардың инвестициялау тәртiбiн белгiлейдi;»;
мынадай мазмұндағы 11-1, 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-1) инвестициялық портфельді басқарушының салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу тәртібін белгілейді;
11-2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құру жүргізуге рұқсат береді;»;
5) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi
Уәкiлеттi орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн мемлекеттік реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:
1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерiне талаптарды белгiлейдi;
2) салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
3) инвестициялық портфельді ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен басқаруға арналған лицензиядан айырылған жағдайда салымшылардың ерікті зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару тәртібін белгілейді;
4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры үшін тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы жөніндегі талаптарды белгілейді;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.».
28. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 10, 51-құжат; 2007 ж., № 17, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат):
11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Банктер қаржы орталығының қатысушылары болып табылмайды.».
29. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж, № 1, 2-құжат; № 2, 21, 26-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 25-құжат; № 12, 84-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат):
1) 32-бапта:
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12. инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет.
Аталған қызмет түрі мынадай кіші қызмет түрлерін:
ерікті зейнетақы жарналарын (ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры) тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті;
ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті қамтиды.»;
2) 13) және 17) тармақшалары алып тасталсын;
3) 42-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы баптың 2-тармағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабында көзделген тәртіппен лицензия алу жағдайларына қолданылмайды.»;
4) 45-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың 1-тармағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 73-бабында көзделген тәртіппен лицензия алу жағдайларына қолданылмайды.».
30. «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 101-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат):
13-баптың 4-тармағы алып тасталсын.
31. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78-құжаттар, 82; № 24, 129-құжат, 133; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжаттар):
4-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 31-2) тармақшамен толықтырылсын:
«31-2) монетарлық қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу;»;
мынадай мазмұндағы 36-1) және 36-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«36-1) екінші деңгейдегі банктердің кредит портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымдардың күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтарын сатып алу;
36-2) шетелдік депозитарийлардың және өзге де қаржы ұйымдарының қызметтерін сатып алуды қоса алғанда депозитарлық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу;».
32. «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 125-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат):
32-тармақ мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Осы баптың ережелері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне қолданылмайды.».
33. «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат):
1) 3-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары;»;
2) 4-баптың 2-тармағының 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) ерікті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына енгізу, аудару, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті зейнетақы жарналарының есебінен жүзеге асыру;».
34. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат):
1) 42-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) сот банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғаған;»;
2) 98-бапта:
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) зейнетақы активтерінен;»;
мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтарынан өндіріп алуға болмайды.».
35. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат):
көрсетілген Заңның қосымшасында:
1-тармақтың 53) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«53) салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуіне, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуына;».
36. «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 18-19, 118-құжат):
10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 002 «Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.».
2-бап. Осы Заң:
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры соңғы жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-тапсыру актісіне қол қойғаннан кейінгі күннен бастап қолданысқа енгізілетін 5-тармақ пен 28-тармақтың 1) тармақшасын;
2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 7-тармақты қоспағанда алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Жинақтаушы зейнетақы қоры лицензиясының қолданысы тоқтатылған күнге дейін осы Заңда кедендік реттеу, неке-отбасылық қатынастар, мүгедектігі, асыраушысынан айрылу жағдайы және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, міндетті әлеуметтік сақтандыру, заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, атқарушылық іс жүргізу және мемлекеттік бақылау мен қадағалау бөлігінде көзделген нормалар жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыстағы редакцияда пайдаланылады.
3. Осы Заңның 1-бабының 6-тармағының екінші және үшінші тармағы абзацтарының іс-әрекеті, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры соңғы жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-тапсыру актісіне қол қойғаннан кейінгі күннен бастап қолданысқа енгізгенге дейін тоқтатыла тұрсын.
Тоқтата тұру кезеңінде көрсетілген нормалар мынадай редакцияда қолданылады:
«34-баптың 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) жинақтаушы зейнетақы қорларынан немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді-көшірмелер;».
5. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін берілген инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялар ерікті нысанда жасалған лицензиаттың өтінішінің негізінде қайта ресімделеді.
Лицензияны қайта ресімдеуге өтініш бұрынғы лицензияның бланкісімен бірге осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап екі ай ішінде уәкілетті органға беріледі.
6. Осы Заң қолданысқа енгізілген күнге инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияға ие ұйымдар лицензияны қайта ресімдегеннен кейінгі күнге дейін осы Заң қолданысқа енгізілген күннен басталған кезеңде бұрынғы лицензия негізінде ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
7. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген адамдар осы Заңның 5-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген әсер ету шаралары мен санкцияларды қолдануға құқылы.
Қазақстан Республикасының
Президенті