«Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық бюджеттен 2013 - 2015 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру:
1) «2013 - 2015 жылдарға арналған карантиндік зиянды организмдердің фитосанитариялық қауіп-қатерлерін талдау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша;
2) «2013 - 2014 жылдарға арналған жаңғыртылған энергия көздерін қолдану арқылы Қазақстандағы мал шаруашылығын дамыту мен жайылымдарды тиімді пайдалануға ғылыми-эксперименталдық негіздеме» ғылыми-техникалық жобасы бойынша конкурстан тыс рәсімдер арқылы жүзеге асырылады деп белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 826 қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов