Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының аңшылық минимумды өткізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 335 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 18-03/57 бұйрығын қараңыз.

      «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 24-10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының аңшылық минимумды өткізу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2013 жылғы 11 сәуірдегі
№ 335 қаулысымен   
бекітілген      

Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері
қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының
аңшылық минимумды өткізу
қағидалары

      1. Осы Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының аңшылық минимумды өткізу қағидалары «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының аңшылық минимумды өткізу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) аңшылық минимум (бұдан әрі – аңшылық минимум) – Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы, аңшы куәлігін беру үшін білу міндетті шарт болып табылатын аң аулау кезіндегі қауіпсіздік техникасы мәселелерін қарайтын оқыту бағдарламасының арнайы қысқа курсы;
      2) қауымдастық – аккредиттелген аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары;
      3) сертификат – оқу курсын аяқтау және осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша қауымдастық беретін аңшылық минимумды тапсыру туралы құжат;
      4) тыңдаушы – сертификат алу үшін аңшылық минимумды оқитын жеке тұлға;
      5) тестілеу – оқыту аяқталғаннан кейін тестілік сұрақтар бойынша тыңдаушылардың аңшылық минимумды білуін тексеру;
      6) қашықтықтан оқыту – оқу процесіне тән барлық компоненттерді (мақсаты, мазмұны, әдістері, ұйымдастыру нысандары, оқыту құралдары) көрсететін және интерактивті қызметтерді көздейтін ақпараттық коммуникациялық желілер жүзеге асыратын алыстан оқыту.
      3. Аңшылық минимумды оқуға мүдделі адамдар қауымдастыққа жеке куәлігінің көшірмесін қоса отырып, еркін нысанда өтініш береді.
      4. Аңшылық минимумды жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      5. Аңшылық минимумды оқытуды қауымдастық өзінің филиалдары мен өкілдіктері арқылы күндізгі нысанда жүзеге асырады, сондай-ақ қашықтықтан жүргізілуі мүмкін.
      6. Аңшылық минимумды оқыту жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында арнайы әдебиет, аңшылық минимумы бойынша әдістемелік материалдар, оқу құралдары мен экспонаттар, сондай-ақ қашықтықтан оқыту үшін электронды тасымалдағыштағы алуан түрлі ақпараттық ресурстар болған жағдайда жабдықталған үй-жайларда жүргізіледі.
      7. Қашықтықтан оқыту қағаз, электронды тасымалдағыштардағы оқу-әдістемелік материалдар жиынтығында (кейстерге) және оларды өз бетінше зерделеу үшін білім алушыларға жіберуге негізделген кейстік технология бойынша жүргізіледі.
      Ақпараттық-білім беру ресурстары оқу процесін жүргізуді толық шамада қамтамасыз етуге және аңшылық минимум бойынша сапалы білім алу үшін жағдайлар жасауға тиіс.
      Қауымдастық қашықтықтан оқу үшін оқушының техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, оған әдістемелік көмек көрсетілуін қамтамасыз етеді.
      Қашықтықтан оқыту кезінде оқу сабақтары тыңдаушылардың электронды оқу басылымдары бойынша (электронды оқулықтар, мультимедиалық оқу бағдарламалары, ақпараттық-анықтамалық жүйелер) дербес жұмыс істеуі, компьютерлік тестілеу жүйелері, электронды пошта арқылы консультациялар нысанында жүргізіледі.
      8. Аңшылық минимум курсы және қашықтықтан оқыту аяқталғаннан кейін тыңдаушыларды аңшылық минимумды білуі бойынша тестілеу өткізіледі.
      Тестілеу қауымдастық белгілеген мерзімде филиалдар мен өкілдіктерде жүзеге асырылады. Тестілеуді қауымдастық құратын кемінде үш адамнан тұратын тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары (бұдан әрі – комиссия) өткізеді.
      9. Комиссияның төрағасы болып филиалдың немесе өкілдіктің басшысы тағайындалады. Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесінің, жергілікті атқарушы органдардың, аңшылық шаруашылығы субъектілерінің өкілдері (келісім бойынша) кіруі мүмкін.
      Тестілеу нәтижелері бойынша құжаттар ресімдеуді филиалдың немесе өкілдіктің штаттағы қызметкерлері қатарынан тағайындалатын комиссия хатшысы жүзеге асырады.
      10. Тестілеу бекітілген аңшылық минимумға сәйкес 25 тестілік сұрақ бойынша электронды түрде немесе қағаз тасымалдағышта өткізіледі.
      Тест сұрақтарын қауымдастық әзірлейді және Комитетпен келісіледі.
      Тестілеу ұзақтығы 1 сағатты құрайды.
      11. Тестілеу нәтижелері бойынша комиссия мына шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) тапсырды (20 және одан көп сұраққа дұрыс жауап берсе);
      2) тапсырған жоқ (20-дан аз сұраққа дұрыс жауап берсе).
      12. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді, оған тестілеуге қатысқан комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.
      13. Тыңдаушы комиссия шешімімен тестілеу күні танысады.
      14. Аңшылық минимум бойынша тестілеу нәтижесі теріс болған жағдайда тыңдаушылар соңғы тестілеу күнінен кейін 1 айдан соң қайта тестілеуге жіберіледі.
      15. Тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда тыңдаушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      16. Комиссияның оң шешімі негізінде тыңдаушыға сертификат беріледі.
      17. Сертификат арнайы журналда (тігілген, нөмірленген, қауымдастық мөрімен куәландырылған) тіркеледі, ол сертификаттар бланкілерінің қозғалысын есепке алуға негіздеме болып табылады.
      18. Қауымдастық берген сертификат аңшы куәлігін беруге негіз болып табылады.
      19. Тыңдаушыны аңшылық минимумға оқыту тыңдаушының қаражаты есебінен ақылы негізде жүргізіледі.

Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы   
субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері
республикалық қауымдастығының    
аңшылық минимумды өткізу қағидаларына
қосымша                

______________________________________________
Сертификатты берген ұйымның атауы
Наименование организации выдавший сертификат

СЕРТИФИКАТ № ______

Тестілеуді тапсыру туралы 201__ жылғы «___» _______ № __ хаттама
Протокол о сдаче тестирования № ___ от «____________» 201__ года

аңшылық минимум курсын аяқтау туралы

об окончании курса охотничьего минимума

Выдан: ___________________________________________ берілді
                (Т.А.Ә./Ф.И.О.)

Жауапты тұлға: ___________________________________________
Ответственное лицо:        (Т.А.Ә./Ф.И.О.)

Қолы/Подпись: __________________

        М.О.:

201__ ж. «___» _____________

Сертификат берілген күнінен бастап бір жыл бойы жарамды
Сертификат действителен в течение одного года со дня выдачи

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады